Фармакология



бет156/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

Клопамид және оксодолин әсері ұзақ, циклометиазид дихлотиазидке қарағанда белсенділігі жоғары. Индапамид қан тамырларды кеңейтіп, гипертониялық ауруларда қолданылады. Антиагреганттық әсері бар.
ІІ. «шумақты» диуретиктер: фуросемид (лазикс), этакрин қышқылы (урегит), торасемид (унат), буфенокс (буметанид), пиретанид (ареликс). Бұл препараттар ацидоз бен алкалозда күшті әсер ететін несеп айдайтын дәрілер. Олар Генле шумағының жоғарғы бөлік аумағында натрий, хлор және судың реабсорбциясын (қайта сіңірулуін) тежейді. Ми, өкпе ісінуінде; гипертониялық ауруларда және гипертониялық кризде; жедел улануда; жіті және созылмалы бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде; эклампсияда қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, гипокалиемия, гипомагниемия, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінің терминальды кезеңінде, несеп шығару жолдарының механикалық бітелуінде және жүктіліктің бірінші жартысында қолдануға болмайды.
Furosemidum – фуросемид (Б); 0,02 және 0,04 таб.шығарылып, таңертең белгіленеді, әсері 20-30 мин.соң басталып, 3-4 сағ.созылады; 1% 2 мл еріт.амп.шығарылып, б\е: 2-3 мл тәулігіне 1-2 рет к\т баяу ағынмен енгізіледі, әсері 3-4 мин.кейін басталып 2-3 сағ.созылады.
Acidum etacrynicum – этакрин қышылы (Б). 0,025 таб. Таңертең астан кейін, 0,05 амп.қолданар алдында ерітеді. әсері 30-40 мин. Соң басталып, 6-8 сағ.созылады.
ІІІ. Карбоангидраза ингибиторлары: диакарб (ацетазоламид) - нефронның проксимальды түтікшелеріндегі карбоангидраза ферментінің белсенділігін таңдамалы тежеп, көмір қышқылының түзілуінің азаюы мен бүйрек түтікшелерінің эпителийінде натрий мен бикарбонат реабсорбциясын төмендеуіне және олардың несеппен шығарылуын күшеюіне алып келеді. Көз ішілік және бас сүйек ішілік қысымын төмендетеді. Диурездік әсері әлсіз. Өкпе жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен пайда болған ісінулерде, глаукомада, энцефалопатияда және эпилепсияда қолданылады. Жанама әсері: гипокалиемия, гиперхлоремиялың ацидоз және гиперкальциурия байқалуы мүмкін. Ацидозға бейімділікте, жедел бауыр мен бүйрек ауруларында, қант диабетінде, уремияда және жүктіліктің алғашқы айында қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет