Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде туристификациялаудың өңірлік картасының ТОП-50-не Хан Ордасы Батыс Қазақстан тарихи-мәдени, сәулет-этнографиялық музей-қорығы және балалар-жасөспірімдер туризмінің кластері енгізілді.
Хан Ордасы мұражай-қорығы, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша Батыс Қазақстанның негізгі тарихи – мәдени объектісі болып табылатын Хан Ордасы мұражай-қорығында визит орталығының құрылысы бойынша жұмыс (конкурс) басталды, оның келуі жылына 50 000 туристке дейін артады (2019 жылы - 21635 турист, 2020 жылы - 4 492 турист, 2021 жылы-21 846 турист), іске асыру мерзімі 2023 жыл. Жоба құны - 431 млн. тг. 20 жаңа жұмыс орнын құрумен.
«Хан Ордасы» мұражай-қорығы нысандары негізінде Бөкей хандығының тарихи ареалын қалпына келтіру жобасы әзірленді.
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің кластері
Облыста балалар мен жасөспірімдер туризмі кластерін табысты дамытуға жәрдемдесудің ерекше басымдығында «Евразия», «Бивуак туристік-сауықтыру кешені» (2013 жылы Қазақстандағы ең үздік балалар турбазасы деп танылған), «Самал» және «Атамекен» туристік лагерлері жұмыс істейді. 2016 жылы өзінің кіші отанына шын ғашық туристердің бірнеше буынын тәрбиелеген өлкетану орталығына ЮНЕСКО клубы жоғары мәртебесі берілді. 2019 жылдың жазғы кезеңінде туристік базаларда 1899 бала жазғы демалыспен қамтылды. Ел аумағында коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдайдың енгізілуімен 2020 жылы жазғы демалыспен 200-ге жуық бала қамтылды. Сондай-ақ, туризм саласында цифрландыруды дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.
Инвестициялар
2022 жылға 5 млрд. теңге сомасына 138 жаңа жұмыс орнын құрумен 8 жобаны іске асыру жоспарланған:
Теректі ауданында қонақ үй құрылысы;
Демалыс және су ойын-сауық саябағын салу;
Ат спорты кешенін салу;
Орал қаласында Шолу дөңгелегінің құрылысы;
Мұражай ғимаратын күрделі жөндеу;
Ауылдық Достық үйі мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеу;
Хан Ордасы ауылдық мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеу;
Ақжайық ауданындағы Чапаев ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
Анықтама: 2021 жылы 140 жаңа жұмыс орнын құрумен құны 10,8 млрд. теңгеге 4 жоба іске асырылды («Set Sail Park» демалыс аймағы; «Green Park» демалыс аймағы 1-кезең; «Bavaro» демалыс аймағы; «Атамекен» концерт залы);
Достарыңызбен бөлісу: |