Курс мақсаты:
оқушылардың планиметрияның негізгі бөлімдері бойынша білімдерін жалпылау және жүйелеу;
оқушыларды планиметриялық есептерді шығарудың кейбір әдіс-тәсілдерімен және мысалдарымен таныстыру;
оқушыларың алған білімдерін стандартты емес есептерді шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
Курс міндеті:
оқушылардың білімін есептерде кездесетін қолданбалы теоремаларымен толықтыру;
оқушыларда планиметриялық есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері туралы білімдерін кеңейтіп, тереңдету;
интеллектуалдық біліктерін еркін қолдану деңгейінде меңгеруге көмектесу;
оқушылардың геометрияға деген қызығушылықтарын және оң мотивациясын дамыту.
Осы курсты оқып шығу нәтижесінде оқушылар білуі тиіс:
теорииялық білімін нақты және дәлме-дәл жеткізу және есеп шығару барысында өз ойларын жеткізе білу;
дәлелдеуге, салуға арналған есептерді еш қиындықсыз шеше білу;
геометриялық есептерді шығаруда алгебра және тригонометрия аппаратын қолдана білу;
есеп шығаруда геометриялық түрлендірулер қасиеттерін қолдана білу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Математикадан факультативтік курс 7-9» авторы: Никольская И.Л
«Геометриядан таңдамалы есептер», Алматы «Рауан», 2000 авторы: Қаңлыбаев Қ.
«Геометрия /планиметрия /, Алматы «Мектеп», 2009, авторы: Есмұқанұлы М.
«Планиметрия есептерін шығару практикумы»
Факультативтік курс бағдарламасы
Достарыңызбен бөлісу: |