Файл. Файл атрибуттары. Файлдық құрылым. Каталог «Файл» түсінігі


Осы атрибуттардың әрқайсысы орнатылуы немесе орнатылмауы мүмкін



бет3/3
Дата04.04.2023
өлшемі25.35 Kb.
#471679
1   2   3
8 лек Файл. Файл атрибуттары. Файлдық құрылым. Каталог

Осы атрибуттардың әрқайсысы орнатылуы немесе орнатылмауы мүмкін.
Файлдарды архивтеуден басқа келесі іс-әрекеттерді жүргізуге болады:

  • құру

  • жою

  • атын өзгерту

  • бір каталогтан екінші каталогқа көшіру

  • файл атымен дискіден және ондағы символдар жолынан табу (Norton Utilities-тен filefind программасы)

  • егер файл байқаусыздан жойылса (Norton Utilities-тен unerase программасы), онда кейбір жағдайдарда қалпына келтіруге болады

Бұл әрекеттерді жеке файлдармен және файл топтарымен орындауға болады.
Файлдар мен каталогтарды (бумаларды) көшіру, тасымалдау және жою
Графиктік емесе операциялық жүйелерде файлдарды көшіру және тасымалдау операциялары командалық жол өрісінде нақты команданы енгізумен орындалады. Осы кезде команда аты, каталогқа кіру жолы көрсетіледі.

Графиктік операциялық жүйелерде осы командаларды орындауға мүмкіндік беретін позиция құрылғысымен жұмыс істеу әдістері бар.


Мәліметтерді жоюдың екі режимі бар: жою, қалпына келтірмейтіндей жою.
Файлдарды жою уақытша болып табылады. Windows 9S және Windows 98 операциялық жүйелерінде Қоржын деп аталатын арнайы бума көмегімен ұйымдастырылған. Файлдар мен бумаларды жою кезінде олар Қоржынға тасымалданады. Бұл операция операциялық жүйенің файлдық құрылымы деңгейінде жүреді. Қатты дискінің файлдық жүйесі деңгейінде файлдар қай жерде жазылса, сол секторларды қалады.
Қалпына келтірмейтіндей жою оларды MS-DOS операциялық жүйесіндежою кезінде немесе Windows 95/98 операциялық жүйелерінде Қоржынды тазалау кезінде жүреді. Бұл жағдайда операциялық жүйенің файлдық құрылымынан файл түгелдей жойылады, бірақ дискінің файлдық жүйе деңгейінде тек біршама өзгерістер ғана болады.


КАТАЛОГТАР
Файл атаулары каталогтарда (немесе директорияларда) дисктерде тіркеледі. Windows-та каталогтарды бума деп атайды.
Каталог – бұл файл аттары, файл өлшемі туралы мәліметтер, олардың соңғы жаңартылуы, файл атрибуттары (құрамы) және т.б. сақталатын дискідегі арнайы орын.
Егер каталогта файл атауы сақталса, онда бұл файл берілген каталогта орналасқан. Әрбір дискте бірнеше каталог болуы мүмкін.
Барлық каталогтар арнайы түрдегі файлдар болып табылады. Әрбір каталогтың өз аты бар және ол басқа каталогта тіркелуі мүмкін. Егер X каталог Y каталогта тіркелген болса, онда X — подкаталог (немесе бағыныңқы каталог), ал Y – надкаталог немесе Х үшін аналық каталог.
Әрбір дискте бір басты немесе түпкі каталог болады. Мұнда файлдар мен подкаталогтар тіркеледі.
Түпкі каталогтан бастап, ағаш бұтағы тәріздес қажет файлға немесе подкаталогқа дейін түсуге болады.
Әрбір каталог келесілерден тұрады:

Түпкі каталогтың аты пайдаланатын дискілік құрылғының атауымен бірдей болуы керек. Егер қатты диск бірнеше бөлімшелерге C:, D:, … бөлінген болса, онда оның әрбіреуінде бір-бірімен байланыспаған өз файлдық құрылымы құрылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет