Қорытынды. Алып планеталар жөніндегі негізгі мәліметтерді ғалымдар ХХ ғасырдың 70-80-жылдарында олардың жанынан американың ғарыш кемелері "Вояджерлер" ұшып өткеннен кейін ғана алды. Ол арқылы Жерге жіберілген тамаша суреттер теориялық есептеулер нәтижесін растады және жаңа жаңалықтарды да ашты.
1.4. Күн жүйесіндегі кіші денелер. Күн жүйесінің шекарасы
Күн жүйесінде планеталар мен оның серіктерінен басқа кометалар, астероидтар бар. Кометалар мен астероидтар қандай денелер? Ғалымдардың ойынша, олар планеталарды құрайтын "кірпіштер" сияқты. Газ-тозаңды бұлттардың эволюциясы барысында Күннің және әр түрлі өлшемдегі планеталар мен ғарыш бөлшектерінің пайда болғаны айтылды.
Астероидтар. Марс пен Юпитер орбиталарының арасында пішіні бұрыс аспан денелері бар. Олар планеталардың серіктері емес және Күнді айнала өз еркінше қозғалады. Бұл денелер астероидтар (1.14-сурет) ("жұлдызға ұқсас") депаталады. Суретте оларды жұлдыздардан тек баяу орын ауыстыруынан ғана ажыратуға болады. Бірінші астероидты 1801 жылы 1 қаңтарда Италия астрономы Джузепе Пиации ашты. Ол тура көтерілуі мен еңкеюі тәулік ішінде елеулі өзгеретін жұлдызды бақылады. Неміс математигі Га усс үлкен жарты осі 2,77 а. б. болатын бұл астрономиялық дененің орбитасын есептеп тапты. Сатурн мен Юпитердің арасынан планета табылды деп есептеп, оған ескі Римнің табыс әкелетін әйел құдайы Церераның есімі берілді. 1802 жылы астрономиямен айналысатын неміс дәрігері Ольберс Церераға жақын жерден жаңа астероидты ашып, оны Паллада депатады. 1804 жылы Юнона, 1807 жылы Веста табылды. Кішкентай планеталарды Гершель грекше "жұлдыз бейнелі" деген мағынаны беретін астероидтар деп атауды ұсынды.
1.14-сурет. Астериодтар белдігі.
Қазіргі кезде 12 000-нан астам астероидтар белгілі. Бастапқы кезде құдайлардың аттарымен аталған астероидтарға кейін ұлы адамдардың есімдері берілді. Астероид табылғанда оған ашылған жылы (мысалы, 1937 DA) көрсетілген белгі тағылады. Астероидтың орбитасы есептел- ген соң тұрақты номер және аты беріледі.
Астероидтар орбиталарының шеңберден өзгешілігі аз, сондықтан астероидтардың көпшілігі Күн жүйесінің ішіне кірмейді. Бірақ кейбір астероидтар Күнге жақын келіп немесе Сатурн орбитасының сыртына шығып кетеді. Юпитер орбитасы бойымен планетаның алдында және артында қозғалатын астероидтардың екі тобы бар. Олар "Гректер" және "Трояндықтар" депаталады. Олардыңайналупериоды Юпитердің айналу периодына дәл келеді және орбитадағы орны аспан механи- касының теориясын құрушы Лагран ждың тапқан заңы бойынша есептеп шығарған нәтижесінен ауытқымайды. Ол математикалық жолмен А денесінің айналысында (біздің жағдайымызда Күн) одан кіші В (Юпитер) денесі және оның орбитасында салмағы әлдеқайда жеңіл дене айналып жүрсе (астероидтар), онда бұл жүйе орнықты болады, егер астероидтар Лагранждың орнықтылық нүктелерінде, яғни теңқабырғалы үшбұрыштардың төбелерінде орналасса. Күн, Юпитер және астероидтар (біздің жағдайымызда "Гректер" мен "Трояндықтар") шын мәнінде теңқабырғалы үшбұрыштарды, демек, шексіз ұзақ өмір сүретін орнықты жүйені құрайды. Сөйтіп, ХХ ғасырда математик Лагранждың теориялық болжамы космос кеңістігінде де шындыққа айналды.
Кейбір астероидтардың жарықтылығының периодты өзгеруі бұрыс пішінді, беткі қабаттарының тегіс емес екенін және өз остерінен айналатынын көрсетеді. Кейбір астероидтардың өз осінен айналу периоды - бірнеше сағатқа созылса, ал кейбірінде ол тәулікке жетеді. Астероидтардың беткі қабаттарының құрамындағы үлкен айырмашылық олардың жарықты шағылдыру қабілетімен анықталады: кейбір астероидтардың бетінен жарықтың шағылу коэффициенті бар болғаны 3%, ал кейбіреуінде ол 50%-ға жақындайды. Астероидтардың бетінде планеталар серіктерінің бетіндегі тәрізді уақ денелер соққыларының іздері болуы керек. Астероидтарда атмосфера жоқ.
Қазіргі кезде астероидтар деп өлшемдері бір километрден кіші болмайтын барлық денелерді айту қабылданған. Одан кіші денелер метеоридтер деп аталады. Астероидтардың жалпы саны 30-50 мың. Өлшемі 200 км-ден астам астероидтардың саны отызға жуық. Өлшемі 80 км-ден 200 км-ге дейінгі астероидтар шамамен мыңға тарта. Кейбір астероидтар жөніндегі қызықты мәліметтер:
1) астероидтардың ішіндегі ең ірісі Церера, оның радиусы 470 км;
2) астероидтардың тығыздықтары, әдетте, 2-8 г/см3 шамасында болады;
3) ең қара астероидтар 95 Аретуза мен Бамбергтің қаралығы көмірдей немесе күйедей.
4) жерге ең жақын келгендері: 1991 ВА, 170 000 км.
5) Күнге ең жақын келгендері: Икар және Фаэтон. Екеуі де Күнге Меркурийден жақын келді.
6) Басты белдеудегі астероидтардың ішінде 1977 жылы ашылған Хирон ең алыс астероид. Оның орбитасы Сатурн мен Уран орби- таларының ортасында жатыр, диаметрі 200 км. Оны кометаның тартып алуы немесе Сатурн серігінің тартылыс өрісінен босап шыққан болуы мүмкін.
7) Гаспра астероидының (1.15-сурет) магнит өрісі тіркелді.
1.15-сурет. Гаспра астериоды
Қандай да бір апатқа ұшыра- ғаннан кейін астероидтар планета ретінде ешуақытта бірікпеген секілді. Юпитердің қуатты тарту күші жарықшақтардың бірігіп планета құруына жол бермейді. Олар біріксе көлемі Айдың үштен біріндей ғана болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |