Фармакология



бет141/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   200
Фармакология

МексилетинАІЖ – да жақсы сіңіріліп, көбінесе қарынша экстрасистолиясында ішке және парентеральды тағайындалатын лидокаин туындысы.
Дифенин – жүрек гликозидтерінің мөлшерден тыс енгізуінен пайда болған тахиаритмияда қолданылатын, эпилепсияға өарсы дәрі –дәрмек. Сонымен қатар автоматизмді тежеп, потенциал әсерін қысқартады және өткізгіштікке әсер етпейді. АІЖ –да баяу сіңіріліп, әшке және к\т енгізіледі.
І С топшасы: аймалин (гилуритмал), этацизин, тирацизин (боннекор), пропафенон (ритмонорм) – І А топшасына ұқсас. Жүрекше және қарынша өткізгіштігін нашарлатады. Гемодинамикаға (миокард жиырылғыштығына, жүректің қанды айдауы, АҚ) әлсіз әсер етеді. Қарынша үсті мен қарынша тахиаритмиясында қолданылады.
Ajmalinum – этацизин (Б): 0,05 таб.: 2,5% 2 мл ерітінді амп.шығарылып, б/е енгізіледі.
ІІ тобы.  адреноблокаторлар: анаприлин, метопролол және т.б. – ырғақтың синустық бөлігінде деполяризациялану кезеңінде жасушаға Са2+ мен Na+ иондарының енуін және жасушадан K+ иондарының шығуын бұзып, қозғыштықты, жиырылғыштықты және өткізгіштікті төмендете отырып, адренобөгегіш және тыныштандырғыш әсер көрсетеді. Қарынша үсті және қарынша аритмиясында қолданылады. Жанама әсері: миокард, жиырылғыштығының төмендеуінен жедел жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне, өткізгіштіктің баяулауынан атриовентрикулярлы бөгетке алып келуі мүмкін. («Адренергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз.)
ІІІ тобы. Amiodaronum - амидарон (кордарон) (Б): 0,2 таб.: 5% 3 мл еріт.амп.шығарылып, тамшылатып к\т енгізіледі; орнид (бретилий) – симпатолитик болып табылады. Бұл препараттар кардиомиоциттердің мембранасының K  иондары үшін өткізгіштігін тежеп, реполяризациялық процестің және рефрактерлері кезеңнің тиімділігін ұзарта отырып, жүрекше қарынша өткізгіштігін баяулауына алып келетін АҚ мен жиырылғыштықты біршама төмендетеді. Басқа дәрілер әсер тепеген жағдайлардағ қарынша үсті және қарынша аритмиясында, көбінесе ЖИА мен (жүректің ишемиялық ауруы) ауыратын науқастардың өміріне қауіпті аритмияларды, миокардитте, жүрекше фибриляциясында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет