Фармакология


Валидол (тіл астына) мен корвалол



бет147/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

Валидол (тіл астына) мен корвалол (30-40 тамшыдан ішке) сенімді әсер етпейді. Валидол ауыз қуысының суық рецепторларын тітіркендіріп, коронарлы қан тамырлардың қанмен қамтамасыз етілуін рефлекторлы түрде жақсартады. Екі препараттың да антиангинальды әсері әлсіз.
Validolum – валидол: 5 мл флаконда – 5 тамшыдан (қантпен) тіл астында ұстау қажет: 0,06 таб. және 0,05 капс.шығарылып, тіл астына тағайындалады.
2.Стенокардия (жүрек талмасы) ұстамасын алдын алу үшін қолданылатын дәрілер:
А) нитрат препараттары (вазодилятаторлар (тамыр кеңейткіштер)). Әсері ұзартылған нитроглицерин препараттары: сустак (әсерінің ұзақтығы 4-6 сағ.), нитронг (әсері 7-8 сағ) – нитроглийериннің майда капсуладағы дәрілік түрін шайнамай тамақиан алдын ішке қабылдау қажет: тринитролонг – құрамында 0,001-0,002 нитроглицерині бар жоғарғы ит тіс (клык) үсті қызыл иек шырышына қойылатын полимерлі пластинка: нитромазь («нитро», «миовин» - құрамында 2% нитроглицерині бар, түксіз тері аймағына жағылады, әсері 3-8 сағ. Созылады); нитродерм ТСС (трансдермальды терапиялық жүйе) – құрамында 50 мг нитроглицерині бар әсері 24 сағ.созылатын пластырь. Нитроглицериннің барлық препараттары жеке мөлшерленеді.
Sustac-mite- сустак – мите (Б): таб. 0,0026 нитроглицерин бар.
Sustac – forte – сустак – форте (Б): таб. 0,0064 нитроглицетин бар.
Nitrong – нитронг (Б); таб. 0,0026 және 0,0064 нитроглицерин бар.
Изосорбид динитратының препараттары: нитросорбид (ішке), кардикс, кардикет, изомак ретард, изокет ретард – нитроглицериннің ұзартылған (таб.;капс.) түрі.
Изосорбид мононитратының препараттары: моно мак (моносан): нитросорбидке қарағанда тиімділігі жоғары және әсері ұзағырақ (8-12 сағ.) изосорбид -5 – мононитраты; кардикс моно, мономак депо – әсері ұзартылған препараттар (24 сағ.дейін).
Эринит (пентаэритрил тетранитраты) – 0,001 таб.ішке белгіленеді, белсенділігі төмен.
Б)  жүректің   –адренорецепторын тежеп, адренергиялық әсерін төмендетеді. Ол жүрек жиырылу жиілігі мен күшінің төмендеуіне, жүрек жұмысын жеңілдете отырып, миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендеуіне алып келеді. Демек, қамтамасыз етумен қажеттіліктің сәйкессіздігін басады. ЖИА–ң біріктірілген емдеуінде тағайындалады. («эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет