1.2. Жер тобының планеталары
Күн жүйесіндегі планеталар өздерінің физикалық қасиеттеріне қарай екі топқа бөлінеді-жер тобындағы планеталар және алып планеталар. Жер тобындағы планеталар Меркурий, Шолпан, Жер, Марстың көлемдері мен массалары үлкен емес, бірақ олардың орташа тығыздығы судың тығыздығынан бірнеше есе артық. Жер тобының планеталары, негізінен, табиғи тұздар мен темірден тұрады. Ал Меркурийден Марсқа дейінгі планеталардың орналасу ретіне қарай темірдің жалпы құрамының азаятыны байқалады (Меркурийде — 60-70%, Шолпан,Жерде-32%, Марста-25%) Жер тобындағы барлық планеталар ұқсас құрылымдардан тұрады: ядро, мантия және қатты қабық. Жер тобындағы планеталарға Күннің тасқындық әсері болады, сондықтан олардың өз осінен айналу жылдамдықтары баяулаған (Шолпанда ол тіпті кері бағытқа ауысқан).
Жер тобындағы планеталардын атмосфералары өте күрделі эволюцияны бастарынан өткізді: біртіндеп және апатты түрде газсыздану (вулкандар, бастапқы аккреция (бөлініп шығу, өсу) периодында әр түрлі бөлінулер), бірінші планеталық тұмандықтардан газдарды қармап алу.
Жер тобындағы планеталарда серіктер аз (Меркурий мен Шолпанда олар тіпті жоқ, Марста екі кішкене серік, Жерде — біреу). Физи- калык сипаттамалары бойынша бұл топтағы планеталарға алыстағы Плутон да жататын болар.
Меркурийдің бетінде оған құлаған метеориттердің салдарынан шұңқырлар пайда болған(1.3- сурет Меркурий) ең үлкені Калорис деп аталады. Оның ең үлкені Калорис деп аталады. Диаметрі 1300 км болатын осы үлкен шұңқырдың бүйірлерінде метеориттің соқтығысу күшінен тау үйінділері пайда болған.
1.3-сурет. Меркурий
Меркурийдің Күнге жақын орналасуы оны бақылауға кедергі келтіреді. Аспан аясында оның Күннен ең алыс кету бұрышы 29”. Сондықтан ол Күн шығар алдында (ертеңгі көрінуі) немесе кешке Күн батқанда (кешкі көрінуі) көрінеді. Меркурий орбитасының эклиптикаға көлбеулігі үлкен болғандықтан оны әр уақытта көру мүмкін емес. Планета құралсыз көзге анық көрінеді. Ең жақсы көріну периодындағы жылтырауы -1m - ге тең. Атмосфераның болмауынан планетаның бетінің температурасы ( беткі қабатына жақын газдың сирек атомдары экзосфера құрайды) +600⁰С күндізгі температурадан түнде -185⁰-қа дейін бірден түседі. Аспанның түсі әр уақытта қара. Меркурийден Күн Жерден көрінетін көлемінен үш есе iрi болып көрінеді. Планетаның Күнге дейінгі орташа қашықтығы 0,387 а.б., ал одан Жерге дейінгі қашықтық 82-ден 217 млн км аралығында болады (эксцентриситет е=0,206). Оның орбитасының эклиптикамен жасайтын жасайтын көлбеулік бұрышы i=7°. Бұл Күн жүйесіндегі ең бір үлкен көлбеулік болып табылады. Меркурийде жыл мезгілдерінің ауысуы болмайды. Өйткені айналу осінің оның орбита жазықтығына көлбеулік бұрышы өте аз шаманы (⁓2°) құрайды. Меркурийдің магнит өрісі Жердікінен 100 есе әлсіз. Планетаның шамамен төрттен үш бөлігін құрайтын ядросы темірден тұрады. Меркурийдің диаметрі Жерден 3 есе, массасы 20 есе аз, ал тығыздығы Жердің тығыздығымен шамалас (5,43 г/см 3), Меркурий Юпитер мен Сатурнның кейбір серіктерінен кіші. Планета сфера түріне ие.
Меркурийдің серіктері жоқ. Егер олар болған жағдайда да планетаның алғашқы пайда болуы кезінде планетаның бетіне құлаған болуы керек.
Күннің тасқындық әрекетінен планета резонанстық қақпанға түскен. 1965 жылы өлшенген оның Күнді айнала қозғалу периоды (87,95 Жер тәулігі) өз осінен айналу периодының 3/2 қатысындай болады. 176 тәулікте Меркурий өз осінен үш толық айналым жасайды. Сол уақыт ішінде планета Күнді екі айналып шығады. Яғни тәуліктің ұзақтығы 176 жер тәулігіне тең, ол екі меркурий жылын береді. Күн мен түннің ұзақтығы 88 тәуліктен келеді, яғни планетаның жылына тең деген сөз.
0° және 180º ендігінде бір меркурий тәулігі ішінде (ол 176 жер тәулігіне тең) Күннің үш қайтара батып, үш қайтара шыққанын коруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |