«Фармацевтикалық менеджмент және маркетинг»



жүктеу 1.94 Mb.
бет1/9
Дата16.07.2016
өлшемі1.94 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

044 – 40/15





«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасы


«Фармацевтикалық менеджмент және маркетинг»

пәні бойынша

ДӘРІС КЕШЕНІ

Мамандық: 5В110300 – «Фармация»

Шымкент-2013

Дәріс кешені «Фармацевтикалық менеджмент және маркетинг» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылып, ОҚМФА Әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітілген.

Хаттама № ___ _______ 20__ ж.

«Фармацевтикалық менеджмент және маркетинг»

(2 кредит)



    1. Тақырыбы №1: Маркетинг түсінігі мен мазмұны.




    1. Мақсаты: Студенттерді маркетинг негіздерімен, түсінігі мен мазмұнымен таныстыру.


3. Дәріс тезистері:

Маркетинг сөзін ұрастыруда екі ағылшын сөздері: market – нарық және getting – басқару, иелену жатыр, яғни маркетинг дегеніміз – нарықты иеленуге бағытталған, қәсіпорынды (өндірістік немесе қоммерциялық) басқару концепциясы.

Яғни нарықты иелену, оны басқару – маркетингтің басты мақсаттарының бірі болып табылады: нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың дамуының алғы шарты болып келеді.

Нарық көп қырлы категория, оның бір ғана анықтамасы жоқ. Экономикалық теория тұрғысынан қарағанда, нарық өндіру мен айырбастау аясындағы қарым – қатынастар жүйесі болып табылады. Ал, маркетинг тұрғысынан, нарық- тауарлар мен қызметтерді нақты және потенциалды тұтынушыларының жиынтығы. Тұтынушы бар жерде нарық та бар. Егер өндірілген немесе алып келінген тауарға сұраныс болмаса, онда бұл тауардың нарығы жоқ.

Әрбір қазақстан кәсіпорыны өзінің ішкі реформасын орындау барысында оны маркетингпен байланыстыру керек. Қалайша? Ұйымдастырушылық мәдениеттің қөмегімен.

Ұйымдастырушылық мәдениет – кәсіпорындағы, моральды құндықтар, этикалық нормалар, т. б жиынтығы, өндірістік– тәртіп заңдары, жұмыс істеудің формальды емес тәсілі. Ұйымдастырушылық мәдениет заңдары құжаттарда тіркелмеуі де мүмкін лауазымдық нұсқауларда да көрсетілмеуі мүмкін. Оны екі топқа жіктеуге болады: өндірістік және маркетингтік.

Маркетинг Қазақстан кәсіпорындарында екі нұсқада көрініс табуы мүмкін. Біріншіден, ол кәсіпорын өмірінің философиялық концепциясы болу керек. Ал екіншіден шаруашылықты жүргізудің нақты тиімді тәсілдерін көрсету керек

Маркетингті басқару маркетингтік қызметін ұйымдастыруға бағытталған қызметтер мен процедуралар жиынтығынан тұрады.

Маркетингті басқаруға маркетингтің жоспарларын құру, жобасын жасау, маркетингтің бөлімдердің дамыту, олардың қызметтерін регламенттейтін құжаттарды өңдеу, маркетингті зерттеулерді дайындау мен жоспарлау, маркетингтік есептерді шешу кезіндегі маркетингтік есептерді шешу кезіндегі маркетингтік емес іс – қимылдарды координациялау жатады. Маркетингті басқаруға кәсіпорының маркетингтік қызметін дамытуға байланысты барлық құжаттарды: бұйрықтар, жарлықтар, нұсқаулықтар және т.б. кіреді. Басқаша айтқанда, маркетингті басқару – бұл тұтынушылардың мәселелерін шкшу арқылы ұйымдастырушылық мақсаттарға жетуге байланысты. Екеуін бірлесіп алаеп жүрген кәсіпорын – нарықтың табысты қәсіпорындарының бірі болады. Байланыс жасауды қәсіпорын менеджерлері бірнеше әдістемелік тәсілдерді қолданып, оларды өңдеу арқылы жүзеге асады.

Маркетинг – басқару функцияларының бірі. Басқакру қызметі бір – бірімен байланысты бірнеше есептерден тұрады. Осы секілді маркетингтің құрылымында да бір – бірімен байланысты бірнеше есептер бар. Осы есептерді шешуде маркетингтің атқаратын қызметі жөнінде де айту керек. Төменде көрсетілген суреттен маркетингтің қызметтерін аңғаруға болады, оларға зерттеу, өндірістік , табыс табу және басқару қызметтері жатады.


4. Илюстрациялы материалдар: 10 дана слайдтар
5. Әдебиет:
6. Бақылау сұрақтары ( кері байланыс):

1. Маркетинг дегеніміз не?

2. Маркетинг және нарық?

3. Маркетинг ортасы дегеніміз не?

4. Маркетингтің фунционалды құрылымы дегеніміз не?


        1. Тақырыбы №2: Фармацевтикалық маркетингтегі тауар.




        1. Мақсаты: Студенттерді маркетингтегі тауар түсінігімен, тауардың жіктелуімен, тауарлық номенклатурамен, тауарлық ассортиментпен таныстыру.



        1. Дәріс тезистері:

Маркетинг бойынша тауар дегеніміз нарыққа сауда немесе айырбастау үшін ұсынылған физикалық обьектер, қызметтер немесе ой – пікірлер түріндегі кез- келген өнім яғни, нарыққа шығар алдын әрбір ұйымның осы нарыққа шағаратын өнімі болу керек.

Қазіргі кезде тауарлардың алуан түрлері белгілі. Маркетингттік зерттеулермен айналысатын адамдардың қызметін жеңілдету үшін және қажетті тауарларды тұтынуға жағдай жасау үшін тауарларды жіктеу керек.

Тағайындалуы бойынша бардық тауарларды индвидуальды тұтыну (тұтынушылық) тауарлары және өндірістік тауарлар деп жіктеледі.

Тұтынушылық тауарлар - жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруға, отбасылық немесе үйішілік қолдануға арналған тауарлар.

Тағайындалуы өндірістік тауарлар өндірісінде қолданылатын немесе қәсіпорынның шаруашылық қызметіне арналған тауарлар.

Тұтынушылық тауарларды – тұтынушылардың тұтыну барысындағы мінез – құлқына қарай жіктейді:



  • Күнделікті тұтынылатын тауарлар – ешбір күш қуат салмастан, таңдаусыз, басқа аналогтың тауарлармен салыстырусыз (сабын, темекі, газет, т.б) – сатып алынатын тауарлар.

  • Мұқият таңдалатын тауарлар – сатып алу кезінде тұтынушылар бұл топтағы тауарларды жарамдылығы, сапасы

  • Бағасы

  • Дизайні (киімі, жихаз, құрал- жабдықтар) бойынша салыстырады.

  • Престижді тауарлар – бұл топтағы тауарларды тұтыну үшін тұынушылар қосымша күш салуға дайын ерекшк қасиеттерге ие тауарлар

  • Пассивті сұранысты тауарлар – бұл топтағы тауарлардың бар екендігі туралы тұтынушы біледі, бірақ оларды тұтыну тұтыну туралы ойланбайды(тек қан өткір қажеттілік туындаған кезде ғана сатып алады)

Тағайындалуы өндірістік болып келетін тауарлар тұтынушылық тауарлар секілді . Тағы бір өндірістік процеске байланысты:

  • негізгі және қосымша құрал – жабдықтар

  • шикізат, материалдар, дайын бөліктер

  • жартылай фабрикаттар

  • стационарлық құралдар

  • қосымша материалдар мен қызметтер

Тауарлық номенклатура – ұйымның өндіретін және сауда үшін ұсынатын барлық тауарлар үшін ұсынатын барлық тауарлар мен қызметтерінің жиынтығы. Осы жиынтықтың ішінен белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру және тұтынушылық сипаттамасы бойынша тауарлардың жеке тобын бөлуге болады. Тауарлардың бұл тобын ассортименттік топ деп атайды. Мысалы парюфмерлік – косметикалық ұйым үшін : одекалон, иіссіз далап, т. б.

Әрбір ассортименттік топ жеке ассортименттік бөліктерден тұрады( марка, модель, түрі). Мысалы « Одекалондарды» алсақ «Престиж» және «Маэстро» деген одекалондар болуы мүмкін.

Ұйымның дайындайтын тауарларының барлық ассортиментті қалайды. Оның сипатамалары:


  • ені (дайындалған ассортиментін топ саны)

  • тереңдігі (ассортименттік позиция саны)

  • гармониялығы (тұтынушы қөзқарасымен қарастырғандаәр түрлі ассортименттік топтағы тауарлардың жақындық дәрежесі)

Тауарлық ассортиментті басқару

Тиімді кәсіпорындық қызметті қамтамасыз ету үшін және оны әрі қарай дамыту үшін тауарлық ассортиментті кеңейту керек. Бұл көптеген факторларға тәуелді:



  • жеке тауарларға сұраныстың өзгеруі

  • техника мен технология саласында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жаңа тауарлардың пайда болуы және нарықта бар тауарларды дамыту

  • бәсекелестердің тауарлық ассортиментінің өзгеруі

Тауарлық ассортименттің дамуына әсер ететін маңызды факторлар:

Бос жұмыс қүштерін дұрыс қолдану



  • дедалдардың тауардың кең ассортиментін сатып алуға деген қызығушылығы

  • өндірістік жанама өнімдерін дұрыс қолдану

Ұйым басшыларының міндеті : тұтынушылардың қажеттіліктеріне сәйкес тауарлық ассортиментті қамтамасыз ету.

Тауарлық ассортиментті басқару – келесі критериялар бойынша тұтынушыларды толық қанағаттандыратын тауарлық ассортиментін нарыққа ұсыну болып табылады:



  • ені ұйым ассортиментін жаңа ассортименттік топ тауарларын дайындау арқылы кеңейтуге болады.

  • Тереңдігі бір ассортименттік топтағы ассортименттік позициялар санын көбейтіп, ал баска топтағыны азайтуға болады.

  • Қанықтығы: барлық ассортименттік позицияның жалпы саны жоғарлату арқылы ассортиментті кеңейту.

  • Гармониялығы: Әр түрлі ассортименттік топтардағы тауарлар арасындағы гармониялықты қамтамасыз ету.

Тауарлық ассортименттің ені, тереңдігі, қанықтығы,

Гармониялығы туралы шешімдер қабылдау кезінде ұйымның шығаратын бұйымдарын үнемі бағалау қажеті. Шығарылатын бұйымдар санының тұтынушылардың сұраныстарына сәйкестігін салыстырып:



  • ескі тауардарды өндірістк\ен шығару туралы;

  • дайындалатын тауарларды модификациялау

  • жаңа өнім түрлерін шығару туралы шешімдер қабылдау қажет.


4. Иллюстрациялы материалдар : 10 дана слайдтар
5. Әдебиет:
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Тауар түсінігі?

2. Тауарлардың қалай жіктеледі?

3. Тауарлық номенклатура дегеніміз не?

4.Тауарлардың ассортимент дегеніміз не?

5. Ассортиментті басқару қалай жүргізіледі?




    1. Тақырыбы №3: Менеджменттің әдістемелік негіздері




    1. Мақсаты: Студенттерді менеджменттің негізгі түсініктерімен, менеджменттің теориясы мен практикасының эволюциясымен таныстыру.


3. Дәріс тезистері:

Менеджмент (басқару) – адамдардың еңбегін қолдану арқылы қойылған мақсаттарға жету процесі.

Менеджмент термині ағылшының «management»

сөзінен түрады, аудармасы « басқару» ,» меңгерушілік», «ұйымдастыру»

Басқару – қойылған нәтижелерге жету үшін басқару субъектісінің басқару объектісіне бағыттағы түрде әсер ету процесі.

Басқару субъектісі – үкіметтік әсер етуші физикалық немесе заңды тұлға.

Практикалық тұрғыда алғанда, басқару – объектісінің жұмыс істеу үшін оптимальды жағдайларды жасауға бағытталған қызмет.

«Менеджмент» термині «басқару» терминінің аналогы болып келеді. Алайда «басқару» термині қызметтің әр түрлі түрлерінде қолданылса, «менеджмент» термині тек қана нарық жағдайында қызмет ететін ұйымдық әлеуметтік экономикалық процестерін басқаруға қолданылады.

«Менеджмент» түсінігін басқарудың ғылыми мен практикасы, фирманы басқаруды ұйымдастыруды және ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдау процесі ретінде қарастыруға болады.

Басқарудың ғылыми негіздері дегеніміз басқару практиккасының теориялық базаксын құрастыратын, ғылыми кеңестердің көмегімен менеджжмент практикасын қамтамасыз ететін ғылыми білімдер жүйесі.

Менеджменттің маңызды міндеті тұтынушылардың сұранысын ескеріп, қолда бар қорларды пайдаланып тауапрлар мен қызметтердің өндірісіне ұйымдастыру т.т.

100 жылдың ішінде басқару ғылыми өзінің дамуфның 4 кезеңінен өтті. Мұны белгілі бір ғылыми мектептер мен басқару теориясымен байланыстырады.

Кезең І (1885- 1920) – ғылыми басқару мектебі өкілдері :Ф, Тейлор, Г, Эмерсон, Г, Форд, Г,Гилберт, Г,ГАНТ теорияның ең басты жетістіктерінің бірі В. Тейлор жүйесі ғылымның мүмкіндіктерін көрсетті, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізген кезде пайда алып келетіндігін дәлендеді.

Замануи ұйымдардың тәжірбиесінде басқаруға ғылыми тұрғыда қарауі, жұмыстың орындалу тәсілдерінің анализі (хронометраж), еңбекті стимулдау мен нормалау қолданылады.

Кезең ІІ (1920-1950) – административтік (классикалық) мектеп. Бұл теорияның негізін француз А.Файоль қалады. Ол басқару принциптерін жасады: еңбекті басқаруды үлестіру, жауапкершілік,дисциплина, басқару- алдын – ала болжау, ұйымдастыру, жарлық беру, координациялау және бақылау. А. Файроль ең алғаш рет басқарушыларға арнайы білім беру қажеттілігі туралы мәселені көтарді.

Замануи менеджментті : ұйымға – басқару объектісі ретінде қарайды.

Кезең ІІІ (1930 – 1950) – адамдық қарым – қатынастар мен тәртіптің ғылыми мектебі): (нгеоклассикалық әлеуметтану және психология). Бұл мектептің негізін салушы А. Маслеу. Ол адамдардың мінез құлқын зерттеп, мінез – құлықтық мотивтерге қасиеттіліктер кіреді деген шешімге келді. Қажеттіліктер иеархиясын жасады. Қажеттіліктер иерархиясы (Масалау)
өзін көрсете білуге ( басқа адамдар тұрғысынан

/ қошемет, құрметке бөлену)

құрметке деген бір адамға не бір затқа

/ ( тағам, су , пәтер, т. б.

Керек- жараққа деген

/

Қауіпсіздікке деген



/

Физиологиялық


Замануи ұйымдарда коммуникацияның факторлары мен заңдарын, топтық динамика мен көшбасшылықты, ұйымдардағы адамдардың

Мінез – құлқын зерттеу тәсілдерін, т. б. белсенді адамдық қорларды кең қолданады.

Кезең І 5 (1950 жылдан бастап) – сандық тәсілдер мектебі. Жүй елердің жалпы теориясының негізін салушы физик және биолог Л. Берталанфи. Бұл кезең қолданбалы математика мен электронды – есепетеуішін техникасының дамумымен байланысты. Осы кезеңнен бастап ғылымның техникалары мен кибернетикалық тәсілдері енгізіле бакстады.

Ұйымның қызметіне әсер ететін ішқі және сыртқы факторлар туралы білімнің дамуына байланысты басқарудың дәстүрлі мектептерінің модификациялары пайда болды, басқаруға үрдістердің және операцмялардың бір- бірімен байланысқан үздіксіз жүйесі. (ғылыми басқару мектептерінен басқа барлық мектептерде)

Жүйелі ұйымдастыру – басқарудың ірі ,күрделі, ашық әлеуметтік – экономикалық жүйесі (адамдардың қарым–қатынпсы мен тәртіптік ғылымдар мектебі, сандық тәсілдер мектебі)

Ситуациялық. Ұйым – сыртқы ортамен үнемі байланыста болатын ашық жүйе. Ол басқарудың принциптерінің, әдіс – тәсілдерінің берілген жағдайға адаптациялану қажеттілігін анақтайды.

Менеджментке тән сипаттамалар оның экогомсикалық, әлеуметтік- психологиялық, құқықтық және ұйымдастырушылық – техникалық аспектілерін анықтайды.

Эқономикалық теориямен менеджмент теориясы арасындағы басты айырмашылық экономикалық теория бойынша субъект нарықтың күштеріне бейімделеді, яғни басқару осы бейімделуге тәуелді. Ал менелжменттегі басқару түсінігінге тоқталсақ, менеджмент нарықтық кұштерді анықтап қана қоймай, оларды құрастыру да керек.

Әлеуметтік – психологиялық аспектер алдына қойған мақсаттарына жету үшін фирманың барлық қызметкерлерін басқару және ұйымдастыру бойынша еркеше топтың қызметімен сипатталады.

Құқықтық аспектілер мемлекаттік және экономикалық институттардың құрылымын, олардың жүргізетін саясаты мен анықтайтын зкңнамаларын бейнедейді.

Менджменттің ұйымдастырушылйқ – техникалық аспектісіне жағдайды рационалды бақвлыу, мақсаттар мен міндеттерге сәйкес стратегияларды жасау, рацтоналды жобалау, ұйымдастыру, әрекеттерді бақылау, сыйақылар беру, т.б. кіреді.

Фармацевтикалық ұйымдардың менеджменті, фармацевтикалық тауарлар мен қызметтердің айналымы саласындағы басқару қызметінің жалпы теориясы мен практикасы негізінде қалыптасты.

Фармацевтикалық менеджмент – фармацевтикалық сала қорларын тиімді қолдану мен координациялау немесе қызметтің әлеуметтік және экономикалық мақсаттарына жетуге арналған фармацевтикалық ұйымдар.

Басқарудың негізгі заңдарына сәйкес тұрғындарға фармацевтикалық көмек көрсету жүйесі дамиды.



  1. Басқару жүйесінің тұтастығы мен бірлігі заңы кез –келген басқару жүйесінің еркуіндік дәрежелерінің керек санын. Қамтамасыз ету заңы - әрбір ұйымның қызметіне субъективті және объективті шектеулер қою жолымен барлық жүйелердің тиімділігші мен қаттылығының оптимальды тіркесуін талап етеді.

  2. Фармацевтикада объективті шектеулерге нормативтік – заңдық базаның әмбебаптағы, ал субъенктивтіге – басшылардың біліктілік деңгейі мен сапсы жатады.

  3. Басқарылатын ішкі жүйелер мен басқарушыларының ара – қатынасы заңы (пропорционаодық заңы) –тұрғындары дәрілерімен қамтамасыз етудің әрбір кезеңі үшін оптимальды орталықтандыру деңгейі, басқарудың адекватты түрлері анықталу керек.


4. Иллюстрациялы материалдар: 10 дана слайдтар
5.Әдебиеттер:
6. Бақылау сұрақтары ( кері байланыс)

  1. Менеджмент түсінігі.

  2. Менеджменттің теориясы мен практикасы.

  3. Менеджменттің теориясы мен практикасының эволюциясы.

  4. Менеджменеттің заманауи концепциялары.

  5. Менеджменттің экономика теориясының байланысы.



    1. Тақырыбы № 4: Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезеңдері




    1. Мақсаты: Студентерді басқарушылық шешімдерді қабылдау үрдісімен таныстыру


3. Дәріс тезистері:

Менеджердің шешімі көптеген мүмкін вариантардың ішінде ең жақсы варианты таңдау. Бұл шешім деп аталады. Жоспарланған жұмысты орындаудың бірнеше нұсқауы болады. Дұрыс шешім қабылданған кезде жұмыс нәтижелі, жемісті болады. Кәсіпорының табысын жұмсаған кезде де менеджер максималды пайда табуды көздейді.

«Шешім» және «мен шештім» деген сөздерді әр түрлі құрамдас бөліктерден тұрады. «Шештім « яғни дұрыс жауабын таптым, есеп шештім , т.б. Яғни мектептегі секілді есептердің сандық негізін анықтағандай естіледі. Кәсіпорындарда қабылданатын шешімдер, жай есеп шешуге қарағанда күрдерілірек, болашақ тағдыр осы шешімге тәуелді болған соң үлкен жауапкепшілік жүктеледі.

Менеджер шешім қабылдау кезінде есептердің сандық нәтижелерімен қатар, көптеген жағдайларды ескеру қажет. Өмір белгілі бір нақты, жалғыз шешімді қабылдау үшін адамда ерікө жігер болу керек. Француз ғалымы, физик және логик, Париж университетінрің ректоры Жан Буридан (1300- 1358) егесі бір есекте екі ұшақ пішен салады. Есек осы киімдердің қайсысын таңдау керектігін білместен аштан өледі. Бұл оқиға шешім қабылдай алмаудың нәтижесі қандай болатындығын көрсететін бірден бір мысал. Тіптен шешім қабылдау туралы: «Лучше одно плохое решение, чем два хороших «деген афоризм бар.Энциклопедия бойынша, шешім ерік қимылдарының ішіндегі ең маңызды сәттердің бірі.

Бір шешім барлық мақсат – міндеттерге кете бермейді, кейбір өмірлік жағдайларда басқа шешім қабылдауға тура келеді. Менеджер де белгілі бір жауапты шешім қабылдайтын кезінде, алдымен мақсатты (өнімнің сапасының жақсаруы, қызметкерлердің қызығушылығын ояту, келісім шарттың орындалуы, т.б. анықтап алу керек. Мақсатты дұрыс түсінбеген жағдай да дұрыс емес сұраққа дұрыс жауап табу мүмкін емес. Неміс философы И.Кант: Если вопрос сам по себе бессмыслен и требует бесполезных ответов, то кроме стыда для вопрашающего, он имеет иногда еще тот недостаток, что побуждает неосмотрительного слушателя к нелепым ответам и создает смещное зрелище: один доит (по выражению древних) козла, а другой держит под ним решито деген.

Мақсатқа жету жолдарын қарастырсақ мысалы, өнімнің сапасын жоғарылатуға әр түрлі тәсілдермен жетуге болады. Тез жету жолы, әдетте қымбаттырақ түседі. Ал арзанырақ жолды таңдасақ, ол өте баяу жүзеге асады. Сол себепті белгілі белгілі бір шешімге келу керек. Бұл кезде мақсатқа жетудің маңызды көрсеткіші таңдалып, оны макисмумға жеткізуге ұмтыландырады.Максимум берілген көрсеткішті ұлғайту керек болса (мысалы, табыс не пайданы), ал минимум төмендету (шығындар, айналым шығындары) керек болса қолданылады. Ал басқа маңызды көрсеткіштердің шектелу деңгейі анықталады. Осы шешімді оптимальды шешім деп атайды.

Оптимальды сөзі латын тілінен аударғанда ең жақсы деген мағынаны білдіреді. Оптимальды шешімдер екі талапқа жауап беру керек:


  1. Өндіріс жағдайларына сай келу керек, жұмыс істеген ыңғайлы және қолайлы болу керек.

  2. Қажетті технико– экономикалық көрсеткіштің максимумын (не минимумын) қамтамасыз ету керек.

Міндетті түрде қабылданған шешімді практикада қолдану керек. Менеджмент бойынша әйгілі мамандардың бірі: «Нашар администратор дұрыс шешімін ұсынады, ал жақсы іске асатын шешім ұсынады.

Басқарушылық шешімдерді жасау сызбасы:

І кезең (дайындық)

1. Басқарушылық жағдай

2. Әрекеттің мақсатын. қалыптастыру

3. Шешім критериін таңдау

4. Шешім қабылдауға тартылатын тұлғаларды таңдау

5. Ақпаратты жинау, өңдеу, талдау.
ІІ кезең (шешім қабылдау)


  1. Шешім нұсқауларын жасау

  2. Таңдалған критерийлер бойынша нұсқауларды бағалау

  3. Ең жақсы нұсқауды таңдау

  4. Шешімді безендіру

ІІІ кезең (шешімнің жүзеге асуы



  1. Орындаушыларға тапсырмалар беру

  2. Шешімнің орындалуын ұйымдастыру

А) шешімді насихаттау

Б) ұтымды мобилизациялау

В) үйлестіру

Г)жедел реттеу.


ІV - кезең бақылау.
Әрекеттің мақсатын анықтаған дұрыс дәріханалық ұйымның басшыларына қажетті ағымға жұмысты бағыттау. Мұндай мақсат тұрғындарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету сапасын жоғарылату және дәріханалық саланың тиімді қызмет етуі үшін керек.

Әрекеттің мақсатын анықтаған дұрыс – дәріханалық ұйымның басшыларына қажетті ағымға жұмысты бағыттау. Мұндай мақсат тұоғындарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету сапасын жоғарылату және дәріханалық саланың тиімді қызмет етуі үшін керек.

Қызмет ету сапасы – тұрғындардың дәрілік заттарға деген сұранысын қанағаттындырудың толықтылығы мен замануилығы. Дәріханалық сананың тиімді қызмет етуі – айналым шығындары мен тұтынушылық шығындары (дәрілік көмек көрсетуге кеткен уақыт шығыны) көрсететін әлеуметтік категория.

Мақсаты құрастыру – көп қырлы, өте күрделі, көптеген кезеңдерден тұратын үрдіс. Алайда, кәсіпорынның дамуының алғашқы сатыларында оның мақсатын тек қана ьасшысы анықтайды, дамыған кәсіпорындар бұл мақсатқа арнайы мамандарды жолдайды.

Басқарушылық шешімге қандай талдаптар қойылады? Ол ғылыми негізделген, нақты, дер кездік, өкілетті, рационалды түрде болу керек.

Ізделіп отырған нәтижелер бойынша шешімдер эқономикалық, техникалық,үйымдастырушылық,әлеуметтік және т.б. болуы мүмкін: жедел үнемі (шаруашылық – қаржылық қызметі жоспарлау), эпизодты, стратегиялық, тактикалық,кооперативтік,міндетті, кеңес ету,иницативтік, инженерлік, қайталанбалы, стандартты,шығармашылық.

Ұйымдастырушылық шешім – лауазымына сәйкес міндеттерді атқару үшін басқарушының жасайтын таңдауы. Ұйымдастырушылық шешімнің мақсаты алдына қойған мақсаттарының практикалық жүзеге асуы бағытындағы фирманың дамуын қамтамасыз ету.

Ұйымдастырушылық шешімдерді бағдарлама жасалған және интуитивтік деп жіктейді.

Бағдарлама жасалған шешімдер – математикалық теңдеулерді шешу кезіндегідей, әрбір қадам не іс - әрекеттерді белгілі бір тәртіпен жүзеге асуының нәтижесі. Мүмкін альтернативтер саны шектеулі, ал таңдау берілген бағыттаршеиінде жасалады. Мысалы, қаржы бөлімінің басшысына қолдағы ақшалардың бір бөлігін депозиттік сертификаттарға, облигацияларға немесе жай ақшаларға салу ұсынылады. Басшы осы кезде әрбір нұсқауды салыстырып, ақша қаражатын максимальды пайда алып келетін нұсқауға салады., яғни қателіктердің орын алу қауіпін азайтады.

Бағдарлама жасалған шешімдер жаңалық сипаттамасы бар жағдайларда қажет. Бұл кезде менеджер шешім қабылдау процедурасын жасау керек. Мұндай шешімдерге: өнім сапасын жақсарту, басқару бөлімінің құрылымын дамыту, т.б. жатады. Кәсіпорынға қатысты барлық оң шешімдердің әрбірінің қандай да бір нәрсеге теріс әсері болады,осы себептен басқарушылық шешімдердің мүмкін нәтижелерінің барлығын қарастыру керек. Менеджердің басқарушылық шешімі – психологиялық процесстердің барлығын ескеріп, қандай да бір іс- әрекет бағытын таңдау.

Интуативтік шешім- дұрыс екендігін сезудің негізінде таңдау жасау, яғни сезімге негізделіп шешім қабалдау. Ресей менеджерінің арасында сауалнама жүргізудің нәтижесінде, сезіміне сеніп шешім қабылдағандардың 80 % -нда күрделі өзекті мәселелер туындағандығы анықталған.

Пайымдауларға негізделген шешімдер – жинақталған біліктілік, білімге негізделіп жасалған таңдау. Алдын орын алған ұқсас жағдайлармен салыстыра отырып, нәтижені болжау, яғни адам өткен шақта табыс алып келген алтернативаны таңдайды.

Рационалды шешімдер – обьективті аналитикалық үрдістің қөмегімен анықталатын шешім. Мәселенің рациональды шешімі келесі кезеңдерден тұрады:


    • мәселенің диагностикасы. Мәселені шешу жолының бірінші қадамы – толық және дұрыс диагноз. Мәселені диагностикалаудың бірінші фазасы- орын алған қиындықтар немесе мүмкіндіктердің симптомдарын анықтау. «Симптом түсінігі» шамамен медициналық мағынада қолданылады. Мысалы, ұйымның «ауруының жалпы» симптомдарына төмен пайда, нашар табыс, еңбек өнімділігі мен бұйым сапасының қанағаттанарлықсыз болуы, айналым ұйымдарының өсуі, көптеген келеңсіз жағдайлар, кадрлардың тез ауысып отыруы,т.б. жатады. Айналым шығындары өскен жағдайда, міндетті түрде табыс азаяды.

Симптомдарды анықтау жалпы мәселенің неле екендігін анықтауға септігін тигізеді.

Мәселенің пайда болу себептерін анықтау үшін ішкі және сыртқы ақпаратты жинақтап, оның талдауын жүргізу керек.

Шешім қабылдауға арналған критерилер мен шектеулерді нақтылаудың да маңызы зор. Мұндай шектеулер әр түрлі болып келеді, жағдайға және басқарушының жеке тұлғасына байланысты өзгеруі мүмкін.

Кейбір жалпы шектеулерге: қаржының жетіспеуі, қызметкерлер санының аз болуы,материалдық қорлардың қымбат болуы,технологияны жаңартудың қажеттілігі,бәсекелестің болуы, этикалық нормалар және т.б жатады.

Альтернативтерді анықтау. Тәжірбие жүзінде менеджерде әрбір алтернативті қалыптастыру мен бағалау үшін ақпарат пен уақыт жеткіліксіз болып келеді. Әдетте, ұйымның менеджері мәселені шешу үшін 2-3 альтернативті ғана қарастырып, уақытша өзекті мәселені жоюға алып келетін шешімдерді таңдайды.

Келесі кезең – мүмкін альтернативтерді бағалау. Альтернативтер анықталған соң менеджер олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды.

Кез – келген альтернативтік келтіретін пайдасымен қатар, зиянды да болуы мүмкін. Менеджер альтернативтерді салыстырып бағалау кезінде болашақты болжауға тырысады.

Альтернативті таңдау. Альтернативтік шешімдер салыстыра отырып, соңғы шешім қабылданады. Барынша артықшылығы көп, зияны аз альтернативтік шешім қабылданады.

Басқарушылық шешімдерді қабылдау әр түрлі факторларға тәуелді: басшының жеке тұлғалық қасиеттеріне, қатерге бас тігу дәрежесіне, ақпараттың аз болуына, тәртіптік шектеулерге, т. б.

Тәжірибе жүзінде бақылаудың бірнеше түрі бар.Әдетте, менеджердің шешімін, ұйымның басшысы тексереді.

Кез- келген шешімнің орындалу мерзімі (уақыт аралығы болады.) Кез- келген басшы өз шешімін жүзеге, асырылып жатқандығын ғана емес;бұйрық, жарық немесе тапсырмаларының дер кезінде орындалып жатқандығын да бақылау керек. Осы мақсатпен шешімдердің орындалу мерзімін қадағалайтын кесте сызу керек.

Кесте түрлі – түсті болғаны жөн, сонымен қатар уақытты көрсетуші фишкаларды немесе түсті пластинкаларды жылжытуға болатындай етіп безендіру керек.

Кез-келген шешім обьективті, дер кезінде орындалатын, дауысты,анықталған кемшілікті жоярлық мүмкіндігі бар болу керек.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет