Ф1 и вкгту 701. 01-01-1-2011



жүктеу 239.71 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі239.71 Kb.




Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 И ВКГТУ 701.01-01-1-2011

Сапа менеджмент жүйесі

Силлабус

(студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


бет




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

СҚфакультеті деканы


______________Нухаева Б.О.

___________________2014 ж.


ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ

Силлабус
СТРОИТЕЛЬНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Силлабус


Мамандық: 5В072900 «Құрылыс»

Оқу түрі: күндізгі




Курс:

2

Семестр

3

Кредит саны:

3

Сағат саны:




Дәрістер:

15 сағат

Іс-тәжірибелік сабақтар:

Зертханалық сабақтар:


30 сағат


СОӨЖ:

30 сағат

СӨЖ

60 сағат

Бақылау формасы:

рейтинг 1, рейтинг 2, емтихан

Өскемен


Усть-Каменогорск

2014


Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты негізінде «Құрылыс материалдары, стандартизациялау сертификаттау және кәсіптік оқыту» кафедрасында дайындалып 5В072900 «Құрылыс» мамандығындағы студенттерге арналып әзірленді.

«Құрылыс материалдары, стандартизациялау сертификаттау және кәсіптік оқыту» кафедра отырысында талқыланды


Кафедра меңгерушісі Герасимов Е.П.
№____ хаттама ____________________ж.

Сәулет-құрылыс факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды


Төрайымы Е.Феоктистова

№____ хаттама ______________________ж.


Дайындағандар


Доцент А.А. Хайруллина
Аға оқытушы Б.К. Сапарбаев

Норма бақылаушы Т.Тютюнькова

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ
«Құрылыс материалдары, стандартизациялау және сертификаттау» кафедрасы, Сәулет-құрылыс факультеті (Г-Л-106 дәрісх.)

Пән жүргізетін оқытушы: Б.К.Сапарбаев аға оқытушы.

Жұмыс телефоны: 540-836, 75-27-03, Е-mail:saparbaev.89@bk.ru;

Дәрісханалық сағат және консультацияға арналған уақыт: сабақ кестесі және оқытушының жұмыс кестесі бойынша.


1. ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
1.1 Оқылатын пәнге сипаттама

Студенттер «Құрылыс материалдары 1» пәнін игеру кезінде материалдардың қасиеттері, олардың шығу тегі, шикі заттық материалдардың түрлері, оларды топтастыру, олардың ерекшеліктері, сынау әдістері, құрылыста қолдану аясы, материалдар мен бұйымдарға қойылатын стандартты талаптар, материалдардың дұрыс тасымалдауы мен сақталуын жүзеге асыру, қолданыстағы құрылымдар мен ғимараттардағы материалдың күйін бақылау, бағалау және болжауды жүзеге асыру, технологиялық сұлбалары мен үдерістер, материалдарды шығару кезіндегі болатын физика-химиялық үдерістер, құрылыс үдерісіндегі қайта өңдеу технологиялық кезінде немесе оны өндірісте дайындау кезіндегі материалдың жетістігі мен жаңғырту болашағы туралы мағұлматтармен жете танысатын болады.


1.2 Пәнді оқытудағы мақсат

Жоғары білікті құрылыс бакалаврын дайындау, құрылыс материалдары мен бұйымдары туралы ғылымды жақсы меңгеру болып табылады. Әрбір материал туралы теориялық және тәжірибелік мәліметтерді, оның сапалық сипаттамасының жіктемесі; материалдардың ерекшеліктері мен қасиеттері; шикі заттарды тиімді пайдаланудың максималды үнемдеу кезіндегі үдемелі бұйымдар, отын-энергетикалық және басқа материалдық қорлар.


1.3. Пәнді оқытудың міндеттері

Пәнді игеру үшін студент:

- құрылыс материалдарының номенклатурасын білу; құрамы, құрылымы, материалдардың құрылымы мен құрылыс-техникалық қасиеті мен факторлары, осы қасиеттердің әсері; құрылыс үдерісіндегі материалдардың шекті технологиялық негіздері, материалдардың сапасын басқарудың ұстанымы және әртүрлі құрылыс кезеңдерінде олардан алынатын бұйымдар мен құрылымдар, техникалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және материалдармен жұмыстау кезінде экологияны бүлдірмеу; әртүрлі жағдайда пайдалану кезінде материалдардың бағыты мен төзімділігі, сонымен қатар материалдарды сақтау мен қасиетін қалпына келтіру әдістері, ғимараттың жұмыстау қабілетінің мерзімін ұзарту;

- әртүрлі ғимараттарға арналған материалды тиімді таңдай алу, осы материалдан дайындалған құрылымдардың есептеулері мен жобалауға арналған қорытынды ретінде таңдап алынған материалдың сипаттамаларының негіздемесін қабылдау; материалдардың негізгі құрылыс-техникалық сипаттамаларын оларды тәжірибе жолымен анықтау; материалдардың дұрыс тасымалдауы мен сақталуын жүзеге асыру; қолданыстағы құрылымдар мен ғимараттардағы материалдың күйін бақылау, бағалау және болжауды жүзеге асыру;

- материалды алу әдістері туралы, оны дайындауға арналған шикі зат, алынатын технологиялық сұлбалары мен үдерістер, материалдарды шығару кезіндегі болатын физика-химиялық үдерістер; пайдалану сипаттамалары төмендетілмей бір материалдан басқа материалға ауысу мүмкіндігі мен тәртібі туралы; құрылыс үдерісіндегі қайта өңдеу технологиялық кезінде немесе оны өндірісте дайындау кезіндегі материалдың жетістігі мен жаңғырту болашағы туралы ұсыныстар жасау.
1.4 Пререквизиттар

«Құрылыс материалдары-1» курсын зерттеу үшін төмендегі пәндер бойынша білімі болуы қажет:

- жалпы химия (химиялық үдерістердің жалпы заңнамалары; химиялық кинетика және тепе теңдік; ерітінділер; кристалды торлар; изоморфизм; электрлі химиялық үдерістер мен коррозия; кальци, магни, силикаттар, алюмосиликаттардың табиғи байланысы);

- инженерлік геология мен топырақ механикасы: минералдар мен тау жыныстары; топырақтарды инженерлік-геологиялық топтастыру;

- теориялық механика (жүйенің негізгі динамикалық заңдары);

- материалдар кедергісі;

- физика (жалпы физика заңы);

- жоғары математика (талдауға кіріспе; сызықтық алгебра; векторлық алгебра; аналитикалық геометрия).


1.5 Постреквизиттар

«Құрылыс материалдары – 1» курсы арнаулы пәндерді зерттеу үшін қызмет етеді: «Құрылыс өндірісі технологиясы», «Құрылыс құрылымдары», «Сәулет өнері», «Автожол құрылысы технологиясы», «Үймереттер мен ғимараттарды техникалық пайдалану» және басқалар.




2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

«Құрылыс материалдары 1» пәнінің қысқаша мазмұны материалдардың қасиеттері, олардың шығу тегі, шикі заттық материалдардың түрлері, оларды топтастыру, олардың ерекшеліктері, сынау әдістері, құрылыста қолдану аясы, материалдар мен бұйымдарға қойылатын стандартты талаптар, материалдардың дұрыс тасымалдауы мен сақталуын жүзеге асыру, қолданыстағы құрылымдар мен ғимараттардағы материалдың күйін бақылау, бағалау және болжауды жүзеге асыру, технологиялық сұлбалары мен үдерістер, материалдарды шығару кезіндегі болатын физика-химиялық үдерістер және тағы басқалар болып табылады.


2.1 Тақырыптық жоспар


Тақырып атауы, оның мазмұны

Сағат көлемі, сағ

Ұсынылған әдебиеттер

1

2

3

Дәрістік сабақтар

Тақырып 1. Кіріспе дәріс; Ғимараттағы материалдардың жұмысы туралы түсінік. Жүктеме әрекеті, қоршаған ортаның физикалық және химиялық факторлар әсері. Материалдардың беріктігі мен төзімділігі туралы түсінік. Материалдардың қасиетін топтастыру.

1 сағат

Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. – Алматы: 2007ж.

Тақырып 2. Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері;Материалдардың физикалық күйінің ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеті. Судың қатынасы мен әрекеті бойынша материалдың қасиеті. Звукопоглощение и дыбыс сіңірушілік. Электр өткізгіштік. Нейтрондар мен гамма-сәулені сіңіру. Беркітік. Материалдың құрамы мен құрылымына беріктіктің байланысы. Беріктік бойынша материалдардың класстары мен маркалары. Материалдардың деформациялық қасиеті. Дисперстік дәрежесі және ұнтақталған материалдардың меншікті беті. Дисперстік дәрежесінің заттың химиялық белсенділігіне әсері. Иілімділік-тұтқырлық қасиеті. Беттік белсенді қоспалардың көмегімен реттеу әдістері.

1 сағат

Кулибаев А., Бишімбаев У., Қасымов Е., Бисенов Қ. Сәулеттік материалтану. – Алматы, 2006

Тақырып 3 Табиғи тасты материалдар; Қазақстанның табиғи материалдарының негізгі түрлері мен кен орындары. Табиғи тасты материалдар мен бұйымдарды алу үшін қолданатын тау жыныстары (жалпы мағұлмат).

Пайда болу күйі, құрылым сипаты, жыныс құрамы бойынша тау жыныстарын топтастыру. Магматикалық жыныстан алынатын тас материалдары. Негізгі түрлері, қасиеті, қолдану аясы. Шөгінді жыныстардан алынатын материалдар. Негізгі түрлері, құрылымы қасиетінің ерекшеліктері және қолданатын материалдар. Метаморфиялық жыныстан алынатын материалдар. Түрлері, құрылым ерекшеліктері, қасиеті мен қолдану аясы.



1


Комар А.Г. Строительные материалы и изделия.

Тақырып 4 Керамикалық бұйымдар; Керамикалық бұйымдарға арналған шикі зат. Оның Қазақстандағы көлемі. Балшықтар: таралуы, құрамы, түрлерге бөлінуі, иілімділігі. Керамикалық бұйымдарға арналған балшықтың негізгі қасиеті. Балшықты кептіру мен күйдіру кезіндегі үдерістер. Қыздыру кезіндегі қасиетінің өзгеруі. Қабырға материалдары: қарапайым балшық, беттік, кеуекті, саңылаулы және тесікті кірпіштер; тесікті керамикалық кірпіштер; құрылыс индустриасына арналып керамикадан жасалған ірі қабырғалық шой тастар. Черепицалы шатыр. Сыртқы және ішкі қаптауға арналған керамикалық бұйымдар.

1


Кулибаев А., Бишімбаев У., Қасымов Е., Бисенов Қ. Сәулеттік материалтану. – Алматы, 2006

Тақырып 5 Шыны және шыныдан жасалған бұйымдар; Шыны және шыны бұйымдарының ассортименті мен топтастыру. Шыны өндірісіне арналған шикі заттық материалдары, заттың шыны түріндегі күйі туралы түсінік. Шынының негізгі технологиясы. Шыны массалар мен шыны қасиеті. Мөлдір шыны, қаптау, құрылымдық шыны бұйымдар парақшасы.

1


Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. – Алматы: 2007ж.

Тақырып 6 Бейорганикалық байланыстырғыш заттар; Байланыстырғыш заттарды топтастыру. Ауалық байланыстырғыш заттар. Қазақстанның жергілікті шикі заты. Гипсті байланыстырғыш заттар: шикі зат, өндіріс ұстанымы, қатаю сұлбасы, негізгі қасиеті мен қолдану саласы. Ауа әгі: шикі заты және өндіру ұстанымы, түрлері мен ауа әгін қолдану. Магнезиалды байланыстырғыш заттар. Сұйық шыны. Гидравликалық байланыстырғыш заттар. Гидравликалық байланыстырғышты топтастыру. Гидравликалық әк туралы түсінік. Портландцемент. Цемент өндірісінің шикі заты мен ұстанымдары. Портландцемент клинкерінің химиялық, минералдық және заттық (компоненттік) құрамы.

1

Комар А.Г. Строительные материалы и изделия.

Тақырып 7 Бетондар; Бетондарды топтастыру. Ауыр бетонға арналған материалдар. Ұсақ және ірі толтырғыштар, соның ішінде екінші қорлардан. Олардың беріктігі, құрамы, саңылау көлемі, тығыздығы. Бетон қоспасы. Бетон қоспасының қасиеті туралы түсінік. Бетон қоспаларының ыңғайлы төселуі. Бағалау әдістері. Бетонның құрылымы туралы түсінік. Бетон беріктігі. Беріктігі бойынша класстары (маркалары). Цемент маркасы, су цемент қатынасы мен толтырғыштар сапасына байланысты бетонның беріктігі. Бетон қоспаларын төсеу: төсеудің дірілдеткіш әдісі, вакуумдеу және дірілдеткіш вакуумдеу, центрифугалау, дірілмен сығу және құю. Иілгіштік арқылы жылжымалығы және қосаларды құю. Әртүрлі жағдайда бетонның қатаюы: бумен, электрлі қыздырғышпен және автоклавты қатаю; жылумен өңдеуде энергия шығынын төмендету.

Жеңіл бетондар. Кеуекті толтырғыштты бетондар. Кеуекті толтырғыштар түрлері (соның ішінде қалдық шикі заты) және оларға қойылатын негізгі талаптар. Ұялы бетондар: газды бетон және көбікті бетон, оларды шығару ұстанымдары мен қасиеті. Жеңіл бетондардың құнын төмендету үшін өндірістік қалдықтарды пайдалану маңыздылығы. Жеңіл бетондардың техникалық-экономикалық тиімділігін арттыру жолдары. Ірі түйіршікті бетон. Құрастырмылаы және тұтас құйма құрылымдарға қолданатын бетондар. Темірбетон туралы түсінік.



2

Комар А.Г. Строительные материалы и изделия.

Тақырып 8 Құрылыс ерітінділері; Құрылыс ерітінділерін топтастыру. Ерітінді қоспалар, оларды шығару материалдары. Ерітінді қоспалардың қасиеті. Ерітінді беріктігі, маркаларға бөлінуі, аязға төзісділігі. Ерітінділер құрамын тағайындау ұстанымдары. Құрғақ ерітінді қоспалар. Қалауға, құрастыруға, сылаққа, әрлеуге, рентгеннен қорғауға, инъекционды тампонажды, су сіңірмейтін ерітінділер.

1 сағат

Кулибаев А., Бишімбаев У., Қасымов Е., Бисенов Қ. Сәулеттік материалтану. – Алматы, 2006

Тақырып 9 Асбестоцементті және автоклавты материалдар мен бұйымдар; Асбестоцементті дайындауға арналған шикі заттық материалдар, дайындау үдерісі туралы түсініктер. Асбес талшықпен бекіген цементті үйлесімді материал ретінде асбестцементтің физика-механикалық қасиеті. Әк және кремнеземді компенент негізінде автоклавта қатаятын бұйымдар. Автоклавта өңдеу кезінде кальцидің гидро тотығымен кремнидің екі тотығы әрекетімен физика-механикалық үдерісі туралы және осы үдерістердегі кремноземді компоненттің дисперстік дәрежесінің әсері туралы түсінік.

1 сағат

Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. – Алматы: 2007ж.

Тақырып 10 Ағаштан дайындалған материалдар мен бұйымдар; Қазақстанның шикі затық базасы. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғау ісіндегі орманды дұрыс пайдаланудың маңыздылығы. Ағаш пен ағаш өңдеу қалдықтарын кешенді пайдалану. Ағаштың қасиеті. Ағаштың негізгі тегі. Ағаштың макро және микро құрылымы. Кептіру. Ағаштарды шіруден, жанудан қорғау әдістері.

1 сағат

Кулибаев А., Бишімбаев У., Қасымов Е., Бисенов Қ. Сәулеттік материалтану. – Алматы, 2006

Тақырып 11 Органикалық байланыстырғыш заттар және олардың негізіндегі материалдар. Полимерлі материалдар мен бұйымдар. Топтастыру. Мұнай битумы және олардың маркалары. Битум-резинді және битум-полимерлі үйлесімділік, ұсақ майдаланған қоспалар. Битумді эмульсия, пасталар, дегтер және пектер. Битумді және дегтілі шатырлы және су оқшаулау материалдары, оларды өндіру технологиясы. Орамды битум материалдарының өндірісі технологиясы. Жабын қабатының маңызы, бетінің толтырғыштары мен себінділері. Мастикалық материалдар. Битумді шыны мата, гидроизол, бризол, орамды изол, фольгоизол. Шатырлық су оқшаулау материалдарының негізгі қасиеті. Желімдеу және жабын мастиктері, ыстық және суық түрінде қолдану. Мастикке арналған талшықты және тозаң түріндегі толтырғыштар. Битумдер негізіндегі герметикалық материалдар. Полимерлі материалдың негізгі компоненттері. Байланыстырғыш заттар. Термопластикалық және термореактивтік полимерлер, каучуктер, резиналар. Толтырғыштар мен олардың атаулары. Реттегіш қоспалар: пластификаторлар, қатайтқыштар, тұрақтандырғыштар және басқалар. Пластмассадан жасалған бұйымдарды шығару ұстанымдары. Пластмасса қасиеті, олардың температураларға байланысы. Пластмассаның жанғыштығы және отқа төзімділігі. Полимерлердің термиялық деструкциясы, зиянды заттарды шығаруы. Полимерлердің отқа төзімдіігін арттыру әдістері.

1 сағат

Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. – Алматы: 2007ж.

Тақырып 12 Жылу оқшаулау және акустикалық материалдары мен бұйымдары; Жылу оқшаулау материалдарының құрылымының жалпы сипаты және оларға қойылатын талаптар. Жылу оқшаулау материалдары мен бұйымдарын топтастыру. Құрылыс саласындағы жылу оқшаулау материалдарының техникалық-экономикалық маңыздылығы. Акустикалық материалдар мен бұйымдарын топтастыру. Дыбыс сіңіру материалдары, олардың құрылымдық ерекшеліктері. Дыбыс оқшаулау материалдары. Оларға қойылатын негізгі талаптар, негізгі түрлері мен қолдануы.

1 сағат

Кулибаев А., Бишімбаев У., Қасымов Е., Бисенов Қ. Сәулеттік материалтану. – Алматы, 2006 Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. – Алматы: 2007ж.

Тақырып 13 Лакты бояу материалдары; Бояу құрамының компоненттері. Байланыстырғыш заттар мен лакты бояу материалдарындағы пигменттердің рөлі. Байланыстырғыш түрлері. Пигменттер, олардың түрлері мен оларға қойылатын негізгі талаптар. Пигменттердің негізгі қасиеті. Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізіндегі бояу құрамдары және табиғи шикі заттан дайындалған желімдер (әкті, цементті, силикатты, желімдегіш).

Полимерлер негізіндегі жояу құрамы: полимерлі, органикалық ерітінділермен, полимерцементті, эмульсті (латексті). Лактар мен эмалды бояулар. Арнаулы лакты бояу материалдар. Олифтер мен майлы бояулар.



1 сағат

Кулибаев А., Бишімбаев У., Қасымов Е., Бисенов Қ. Сәулеттік материалтану. – Алматы, 2006 Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. – Алматы: 2007ж.

Тақырып 14 Металл материалдары мен бұйымдары; Металлдар мен қортпалар – маңызды құрылыс материалдары. Жеңіл металл құрылымарын қолдангу. Қортпалар түрлері: қатты ерітінділер, химиялық құрамалар, механикалық қоспалар. Темір-көміртегі қортпалары: күйінің диаграммалары, шойын мен болат өндірісі ұстанымдары.

Жылумен өңдеу түрлері және олардың атауы. Металлдардын бетін беріктеудің заманауи әдістері. Көміртекті болаттарды топтастыру мен маркалау. Осы болаттарды құрылыста қолдану. Шойындарды топтастыру: ақ, сұры, ковкалы және жоғары сапалы. Олардың құрылымы, қасиеті, маркалау мен атауы. Құрылысты шойынды қолдану. Түсті металлдар мен қортпалар, құрылыста қолдану. Алюминий және оның қортпалары. Мыс және оның қортпалары. Титан, магний және оның қортпалары. Түсті қорытпаларды топтастыру мен маркалау.



1 сағат

Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. – Алматы: 2007ж. Кулибаев А., Бишімбаев У., Қасымов Е., Бисенов Қ. Сәулеттік материалтану. – Алматы, 2006

Іс-тәжірибелік сабақтар

Тақырып 1 Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері

3 сағат

Чернокульский Ю.П., Хайруллина А.А. Салимбаева З.Н. Журнал для лабораторных работ по строительным материалам. – Усть-Каменогорск.: ВКГТУ, 2006.

Тақырып 2 Ауыр бетонға арналған құмды сынау

1 сағат

Тақырып 3 Қиыршық тасты (малтатас) сынау

1 сағат

Тақырып 4 Құрылыс кірпішінің маркасын және кірпіштің МСТ талаптарына сәйкестігін анықтау

1 сағат

Тақырып 5 Маңызды қабырғалық және әрлеу керамикалық материалдар (жиынтығы бойынша) қасиетін зерттеу

1 сағат

Тақырып 6 Минералды және шыны қорытпаларынан (жиынтығы бойынша) дайындалған бұйымдардың қасиеті мен номенклатураларын зерттеу

1 сағат

Тақырып 7 Құрылыс гипсінің қалыпты қоюлығы, ұстасу уақыты және маркаларын анықтау

1 сағат

Тақырып 8 Портландцементті сынау: қалыпты қоюлығы, меншікті беті, маркаларын анықтау

1 сағат

Тақырып 9 Ауыр бетонның құрамын анықтау: алдын ала есептер, сынама илемі

2 сағат

Тақырып 10 Құрылыс ерітіндісінің құрамын анықтау, сынама илемі

1 сағат

Тақырып 11 Бетон мен құрылыс ерітіндісінің маркасын анықтау

1 сағат

Тақырып 12 Мұнай битумын температурада жұмсаруы бойынша сапасы мен маркаларын анықтау, созылуы бойынша иненің ену тереңдігін анықтау

1 сағат


2.3 Пән тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі*


Бақылау түрі

Оқудың академиялық кезеңі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысу

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Дәріс конспектісі



















*






















*

Зертханалық жұмыстарды қорғау




*




*




*




*




*




*




*

*

Студенттердің өздік жұмысы













*

*

*

*










*

*

*

*

Рубежді тестілеу



















*






















*

*Ескерту: тапсырма түрлері мен ағымдағы бақылаудың мезгілділігі берілетін пәннің өзгешелігіне байланысты дайындалады




  1. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




  1. Негізге әдебиеттер

3.1.1 Кулибаев А., Бишімбаев У., Қасымов Е., Бисенов Қ. Сәулеттік материалтану. – Алматы: ИздатМаркет., 2006. – 504б.

3.1.2 Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. – Алматы: 2007ж.-259б.

3.1.3 Грушко И.М. и др. Дорожно-строительные материалы. – М.: Транспорт, 1991. – 357 с.

3.1.4 Комар А.Г. Строительные материалы и изделия. -М.: Высш. Шк., 1983. – 456 с.

3.1.5 Микульский В.Г. и др. Строительные материалы ( материаловедение и технология), уч.пос. – М.: ИАСВ, 2004. – 304 с.

3.1.6 Попов К.Н., Каддо М.Б., Кульков О.В. Оценка качества строительных материалов: Учеб. пособие. – М.: Высш.шк., 2004. – 287 с.: ил.

3.1.7 Рыбьев И.А. Строительное материаловедение: Учеб. пособие для строит. спец. вузов. - М.: Высш.шк., 2003. – 701 с.: ил.

3.1.8 Попов Л.Н. Лабораторный практикум по строительным материалам. -М: Высшая школа, 1988.

3.1.9 Шейкин А.Е. Строительные материалы. -М.: 1978 г. 432 с.




  1. Қосымша әдебиеттер

3.2.8 Айрапетов Д.П. Архитектурное материаловедение. Москва, Стройиздат, 1983г.

3.2.9 Байболов С.М. и др. Композиционные строительные материалы, - Алматы.: Жетi жаргы, 1996. – 270 с.

3.2.10 Байер В.Е. Материаловедение для архитекторов, реставраторов, дизайнеров: Учеб.пособие. - М.: Издательство Астрель, 2004. -250 с.

3.2.11 Гамм Х. Современная отделка помещений с использованием комплексных систем КНАУФ. – М.: Стройматериалы, 2002.

3.2.12 Глуховский В.А. и др. Основы технологии отделочных, тепло- и гидроизоляционных материалов. – Киев.: Высш.школа, 1986. – 264 с.

3.2.13 Пискарев В.Л. Декоративно-отделочные материалы. – М.: Выс.школа, 1977. – 213 с.

3.2.14 Соков В.Н. Лабораторный практикум по технологии отделочных, тепло- и гидроизоляционных материалов. - М.: Стройиздат, 1991.

3.2.15 Филимонов Б.П. Отделочные работы. Современные материалы и новые технологии. - М.: АСВ, 2004. – 176 с.

3.2.16 Хрулев В.М. и др. Строительные материалы, изделия и конструкции из полимеров и древесины. – Новосибирск.: НИСИ, 1996. – 68 с.

3.2.17 Хрулев В.М. и др. Полимерные отделочные материалы и клеи. – Новосибирск.: НИСИ, 1987. – 86 с.

3.2.18 Чернокульский Ю.П., Хайруллина А.А. Салимбаева З.Н. Журнал для лабораторных работ по строительным материалам. – Усть-Каменогорск.: ВКГТУ, 2006. -28 с.




4 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ
4.1 Оқытушы талаптары
Оқытушы талаптары:

  • Сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;

  • студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;

  • балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;

  • қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;

  • орташа рейтингі Рср = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;

  • студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.



4.2 Баға критериі
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады*:



Аттестациялау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %

Қатысу

Конспекті дәрістер

Ауызша сұрау

Зертхана жұмысын қорғау

тестілеу

Ағымдағы тестілеу

Барлығы







Рейтинг 1

5

5

10

15

15

50

100







Рейтинг 2

5

5

10

15

15

50

100






*Ескерту: Ағымдағы бақылаудың меншікті салмағы және түрі оқылатын пәннің өзгешелігіне байланысты оқытушы зерттеп дайындайды.

Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.

Қорытынды баға есебінің формуласы:
, (1)
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;

Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.


Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:




Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағаттанарлықсыз


4.3 Қорытынды бақылауға арналған мәлімет
Қорытынды бақылауды өткізу үшін құрамында әрбір нұсқада 15 сұрақтан 20 блокпен тестілер құрастырылады. Нұсқалар саны -10. Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар тізімі:

  1. Материалдардың физикалық қасиеттері

  2. Материалдардың механикалық қасиеттері

  3. Материалдардың химиялық қасиеттері

  4. Материалдардың эстетикалық қасиеттері

  5. Табиғи тасты материалдар

  6. Ағаш материалдары

  7. Шынылар

  8. Шыныдан жасалған бұйымдар

  9. Керамикалық материалдар мен бұйымдар

  10. Ауалық байланыстырғыш заттар

  11. Құрылыс ерітінділері

  12. Күйдірілмеген жасанды тасты материалдар мен бұйымдар

  13. Бояу материалдары

  14. Құрылыс материалдары сапасын бағалау

  15. Жылуоқшаулағыш, шатырлық, суоқшаулағыш, герметикалық материалдар

  16. Құрылыс материалдары қасиетінің өзара байланысы

  17. Байланыстырғыш заттар

  18. Бетондар

  19. Темірбетон, металлдар

  20. Органикалық материалдар




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет