Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы


Ылғалдылықтың мөлшерін анықтау



бет32/55
Дата20.09.2022
өлшемі0.72 Mb.
#460991
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55
Квалиметрия

2.1 Ылғалдылықтың мөлшерін анықтау
Алюминийден жасалған бюксаны 30 мин 102-105 С температурада кептіргіш шкафта кептіреді, эксикаторда суытады да, өлшейді. Одан кейін оған 2-3 г май салып, өлшейді де кептіргіш шкафта кептіреді.
Кептіруді 15 мин аралығында қайталайды. Ылғал мөлшерін келесі формула бойынша анықтайды:
М1-М2
Х=------------*100 %;
М
Мұндағы М1 – кептіруге дейінгі сынамасы бар бюксаның салмағы, г;
М2 – кептіруден кейінгі сынамасы бар бюксаның салмағы, г;
М – зерттелетін өнімнің сынамасының салмағы.
2.2 Қышқылдық санын анықтау
Қышқылдық сан деп 1 г майда болатын май қышқылдарын бейтарапқа ұшырауына қажетті NaOH (KOH) мөлшерін айтады.
Жұмысты орындау тәртібі: 150-200 мл конус тәрізді колбаға 3-5 г майды салады. Майды су моншасына қойып ерітеді, оған 50 мл эфирлі –спиртті қоспа құйып, араластырады. Содан кейін 3-5 тамшы 1 % фенолфталеин ерітіндісін қосады да, қызғылт түске боялғанша титрлейді. Егер титрлеу кезінде сұйықтықта тұңба түзелсе, онда колбаға 5-10 мл эфирлі-спиртті қоспа қосады да, тұңба кеткенше араластырады да, титрлеуді аяқтайды. Қышқылдық санын келесі формула бойынша есептейді:
У*К*5,61
Х=--------------;
М
Мұндағы: У – 0,1 н NaOH (KOH) ерітіндісінің титрлеуге кеткен мөлшері, мл;
К – 0,1 н NaOH (KOH) сілті ерітіндісіне санағандағы коэффициенті;
М – сынаманың салмағы, г;
5,61 – 1 мл 0,1 н NaOH (KOH) ерітіндісінде болатын миллиграмның мөлшері.
Бақылау сұрақтары:

  1. Маргарин өнімдеріне қандай талаптар қойылады?

2 Маргаринді қабылдау, сынамаларын іріктеу және сынау әдістерінің ережелері қандай?
3 Маргарин өнімдерінің қандай органолептикалық көрсеткіштері регламенттелген?
4 Маргаринде ылғалдың, майдың салмақтық үлесін және натрий хлоридінің, қышқылдылықтың мөлшерін қалай анықтайды?

№ 7 зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Майонездің сапа деңгейін бағалау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет