Қалқансерік безінің гормонды препаратты
Қалқансерік безінің гипофункциясында қандағы кальций құрамы төмендейді, үлкендерде тетания, ал балаларда спазмофилия (ес түсінен танумен жүретін қалтырау) байқалады. Жедел кезеңінде қалтырауға қарсы препараттар және кальцийдің препараттары тағайындалады.
Қалқансерік безінің гиперфункцисында қандағы Ca2+ ионының құрамы жоғарылап, ал сүйектерде азаяды, ол остеопорозаға (сүйек ұлпасының ыдырауы), сүйектің деформациясына және сынғыштыққа алып келеді. Ондай жағдайда кальцитонин қолданылады.
Паратиреоидин (паратгормон) тиреокальцитониннің антагонисті болып табылады. Кальций мен фосфордың алмасуын реттейді.
Parathyreoidinum - паратиреоидин (Б): 1 мл амп. шығарылып, 1-2 мл күнде немесе күнара т/а, б/е, енгізіледі. гипокальциемияда, созылмалы гипопаратиреозда (тетанияны алдын алу үшін) қолданылады. Қандағы кальцийдің құрамы көбеюінде қолдануға болмайды.
Ұйқы безі гормондарының препараттары және ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
Инсулин ұйқы безінің β- жасушаларында өндіріліп, жасушадағы анаболикалық процесін күшейтеді, көмірсу алмасуын реттеп, глюкозаның жасуша ішіне тасымалдауын және олардың ұлпалармен сіңірілуін қамтамасыз етіп, гликогенезді, май қышқылдарының және ақуыздың синтезделуін күшейтеді. Инсулин гормонының жеткіліксіздігінен қант диабетіне алып келеді.
Insulinum – инсулин (Б): 5 және 10 мл флаконда (1мл-де 40 немесе 80 ӘБ бар) - т/а, б/е, к/т, енгізіледі. міндетті түрде дәрігердің нұсқауымен мөлшерленеді. Гипогликемиялық әсер көрсетіп, қант диабетінде және гипергликемиялық комада қолданылады.
Әсері қысқа инсулиндер суда ериді, т/а, б/е, к/т енгізіледі. әсері 30 мин. басталып, 8 сағ, созылады.
а) Адам инсулиніне ұқсас инсулиндер (гендік инжинерия әдісімен алынған): актрапид НМ, актрапид ЧМ, инутрал ХМ, инсуман Рапид, хоморал - 40, хумулин Р Регуляр;
б ) Монокомпонентті (шошқаның ұйқы безінен алынған): актрапид МС, актрапид МК, инсулрап СПП, инутрал СПП, илетин II Регуляр;
в) Жоғары дәрежеде тазартылғын (шошқаның ұйқы безінен алынған): актрапид;
Достарыңызбен бөлісу: |