ІІ. Су адамзат байлығы
Cу – адамзаттың басты байлықтарының бірі. Судың ластануы Жер шарының экологиясын нашарлатып, ауыз су тапшылығын туғызып отыр. Тұщы су және оның тазалығы ғаламдық деңгейдегі мәселе, біздің елімізде де осы бағытта біршама шаралар атқарылып жатыр. Ауыз су мәселесін шешу үшін мемлекеттік деңгейде «Ауыз су», «Ақбұлақ» бағдарламалары іске асырылды .
Қазақстан өзендер ағынының көлемі бойынша сумен ең аз қамтамасыз етілген елдер қатарына жатады. Сумен қамтамасыз етілу үлесі аумақтың бір шаршы километріне 37 мың текше метрден және бір адамға жылына 6,7 мың текше метрден келеді. Жер үсті суларының ресурстары сулылығы орташа жылы 100,5 текше километрді құрайды, оның 56,5 текше километрі республиканың аумағында құралады. Қалған көлемі көршілес мемлекеттерден (Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей) келеді.
Қазіргі кезде жер үсті мен жер асты суларының ластану проблемасы өте өткір тұр. Республикамыздың едәуір бөлігінде ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау үшін пайдаланатын жер асты суларының минералдылығы
жоғары, сондай-ақ басқа да нормалық көрсеткіштері жоғары немесе төмен. Айталық, Қызылорда оң жағалау топтық су құбыры жер асты суларының минералдылығы 1,3-1,4 г/л болатын кен орнына негізделген. Батыс Қазақстан облысындағы Камен топтық су құбыры бойынша құрамында темір шекті рауалды концентрация 1,5-2,5 есе жоғары су беріледі. Ақмола облысының Зеренді және Яблоновск топтық су құбырларының көздері – жер асты суларының кен орындарында фтордың құрамы жол берілетін нормадан жоғары. Орал кен орнында сағадағы судың құрамында марганец ШРК-дан 3-5 есе жоғары.
4
2.1 Қазақстандағы тұщы судың ластануы
Іс жүзінде барлық ірі ағын сулар бойынша жер үсті суларының сапасы ауыз су стандарттарына сәйкес емес. Шекарааралық болып келетін ең ірі Ертіс, Іле, Жайық, Сырдария өзендері қатты ластанған және алдын-ала дайындаусыз шаруашылық-ауыз суымен жабдықтау үшін пайдалануға болмайды. Жайық өзені фенолмен синтетикалық жер үсті белсенді заттарымен ластанған. Жер үсті суларының ішінде Елек өзенінің броммен және алты валентті хроммен ластануы өткір экологиялық мәселе болып отыр. Нұра және Шерубай – Нұра өзендері "сынаппен қайта ластанған" нысандар санатына көшті. Нұра өзені табанының тұнбаларындағы, суының құрамындағы сынап бойынша республикада ең ластанған өзен болып отыр. Ертіс өзені мыспен және мырышпен ластануы әлі де өте жоғары күйде.
Қазіргі уақытта тұрғындардың жартысынан астамы сапалық нормативтерге сәйкес келмейтін ауыз суын пайдалануда және таза судың қажетті мөлшері бойынша зәрулік көруде.
Ауыз су бағдарламасы бойынша республика көлемінде келесі бағыттарда жұмыс жүргізу қарастырылған:
- жұмыс істеп тұрған сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру, жетілдіру, жаңаларын салу және кеңейту;
- тұтынылатын судың сапасын жақсарту;
- жер асты суын пайдалануды жандандыру;
- су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау;
- сумен жабдықтау үшін жабдықтар шығаратын жоғарғы технологиялы өндірістерді құру;
- ауыз судың сапасын бақылаумен айналысатын қызметтердің материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз етілуін нығайту;
- ауыз сумен жабдықтау саласында шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік тұрғыдан қолдау;
- ауыз суды үнемді пайдалануды хабардар ету және насихаттау;
- халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында нормативтік құқықтық кесімдердің жаңаларын әзірлеу және қолданылып жүргендерін жетілдіру.
5
Достарыңызбен бөлісу: |