Фармацевтика академиясы


Мультимедиалық презентацияны бағалау критерилері



бет4/12
Дата13.06.2016
өлшемі1.36 Mb.
#133286
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Мультимедиалық презентацияны бағалау критерилері: мазмұны СӨЖ-дің мақсатын ашуы қажет, анықтамалар, түсініктер қысқа, нақты, толық мәлімет беретіндей болу керек. Презентация мәтіні - қатесіз, ғылыми терминдерді қолдану, кейінгі ақпарат пен қамтамасыз етілуі тиіс.

3.Тест сұрағын құрастыруға қойылатын талаптар: адекваттылық,

мәтіні түсінікті, қарапайым, күрделілігі бірінші деңгейдегі, бір дұрыс жауап болу қажет. Тест сұрақтар түрінде құрастырылмайды. Тақырып бойынша 20 тест тапсырмасын құрастыру керек.



Рефераты дайындау және қорғау

Бақылау түрі


Бағалау


Бағалау белгілері

Рефераты дайындау және қорғау безендірілуі

Өте жақсы

Бағалауға сай:

А (95-100);

А- (90-94)




Қорғау кезінде ешқандай қателер, түсінбеушіліктер жібермесе қойылады. Пән бойынша теориялар, концепциялар мен бағыттарға сүйеніп, оларды бағалап, басқа пәндердегі ғылыми жетістіктерді қолданса.

Текстті компьютерде басып, тақырып бойынша глоссарий жазса, мазмұны мен

безендірілуі рефератты жазу талаптарына сай, қолданылған әдебиеттер көлемі жеткілікті және соңғы жылғы шығарылымдағы болса қойылады.


Жақсы

Бағалауға сай:

В+(85-89);

В (80-84);

В- (75-79).


Студент қорғау кезінде дөрекі қате жібермей, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса, оқытушының көмегімен бағдарламаны материалдарды жүйелендірсе қойылады. Текстті компьютерде басып, тақырып бойынша глоссарий жазса, рефератты жазуда мазмұны мен безендірілуінде болмашы қателіктер жіберілген болса қойылады.

Қанағаттанарлық

Бағалауға сай:

С+ ( 70-74);

С ( 65-69);

С-(60-64);

D+( 50-54)



Егер студент жауап беру кезінде қағидасыз түсінбеушіліктер не қате жіберіп, тек оқытушы ұсынған оқу әдебиеттерімен шектелсе, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады.

Рефератты жазуда мазмұны мен безендірілуінде айтарлықтай қателіктер жіберілсе, текстті қолмен жазса, реферат мазмұны алынған тақырыбына мүлдем сай келмесе және пайдаланылған әдебиеттер тізімі өте аз немесе интернет желісінен дайын материалды алған болса қойылады.



Қанағаттанарлықсыз

Бағалауға сай:

Р (0-49)


Реферат мазмұны алынған тақырыбына мүлдем сай келмесе пайдаланылған әдебиеттер тізімі өте аз немесе интернет желісінен дайын материалды алған болса қойылады.

Тақырып бойынша презентация

Бақылау түрі

Баға

Бағалау белгілері

Тақырып бойынша презентация

безендіру



Өте жақсы:

А (95-100%);

А- (90-94%)

бағаға сәйкес




Баға қойылады: егер де студент презентация кезінде ешқандай қателік пән дәлсіздік жібермесе. Тақырып бойынша теорияларды, концепция мен бағыттарды білсе және оларға баға бере білсе, ғылыми жетістіктерді келтіргенде. Мазмұны мен безендірілуі презентацияға қойылатын талапқа сай болғанда. Тақырып бойынша дайындалған слайдтар саны 15-тен кем емес болғанда.

Жақсы:

В+( 85-89%);

В ( 80-84%);

В- ( 75-79%).

бағаға сәйкес


Баға қойылады: егер де студент

Презентация кезінде айтарлықтай емес қателік пен айтарлықтай емес дәлсіздік жіберсе немесе қағидалық қателік жіберіп, оны студент өзі түзесе, материалды оқытушының көмегімен жүйелей білгенде. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан сәл ғана ауытқу болғанда. Тақырып бойынша дайындалған слайдтар саны 15-тен кем емес болғанда.



Қанағаттанарлық:

С+ ( 70-74%);

С (65-69%);

С-( 60-64%);

D+( 50-54%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер де студент

презентация кезінде айтарлықтай дәлсіздік жібергенде немесе қағидалық қателік жіберіп, оқытушы айтқан негізгі әдебиттермен ғана шектелгенде, материалды жйелей алмағанда. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан айтарлықтай ауытқушылық болғанда. Презентацияның мазмұны тақырыпқа сай келмегенде. Дайындалған слайдтар саны 15-тен кем болғанда.



Қанағаттанарлықсыз

F ( 0-49%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер де студент презентация кезінде айтарлықтай қағидалық қателік жіберіп, ғылыми терминологияны қолдана алмаса, жауап бергенде айтарлықтай логикалық қателіктер жібергенде. Тақырыптың мазмұны толық ашылмағанда. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан ауытқушылық болғанда. Дайындалған слайдтар саны 15-тен кем болғанда.

Тест тапсырмасын дайындау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау белгілері

Тест тапсырмасын дайындау


Өте жақсы:

А (95-100%);

А- (90-94%)

бағаға сәйкес




Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20-дан кем емес, мерзімге сай өткізілгенде. 1Тесттің мәні мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дұрыс, әрі дәл құрастырылған. Берілген жауаптары бір типті және адекватты. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленген.

Жақсы:

В+( 85-89%);

В ( 80-84%);

В- ( 75-79%).

бағаға сәйкес


Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20-дан кем емес, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мәні мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дұрыс, әрі дәл құрастырылған. Кейбір берілген жауаптары бір типті және адекватты емес. Алайда студент өз қателігін өзі анықтады. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленген.

Қанағаттанарлық:

С+ ( 70-74%);

С ( 65-69%);

С-( 60-64%);

D+( 50-54%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мазмұнды қате. Тест тапсырмалары дұрыс емес, әрі нақты құрастырылмаған. Кейбір берілген жауаптары бір типті емес. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленбеген.

Қанағаттанар-

лықсыз


F (0-49%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20 аз болғанда, тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған, мазмұнсыз, жауап варианттары бір типті емес, жауап алгоритмі жоқ. Дұрыс жауаптың 50% дұрыс белгіленбеген.

-Аралық бақылау:

Бақылау түрі


Бағалау


Бағалау белгілері

Сұқбаттасу және тестілеу


Өте жақсы

Бағалауға сай:

А (95-100);

А- (90-94)




Егер студент жауап беру кезінде ешқандай қате және түсінбеушілік жібермесе қойылады. Пән бойынша теориялар, концепциялар мен бағыттарға сүйене отырып, оған критикалық бағалап, басқа пәндердегі ғылыми жетістіктерді қолданса қойылады.

Тест бойынша 86-100% дұрыс белгіленген.



Жақсы

Бағалауға сай:

В+(85-89);

В (80-84);

В- (75-79).


Егер студент жауап беру кезінде дөрекі қате жібермесе, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса, оқытушының көмегімен бағдарламаны материалдарды жүйелендірсе қойылады.

Тест бойынша 75-85% дұрыс белгіленген.



Қанағаттанарлық

Бағалауға сай:

С+ ( 70-74);

С ( 65-69);

С-(60-64);

D+( 50-54)



Егер студент жауап беру кезінде қағидасыз түсінбеушіліктер не қате жіберіп, тек оқытушы ұсынған оқу әдебиеттерімен шектелсе, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады.

Тест бойынша 50-74% дұрыс белгіленген.



Қанағаттанарлықсыз

Бағалауға сай:

Р (0-49)


Егер студент жауап беру кезінде қағидалы түсінбеушіліктер жіберіп, тақырып бойынша тақырыпқа сай негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаса, пән бойынша ғылыми терминологияны қолдана алмай, дөрекі стилистік және логикалық қателермен жауап берген жағдайда қойылады.

Тест бойынша дұрыс жауабы 50%-дан кем.



-Қорытынды бақылау:

Емтиханға тек қана пән бағдарламасын толық меңгерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер жіберіледі.

20 сәүір 2011жылы бекітілген №152 «Кредиттік технология бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесіне» сай білім алушылардың қорытынды оқу жетістіктері 100 балдық шкаламен бағаланады, балдың цифралық эквиваленті 4 балға теңеледі.


Әріп жүйесі бойынша баға

Балдың цифралық эквиваленті

%-дық құрылымы

Дәстүрлік жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы


А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

233

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


Жіберу рейтингін есептеу мысалы:

ЖРБ (жіберу рейтингін бағалау) = 80 +90 + 95 = 88,3

мұндағы 80 – тәжірибелік сабақтың орта бағасы;



90 – аралық бақылаудың орта бағасы;

95 - СӨЖ орта бағасы.



Жіберу рейтингінің пайызын мына жолмен анықтайды:

88,3х60% = 52,8 % (максимум 60%, минимум 30%)



ҚБ (қорытынды баға)

ЖРБ+ҚББ

50( 40%) – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша компьютерлік тестілеу).


Қорытынды баға құрамының пайызын мына жолмен анықтайды:

52,8%+ 40% = 92,8%

Барлығы:

1. қорытынды бақылау пайыздық құрамы 92 %

2. балдың сандық баламасы 92

3. балдың әріптік баламасы А-

4. дәстүрлік жүйе бойынша бағалау өте жақсы
Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін білімін бақылаудың келесі түрлері мен үлгілері қарастырылған:

• Ағымдық бақылау - бұл білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі түрде тексеріп отыру, оны оқытушы пәннің силлабусына сәйкес күнделікті сабақ үстінде жүргізіп отырады. Онда сабақтың барлық түрлері мен үлгілері ескеріледі (аудиториялық, ОЖСӨЖ, СӨЖ, тәжірибелік дағдылары және т.б.).

Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау барысында оқу жетістіктері әрбір орындаған тапсырмасы 100 балдық шкала бойынша бағаланады (ағымдық сабақтарда жауап беруі, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) және студенттер үлгерімін ағымдық бақылаудың қорытындысы академиялық кезең бойына жинаған бағаларының орта балымен есептеледі.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мұндай әдісі аралық және қорытынды аттестация кезінде қолданылады.

• Аралық бақылау – бұл бір оқу пәні шеңберінде бір академиялық кезеңде кемінде екі рет ОЖСӨЖ уақытында (теориялық оқытудың 8 және 15 апталары) жүргізіледі, аралық бақылау қорытындысы пән бойынша үлгерім және қатысу журналына және электронды журналға қойылады. Аралық бақылау қорытындысы деканатқа баянат түрінде аттестациялық аптадан кейінгі келесі дүйсенбіден кешіктірмей тапсырылады. Аралық бақылау саны пәннің силлабуста және ОЖСӨЖ кестесінде көрсетілген. Аралық бақылау қорытындысы бойынша орта балл шығарылып, ол жіберу рейтінгісін есептеу барысында ескеріледі.

• Қорытынды бақылау - компьютерлік тестілеу. Емтиханға тек қана пән бағдарламасын толық меңгерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер жіберіледі.



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы


Дәріс комплекстері
Пән – «Экология және тұрақты даму »

Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»

051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

051103 «Фармация»

5В110400 «Медициналық- профилактикалық іс»



2014-15жыл

Әдістемелік өңдеу кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент____________ Долтаева Б.З.

№1

1. Тақырыбы: “Тұрақты даму” концепциясы. Табиғи ресурстар жəне табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты даму аспектілерінің бірі.
2.Мақсаты: Әртүрлі мемлекеттердегі жəне Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы жəне практикалық міндеттері туралы заманауи түсініктерді қалыптастыру.
3.Дәріс тезистері

Адамзат қоғамының табиғатпен қарым – қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін əсері үнемі үдеп отырды. Бірақ, тек индустриалдық қоғам жəне демографиялық жарылыс жағдайында ғана адам əрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр.

Энергетикалық жəне минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік əрекеттің сан алуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына əкеліп соқты. Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық – түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы жəне т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына əкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды: жылулық эффекті, озон қабатының жұқаруы, Əлемдік мұхиттың ластануы, шөлдену жəне т.б.

Экономиканың экстенсивті дамуына байланысты экологиялық жағдай Қазақстанда да күрт нашарлады: Арал экожүйесінің бұзылуы, Каспий маңында жəне Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай; Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар, топырақтың құнарсыздануы жəне т.б.

Бірақ қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы, Жердің энергетикалық балансы өзгерді. Бұл адамның əрекеті табиғатпен қарама – қайшылыққа түсіп, “биосфера -адамзат” жүйесі барған сайын тепе – теңдік күйден ауытқып бара жатыр деген сөз, нəтижесінде əлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе – теңдігі бұзылды. Мəселені табиғи тепе – теңдікті қалпына келтіру нəтижесінде шешуге болар еді, бірақ бұл өте күрделі, əлемде теңдесі жоқ қиын мəселе, ол 1992 жылы Рио-де-Жанейрода күн тəртібіне қойылып, сонда Тұрақты даму тұжырымдамасына қол қойылып, бекітілді. Ғаламдық “қоғам – табиғат” жүйесіндегі тұрақты даму -əртүрлі деңгейдегі əлеуметтік–экологиялық жүйелерде динамикалық тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Адамзат осыны неғұрлым ертерек түсініп осы жолға түссе, оның Жер бетінде тірі қалу мүмкіншілігі де соғұрлым жоғары болмақ.

Бұл жолда мазмұны мен болмысы əрбір жеке тұлғаның экологиялық дүниетанымын қалыптастыру болып табылатын экологиялық сауаттылық шешуші рөлге ие болады жəне оның негізін “Экология жəне тұрақты даму” пəні құрайды. Пəннің мақсаты студенттерде қоршаған ортаға жəне өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау сезімін қалыптастыру. Мұндай көзқарас болашақ жоғары білімді мамандардың экологиялық тұрғыдан сауатты шешімдер қабылдап, сол арқылы биосфераның тұрақты дамуына көмектесуіне септігін тигізеді.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар

5. Әдебиет:

1.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

2.Бейсенбаева Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. -Алматы, 2001.

3. Аскарова Ұ.Б . Экология және қоршаған ортаны қорғау Алматы, 2007

4.Охрана окружающей среды.Учебник А. С. Степановских М. 2000-559 бет.

5. ҚР «Экологиялық кодексі» 2005ж


6. Қорытынды сұрақтары:

1. Тұрақты даму концепциясының маңызы неде?

2. Тұрақты дамудың негізгі міндеттерін атаңыздар?

3. Табиғи ресурстарға анықтама беріңіздер?

№2

1. Тақырыбы: Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының анторпогендік факторлары



2.Мақсаты: Тірі ағзалардың, биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын, биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары туралы білімдерді қалыптастыру.

3.Дәріс тезистері

Биосфера термині тіршілік деген мағанамен ғылымға 1875 жылдың аяғында атақты австрия геологы Э.Зюсс (1831-1914) ұсынады. Барлық ағзалар оларды қоршаған материалдық – энергетикалық ортамен, ең алдымен қоректену мен тыныс алу арқылы, үздіксіз және тығыз байланыста болады.

Жердің табиғи ресурстарына сипаттама:

Атмосфера- біздің планетамыздың ғарыш кеңістігімен шектесіп жатқан аралығы. Атмосфера арқылы Жер мен ғарыш зат алмасады.

Атмосфера бірнеше қабаттан тұрады: тропосфера жерге жақын төменгі қабат (9-17 км), Стратосфера сулы пар және 80% жуық газдық құамынан тұрады, ионосфера тірі зат болмайды. Атмосфераның ең төменгі қабаты адамдар үшін маңызды, осы жерде қатты, сұйық, газ түріндегі заттар кездеседі.

Атмосфераның төменгі қабаты аралас газдық құрамнан тұрады

Атмосфера құрамы






Газ

Ауадағы құрғақ құрамы, %

N

Азот

78,08

O

Кислород

20,95

Аг

Аргон

0,93

CO

Углекислый газ

0,03

Ne

Неон

0,0018

Не

Гелий

0,0005

Кг

Криптон

0,0001

H

Водород

0,00005

Х

Ксенон

0,000009

Литосфера - Жер қабығының қатты қабатын, минералдар жиынтығы, тау жыныстары, органикалық қалдықтар мен метаморфтық тау жыныстарын құрайды. Литосфераның беріктілігі 50-200 км, жерқыртысы континентте 75км дейін және теңіз түбінде 10км.

Гидросфера- жердің су қабаты – жер шарының 2/3 бөлігін алып жатыр. Су әлемінде алғашқы тіршілік нышаны байқалғаннан бері – гидросфера қабығы планетаның бүкіл тыныс-тіршілігін реттеуде негізгі роль атқарып келеді. Барлық заттар суда еріген күйінде10 -50% дейін болады. Оның үлкен және кіші айналымдары арқылы зат алмасу процесі тұрақты жүреді. Гидросфера құрамында кездесетін химиялық элементтер: Na+, Mg+, Ca+, S, C, Cl. Биосферадағы тіршілік процестерін зерттей келе химиялық элементтердің бір тобын «тірі заттар» деп атады. Олар биофильді заттар деп аталатын сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор және күкірт элементтері еді.

«Ноосфера» терминін алғаш рет қолданғандар философ, математик, полеонтолог және антрополог Эдуард Леруа және полеонтолог Пьер Тейяр Шарден (1927ж) болды. Ноосфера ғылымымен француз ғалымдары адамның санасы пайда болған кездегі табиғаттың эволюциялық сатысын атады. П.Тейяр Шарден өзінің «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп анықтады.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар

5. Әдебиет:

1.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық. -Алматы, 2002.

2.Бейсенбаева Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. -Алматы, 2001.

3. Аскарова Ұ.Б . Экология және қоршаған ортаны қорғау Алматы, 2007

4.Охрана окружающей среды.Учебник А. С. Степановских М. 2000-559 бет.

5. ҚР «Экологиялық кодексі» 2005ж



6. Қортынды сұрақтары:

1. «Биосфера» терминін кім және қай жылы ұсынды?

2. Атмосфера дегеніміз не? Атмосфераның қанша қабаты бар?

3. «Ноосфера» терминін кім және қай жылы ұсынды?

№3

1. Тақырыбы: Қазіргі заманның əлеуметтік-экологиялық проблемалары жəне тұрақты даму.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет