Ф1 и вкгту 701. 01-01-1-2011



Дата17.07.2016
өлшемі235.94 Kb.
#205990




Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 И ВКГТУ 701.01-01-1-2011

Сапа менеджмент жүйесі

Силлабус

(студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


бет




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ им. Д. Серикбаева

ШҚМТУ


БЕКІТЕМІН
ТКМФ деканы

А.Қ.Адрышев

« »_______________2013 ж.




ГЕОДЕЗИЯ

Силлабус

ГЕОДЕЗИЯ


Силлабус
5В070600 - «Пайдалы кен орындарының геологиясы және барлауы» мамандығы
Оқу түрі: күндізгі

Курс 1


Семестр 2

Кредиттер саны 3

Дәрістер 15 сағат

Практикалық жұмыс 30 сағат

СОАЖ 30 сағат

СӨБЖ 60 сағат

Емтихан 2 семестр

Өскемен


Усть-Каменогорск

2013


Силлабус геодезия, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында Мемлекеттік білім стандартының негізінде 5В070600 - «Пайдалы кен орындарының геологиясы және барлауы» мамандығында оқитын студенттерге арналған

Кафедра отырысында талқыланды

Кафедра меңгерушісі К.Б.Хасенов

Хаттама № ___ ___________2013 ж.

Тау-кен металлургиялық факультетінің әдістемелік кеңесінде бекітілді

Әдістемелік кеңестің төрайымы Г.Т.Нұршайықова

Хаттама № ___ ___________2013 ж.

Құрастырған Ж.Қ.Қалиғожина

Норма бақылаушы Т.В.Тютюнькова

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ


«Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы, тау-кен металлургиялық факультеті (Г3-218 дәрісханасы)

Пән жүргізетін оқытушы: Қалиғожина Жанар Қамзановна, аға оќытушы

Жұмыс телефоны: 54-07-76

Дәрісханалық сағат және консультацияға арналған уақыт: сабақ кестесі және оқытушының жұмыс кестесі бойынша.


1. ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ


    1. Оқылатын пәнге сипаттама

Геодезия - жердің жеке бөлшектерінің пішіні мен мөлшерін, жерді карталар мен пландарға түсіру, сол сияқты адамның инженерлік қызметінің сан алуан міндеттерін атқару мақсатында жер бетін өлшеу әдістерін зерттейтін ғылым. Геодезия біршама ғылыми пәндерге, яғни математика, физика, астрономия, автоматика, телемеханика, радиотехника, география, геология, геоморфология жетістіктеріне сүйенеді. Сондықтан геодезияның осы ғылымдармен тығыз байланыстылығы күмән туғызбайды.

Адамзаттың дамуына және ғылым мен техниканың өсуіне байланысты, геодезияның мазмұны өзгеріп отырады және жаңа геодезиялық аспаптар шығарылуда.

Оќыту элементтері – дәрістер, зертханалық жұмыстар, оќытушы мен студент арасындағы жұмыс (СОАЖ).

Курс 15 дәрістік сағаттан, 30 практикалық сағаттан, 30 студент пен оқытушы арасындағы жұмыс істеуінен (СОАЖ) және 60 сағат - студенттің өз бетімен жұмыс (СӨБЖ) істеуінен құралған.

Баќылау формасы – семестр бойынша есептемелі-графикалық жұмыстардың орындалуы, тестік жұмыстардан тұратын аралық бақылаулар.

Баќылаудың ќорытынды формасы емтихан түрінде өтеді.

Оқу жоспарына байланысты өтілген курс бойынша Студенттер қалашығында оқу- геодезиялық іс-тәжірибесі өткізіледі. Іс-тәжірибе кезінде студенттер теория жағынан алған білімдерін тәжірибе жүзінде нығайта түседі. Іс-тәжірибенің соңында есеп беру бойынша атқарған жұмыстарын қорғай отырып бағаланады.




    1. Пәнді оқытудағы мақсат

«Геодезия» пәнінің мақсаты студенттермен практикалық жұмысқа керекті тәжірибелер мен білімді дәрістік, лабораториялық және практикалық сабақтар кезінде жүйелі түрде оқып үйрену.

«Геодезия» пәнін оқу нәтижесінде студенттер дәрісте және зертханалық жұмыстарда алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білулері керек. Яғни геодезиялық аспаптармен жұмыс істей отырып, инженерлік жұмыстарда есептерді шешу кезінде қолдану қабілетіне жету. Сонымен қатар жаңа шыққан аспаптардан хабардар болу.
1.3. Пәнді оқытудың міндеттері
Оқу барысында студенттердің геодезиялық аспаптар мен құралдар, түсіру негізін құрастыру жұмыстары мен өлшеу нәтижесін математикалық өңдеу туралы түсінігі және геодезиялық негізді құрастыру мен жобалаудың теориялық тәсілдерін, өлшеуді өңдеуді, топографиялық карталар мен пландар бойынша жұмыс істей, жер бетін бағдарлай білу және топографиялық- геодезиялық жұмыстарды жүргізе білулері керек.


    1. Пререквизиттар

Геодезия » пәнін оқу барысында мына пәндерді білулері қажет:

- математика;

- география;

- физика (оптика);

- алгебра;

- геометрия.
1.5 Постреквизиттар
Курстан алған білімдері 5В070600 - «Пайдалы кен орындарының геологиясы және барлауы» мамандығы бойынша өте қажет.

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


2.1 Тақырыптық жоспар


Тақырып атауы, оның мазмұны

Еңбексыйымдылығы, сағ

Ұсынылған әдебиеттер

1

2

3

Дәрістік сабақ

Геодезия пәні және оның халық шаруашылығындағы ролі. Геодезияның шығу тарихы. Оның міндеттері мен ролі және басқа ғылымдармен байланысы. Координаталар жүйесі. Гаусс-Крюгердің проекциясы. Жердің қисықтығының жер бетіндегі нүктелердің жазық арақашықтығы мен биіктігіне тигізетін әсері.

1

1- 8

Сызықтарды бағдарлау. Нақты, магниттік азимуттар, дирекциондық бұрыш, румб. Олардың бір-бірімен байланысы. Магнит тілінің бұрылуы, меридиандардың жақындасуы.

1

1- 8

Топографиялық пландар мен карталар. Масштабтар (сандық, сызықтық, көлденең). Масштабтың дәлдігі. Жер бетінің рельефі. Карта мен планда ситуацияның белгіленуі. Карта мен план бойынша есептер шығару.

1

1- 8, 15, 20

Тура және кері геодезиялық есептер. Теория және іс жүзінде қолданылуы.

1

2, 4, 5, 6, 8, 9

Өлшеу қатесінің теориясы және элементтері. Қателіктің классификациясы: кездейсоқ, жүйелі, өрескел. Кездейсоқ қателердің қасиеттері.

1

1, 2, 6


Мемлекеттік тірек жүйелері туралы ұғым. Триангуляция, трилатерация, нивелирлеу, полигонометрия. Центрлер мен белгілердің түрлері.

1

1, 2, 6

Бұрыштық өлшеулер. Теодолит және оның құрылысы. Теодолиттің бөліктері. Теодолиттің түрлері. Теодолитті тексеру және түзету.


1

1, 2, 6, 7, 8


Жазық бұрыштарды өлшеу тәсілдері. Тік бұрыштарды өлшеу. Нольдік орынды анықтау және оны түзету, өлшеуді тексеру.

1

3, 8, 12, 17

Теодолиттік түсіріс. Теодолиттік түсірістегі далалық жұмыстар. Теодолиттік жүріс, оның нүктелерін бекіту. Бұрыштарды және ара қашықтықтарды өлшеу.


1

1, 2, 3, 5, 8

Теодолиттік жүрістегі камералық жұмыстар. Сызықтық және бұрыштық өлшеулерді өңдеу. Дирекциондық бұрышты, румбты, координаталар өсімшелерін есептеу.


1

3, 4, 6, 10

Теодолиттік жүрістің планын жасау. Координаталары бойынша нүктелерді салу. Абрис бойынша ситуацияны түсіру.

1

1- 8

1

2

3

Тахеометриялық түсіріс. Тахеометриялық түсірістің әдістері. Тригонометриялық нивелирлеу, өсімшені анықтау. Тахеометриялық түсірістегі далалық және камералық жұмыстар. Рельефті түсіру. Тахеометриялық журнал.

1

1- 8

Сызықтарды өлшеу. Қолданылатын аспаптар – ленталар, рулеткалар, эклиметр.

1

1- 8

Нивелирлеу. Нивелирлеудің түрлері. Геометриялық нивелирлеу. Ортадан және алға нивелирлеу.

1

1- 11

Нивелирдің түрлері. Құрылысы, тексеруі және түзетуі. Техникалық нивелирлеу журналы. Жер бетін квадраттар бойынша нивелирлеу. Жазық және көлденең аудандарды жобалау.

1

1- 11




Практикалық сабақ

Картамен жұмыс. Нүктенің тік бұрышты, географиялық координаталарын және биіктігін анықтау.

2

1-5

Картамен жұмыс. Берілген сызықтың магниттік, нақты азимуттарын, дирекциондық бұрышын және румбын анықтау.

2

1-5

Картаның шартты белгілері және белгіленуі. Карта бойынша есептер шығару.

2

1-5

Горизонталь арасында жатқан нүктенің биіктігін анықтау. Салынды графигі. Сызықтың көлбеулігін анықтау.

2

1,4,7

Теодолиттің құрылысы. Теодолиттің тексеруі және түзетуі.

3

1-20

Жазық бұрыштарды өлшеу.

2

2-15

Толық өлшеу әдісімен бұрыштарды өлшеу.

2

3,5,8,11,13

Теодолиттік түсірістің журналын толтыру.

2

1-20

Тік бұрышты өлшеу. Нольдік орынды анықтау.

2

2,4,5,9,16

Ара қашықтықты өлшеу лентасымен өлшеу.

2

4,6,8

Нивелирдің құрылысы. Нивелирді тексеру және түзету. Рейкадан есеп алу.

2

6,7

Нивелирмен жұмыс істеу. Геометриялық нивелирлеу.

3

5,6,9

Станцияда жұмыс істеу. Нивелирлеу журналын өңдеу.

2

2,4,6,7,8

Жер бетін квадраттар бойынша нивелирлеу. Жазық және көлбеу ауданды жобалау. Жер жұмысының көлемін есептеу.

2

4,5,7,8,9










Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы

Картамен жұмыс. Нүктенің тік бұрышты, географиялық координаталарын және биіктігін анықтау.

2

1-5

Картамен жұмыс. Берілген сызықтың магниттік, нақты азимуттарын, дирекциондық бұрышын және румбын анықтау.

2

2,5,6

Теодолитпен жұмыс істеу.

2

2,5,4,6

1

2

3

Координаталар ведомосін есептеу.

2

4,6,7,8,17,18

Дробышев сызғышымен координаталық торды салу.

2

4,6,7

Планға координаталары бойынша теодолиттік жүрістің нүктелерін және абристі салу.

2

1-5

Тахеометриялық түсірістің журналын өңдеу.

2

1-9

Тахеограф және масштабтық сызғыштың көмегі арқылы нүктелерді салу. Топографиялық план сызу.

2

1,2,5,6,9

Горизонталь жүргізу арқылы рельефті түсіру.

2

1,2,3

Топографиялық планды безендіру және қорғау.

2

1

Трассаның техникалық журналын өңдеу.

2

2,4,6,7,8

Бойлық және көлденең қималарды салу.

2

2,4,6,7,8

Нивелирмен жұмыс істеу.

2

2,3

Жер бетін квадраттар бойынша нивелирлеу журналын өңдеу.

2

4,5,7,8,9

Жазық және көлбеу ауданды жобалау. Жер жұмысының көлемін есептеу.

2

4,5,6,9,10


2.3 Өздік жұмыс тапсырмалары (СӨЖ)



Тақырып

Тапсырманың мазмұны және мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

1 -ЕГЖ

Координаталар ведомосін есептеу

1-6

1-3 апта

Есептеу

3 апта

Теодолиттік түсірістің планын сызу.

1-6

4-7 апта

План сызу

7 апта

2 -ЕГЖ

Трассаның техникалық нивелирлеу журналын өңдеу.

1-6

8 апта

Есептеу

8 апта

Түзу және қисық ведомосін есептеу.

1-6

9 апта

Есептеу

9 апта

Трассаның бойлық және көлденең қималарын жасау.

1-6

10-12 апта

Қима сызу

12 апта

3-ЕГЖ

Жер бетін квадраттар бойынша нивелирлеу.

1-6

13 апта

Есептеу

13 апта

Жазық, көлденең ауданды жобалау. Жер жұмысының көлемін есептеу.

1-6

14 апта

Көлем есептеу

14 апта

2.4 Пән тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі


Бақылау түрі

Оқудың академиялық кезеңі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысу

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Дәріс конспектісі



















3






















2

Зертханалық жұмыстарды қорғау

5

5

5

5










5

5

5
















ЕГЖ-ны орындау







5

5

5

5










5

5




5

5




ЕГЖ-ны қорғау



















20













10







10

Аралық тестілеу



















30






















30

Барлығы

6

6

11

11

6

6

54

6

6

11

6

11

6

6

53

3 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




  1. Негізгі әдебиеттер




  1. Нұрпейісова М.Б. «Геодезия». – Астана: Фолиант, 2010

  2. Игильманов А., Игильманов Т. – Астана: Фолиант, 2010

  3. Нұрпейісова М.Б. «Геодезия». Алматы, 2005

  4. Джуламанов Т.Д. «Геодезия- 1». Алматы, 2005

  5. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. «Инженерлік геодезия». Алматы, 2005

  6. Ипалақов Т.Т., Қалиғожина Ж.Қ. «Инженерлік геодезия» 1- бөлім, Өскемен, 2002

  7. Ипалақов Т.Т., Қалиғожина Ж.Қ. «Инженерлік геодезия» 2- бөлім, Өскемен, 2002

  8. Ипалақов Т.Т., Қалиғожина Ж.Қ. «Инженерлік геодезия». Өскемен, 2002

  9. Қалиғожина Ж.Қ. «Геодезия» пәнінен 050903 «Жерге орналастыру және кадастр» мамандығы бойынша сырттай оқу бөлімінде оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар Өскемен, 2004




  1. Қосымша әдебиеттер




  1. Нұрпейісова М.Б. «Геодезия және маркшейдерлік іс» Алматы, 1993

  2. Қалыбеков Т.Қ. «Геодезия мен топография негіздері» Алматы, 1993

  3. Нұрпейісова М.Б. «Геодезия» 1-бөлім, Алматы, 1990

  4. Нұрпейісова М.Б. «Геодезия» 2-бөлім, Алматы, 1990

  5. Багратуни Г.В. и др. «Инженерная геодезия» М: Недра, 1984

  6. Феодоров В.И., Шилов П.И. «Инженерная геодезия» М: Недра, 1989

  7. Никулин Н.М. «Тахеометрические таблицы» М: Недра, 1989

  8. Митин Н.А. «Таблицы для разбивки кривых на автомобильных дорогах» М: Недра, 1978

  9. Таблицы натуральных значений

  10. Условные знаки для топографических карт, масштабы 1: 500, 1: 1000, 1: 2000, 1 : 5000

  11. Маслов А.В., Гордеев А.В. и др. «Геодезия» М: Недра, 1975

  12. Большаков В.Д. «Таблицы приращения координат» М: Недра, 1976

  13. Булекова И.Ф. «Таблицы для приращений координат с контролем» М: Недра, 1974

  14. Хейфец Б.С., Данилевич Б.Б. «Практикум по инженерной геодезии» М: Недра, 1979

  15. Новак Г.В., Лукьянов В.Ф. Борисов Н.Н. «Инженерная геодезия» М: Недра, 1989

  16. Симонин С.Н. «Инженерно- топографическое черчение и наглядное изображение» М: Недра, 1980

4 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ


4.1 Оқытушы талаптары
Оқытушы талаптары:

Сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;



  • студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;

  • балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;

  • қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;

  • орташа рейтингі Рорт = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;

  • студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.


4.2 Баға критериі
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады:


Аттестациялау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %

Қатысу

Конспекті дәрістер

Зертханалық жұмыстарды

қорғау


ЕГЖ орындау

ЕГЖ орындау қорғау


Ағымдағы тестілеу

Барлығы

Рейтинг 1

7

3

20

20

20

30

100

Рейтинг 2

8

2

20

20

20

30

100

Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.

Қорытынды баға есебінің формуласы:


, (1)
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;

Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.

Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:


Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағатсыздандырылған


4.3 Қорытынды бақылауға арналған мәлімет
1. Геодезия пәні нені оқытады? Басқа ғылымдармен байланысы туралы айт.

2. Сызықтарды бағдарлау туралы айт.

3. Масштаб және оның дәлдігі.


  1. Дирекциондық бұрыш және румб деген не? Олардың бір-бірімен байланысы.

  2. Карта, план. Олардың ерекшеліктері.

  3. Мемлекеттік тірек жүйелері туралы айт.

  4. Өлшеу қателерінің теориясы.

  5. Карта мен планның номенклатурасы.

  6. Рельеф, горизонталь. Карта бойынша геодезиялық есептерді шешу.

10. Тура және кері геодезиялық есептер.

11.Теодолиттік түсіріс.



  1. Теодолит және оның құрылысы.

  2. Бұрыштық өлшеулер. Жазық бұрышты өлшеу.

  3. Тік бұрышты өлшеу. Нольдің орнын анықтау.

  4. Теодолиттік түсірістегідалалық жұмыстар.

  5. Теодолиттік жүрістің нүктелерін бекіту.

  6. Қыл жіпті ара қашықтық өлшеуішпен ара қашықтықты өлшеу.

  7. Теодолиттік жүрістегі камералық жұмыстар.

  8. Тахеометриялық түсіріс. Рельефті түсіру тәртібі.

  9. Тахеометриялық түсірістегі далалық және камералық жұмыстар.

21. Нивелирлеу, оның қолданылу аймағы.

22. Геометриялық нивелирлеу. Ортадан және алға нивелирлеу әдістері.

23. Нивелирдің түрлері. Құрылысы. Нивелирдің тексеруі, түзетуі.

24. Трассаны нивелирлеу. Трассаны нивелирлеудегі дала жұмыстары.

25. Дөңгелек қисықтың негізгі элементтері. Пикеттерге бөлу.

26. Бойлық және көлденең қима.



27. Жер бетін квадраттар бойынша нивелирлеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет