Х=--------------- * 100 (%);
(А1 - А)
мұндағы: А – бос бюксаның салмағы, г; А1 – кептiргенге дейiнгi ұны бар бюксаның салмағы, г; А2 – кептiргеннен кейiнгi ұны бар бюксаның салмағы, г.
Ұнның қышқылдығын анықтау МЕМСТ 27493-87
Бұл әдiс ұнның барлық қышқылға әсер еткіш заттарын сiлтi ерiтiндiсiмен титрлеуге негізделген.
Ұнның сынамасынан 5 г ұн алады, конус тәрiздi колбаға салып, бидай ұны болса 50 мл; қара бидай ұны болса 100 мл дистилленген су құяды. Колбаның iшiндегiсiн араластырады. Оған бидай ұны болса, 3 тамшы фенолфталеин, ал қара бидай ұны болса, 5 тамшы фенолфталеин қосып, 0,1 Н NaOH (KOH) ерiтiндiсiмен 30 минут iшiнде кетпейтiн ақшыл-қызғылт түске боялғанша титрлейдi.
Қышқылдықты формула бойынша шығарады:
V*100
Х=------------ немесе Х =V*2 (град),
m*100
мұндағы: V – титрлеуге кеткен NaOH ерiтiндiсiнiң көлемi, мл;
m - өнiмнiң салмағы, г;
1/10 – 0,1 Н ерiтiндiсiн 1 Н ерiтiндiсiне санағандағы коэффициент.
Бақылау сұрақтары:
1 Дәнді-дақылдардың үлгілерін қалай іріктеп алады?
2 Дәнді-дақылдардың сапасын қалай анықтайды?
3 Дәнді-дақылдардың зиянкестермен зақымдануы қалай анықталады?
4 Қандай физико-химиялық көрсеткіштері бойынша ұнның сапасы анықталады?
№ 5 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Нан өнімдерінің сапа деңгейін бағалау
Жұмыстың мақсаты:
Органолептикалық көрсеткіштері бойынша нан және нан өнімдерінің сапасын анықтау
Физико-химиялық көрсеткіштері бойынша нан және нан өнімдерінің сапасын анықтау
Нәтижелерін ресімдеу
Бақылауға сұрақтарға жауап беру
1 Нан және нан өнімдерінің органолептикасы
Нанның сапасын, дәмін татығанда анықтайды.
Сыртқы түрi: бетi - тегiс, үлкен жарықтары болмау керек; түсi – ақшыл-сарыдан қоңырға дейiн; қыртысының қалындығы 4 мм аспау керек.
Пiшiнi: дұрыс, нанның түрiне сай.
Нанның жұмсақ бөлiгiнiң күйi: пiсiлуi – жақсы, жұмсақтығы жабысқақ емес, ылғалсыз; елеуi – кесексiз; иiлiмi – ақырын саусақпен басқанда жұмсақтығы алғашқы күйiне тез келуi керек.
Балғындылығы: жаңа пiскен нанның қыртысы қара, бетi тегiс, жұмсақтығының түсi бiртектi, иiлiмдi, демi мен иiсi берiлген өнiмге сай болады. Ал қытырылған нан өнiмдерiнiң қыртысы қатты, бетi тегiс емес.
Дәмi мен иiсi: бөтен иiсi мен дәмi болмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |