Фармакология



бет14/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   200
Фармакология

Рецепт үлгісі
0,05 диазолиннің (Diazolinum) 20 дражесіне жазыңыз. 1 дражеден күніне 2 рет белгілеңіз.
Rp.: Dragee Diazolini 0,05
D.t.d. N.20
S. 1дражеден күніне 2 рет


Ұнтақтар –Pulferes
(Ұнтақ - Nom.sing. Pulvis, Gen.sing.Pulveris)
Ұнтақтар-сусымалы қасиеті бар, ішке және сыртқа қолдануға арналған қатты дәрілік түр. Ұнтақтар бірнеше түрге бөлінеді.
1) жай ұнтақтар (бір ғана заттан тұратын) –pulveres simplices;
2) күрделі ұнтақтар (2 немесе одан көп ингредиенттерден тұратын)-pulveres composite;
3) мөлшерлерге бөлінген ұнтақтар –pulveres divisi;
4) мөлшерлерге бөлінбеген ұнтақтар –pulveres indivisi.
Сыртқа қолданылатын ұнтақтар мөлшерге бөлінбеген түрінде жазылады. Оларды өте майда ұнтақтар түрінде (pulveres subtilissimi) жарақаттарға және шырышты қабатқа себу үшін қолданады. Бұл ұнтақтар 5,0-нан 100,0-ға дейінгі мөлшерде жазылады және рецепте дәрілік препараттың аты, жалпы мөлшері, майдалану дәрежесі көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
Мөлшерлерге бөлінбеген жай ұнтақтың жазылуы:
1. Стрептоцидтің (Streptocidum) 20,0 өте ұсақ ұнтағына рецепт жазыңыз. Жарақатқа себу үшін.
Rp.: Streptocidi subtilissimi 20,0
D.S. Жарақатқа себу үшін.
Мөлшерге бөлінбеген күрделі ұнтақтың жазылуы:
2. Құрамында 125000 ӘБ бензилпенициллин натрий тұзы (Benzylpenicillinum-natrium) мен 5,0 этазолы (Aethazolum) бар өте майда ұнтағына жазыңыз. Мұрынға үрлеу үшін белгілеңіз.
Rp.: Benzylpenicillini – natrii 125000 ӘБ
Aethazoli 5,0
M.f.pulvis subtilissimi
D.S. Мұрынға үрлеу үшін
Ішуге арналған ұнтақтар мөлшерге бөлінген немесе бөлінбеген болуы мүмкін. Дәл мөлшерленуі міндетті емес, ұнтақтар, (мысалы, натрий сульфаты, магний тотығы) мөлшерге бөлінбеген түрінде жазылады.
Рецепт үлгісі
30,0 магний тотығына (Magnesi oxydum) жазыңыз. Бір шай қасықтан күніне 2 рет белгілеңіз.
Rp.: Magnesii oxydi 30,0
D.S. Бір шай қасықтан күніне 2 рет
Көбінесе ішуге арналған ұнтақтарды мөлшерге бөліп жазады. Рецепте дәрілік заттың мөлшері көрсетіледі. Содан соң фармацевтке ұнтақ санын D.t.d. N… (Da tales doses numero…-Осындай мөлшерде босатылсын...) көрсетеді.
Өсімдіктерден алынатын ұнтақтардың (жапырағынан, тамырынан және өсімдіктің басқа да бөліктерінен) салмағы 0,05-нан кем болса, индифферентті заттар қосылады. Өсімдіктерден алынатын ұнтақтардың жазылымы Pulveris (ұнтақтан) сөзімен басталып, одан соң өсімдіктің бөлігі, оның атауы (мысалы, Pulveris radicis Rhei) мен мөлшері көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет