ТАПСЫРМА 3.
Нитроглицерин (сублингвальды) және дигитоксинді (ішке) бір мезгілде қабылдағанда бірінші дәрілік зат 1 минуттан кейін, екіншісі – 3-6 сағаттан кейін әрекет ете бастайды.
Әсердің басталу жылдамдығындағы айырмашылық неге негізделеді?
Дәрілік препаратты тіл асты арқылы еңгізгенде сіңу процессі тез басталады. Препараттың әсері тез себебі ол бауырлық тосқауылдан өтпейді, асқазанның және ішек жолдарының ферменттерімен араласпайды. Препарат сублингвальді қолданылған кезде жалпы әсер көрсетеді.
Бұл айырмашылық қандай фармакокинетикалық үдерістерге әсер етуі мүмкін?
Фармакокинетикалық үдерістер:
Сіңірілу, таралу, тасымалдану, биотрансформация, қорға жиналу, шығарылу.
Бұл айырмашылық препараттың барлық фармакокинетикалық үдерістеріне әсер етеді.
ТАПСЫРМА 4.
Ганглиоблокаторларды қолданғанда альфа-адреномиметикалық заттарды қандай мақсатта пайдалану керек?
Бензогексоний мен пириленнің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Берілген препараттар ұзақ қолдануға арналған.Айырмашылығы құрылысында.
Бензогексоний бис-төртіншілік амоний қосылыстарына жатады.Бұл перпаратқа қарағанда Үшіншілік аминдерге жататын Пирилен гематоэнцефальды тосқауылдан өте алады.Сол себепті ОЖЖ ға әсер еттеді.
2. Ұзақ әсер ететін ганглиоблокаторларға қандай негізгі талаптар қойылады?
Препараттардың екі түрлері бар. Біріншісі ұзак колдануға арналған. Мұндай заттарга келесі негізгі талаптар қойылады: әр түрлі жолмен енгізгенде олардын белсенділігі жоғары, әсері ұзақ, уыттыгы темен болуы тиіс және күрделі жанама әсерлері болмауы керек. Оларға бейімделу баяу дамуы немесе мүлде дамымауы керек.
Корсетілген препараттар ішінен ұзак колдануга колайлы үшіншілік аминдер, мысалы пирилен (пемпидин тозилаты).
3. Миометрияға қандай препарат ынталандырушы әсер етеді?
Ганглиоблокатор Пахикарпин қолданылады.
4. Басқарылатын гипотензия үшін қандай ганглиоблокаторлар қолданылады және олардың ерекшеліктері? Қысқа мерзімді ганглиоблокаторлар қолданылады.Гиргоний және Арфонад препарраттары артериядағы қысымды симпатикалық ганглийлерді тежеу арқылы төмендетеді.
5. Коронарлық қан айналымы жеткіліксіздігінде ганглиоблокаторларды қолдануға бола ма?Ганглиоблокаторларды коронарлық қан айналым жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |