Фармакология



бет96/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   200
Фармакология

Dithylinum - дитилин (A): 2% 5 және 10 мл еріт. амп. шығарылып, 0,0015 - 0,002 г/кг к/т енгізіледі.
в) Әсері аралас миорелаксанттар: диоксоний - алғашкыда деполяризация кезенін тудырып, содан соң антидеполяризациялық миорелаксанттар секілді эсер көрсетеді.
г) Меликттин (тегурінгүл алкалоиды) – үшіншілік амин болып табылатын алкалоид. АІЖ-да жақсы сіңіріліп, әсер ету жағынан тубокураринге ұқсас. Бұлшық ет тонусының жоғарлауымен жүретін ауруларда және толқи жиырлу қызметінің бұзылыстарында (постэнцефальды паркинсонизм, арахноэнцефалит және т.б.) қолданылады.
2. Адренергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
Шеткерлік иннервацияда адренергиялық талшықтардан эффекторлы (жұмыс атқаратын) жасушаларға импульстар берілуінде норадреналин медиаторы қатысады. Адренергиялық аксондар эффекторлы жасушаларға келіп, жүйке ұштарының қызметін атқаратын варикозды түйіндері бар жіңішке торға таралады. Варикозды түйіндердің көпіршіктерінде (везикулаларында) норадреналин медиаторы бар. Жүйке импульстарына жауап ретінде норадреналиннің синапстық қуыста бөлінуі және синапстан кейінгі мембраналарының адренорецепторларымен әсерлесуі пайда болады. Адренорецепторлардың сезімталдығына байланысты 2 түрі бар. Олар а - және β - адренорецепторлар. а - адренорецепторлардың а1 және а2. ал β-адренорецепторлардың β1 және В2түрлері бар. а1-адренорецепторлар синапстан кейін, ал а2-адренорецепторлар синапстан алдын және тыс жинақталған. и -адренорецепторлар бүйректің шырышты қабықшасында, терінің қан тамырларында, АІЖ-ң сфинктері мен көк бауырда орналасқан. В1 -адренорецепторлары жүректің бұлшық етінде, β2-адренорецепторлары ми, жүрек, бронх және қаңқа бұлшық еттерінде орналасқан.
Көптеген ауруларда, әсіресе жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларында вегетативті жүйке жүйесінің айқын бұзылыстары пайда болуы мүмкін. Бұл бұзылыстар вегетативті жүйке жүйесінің әртүрлі құрылымында, соның ішінде адренергиялық синапста қозудың берілу механизміндегі өзгерістерімен айқындалады. Сондықтан медициналық тәжірибеде қазіргі кезде кеңінен адренергиялық синапстағы қозудың берілуін таңдамалы қалыпқа келтіретін дәрілер кеңінен қолданылады. Адренорецепторларды қоздыратын дәрілерді адреномиметиктер, ал тежейтін дәрілерді адреноблокаторлар дейді. а1-адренорецепторлардың қозуында қан тамырлар тарылып, АҚ көтеріледі. Β1-адренорецепторлардың қозуында жүрек соғуы жиілеп, күшейеді, автоматизмі жоғарылап, өткізгіштігі жақсарады, В2-адренорецепторлардың қозуында бронхтар мен қан тамырлар кеңейеді, Адреномиметиктер кеңінен айқын гипотензиясы бар жіті қан тамыр жеткіліксіздігінде, бронх демікпесінде, мурын мен көздің шырышты қабықшаларының қабынуында, глаукомада, гипогликемиялық комада және жүрек жумысы тоқтағанда қолданылады. Адреноблокаторлар гипертония ауруларында, аритмияларда, стенокардияда және тамырлардың түйілуінде қрлданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет