Ол альвеоладағы эксудаттардың тез бөлініп шығуына әсерін тигізеді. Іріңді желінсау кезінде препараттың терапевтикалық тиімділігін анықтау үшін 30 сиыр алдық. Олардың 10-ы катаральді, 10-ы іріңді катаральді және 10-ы іріңді желіндері қабынған. Пеносепті желінсаумен ауыратын сиырларға желін үрпісі арқылы тәулігіне бір рет таңертеңгі сауыннан кейін 10 мл енгіздік. Кейін желін ширегіне қысқа мерзімде массаж жасадық, оның себебі тезірек көбіктеніп және альвеолаларға көбік тепе-тең бөлінуі үшін.
Емдеу жұмыстарының нәтижесінде 29 бас сиыр желінсаудан жазылды немесе 96,6 %. Орташа қайталап енгізу – 3,13 рет.
Терапевтикалық тиімділік салыстырмалы түрде анықтау үшін 10 бастан үш топ құрдық. Негізгі басты препарат ретінде 10 % – мастидин ерітіндісін қолданып микробтарға қарсы ертіндіні қолдандық. Қабыну үрдісінің өту түріне қарай препаратты нұсқауға сай желін цестарнасының ішіне 10 мл мөлшерінде күніне 1 рет енгізіп отырдық және 5 %-ті димастидин ертіндісін желін үрпісіне тәулігіне бір рет таңертеңгі сауыннан кейін 10 мл енгіздік. Барлық емдеген малдар жазылды. Ең жақсы нәтиже бірінші топта болды. Бұл топқа пеносепт препараты қолданған. Емдеу жұмысына – 3,3 күн, ал екінші топқа 10 % – мастидин ерітіндісін қолданып, емдеу жұмысына – 4,2 және үшінші топқа 5 %-ті димастидин ертіндісін қолданып, емдеу жұмысына – 4,1 күн кеткен.
Кестедегі мәліметтерді талқылай келіп мынадай тұжырымға келуге болады. Пеносепт препараты сиырдың іріңді-катаральді желінсауы кезінде емдеу жұмыстарына қолданғанда, емдеу уақытын қысқартуға болмайтындығына көз жеткізуге болады [6, 7].
Қазіргі таңда алаңдататын жайт жасырын желінсаудың уақтылы диагноз қою арқылы уақтылы емдеу әдістерін қолданғанда тиімді нәтижелер береді. Яғни, жасырын желінсау кезінде ешқандай клиникалық белгілері байқалмағандықтан, емдеу жұмыстарын жүргізу қиынға соғуда. Бірақ соған қарамастан ай сайын жүргізіліп отырған зерттеу және бақылау шараларын өзінің оң және тиімді нәтижелерін көрсетті.
Зерттеу жұмыстарын нәтижелерінің соңында мынандай қортындылар жасауға болады:
-
Желінсауға уақтылы диагноз қою арқылы тиімді нәтижелер алуға болады.
-
Ветеринарлық-гигиеналық, яғни санитарлық жағдайын, рационын, патогенді микрофлорасын қадағалау арқылы желінсауды алдын алудың басты шаралары болып табылады.
-
Желінсауға нақты диагноз қою барысында мастидин 10 %, димастин 5 % ертіндісін қолдану арқылы анықтау тиімді, себебі жеңіл және күрделі жұмыстарды қажет етпейді.
-
Емдеу әдісі бір бағытта ғана емес, кешенді түрде, яғни физиотерапия әдістерін , антибиотикотерапия, витаминотерапиямен қатар қолданған оң нәтиже береді деп ойлаймыз.
-
Пеносепт препаратын қолдану кезінде емдеу уақытын қысқартуға болмайтындығына көз жеткізуге болмайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Студенцов, А. П. Акушерство, гинекология и биотехнология размножения / А. П. Студенцов, В. С. Шипилов, В. Я. Никитин. – 7-е изд. – М. : Колос – 2000. – с. 256.
2. Шипилов, В. С. Практикум по акушерству, гинекологии и искуственному осименению с.-х. Животных / В. С. Шипилов, Г. В. Зверева, И. И. Родин, В. Я. Никитин – М.: Агропромиздат. – 1988. – с. 152.
3. Студенцов, А. П. Ветеринарное акушерство, гинекология / А. П. Студенцов., В. С. Шипилов., Л. Г. Субботина, О. Н. Преобреженнский. – 6-е изд. перераб. и доп. – М. : Агропромиздат. – 1986. – с. 15.
4. Михаилов, М. И. Акушерская помощь животным / М. И. Михаилов, И. Я. Чистиков. – 3-е изд. – М. : Агропромиздат. – 1987. – с. 123-140.
5. Кленов, И. М. Ветеринарное акушерство, гинекология / И. М Кленов. – Оренбург: Наука. – 2002. – с. 150-156.
6. Аллен, В. Э. Полный курс акушерства и гинекологии собак / В. Э. Аллен. – М.: Аквариум. – 2002. – с. 110-150.
7. Захаров, П. Г. Профилактика лечение гинекологических заболеваний / П. Г. Захаров. – М. : Колос. – 1989. – с. 50.
УДК : 636.082. 34: 636.38(5)
АҚЖАЙЫҚ ЕТТІ-ЖҮНДІ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ ҚОШҚАРЛАРЫН ӘРТҮРЛІ ТӘСІЛДЕРМЕН КЕСТІРГЕННЕН КЕЙІНГІ
ЕТ ӨНІМДІЛІГІНЕ БАҒА БЕРУ
А. К. Днекешев, ветеринарлық ғылымдарының кандидаты, доцент
А. К. Кереев, магистр
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
Мақалада 5-6 ай жасында ақжайық етті-жүнді тұқымының қошқарларын әртүрлі тәсілдермен кестіргеннен кейін, 10-11 ай жасында сойылғандағы ет өнімділігіне салыстырмалы түрде баға беру қарастырылған. Біздің зерттеулерімізде қошкарлардың ет өнімділігін анықтайтын көрсеткіштер негізінен сойыс алдындағы массасы, ұша массасы, ұша шығымы, ішкі майы, сойыс массасы және сойыс шығымынан құралады.
В данной статье расмотрены сравнительная оценка мясной продуктивности при убое у 10-11 месячных баранчиков акжаикской породы, кастрированных в 5-6 месячном возрасте различными способами. Показателями определяющую мясную продуктивность у баранчиков в наших исследованиях является в основном предубойная живая масса, масса туши, выход туши, внутренний жир, убойная масса и убойный выход.
Comparative estimation of meat efficiency during the slaughter of 10-11 month young rams of akzhayk breed, castrated at 5-6 years age in different ways. Indices determing meat efficiency of young rams in our researches are pre-slaughter alive mass, carcass mass, carcass output, inside fat, slaughter mass and slaughter output.
Қой шаруашылығындағы ветеринарлық хирургияның негізгі алдын-алу шараларына бағытталған асыл тұқымдық жұмыстармен бірге қойларды жақсы бордақылау, ет өнімділігін жақсарту және көбейту мақсатындағы шаралар жатады. Сонымен бірге, күзгі уақытта асыл тұқымдық бонитировкадан соң асыл тұқымдық шаруашылықтар бордақылау мақсатында амалсыз қалдыратын қошқарларды кестіру үлкен маңызға ие.
Жануарлардың ет өнімділігін анықтайтын көрсеткіштер негізінен сойыс алдындағы массасы және ұша массасынан құралады, осыған қоса қой шаруашылығында қоңдылық категориясын сойыс массасы, сойыс шығымы, еттің қоректілігі және диетикалық қасиеттері анықтайды [1].
4-4,5 және 7-9 айлық жасындағы қозыларды ет үшін сойысқа жіберудің экономикалық тиімділігі жөнінде көптеген қазақстандық қой шаруашылығын зерттеуші ғалымдар айтып өтті. Олардың мәлімдеуі бойынша 4-4,5 айлық жасындағы қозыларды сойысқа жіберудің кемшіліктері бар, өйткені бір басқа есептегенде аз көлемдегі ет мөлшері алынады [2, 3, 4].
Облыстың ветеринарлық тәжірибесіндегі ветеринарлық дәрігерлер осы кезге дейін қошқарларды кестіруді өте жас кезінде 1-2 ай аралығында өткізу керектігі жөніндегі көзқарасты ұстап отыр. Осының бәрі фермерлік қой шаруашылықтарындағы жаппай кестіруді дәстүрлі түрде ашық қанды әдіс «бұрап ұзу» арқылы көктемгі мезгілде өткізілуіне негізделген. Бірақ та бұл әдіс асыл тұқымды шаруашылықтарға жарамсыз, себебі бұл шаруашылықтарда кестіру бонитировкадан соң 4-6 ай жасында, күзгі уақытта өткізіледі, ал бұл жыл мезгілі әртүрлі асқынулардың байқалуымен сипатталады.
Соңғы он жылдықтағы отандық ғалымдардың көптеген зерттеулері мен бақылауларын негіздемесіне қарасақ, қошқарларды кестірудің перспективті тәсілдеріне қансыз (перкутанды) әдістер жатады, бұл әдістер енбауларды тері астынан арнайы кестіргіш қысқаштармен жаншу жолымен жүргізіледі [5, 6, 7].
Жоғарыда айтылғандармен бірге, біздің зерттеуіміздің негізгі мақсаты 5-6 ай жасында әртүрлі тәсілдермен кестірілген 10-11 ай жасындағы ақжайық қошқарларының ет өнімділігін зерттеу болды.
Тәжірибе жүргізудің материалы ретінде 5-6 ай жасындағы бонитировкадан соң, уақытынан асып қалдырылған ақжайық тұқымының 400 бас қошқары алынды. Олар салмағын өлшегеннен соң аналогтар принципі бойынша төрт топқа бөлінді, әр топта 100 бас жануардан болды. Бірінші топтың қошқарлары ендердің толық алынуымен жүретін қанды әдіспен («Занд қысқашымен» ұманы ампутациялаумен бірге) кестірілді; екінші топ қошқарларын кестіруде қанды әдіс «лигатура салу» жүргіздік; үшінші топты – кіші көлемді Burdizzo қысқашымен тері асты әдісі арқылы; төртінші топты орташа көлемді Burdizzo қысқашымен тері асты әдісі арқылы кестірдік.
Барлық топтағы қошқарлардын кестірілуі тамыз айының екінші жартысында қой жайлауда болған кезінде өткізілді. Тәжірибе 5 айға созылды.
Біздің зерттеулерде бақылау сойысын 2 рет өткіздік. Біріншісін 5-6 ай жасында, мал басын толықтыруға қалдыратын жас малдардың асыл тұқымдық бонитировкасы кезінде, аналықтарынан айырғаннан соң жүргіздік, екіншісі, уақытынан асып қалдырылған 10-11 жасындағы жануарлардын қысқы бордақылауынан соң өтті. Сойыс үшін өнімділік белгілері анық және даму деңгейі қалыпты қошқарлар алынды.
1-Кесте – Кестіру тәсіліне байланысты кестірілген қошқарлардың ұша массаларының көрсеткіштері
№
|
Кестіру әдісі
|
5-6 ай жасында кестіру
алдында жаңа сойылған ұша
массасы,кг
|
10-11 ай жасында жаңа
сойылған ұша массасы, кг
|
Жануарлар саны
|
Lim
|
_ _
х ± Sx
|
Жануарлар саны
|
Lim
|
_ _
х ± Sx
|
1
|
«Занд» қысқашымен қанды әдіс
|
5
|
12-14
|
12,8 ± 0,01
|
6
|
15-17
|
15,9 ± 0,03
|
2
|
«лигатура салу» қанды әдіс
|
5
|
12,5-14
|
13 ± 0,06
|
6
|
14,8-17
|
15,3 ± 0,07
|
3
|
Кіші көлемді «Burdizzo» қысқашымен перкутандық тәсіл
|
5
|
12,2-13,7
|
12,6 ± 0,02
|
6
|
16-18
|
17,3 ± 0,16
|
4
|
Орташа көлемді «Burdizzo» қысқашымен перкутандық тәсіл
|
5
|
12-14
|
12,4 ± 0,05
|
6
|
16,4-18
|
17,5 ± 0,06
|
5
|
Бақылау тобы (кестірілмегендер)
|
5
|
12-13
|
12,6 ± 0,01
|
6
|
16,2-17
|
16,4 ± 0,07
|
Тәжірибе жүргізу алдында 5-6 ай жасындағы қошқарлардың бақылау сойысының көрсеткіштері 1, 2 кестелерде көрсетілген. Кестеге қарасақ барлық топтағы жануарлар барлық көрсеткіштері бойынша тепе-тең таңдап алынған. Топтардағы сойыс алдындағы тірілей салмағы 28,6-дан 29,7кг, ұша шығымы 43,2-43,7 %, сойыс массасы 12,89-13,52 кг және сойыс шығымы 44,6-дан 45,5 % аралығында ауытқиды.
2-Кесте – Тәжірибе қою алдында 5-6 ай жасындағы қошқарлардың бақылау сойысының көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Сойыс алдындағы тірілей масса, кг
|
29,4 ± 0,02
|
29,7 ± 0,06
|
29,1 ± 0,12
|
28,6 ± 0,05
|
29,3 ± 0,21
|
Ұша массасы, кг
|
12,8 ± 0,01
|
13 ± 0,06
|
12,6 ± 0,02
|
12,4 ± 0,05
|
12,6 ± 0,01
|
Ұша шығымы,%
|
43,5
|
43,7
|
43,2
|
43,3
|
43,0
|
Ішкі майы,кг
|
0,5
|
0,52
|
0,5
|
0,49
|
0,5
|
Ішкі майы,%
|
1,7
|
1,8
|
1,8
|
1,3
|
1,7
|
Сойыс массасы,кг
|
13,3
|
13,52
|
13,10
|
12,89
|
13,10
|
Сойыс шығымы,%
|
45,2
|
45,5
|
45,0
|
44,6
|
44,7
|
Бордақылаудан соң 10-11 ай жасындағы қошқарлардың бақылау сойысы көрсеткіштері 3-ші кестеде көрсетілген. Кестеге қарасақ, Burdizzo қысқашымен перкутандық әдіспен кестірілген 3,4-ші топ қошқарларында ет өнімділігі бойынша толықтай артықшылығы бар, сәйкесінше, олардың сойыс алдындағы тірілей салмағы 37 ± 0,16, 36,8 ± 0,06кг, ұша шығымы 46,7; 47,5 %, сойыс массасы 18,01-18,2 кг және сойыс шығымы 48,67ден 49,45% аралығында болды.
Ет өнімділігінің ең төменгі көрсеткіштеріне 2-ші топтың жануарлары ие болды, сәйкесінше, олардың сойыс алдыңдағы тірілей салмағы 33,2±0,18кг, ұша шығымы 46 және сойыс массасы – 15,97кг құрады.
3-Кесте – 10-11 ай жасындағы қошқарлардың бақылау сойысының көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Сойыс алдындағы тірілей масса, кг
|
34,6 ± 0,05
|
33,2 ± 0,18
|
37 ± 0,16
|
36,8 ± 0,06
|
35,1 ± 0,17
|
Ұша массасы, кг
|
15,9 ± 0,03
|
15,3 ± 0,07
|
17,3 ± 0,16
|
17,5 ± 0,06
|
16,4 ± 0,07
|
Ұша шығымы,%
|
45,9
|
46
|
46,7
|
47,5
|
46,7
|
Ішкі майы,кг
|
0,68
|
0,67
|
0,71
|
0,7
|
0,62
|
Ішкі майы,%
|
2,01
|
2,1
|
1,97
|
1,95
|
1,7
|
Сойыс массасы,кг
|
16,58
|
15,97
|
18,01
|
18,2
|
17,02
|
Сойыс шығымы,%
|
47,91
|
48,10
|
48,67
|
49,45
|
48,4
|
Осыған орай, Батыс Қазақстан облысындағы фермерлік шаруашылықтар үшін асыл тұқымдық құндылығы жоқ қошқарларды перкутандық тәсілдермен кестірудің қажеттілігі экономикалық мақсаттылық әсерінен туған, сондықтанда, бұл массалық операцияны жануарлардың өндірістік бағытын, олардың жасын және кестірудің тиімді әдісін есепке алып жүргізу жөнді.
Қорытындылай келе, бір жылдық жасына дейін уақытынан асып қалдырылған ақжайық етті-жүнді тұқымының қошқарларын 5-6 ай жасында жоспарлы асыл тұқымдық бонитировкадан кейін, ет өнімділігін жоғарлату үшін орташа көлемді Burdizzo қысқашымен перкутанды (қансыз) тәсілмен кестіру экономикалық тиімді.
Осыған байланысты, уақытынан асып қалдырылған ақжайық етті-жүнді қошқарларын перкутандық тәсілдермен кестірудің өзектілігіне сөз жоқ және де жылдың күзгі мезгілдерінде әртүрлі жарақаттану түрлерінің алдын-алу шаралары ретінде Батыс Қазақстан облысындағы қой шаруашылығында зоотехния мен ветеринарлық хирургияның массалық шаралары арасында үлкен маңызға ие.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Литовченко, Г. Р. Овцеводство / Г. Р. Литовченко, П. А. Есаулов. – М: Колос, 1972. – Т. 1. – С. 166-180, 123-126.
2. Карабаев, Ж. А. Морфологический и сортовой состав туш трехпородных кроссбредных баранчиков / Ж. А. Карабаев. В кн.: Повышение шерстной и мясной продуктивности овец. – Алма-Ата : Кайнар, 1983, – С. 69-73.
3. Медеубеков, К. У. Интенсивное овцеводство / К. У. Медеубеков. – Алма-Ата: Кайнар, 1976. – С. 5-109, 42-54.
4. Мержинский, Е. Г. Рост и развитие кроссбредных овец в северном Казахстане / Е. Г. Мержинский. В кн.: Совершенствование племенных и продуктивных качеств сельскохозяйственных животных на Севере Казахстана. – Алма-Ата, 1985, – С. 126-139.
5. Ханин, М. А. Рациональный метод и возрастной срок кастрации баранчиков и бычков / М. А. Ханин, И. А. Тыныбеков // Мат. всесоюз. межвуз. конф. по вопр. ветеринарной хирургии. – Харьков, 1970. – С. 127-129.
6. Мосин, В. В. Результаты внедрения бескровного способа кастрации бычков и баранчиков в ветеринарную практику / В. В. Мосин, А. Н. Корнишин, И. А. Телятников, А. Б. Максин // Мат. всесоюз. межвуз. конф. по вопр. ветеринарной хирургии. – Харьков, 1970. – С. 126-127.
7. Кереев, А. К. Актуальность кастрации баранчиков акжаикской породы перкутанным методом / А. К. Кереев, А. К. Днекешев // Ғылым және білім. – 2007. – № 4 (9). – С. 35-38.
УДК: 619:616.9:636.2
ПАТОМОРФОЛОГИЧЕСКИЕ ИЗМЕНЕНИЯ
ПРИ ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬНОМ САЛЬМОНЕЛЛЕЗЕ ТЕЛЯТ
Г. Г. Есенгалиев, соискатель
У. Б. Таубаев, доктор вет. наук, доцент
Западно-Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана
Мақалада тәжірибелік жануарларды Salmonella dublin уытты өсіндісімен тері асты және күре тамырына енгізу тәсілімен зарарландырып, көптеген мүшелерде патоморфологиялық өзгерістердің дамуымен сипатталатын бұзаулар сальмонеллезінің жіті ауруы туындатылғандығы көрсетілген. Бұл жағдайда үлпершекті мүшелерде, лимфа түйіндерінде және ащы ішек бөлімінде дистрофиялық және некробиотикалық өзгерістердің шоғырлануы байқалады. Бұзауларға жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде тәжірибелік зарарландырудағы және табиғи дамитын сальмонеллездегі патоморфологиялық өзгерістердің біртектілігі анықталды.
Методом подкожного и внутривенного заражения вирулентной культурой Salmonella dublin было воспроизведено острое заболевание телят сальмонеллезом, которое характеризовалось развитием патоморфологических изменений во многих органах. При этом отмечена локализация дистрофических и некробиотических изменений в паренхиматозных органах, лимфатических узлах и тонком отделе кишечника. Проведенными исследованиями на телятах установлена однотипность патоморфологических изменений при экспериментальном заражении и естественном течении сальмонеллеза.
Acute disease of calves by salmonellosis which was characterised by the development of patomorphological changes in many organs was reproduced by the method of hypodermis and intravenous infection. At the same time, localization of dystrophic and necrobiotic changes in parenchymal organs, lymph nodes and in thin section of intestine was observed. Repeatability of patomorphological changes during experimental infection and natural course of salmonellosis was determined by the researches with calves.
Многими исследователями [1, 2, 3, 4, 5] установлена значительная однотипность морфологических изменений при естественной и экспериментальной сальмонеллезной инфекции.
Исходя из вышеизложенного, целью нашей работы являлось изучение патоморфологических изменений в организме телят при экспериментальном сальмонеллезе.
Материалы и методы. Нами были изучены патоморфологические изменения в организме телят при экспериментальном сальмонеллезе. Материалом для исследований служили паренхиматозные органы, лимфатические узлы, тонкий отдел кишечника от шести телят. Гистологическое исследование проводили по общепринятой методике.
При проведении эксперимента нами было заражено 6 телят в возрасте 10-30 суток, из них 4 телят подкожно и 2 внутривенно. Заражение проводили смывом суточной агаровой культуры вирулентного штамма S. dublin 373 подкожно в дозе 2∙109 К. О. Е. и внутривенно (в яремную вену) в дозе 3∙109 К. О. Е. У всех телят после заражения появлялись признаки заболевания: высокая температура – 41-42 °С, резкое угнетение, кашель, понос, потеря в весе. Телята, зараженные подкожно, пали на 9 сутки. Телята, зараженные внутривенно, погибали на 3 сутки с более остро выраженной клинической картиной сальмонеллеза.
Результаты исследований. Развитие сальмонеллезного процесса было подтверждено вскрытием. При вскрытии павших телят обнаружили резкое увеличение лимфатических узлов, особенно предлопаточных, средостенных и брыжеечных, на разрезе они сочные, имелись участки гиперемии. Селезенка увеличена, рисунок сглажен, капсула напряжена, под ней содержатся мелкие кровоизлияния, на разрезе пульпа размягчена.
Печень увеличена, кровенаполнена, окраска неравномерная, буро-серая, под капсулой участки субмилиарных кровоизлияний.
Слизистая тонкого отдела кишечника набухшая, с точечными и полосчатыми кровоизлияниями.
В легких наблюдалась картина типичной фибринозной пневмонии, захватывающей в основном передние и средние доли, которые уплотнены, на разрезе стекает кровь, в просветах бронхов слизисто-гнойное содержимое. У телят, зараженных внутривенно отмечена, дольковая серозная пневмония.
Гистологическая картина телят зараженных подкожно представляла собой: Балочная структура паренхимы печени в основном была сохранена. Печеночные клетки были в состоянии дегенерации. Межбалочные капилляры сильно расширены, просветы их заполнены большим количеством клеток, преимущественно лимфоцитами и гистиоцитами. В просветах сосудов встречались тромбы, состоящие из гомогенной массы и небольшого количества лейкоцитов. В части долек видны небольшие очаги, состоящие из клеточного детрита, среди которого видны единичные лейкоциты. Под капсулой заметны довольно обширные участки некроза.
В селезенке фолликулы редуцированы, эндотелий сосудов набухший, местами пролиферирует, образуя несколько рядов клеток. Красная пульпа почти сплошь образована скоплением ретикулярных клеток, в цитоплазме которых имеются многочисленные вакуоли–некробиоз клеток. Встречается большое количество некротических очажков. В участках с сохраненными фолликулами видны переходные формы от лейкоцитов к плазматическим–плазмациты.
В лимфатических узлах (предлопаточный, средостенный, брыжеечный) отмечалось утолщение капсулы, обширные участки пульпы пропитаны серозным выпотом, сильное расширение капилляров и сосудов. Клеточные элементы разрежены. В корковом слое границы фолликулов не различимы: в предлопаточном и средостенном лимфоузлах участки некробиоза. В пульпе, между расширенными сосудами, довольно равномерное скопление ретикулярных и лимфоидных клеток, среди которых многочисленные переходные формы.
В легких альвеолярная структура нарушена. Просветы альвеол заполнены фибрином и клеточными элементами. В участках, где нет эксудата, стенки альвеол утолщены за счет кровонаполнения и сильной инфильтрации лимфоцитами и гистиоцитами.
В почках отмечены набухание эндотелия извитых канальцев 1 порядка, просветы их закрыты.
Слизистая оболочка тонкого отдела кишечника утолщена, ворсинки набухшие, частично деформированы, поверхностный эпителий отсутствует. Расширенная соединительно-тканевая основа густо инфильтрирована клеточными элементами, преимущественно гистиоцитами и плазматическими клетками. В подслизистом слое наряду с эритроцитами, содержится значительное количество клеток гистиоцитарного ряда.
Гистологическая картина телят зараженных внутривенно представляла собой: Дольчатая структура печени была сглажена. Балочное строение нарушено. Печеночные клетки были в состоянии мутного набухания. Гистиоцитарная реакция была подавлена. Встречаются скопления клеток типа капиллярных лейкоцитарных тромбов. Участки некробиоза отсутствуют.
Пульпа селезенки была сильно пропитана кровью. Фолликулы редуцированы. Эндотелий сосудов набухший, местами пролиферирует, образуя несколько рядов клеток.
Пульпа лимфатических узлов (предлопаточный, средостенный, брыжеечный и паховый) была пропитана кровью. В некоторой части фолликулов центры размножения расширены и заполнены гистиоцитарными клетками. В брыжеечных узлах встречаются участки некроза в мозговом слое.
В легких альвеолярная структура в основном сохранена, однако встречаются участки с различной степенью утолщенности межальвеолярной ткани. Межальвеолярные перегордки инфильтрированы трансудатом и лимфогистиоцитарными элементами.
В почках отмечены набухание канальцев 1 и 2-го порядка, просветы их закрыты.
Ворсинки слизистой оболочки тонкого отдела кишечника набухшие, эпителий их нарушен. Основа густо насыщена клеточными элементами–лимфоцитами, гистиоцитами и плазматическими клетками.
Результаты проведенных экспериментов показали, что при подкожном и внутривенном заражении телят вирулентной культурой S. dublin развивается типичная макро- и микроскопическая картина острого сальмонеллеза с локализацией дистрофических и некробиотических изменений в паренхиматозных органах, лимфатических узлах и тонком отделе кишечника.
Достарыңызбен бөлісу: |