Өнімнің сапа көрсеткіші дегеніміз өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Бұл қасиеттер өнімнің сапасын құрайды.
Өнімнңњ бірліктік сапа көрсеткіші – бұл өнімнің тек қана бір қасиетін сипаттайтын сапа көрсеткіші.
Өнімнің жинақтық сапа көрсеткіші дегеніміз өнімнің бірнеше қасиетін сипаттайтын өнімнің бірнеше сапа көрсеткіштері.
Сипаттайтын қасиеттеріне байланысты сапа көрсеткішетрінің бірнеше тобы болады.
1 Техникалық тиімділіктің жұмсалу көрсеткіштері. Бұл өнімді пайдалану кезінде алынған пайдалы тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер. Олар жұмсалу және қолдану жағынан бір нақты аймақты қамтиды. Мысалы, автомобильдің жүкті көтеруі, қышқылдар үшін олардың концентрациясы, тағам өнімдері үшін тұздың, қанттың, майдың мөлшерлері және зиянды заттардың мөлшері өте маңызды болып келеді. Бұл көрсеткіштердің өзі жіктеуші болып бөлінеді. Яғни, бұл көрсеткіштер маңызы жағынан функционалды болып келеді және олар техникалық тиімділікті сипаттайды. Бұл жіктеуші көрсеткіштердің негізінде өлшемдік және параметрлік өнімдердің қатарлары құрылады.
2 Сенімділік көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштерді қарастыру алдында бірнеше түсініктерге тоқталу керек.
Сенімділік бұл орнататын шектерде белгілі уақыт ішінде нысандардың параметрлерінің мәндерін сақтау қасиеті. Сенімділік бұл жинақты қасиет, ол нысанның жұмсалу және қолдану жағдайларына байланысты келесі қасиеттерді қамтиды.
Ремонтқа жарамдылығы, яғни ұзақ уақытқа шыдамдылығы, тұрақтылығы және төзімділігі.
Төзімділік дегеніміз бірнеше уақыт ішінде нысанның жұмыс жасау қасиеттерін сақтау.
Жұмысқа шыдамдылығы бұл белгілі орнатылған жағдайларда нысандардың күйін сақтау.
Ремонтқа жарамдылығы бұл жұмыс жасау қабілетінің болуы және оның өсу күйінде сақтау болып табылады. Бұл қасиетті сипаттау үшін ремонттың орташа ұзақтылығын (оған жұмсалатын еңбек пен осы ремонтқа кеткен бағасы) қолданады. Келесі екі қасиеттің сипаттамасын жүргізу үшін, яғни төзімділік пен ремонтқа жарамдылық сияқты қасиеттердің дайындық коэффициенті мен техникалық қолдану коэффициенттерін қолданады.
Дайындық коэффициенті дегеніміз бұл кез-келген уақыт ішінде нысанның жұмыс істеу қабілетінің күйі. Ал техникалық қолдану коэффициенті дегеніміз нысанның жұмыс жасау күйінде белгілі уақыт ішінде жұмыс жасауы.
Ұзақтылығы – бұл нысанның техникалық қамтамасыз ету және ремонтқа жеткізбей ұзақ уақыт жұмыс жасау қабілеті.
3 Эргономикалық көрсеткіштер – бұл өнімнің тұтынушы мен қолдану немесе тұтынуға жарамдылығы көзқарасынан өнімнің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер.
Эргономика ғылымы – техникалық ғылымның мәліметтерін қолдана алады және инженерлік психология, еңбек гигиенасы, қоғамтану сияқты салалармен тығыз байланысты. Эргономикалық көрсеткіштер 3 топқа бөлінеді:
1 Антропометриялық көрсеткіштер бұл көрсеткіштер адам денесінің пішіні мен өлшеміне қарай өнімді сипаттайды. Мысалы, автомобилдегі орындықтың ұзындығын өзгерту, оны артқа шалқайту бұрышы, т.с.с.
2 Физиологиялық көрсеткіштер – бұл адамның және оның мүшелерінің мүмкіндіктеріне қарай сипаттайтын көрсеткіштер. Мысалы, әртүрлі датчиктерді қолдану және осы датчиктерде берілетін ақпараттарды дұрыстап қабылдау.
3 Гигиеналық көрсеткіштер – бұл көрсеткіштер өнімнің гигиеналық қасиеттерін сипаттайды. Яғни, температураны, ылғалдылықты және әртүрлі дыбыстардың шығуына қарай сипаттайды.
4 Ресурстарды экономды жұмсау көрсеткіштері – бұл өнімді жасау немесе тұтыну кезінде материалды ресурстардың шығындарын сипаттайтын көрсеткіштер. Мысалы, өнімнің салмағын, оператордың саны бір нақты агрегатты қарастыратын операторлардың саны.
5 Экономикалық көрсеткіштер – бұл өнімді сату кезінде қатты әсер ететін көрсеткіштердің бірі, яғни жоғары сапалы өнім жоғары бағамен сатылады.
6 Эстетикалық көрсеткіштер – бұл өнімнің эстетикалық қасиетін сипаттайтын көрсеткіштер. Мысалы, композицияның тұтастығы. Эстетикалық көрсеткіштер балдармен бағаланады және олар арнайы сараптық комиссияның көмегімен бақыланады.
7 Экологиялық көрсеткіштер – бұл өнімді тұтыну және пайдалану кезінде табиғатта зиянды әсердің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер. Бұл әсерлер ауаға зиянды заттардың төгілуі ретінде немесе судың және жердің ластануы түрінде көрінеді.
8 Өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері – бұл өнімді тұтыну немесе пайдалану кезінде қамтамасыз етілуі жеке немесе нысандардың жалпы қауіпсіздігін сипаттайды. Мысалы, автомобиль орындығының қауіпсіздігі, тұрақтылығы, трактордың шыдамдылығы. Көлік құралдары үшін қауіпсіздік қасиеті күрделі қасиет түрінде қарастырылады. Сол сияқты автомобиль үшін құрамдық элементтері ретінде мынандай қауіпсіздік қасиеттері: белсенді қауіпсіздік, аварийдан кейінгі қауіпсіздігі. Осы жоғарыда аталған көрсеткіштердің басқа өнімнің сапасын сипаттау үшін басқадай көрсеткіштер пайдалануы мүмкін. Ол өнімнің өзінің ерекшелігіне байланысты болады, олардың жасалу жағдайларына. Мысалы, күн сәулесінен қорғау көрсеткіштері, сол сияқты өнімнің дайындалуыны, тасымалдауына байланысты стандарттау және сертификаттау көрсеткіштері, патенттік құқықтық технологиялық тағы басқа көрсеткіштер.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Өнеркәсіптік өнімдер қалай жіктеледі?
2 Техникалық тиімділіктің жұмсалу көрсеткіштеріне мысал келтіріңіз?
3 Сенімділік көрсеткіштері дегеніміз не?
4 Эргономикалық көрсеткіштер қандай топтарға бөлінген?
5 Гигиеналық көрсеткіштер, ресурстарды экономды жұмсау көрсеткіштері, экономикалық көрсеткіштер деп қандай көрсеткіштерді айтады?
6 Эстетикалық көрсеткіштер, экологиялық көрсеткіштер, өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің ерекшеліктері неде?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Федюкин В.К. Основы квалиметрии. Управление качеством продукции. Учебное пособие. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 2004. – 296 с.
2 Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. – М.: ЭКМОС, 2000. – 320 с.
3 Шишкин И.Ф., Станякин В.М. Квалиметрия и управление качеством: Учебное пособие. - М.:Изд-во ВЗПИ, 1992.-255 с.
№ 6-7 дәрістер (2 сағат)
Достарыңызбен бөлісу: |