Факультет: «География және табиғатты пайдалану»


БҚО туризмінің қазіргі жағдайы



бет4/9
Дата05.12.2022
өлшемі384.66 Kb.
#466454
1   2   3   4   5   6   7   8   9
срс

БҚО туризмінің қазіргі жағдайы
Батыс Қазақстан облысы туристік саланы дамыту үшін ең кең мүмкіндіктері бар аумақ бар.
Соңғы 5 жылда келу және ішкі туризмге келушілер санының 15% - ға артқаны байқалады. Келушілердің көбеюі 2021 жылы 84% - ды құрады, ал 2022 жылдың 1 тоқсанында 37% - ға артып, 17,3 мың адамды құрады. Бүгінгі күні орналастыру орындарының саны 76 бірлікті құрайды, онда 2035 нөмір бар, бұл ретте біржолғы сыйымдылығы 4144 төсек-орынды құрайды. Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 661,8 млн.теңгені құрайды. Қонақүйлердің толтырылуы 16,9% құрады.
Анықтама: 2021 жылдың қорытындысы бойынша келушілер саны 84%-ға артып, 76 180 адамды құрады (ішкі-69592, келу-6588).
Егер де Қазақстан Республикасында туризм қарқынды дами бастаса, Батыс Қазақстан облысы мына аталған туристік бағыттар бойынша алдыңғы орындарға шығады:
1.Балалар мен жасөспірімдер туризмі. Бұл бағытта Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ойып тұрып орын алары сөзсіз. 50 жылдан астам уақыт өңіріміздегі балаларға өлкетанулық- туристік мақсатта білім беру саласында өлшеусіз үлес қосқан орталық. Еліміздегі балалар туризмі орталықтарының біріңғай және көпсалалы жүйесін қалыптастырған, әр аудан орталықтарында туристік орталықтары бар облыстық білім басқармасының қарамағындағы ұйым.
2. Эколгиялық туризм. Бұл бағытта өңірімзде ресурстар жеткілікті. Бір ғана Жайық қойнауы эколгиялық туризмі дамытуға жеткілікті.
3. Өлкетану. Өлкетану туризмнің ажырамас бөлігі. Облыстың бай тарихи мұрасы мен тарихи ескерткіштері кім- кімге де болса қызық.
4. Экскурсия. Бұған бір ғана мысал, Орал қаласы. Итальяндық палацо стилінде салынған тарихи ғимараттар көруге тұрарлық.
5.Спорттық туризм. Спорттық туризмнің тактикасы мен техникасын дамтыуда облысмызда кадрлар жеткілікті. Және де ол облыстың барлық аудандарында дамығын.
6.Тәуіп ету. Қазақстандық туризмді зерттеуші ғалым С.Ердавлетов діни туризмнен тәуіп ету туризмін бөліп қарастырады. Киелі Батыс өңірінде қасиетті жерлер жетерлік. Оған өзіміздің тұрғындар, басқа облыстардан, шетелден адамдар түнеу мақсатында келіп жатады.
7.Аттылы туризм. Батыс Қазақстан обылысында ұлттық жылқы шаруашылығы базасын құру арқылы аттылы туризмді дамытуға болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет