Факультет: Заң Мамандығы: Құқықтану Тобы



бет2/3
Дата15.11.2023
өлшемі474 Kb.
#483276
1   2   3
СРС Муниципальное право 1

2.Негізгі бөлім
2.1
Жергілікті өзін-өзі басқару – мемлекеттің экономикалық жағынан өсуі мен азаматтық қоғам қалыптасуының маңызды шарттарының бірі. Біздің мемлекетіміздегі жергілікті өзін-өзі басқару перспективалары тиімді жүргізілген конституциялық реформаларды мысалы, мәслихаттардың өкілеттілігі кеңейгендігін ескере отырып, талқыланды. Жергілікті өзін-өзі басқару реформасының басталуына себепші болған мақсаттар – биліктің халыққа жақын болуы, жергілікті биліктің барлық міндеттемелерінің қажетті қаражат және ресурспен қамтамасыз етілуі. Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттілігі, сипаты, ұйымдастырылуы мен міндеттемелері жөніндегі мәселе – бұл қазіргі демократияны ұйымдастыру формалары, шекаралары мен мүмкіндіктері, сонымен қатар, жергілікті деңгейдегі даму мен тиімді басқаруды ұйымдастыру формалары мен механизмдері жөніндегі мәселе болып қалмақ.
2.2
Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Әлемде, негізінен, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады.
Қазіргі таңда жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару тетіктерін реттеу қызметін жүзеге асыратын нормативтік құқықтық акт бар. Ол 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы жергілікте мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР №148 Заңы. Яғни бұл нормативтік акт Қазақстан Республикасының аумағындағы жүзеге асырылып жатқан барлық жергілікте басқару жүйесіндегі қатынастарды реттейді. Жалпы түсінік бойынша жергілікті өзін-өзі басқару Қазақстан Республикасының аумағында қарапайым жолмен ұйымдастырылған. Ең жоғарыдан бастасақ: Атқарушы және Өкілді билік органдары. Яғни Үкімет және Парламенттің қос палатасы(Сенат және Мәжіліс). Ал сол билік органдарының тікелей тапсырмаларын жүзеге асыратын және аумақтық бөліністе мемлекеттің саясатын тікелей жүзеге асыратын кімдер? Әкімдер және Мәслихат депутаттары. Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық бөлінісіне келетін болсақ: Облыстар, Республикалық маңызы бар қалалар, Облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалар, ауылдық округтер, кенттер. Осы әкімшілік аумақтық бөліністің жергілікті өзін-өзі басқару органдары белігленген аумақ шегінде және өздеріне берілген өкілеттік шегінде аумақтық маңызы бар мәселелерді шешу және талқылауға құқылы, белгіленген аумақтық бөліністе мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға міндетті.

2.3
Қоғамды әрі қарай демократияландыру және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу жағдайында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу айрықша маңызды болып қала бермек. Оның үстіне әлемдегі нарықтық қатынастардың дамуы мен ақпарат және басқару саласында орын алған революциялар белгілі бір субьектілер қызметіне орталықтандырылған мемлекеттік ықпал ету мүмкіндігін мейлінше қысқартуда. Ұтымды ұйымдастырылған өзін-өзі басқару жергілікті ресурстарды тиімді пайдалануға, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістердің төмендеуіне және тұрғындардың билікке деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Әлемдегі қаржы және азық-түлік дағдарысы жағдайында өмір сүру жағдайын жақсартуда тұрғындардың өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқару әлеуетін пайдалану тұрақтылықтың маңызды факторы ретінде ұсынылуда.
«Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңына» көз жүгіртіп, демократия және тікелей демократия белігленген баптарды қарастырайық. 1 баптың 6) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы; Қоғамдастық бұл аумақтық бөліністің ерікті тұрғындарынан құрылған, жергілікті мәселелерді шешу бойынша орган деп қарастырсақ болады. Бұл тұрғындардың Конституциялық құқықтарының бостандығын көрсетіп тұр. 2 баптың 2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті өзін-өзі басқару, тұрғындардың өмір сүру жағдайында маңызды мәселелерді шешу белсенділігін арттыру қосымша қоғамдағы ішкі күштердің күшеюі мен әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық прогресстің жылдамдатады.
Өмірлік тәжірбиеге жүгінсек. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын анықтадық. Олар әкімдер және мәслихат депутаттары. Қазіргі таңда жасырын дауыс беру арқылы тікелей сайлау арқылы халық аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлайды. Алдағы уақытта аудан әкімдерін дәл солай жасырын дауыс беру арқылы тікелей халық сайлайтын болады. Ал облыс әкімдерін және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін халық сайлаған Президент мәслихат депуттарына ұсынып тағайындайды. Мәслихат депуттарына келетін болсақ. Әр мәслихат депутатын тиісті аумақтық бөлініс тұрғындары дауыс беру арқылы сайлайды. Бұның бәрі тікелей демократия көрінісі емеспе? Маслихаттар өкілді билік органы ретінде өзін толық ақтап шықты , мәслихаттардың жұмысын жандандыру және олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін ұдайы арттырып отыру қажеттігіне көңіл бөлді. Әкімдердің мәртебесі мен жауапкершілігін арттыруға және орталық пен аймақтардың құзыретін нақтылау қажеттігі де назардан тыс қалмады.
Төмен деңгейдегі әкімдер жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне олардың жауапкершілігі мен мәртебесінің өсуі мен бірге енуі қажет. Барлық деңгейдегі әкімдердің қабылдаған шешімдері мен іс-қимылдары тұрғындардың билік туралы пікірін қалыптастырады, сондықтан әкімдердің имиджі мен сол имиджге деген жауапкершілікті арттыру қажет. 2009 жылдың 22 қарашасында парламент мәжілісіне "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы енгізілді.
Жергілікті өзін-өзі басқару белгілі бір конституциялық принциптерге негізделеді, яғни оның ұйымдастырылуына негізгі идеялар, бастапқы ережелер қаланады. Қазақстан Республикасы Конституциясында (89-бап) мұндай жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі принциптері бекітілген:
1. Жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өз еркімен шешуі.
2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен қызмет тәртібін азаматтардың өздері белгілеуі.
3. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне мемлекет тарапынан берілетін кепілдіктер.
Еркіндік принципі дегеніміз – жергілікті өзін-өзі басқару бостандығы, яғни жергілікті маңызы бар мәселелерді өз өкілеттілік көлемінде шешуі. Ол үшін мынадай жағдайларды орындаулары қажет – ұйымдастырушылық, экономикалық, психологиялық. Бұл байланыстардың мәнісі мынада:
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымына, оның лауазымды адамадрының тағайындалуына мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының ықпалының жоқтығы;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға мемлекет органдары мен лауазымды адамдары қатысады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметкер ретінде есептелінбеуі;
-жергілікті өзін-өзі басқаруоргандарының шешімін тек оны қабылдаған органдар мен лауазымды адамдар ғана жоя алады, немесе олар соттың шешімімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет