Фармакология Тақырыбы: Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер Дайындаған: Жумабаев А. Тексерген


II Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер



бет4/5
Дата18.05.2022
өлшемі451.62 Kb.
#457013
1   2   3   4   5
Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер

II Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер

  • Бұл препараттар нуклеин қышқылдарының синтезін құрылымды және ферментті ақуыз синтезін күшейтеді. Олар лейкопоэз және басқа да ұлпалардың регенерациялық процесін күшейтеді. Лейкопения және агранулоцитоз, сондай-ақ нашар жазылатын жарақаттар, ойық жаралар, күйік, сынықта, мүшелердің дистрофиялық процесінде ұлпа регенерациясын күшейту үшін қолданылады. Әртүрлі ісіктерде колдануға болмайды, жүқпалы ауруларда микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындайды

Препараттары:

  • Methyluracilum - метилурацил (Б): 0,5 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 3-4 рет; 0,5 супп.; 10% жағылма түрінде шығарылады.
  • Pentoxylum - пентоксил (Б): 0,2 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 4 рет тамақтан соң белгіленеді.
  • Natrii nucleinas - натрий нуклеинаты: 0,1 ұнт, түрінде шығарылып, 1,0-нан тәулігіне 3-4 рет тамақтан соң белгіленеді.

Қолданылуы:

  • Ісіктердің химиотерапиясымен байланысты лейкопениялардың ауыр түрлерінде, апластикалық анемияда және панцитопенияда, жілік майын ауыстырып отырғызуда, лейкопоэзбен иммунитетттің тежелуімен байланысты септикалық жағдайларда, ЖИТС-ң кешенді терапиясында нейтрофильдердің шеткерлік қанға өндірілуін және бөліп шығарылуын, гранулоциттердің, моноциттердін және Т-лимфоциттердің (молграмостим-адамның рекомбинантты гранулоцитты- макрофагальды колоние қуаттандырғыш факторы) өсуін реттегіш гемопоэзды (колоние қуаттандырғыш) өсу факторларының препараттары қолданылады.

Препараттары:

  • Filgrastim - филлграстим (нейпоген): 0,3 және 0,48 құрғақ зат амп. шығарылып, 20-50 мл 5% глюкоза еріт. ерітіп, 20-50 мл-ден к/т тәулігіне 1 рет белгіленеді.
  • Molgramostim - молграмостим (лейкомакс): 0,00005; 0,00015; 0004; 0,0005 және 0,0007 құрғақ зат флаконда шығарылып, нұсқауы бойынша тәулігіне 1 рет т/а, к/т енгізіледі.

III Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер

  • Гемостаз (һаеmа-қан, stasis-тоқталу) жүйесі тромб түзгіш (фибринолитикалық) жүйемен тығыз байланысты болып, тромбоциттердің агрегациясы мен қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ағзада бұл екі жүйелер динамикалық тепе-теңдікте болады. Егер қан тамыры зақымдалып қан кетсе, тамыр спазмға (қысылуы) ұшырап, тромбоциттердің агрегациясы мен қанның үюы күшейіп, тромб түзіліп, қан тоқталады. Сонан соң фибринолитикалық жүйе біртіндеп тромбтың еруін және қан тамыр өткізгіштігінің қаппына келуін қамтамасыз етеді. Тромб түзілу және фибринолиз арасында тепе-теңдік бұзылған жағдайда қатты қан ағу немесе тромбоз пайда болуы мүмкін. Екі жағдай да дәрілік препараттарды арнайы таңдауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет