«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм



Дата03.03.2016
өлшемі255.85 Kb.
«Федоров ауданы әкімдігінің

мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімі» ММ

2014 жыл бойынша есебі

1. Ведомстволық бағынысты мекемелер желісі
«Федоров ауданының орталықтандырылған ақпараттық-кітапхана жүйесі» ММ - 21 филиал-кітапхана,

Федоров ауданы әкімдігінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКҚК

- 16 филиал-клуб,

Федоров ауданы әкімдігінің «Тілдерге оқыту орталығы» КММ

ЖШС жанындағы ауылдық клубтар: Баннов, Пешков, Трактовое, Копычен, Кравцов.

Федоров ауданының меммекеме желісінде 2014 жылғы 1 қаңтарға:

1. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі

(21 кітапхана филиалын қамтиды),

құрылған жылы: 2002 ж.

басшысы Трубай Л.Г.



2. Федоров ауданы әкімдігінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКҚК

(16 филиал-клубты қамтиды)

құрылған жылы 1975, директорының м.а. Жақаев Г.С.

«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ведомстволық бағынысты мекемелерінің қатарына 2012 жылы құрылған Федоров ауданы әкімдігінің «Тілдерге оқыту орталығы» КММ кіреді, басшысы Әбдурахманова Дамигүл Бакытқызы.
а) Клубтық мекеме желісіндегі өзгерістер.

2014 жылы Федоров ауданының клубтық мекемелер желісінде өзгерістер орын алған жоқ.



б) Материалдық-техникалық база, оның жай-күйі және нығайту.

Федоров ауданы мәдениет саласының бюджеті мынаны құрады:

2013 жылы – 142 млн. 853 мың теңге,

2014 жылы – 119 млн. 795 мың теңге.
«Мәдениет» саласы бойынша шығындар:
Материалдық-техникалық базаны нығайту:

Материалдар мен негізгі құралдарды сатып алу:



2013 жыл - 51 млн. 218 мың теңге

2014 жыл – 21 млн. 248 мың теңге
Сахна костюмдерін сатып алу:

2013 жыл – 21 млн. 552 мың теңге

2014 жыл – 6 млн. 452 мың теңге
Ағымдағы жөндеу:

2013 жыл – 17 млн. 377 мың теңге

2014 жыл – 63 млн. 600 мың теңге.
Түбегейлі жөндеу:

2013 жыл – 0 млн.

2014 жыл – 0 млн.
Мәдени-бұқаралық іс-шаралар:

2013 жыл – 3 млн. 377 мың теңге

2014 жыл – 7 млн. 249 мың теңге
Барлығы өткізілген іс-шаралар және көрермендерге қызмет көрсетілді:
2013 жылы – 2276 іс-шара 175975 адам

2014 жылы – 2335 іс-шара 175980 адам
Өз қызметінің кірістері:
2013 жыл – 1 млн.78 мың теңгені,

2014 жыл – 653,5 мың теңгені құрады.

Автокөліктің бар-жоғы

Федоров ауданы әкімдігінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКҚК 2005 жылы шығарылған ГАЗ 31105 «Волга» автомобилі, 2012 жылы шығарылған ГАЗ 322132288 «Газель» автомобилі бар.

«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2013 жылы шығарылған ZAZ chance және жұмысқа жарамсыз күйдегі: Кубань автомобилі және 2 УАЗ 3303-01 автомобилі бар.

«Федоров ауданының орталықтандырылған ақпараттық-кітапхана жүйесі» ММ 2008 ж.ш. ВАЗ 21074 автокөлігі бар.



2014 жылы кітап қорын толықтыруға бөлінген қаражат:

- жергілікті бюджеттен – 1070,0 мың теңге,

- Республикалық бюджеттен - 2571,2,0 мың теңге.
Барлығы: 3 млн. 641 мың теңге.
Жазылу:

2013 жыл – 1 млн.706 мың теңге

2014 жыл – 2 млн. 833 мың теңге
Жаңа және жөнделген мекемелер саны:
2013 жылы 0

2014 жылы сомасы 55 млн. 264 мың теңгеге жөндеу жұмыстары өткізілді.
Жеке сайттар саны:

«Федоров ауданының ОАКЖ» ММ «(bibfed.ucoz.ru)» сайты өз жұмысын жалғастыруда.




2. Кадрлар құрамы
а) Іс жүзінде жұмыс істейтін штаттық бірлік саны.

Атауы

Штат бірлігінің саны

Іс жүзіндегі саны

Бөлім аппараты

3

3

Клубтар

72,35

75

ОКЖ

30,034

40


Барлығы 122 адам

Мамандар 79, соның ішінде профильдік білім бар:

Жоғары – 32,

Орта-арнаулы – 21,

Профильдік білімі жоқ – 26.
Шығармашылық қызметкерлер саны 65 , соның ішінде білімі бойынша:

Жоғары – 27

Орта-арнаулы – 23

Орта – 15

б) Толық емес ставкада жұмыс істейтін шығармашылық қызметкерлер саны:

0,5 ставка – 15 адам.


в) Кадрлар құрамының болашақта дамуы.

Сырттай оқитын қызметкерлер саны – 9 адам.

г) Мамандардың біліктілігін арттыру.

Облыстық маңызы бар оқыту семинарларына, кәсіп.шеберлік мектептеріне, шебер сағаттарына жіберілген қызметкерлер саны - 23 адам.



ОКЖ – 11

КПУ - 8

Біліктілігін арттыру курстары – 4 қызметкер.



2014 жылы марапатталды:

- «Свитанок» «халық» хорының жетекшісі Пилипенко А.И. Облыстық мәдениет басқармасының грамотасымен;

- Аудан әкімінің грамотасымен:

1) «Жастар» аудандық мәдениет үйі директорының м.а. Жақаев Г.С.

2) «Свитанок» «халық» хорының және «халық» үрмелі аспаптар ұжымының жетекшісі Пилипенко А.И.

3) хореограф Айгүл Шынар,

4) Первомай а/к мәдениет ұйымдастырушысы Борзенко З.А.

- Аудан әкімінің алғыс хатымен - «Жастар» АМҮ бағдарламашысы Сафонов Н.



3. Клубтық қызметке талдау.
Мемлекеттік мәдениет мекемелерінің желісінде

77 шығармашылық ұжым жұмыс істейді, онда 559 қатысушы шығармашылықпен айналысады.



ЖШС жанындағы ауылдық клубтарда 12 шығармашылық ұжым, қатысушылар саны – 94 адам.

Барлығы 138 клубтық құрылым, оларға қатысатын адам саны – 1500.
Мәдениет мекемелерінің жұмысындағы басым бағыттар мыналар:

- ұлттық шығармашылықты дамыту,

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасын іске асыру;

- жастарды эстетикалық және әскери-патриоттық тәрбиелеу;

- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын және ҚР Мәдениет саясаты тұғырнамасын іске асыруға бағытталған демалыс және концерттік қызмет.



2014 жылдың ерекше көңіл бөлінген негізгі іс-шаралары – Қазақстандағы тың жерлерді игерудің 60-жылдығы және «Жаркөл өрнектері» халық билерінің халықаралық фестивалі.

Жұмыс бекітілген жоспарға сәйкес қаланың барлық мәдениет мекемелерімен өткізілді.

Мемлекеттік және Ұлттық мерекелерді өткізуге, барлық конкурстар мен фестивальдерге, халық демалыстарына ерекше көңіл бөлінді.

26 қыркүйекте Қостанай қаласында тың игерудің 60-жылдығына арналған «Туған жерім, Тың өлкем» атты XXVIII облыстық халық көркемөнерпаздар шығармашылығы байқауы гала-концертпен аяқталды. Бағдарламаның салтанатты бөлімінде облыс әкімі Нұралы Садуақасов жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар табыстады. Аудандар арасында 1-орын облыстық фестивальдердің бірнеше дүркін жеңімпазы Федоров ауданына берілді.

Ауыл тұрғындарының арасында Наурыз, Масленница, Ауыл күні, Жаңа жыл меркелеріне арналған халық демалыстары ерекше ұнайды.

Ауданымыз көктемгі Наурыз мейрамын әндетіп, би билеп, театрландырылған қойылымдармен қарсы алды.

Мереке бұл жылы да киіз үйсіз өтпеді. 21 наурызда Федоров ауылындағы Тәуелсіздік алаңында 5 ауылдан құралған киіз үй қалашығы орнатылды, онда наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мереке аудан орталығының мектеп оқушыларының қатысуымен театрландырылған қойылымнан ашылды. Қойылымның негізгі тақырыбы мерекеге түрлі ауылдан қонақтардың келуі, әр ауыл шағын қойылымдар көрсетті. Жастар ән айтып, арқан тартысты, спорттық күреске қатысты, ауылға қатысушылар ән сайыстарын өткізді, Абылай ханның ата-бабалары үш әскердің келуін бейнеледі. Мерекелік іс-шаралар аудан әкімі Қ.Ж. Ахметовтың құттықтауымен жалғасты. Көрермендер назарына Федоров ауданы белсенділерінің қатысуымен әзірленген концерт ұсынылды. Концерт соңында «Наурыз-көктем» әдеп-ғұрып фестивалі өткізілді, киіз үй қалашығындағы әр ауылда қазақ ұлттық дәстүрлері көрсетілді. Фестиваль соңында мерекеге қатысушылар ұлттық тағамдардан дәм татты. Осы уақытта спорттық конкурстар және сайыстар өкізіліп, ең шапшаң және білекті қатысушылар сыйлықтар иеленді. Бұқаралық демалыс «Қазақша күрес» ұлттық күресімен аяқталды.

Мерекелік іс-шаралар барлық селолық округтерде өткізілді және алықтың рухани құндылықтарын, толеранттықты, бірлік пен келісімді насихаттауға бағытталды.

1 мамырда Федоров селосының орталық алаңында «Достық, бейбітшілік, келісім!» атты мерекелік іс-шаралар циклы өткізілді. Іс-шараны дайындауға ұлтаралық мәдени орталық белсене қатысты. Мереке ауылдың еңбек ұжымдарының өкілдерінің парадымен басталды. Орталық алаңда жиналғандарды Федоров ауданының әкімі Ахметов Қ.Ж. мерекемен құттықтады. Одан кейін жиналған қауым алдында «Самұрық туралы аңыз» театрландырылған қойылымы көрсетіліп, соңында қатысушылар «Халықтар достығы» би-попурриін орындады. Аудандық мәдениет үйінің вокалдық ансамблі «Мой Казахстан» әнін орындады, одан кейін қатысушылар колонналары аспанға шар ұшырды. Көрермендерге шағын меркелік концерт ұсынылды. Одан кейін бағдарлама жүргізушілері ауыл тұрғындарын және қонақтарды қолөнер бұйымдарының жәрмеңке-сатылымына және Федоров ауданы этно-мәдени бірлестіктерінің «Бір шаңырақ астында» фестиваліне шақырды. Мерекелік безендірілген алаңда тоғыз этно-мәдени бірлестік орналасты. Әр бірлестік өз орталығының таныстырылымын көрсетті, оның барысында туған тілде өлеңдер оқылып, ұлттық нөмір көрсетілді (ән, би), сонымен қатар ұлттық ас мәзірі ұсынылды.

Ауыл күніне арналған «Поклон селу и людям в нем живущим» аты мерекелік іс-шаралар екі күн бойы өткізілді. Іс-шаралардың бағдарламасы өте бай болды және түрлі жастағы тұрғындардың ниетіне және мүдделеріне сәйкес келді. Ол барлық іс-шаралар әртүрлі уақытта өткізілді, осылайша бір адамға бірнеше жерде болып, іс-шараларға қатысуға мүмкіндік берді. Бірінші мерекелік күні ауданымызға облыс әкімі Н.С. Садуақасов келді. Нұралы Мұстафаұлы орталық алаңдағы жаңа спорт объекті – шағын стадионды ашты.

Ауыл күнін мерекелеуге арналған салтанат Тың игерудің 60-жылдығына орайластырылды және алғаш тың игерушілер осы мерекенің құрметті қонақтары болды.аудандық мұрағаттың қызметкерлерімен ұйымдастырылған аудан тарихының экспозициясында Федоров ауылының қалыптасу және даму сатыларын көруге болады.

Аудандық мәслихаттың шешімімен ересек тұрғындардың арасынан алты өкіл "Федоров ауданының құрметті азаматы" атағын алды және олар осы мереке күні Федоров ауданының әкімі Қ.Ж. Ахметовтың қолынан наградаларын алды. Мереке барысында ауыл тұрғындарын номинациялар бойынша марапаттау өтті. «Үздік аула – 2014» номинациясында жеңімпаз Федорова Людмила Николаевна атанды, оған құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлық және «Үздік аула» тақтасы табысталды. "Жастар" АМҮ шығармашылық ұжымдарының қатысушылары да өз үлестерін қосып, жеңімпаздарды "Қазақстан, алға!" әнімен құттықтады.

Ауыл күнін балалар да тойлап өтті. Орталық алаң толықтай солардың иелігінде болды. Онда мынадай бірқатар іс-шаралар өтті: «Радуга настроений», «Лето - чудная пора» би-ойын бағдарламасы, спорттық сайыстар, концерт, би -әрбі қатысушы өзіне қызықты іспен шұғылдана алды. Мереке кешкі уақытта да жалғасын тапты. "Атлет" орталық стадионында мереке соңына қарай тұрғындар тамаша бидің куәгері болды.

Ауданымызда алғаш рет өткізілген "Жаркөл өрнектері" халықаралық би фестиваліне тұрғындар аса қызығушылықпен барды, тіпті нөсер жауынның өзі федоровтықтарды қаймықтырмады. Фестиваль «Костанайские зори» хореографиялық ұжымының «Той бастар» би қойылымымен басталды, одан кейін фестивальға қатысушыларға Федоров ауданының әкімі Ахметов Қ.Ж. сәлемдесу сөзін жеткізді. Би нөмірлерін бірінші болып Петропавл қаласынан келген "Дружные ребята" би ансамблі ашты. Барлық нөмірлер әсерлі, колоритті болды. Фестивальге қатысушылар көрерменді әуен мен би әлеміне тарта білді.

Жаңа жылды қарсы алуға мәдениет қызметкерлері ертемен дайындалады. Мәдениет мекемелерімен ұйымдастырылған жаңа жылдық іс-шаралар балаларды, жастарды және ересектер қауымын тосын сыйлармен, әндермен, бимен, әзілмен, Аяз атаның және Ақшақардың кездесуімен қуантты.

Халықаралық, Республикалық және облыстық байқаулар мен фестивальдерге белсене қатыса отырып, 2014 жылы мынадай нәтижелерге қол жеткіздік:


  1. «Наз ару» би ұжымы - жетекшісі А.Шынар "Жаркөл өрнектері" халық билерінің халықаралық фестивалінде 2-орын.

  2. Марғұлан Әбдібеков - "Қыран жігіт - Аққу қыз" облыстық байқауында 1-орын, Қостанай қ.

  3. «Наз ару» би ұжымы - жетекшісі А.Шынар "Тобыл толқыны" облыстық би фестивалінде 2-орын.

  4. Есбол Насыр Қожа - "Жас Тұлпар" облыстық оқушы-ақындар айтысында 2-орын, Қарасу а.

  5. Борзенко Зинаида Антоновна «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты қарттар шығармашылығы фестивалінің «Поклонимся великим тем годам» ән шығармашылығы аталымында жеңімпаз, Қостанай қ.


Жаңа ұжымдар құру

2014 жылы Чистый-Чандак ауылдық клубында "Зоренька" балалар вокалдық тобы жұмыс істей бастады - жетекшісі Салафетова Е.



2014 жылы Қостанай облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар өткізілді.

Барлығы балалар, жасөспірімдер және жастар үшін нашақорлықтың және токсикоманияның алдын алуға бағытталған 16 іс-шара өткізілді.


Олар:

- «К свету без наркотиков!» іс-шаралар циклы,

- «Наркомании-бой!» наразылық акциясы,

- «Мы бежим за здоровьем, а не за рекордами» балалар спорттық мерекесі,

- «Веселые старты» балаларға арналған ойын бағдарламасы,

- «Богатырские забавы» спорттық-ойын-сауық іс-шаралары,

- «На краю пропасти» лекциясы,

- «Мир наркомании» әңгімесі,

- «Курение или здоровье- выбор за вами» брейн-рингі,

- «Наркомания – это вред» ауызша журналы.

- «Я - наркоман» бейнеролигінің көрсетілімі.



Мәдениет қызметкерлері үшін басым міндеттердің бірі ол мәдени мұраны тереңдетіп, жан-жақты зерттеу және сақтау.
Бірлескен шығармашылық адамдарды жақындата түседі, көпұлтты елімізде ортақ мәдени кеңістікті қалыптастыра отырып, өзара түсініспеншілікке тәрбиелейді.

Мәдениет мекемелерінде 19 халық көркемөнерпаздар ұжымы, оның ішінде қазақ ұлттық шығармашылығы ұжымы жұмыс істейді:



  1. Қазақ халық аспаптары оркестрі, көркем жетекшісі М. Құлымбетова, онда 25 адам айналысады.

  2. "Жігіттер" ерлер вокалдық тобы, көркемдік жетекшісі М. Әбдібеков.

  3. "Әжелер" вокалдық тобы, көркемдік жетекшісі М. Әбдібеков.

  4. Ахметжановтар отбасылық дуэті.

  5. Әйелдер вокалдық тобы, көркемдік жетекшісі Ибраева А.М.

  6. «Наз ару» би ұжымы, көркемдік жетекшісі А. Шынар.

  7. «Наз ару» би ұжымы, (төменгі сыныптар) көркемдік жетекшісі А. Шынар


Мәдениет мекемелерінде ұлттық клубтық құрылымдар құрылып, белсене жұмыс істеуде:

  1. «Достық» ұлттық орталығы, жет. Қалиев Н.

  2. «Денсаулық» клубы, жет. Халып Т.



Ауданда ұлтаралық келісімді дамытуға зор үлес қосатын ол Ұлтаралық мәдениет орталығы. Оның құрамына 11 ұлттық мәдени орталық кіреді, оның 7 - Федоров ауылында, 3 - Қосарал ауылдық округінде және Пешков, Первомай ауылдық округтерінде 1 орталықтан. "Ұлтаралық мәдениет орталығы" қоғамдық бірлестігі аудандық іс-шараларға белсене қатысады, бірлік пен достыты, бейбітшілік пен келісімді сақтауға және дамытуға белсене жәрдемдеседі. "Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы" жобасының қорытындылары бойынша біздің аудан ұлттық-мәдени бірлестіктермен жұмыс істеуде үздік атанды.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. ОСы күнге арналған іс-шаралар ауданның барлық мәдениет мекемелерінде түрлі форматтарда өткізілді.

"Жастар" АМҮ фойесінде ауыл тұрғындарының назарына «Біздің елбасы» көрме-портреті және кітап-иллюстрациялы көрме-портреті ұсынылды. Онда Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны туралы: оқу жылдары, еңбек жолы мен саяси мансабының басталуы; сайлаулар және инаугурациялары; наградалары және атақтары туралы әдебиет шығарылды. 60-тан астам кітап пен мерзімдік басылым қойылды. Көрме Федоров тұрғындарына аса қызығушылық тудырды.

Осы күні «Жастар» Федоров АМҮ «Елбасымен бірге!» салтанатты жиын және мерекелік концерт өткізілді. Федоров ауданының әкімі Ахметов Қ.Ж. барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, мақтау қағаздарын тапсырды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Аудан әкімінің грамотасымен марапаттау рәсімі өткізілді. Концертке Федоров аудандық мәдениет үйінің барлық шығармашылық ұжымдары қатысты. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев туралы бейне және фото көрмелер қойылды.

30 қараша – 1 желтоқсан аралығында «Жастар» АМҮ «Балалық шағымның аспаны» фильмі, «Ел көшбасшысы» фильм-трилогиясы көрсетілді.


"Мемлекеттік тілге - қолдау және дамыту" бағдарламасы өз жалғасын мынадай іс-шаралардан тапты:

- «Поговори со мною, друг» полиглоттар конкурсы,

- «Казахстан – многонациональная государство» ауызша журналы,

- «Уважение к языку - уважение к народу» ойыны.


Мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылығын ояту, халықтың мәдени мұрасын оқыту арқылы отансүйгіштікті қалыптастыру, тілдерді құрметтеуге және білуге ниеттерін тәрбиелеу мақсатында кітапханаларда «Многоликий, гибкий язык. Ты в устах народа велик», «Знающий язык достоин уважения», «Судьба языка, судьба страны», кітап көрмелері мен «Учиться говорить – учиться понимать!», «Қазақ тілін үйремушілерге көмек», «Учим казахский вместе с библиотекой» және т.б. тақырыптық сөрелер ресімделді.
"Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыру аясында АОКЖ кітапханаларымен 2014 жылы көптеген іс-шаралар өткізілді:

- «О, отдаленный звук казахской песни дивной» әдеби-музыкалық кеші (Лесной а/к),

- «Содружество народов и культур» мәдениет сағаты (Первомай а/к).
Кітапханаларда жыл ішінде Қазақстан жазушылары мен ақындары туралы білімін тексеруге арналған өлкетану сағаттары, таныстырылымдар, мерекелер, әдеби конкурстар өткізілді. С. Сейфуллиннің 120-жылдығына «Один из первых» әдебиетке шолу әзірленді, Б. Майлиннің 115-жылдығына – «Классик казахской литературы» әңшімесі, ал А. Нұрпейісовтың 90-жылдығына орай – «Судьба как роман, роман – как судьба» кітап-ақпараты өткізілді. Қазақстандық жазушылардың мерейтойларына орай мынадай тақырыптық сөрелер рәсімделді, мысалы, «Әбіш Кекілбаевтың прозасы», «Заман және тұлға» (Ж. Аймаутовтың 125-жылдығына), «Он песней степь воспел» (І. Жансүгіровтің 120-жылдығына) және т.б. «Ораз Жандосов – государственный деятель», «Незабываемые заслуги Сатпаева» және т.б. әдебиет сағаттары, әңгімелер өткізілді.
"2050 стратегиясына" сәйкес, көпұлтты егемен мемлекеттің табыстарға жетуіндегі көкейтесті мәселелер жаңа қазақстандық отансүйгіштіке, демократиялық қоғамның қалыптасуына тәрбиелеу.
Придорожное а/к ауыл жастарымен өткізілген "Болашақ бүгіннен басталады" атты дөңгелек үстел отырысы қызықты өтті. Мақсаты: Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауымен таныстыру, жастарды бірлікке, халықтың әл-ауқаты мен гүлденуі үшін еңбекке шақыру.

Дөңгелек үстелдің жұмысы екі сатыдан өтті: ақпараттық және талдау. Іс-шараны қорытындылай келе болашағымыз жастардың қолында екенін түйіндедік. "Бұл біздің уақытымыз - жастардың, әлемнің тағдыры үшін, өз елі үшін, өзінің тағдыры үшін жауапкершілігін түсінетін қуатты, талантты, белсенді азаматтардың уақыты" деген Н. Назарбаев.



Кітап және кітап оқу
Кітапты қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне, ал кітап оқуды интеллектуалдық, эмоционалдық, рухани даму көзіне айналдыру - кітапханалардың күнделікті міндеті. Кітап оқуды ілгері дамыту - кітапханалардың басты міндеті.

Бүгінгі күні "буктрейлер" түсінігі кітапхана ісінің мамандары үшін таңсық сөз емес. Оның үстіне бұл әдіс күнделікті тәжірибее кітап оқуды дамытуда белсенді қолданылады және оқырмандар оны кітап туралы білудің ерекше тәсілі деп түсінеді. Осы мақсаттарда аудан кітапханашылары жыл бойы мынадай буктрейлерлер құрастырды: Момышұлы Б. «Москва үшін шайқас» (Придорожный), Әшімов А. «С любовью ваш Ашимов» (Костряков), Закруткин В. «Матерь человеческая» (Новошумный), Васильев Б. «А зори здесь тихие» (Баннов) және т.б.

Заман өмірдің ағысымен өзгеріп келеді. Кітапханашылар оқырмандарға ақпарат жеткізудің жаңа тәсілдерін қолдануда. Либмоб тәсілі кітапханашылардың арасында кеңінен қолданылып келеді. 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және атворлық құқық күні. Бұл күні ОК және БК қызметкерлері "Как пройти в библиотеку" либмобын ұйымдастырды. Оның мақсаты кітапханаға назар аударуға тарту, тұрғындардың көңілін көтеру, оның негізін аудан орталығының тұрғындарымен блиц-сауалнама өткізу болды. "Как пройти в библиотеку?" жақсы нәтиже көрсетті. Көтеріңкі көңіл-күй мен командалық талпыныс осындай ерекше іс-шараға қатысушылардың сенімді серіктеріне айналды, тіпті, қатты желдің өзі қатысушыларды қуаттандырып, серпілтіп отырды. Іс-шараға жарнамалық акция бейнеленген сары пончо киінген 6 волонтер қатысты. Акция волонтерлары кездейсоқ өткіншіге жақындап «Кітапханаға қалай өтуге болатынын көрсетесіз бе?» деген сұрақтар қойды. Тұрғындар сұрақтарға дұрыс жауап беріп қана қоймай, тіпті шығарып салуға да келісті. Дұрыс жауап бергені үшін волонтерлар сыйлықтар берді. Алайда кітапхананың қай жерде екенін білмегендер де болды. Оларға кітапханалардың мекенжайы мен телефон нөмірдері және олардың орналасқан орны туралы толығырақ мағлұмат көрсетілген визиткалар табысталды.

Пешков ауылдық кітапханасы осы күнге орай «По страницам любимых сказок» оқырмандар сэлмын өткізді. Балалар әлемдегі түрлі елдердің жазушыларының ертегілеріне саяхат жасады. Қатысушылар екі топқа бөлініп, сұрақтарға жауап берді, «Путаница», «Скороговорки», «Самая невероятная история», «В мире сказок Андерсена» конкурстарына қатысты. Топ капитандары мен жанкүйерлерге де тапсырмалар берілді. Жеңімпаз команда сыйлықтармен марапатталды.

Первомай ауылдық кітапханасы 1 мамырдан бастап 30 маусымға дейін «Пойманы за чтением» фотоконкурсын өткізді. Кітапхана оқырмандары өздерінің фотосуреттерін кітапхананың электрондық жәшігіне жолдап, одан кейін конкурсқа қатысушылардың барлық фотосуреттері mail.ru сайтындағы Первома ауылдық кітапханасының парақшасына қойылды, онда әрбір көрермен өзіне ұнаған фотосуретке дауыс берді.

Кітап пен кітап оқуды ілгері дамытудағы, кітапқа және кітап оқуға қызығушылығын арттыру әдістерін өңдеу, интеллектуалдық деңгейін арттыру және оқырмандық талғамды қалыптастыру, сонымен қатар тұрғындарды әдебиеттеі жаңа есімдермен, танымал және жаңа бастаған авторлардың жаңа шығармаларымен таныстыру жұмысында Федоров ауданының кітапханашылары арасында: «Большое чтение – 2014: книга в формате мультимедиа» аудандық конкурсы жарияланды. Конкурс: «Культурное наследие», «Память в наследство», «Провайдер чтения», «Библиотека - собеседник» номинациялары бойынша өткізіледі. Конкурсқа 7 адам қатысып, мынадай жұмыстар ұсынылды: буктрейлер «Свет Победы» (Пешков), «Следы истории» (Первомай), Момышұлы Б. «Москва үшін шайқас» (Придорожный), В. Закруткин «Матерь человеческая» (Новошумный) және т.б. Қазылар алқасы конкурсты қорытындыла, үздіктерді марапаттады.

"Оқырман өлке" облыстық жобасының аясында ауылдың орталық алаңында ОК мамандары "Кітапқа өмір сыйла" акциясын өткізді. Бұл шараның мәні, Федоров тұрғындары 2014 жылы аудандық кітапханаға сыйға тартылған кітаптардың арасынан өзіне ұнағанын алуға болатын еді. Осылайша, 30 кітап жаңа оқырманын тапты.

Өлкетану.
Кітапханалар өлкетану білімдерін анықтау, жинау, жүйелендіру және насихаттау жөнінде ауқымды жұмыстар атқаруда.

Оқырмандарға өлкетану әдебиеті туралы ақпарат беруде кітапхана жұмысының түрлі нысандары қолданылады. Көрме-қарауларын, ақпарат күндерін ұйымдастыру кезінде, жаңа түсімдердің бюллетеньдерін құрастыру кезінде өлкетану әдебиеті көрменің арнайы бөлімдерінде, бөлімшелерінде ұсынылған.

Өлкетану әдебиетін насихаттауға «Мое село – моя гордость» (ОК) және «Мой край. Моя родина» (Пешков а/к) жобалары септігін тигізуде. Бұл жобалар бойынша жұмыстар "Жобалық қызмет" бөлімінде жазылған.

Тың игерудің және Придорожное ауылының 60-жылдығына осы кітапхананың кітапханашысы «Не могут люди вечно быть живыми, но счастлив тот, чье будут помнить имя» атты тақырыптық кеш дайындалып, өткізілді. Шара қарсаңында ауыл тұрғының өз әкесі туралы естеліктерінен таныстырылым дайындалды. "60 жыл - бұл енді тарих, ауылдың тарихы, тағдырлар тарихы, ерлік тарихы" - отбасының жолдары бойынша ерекше саяхат. Бұл саяхаттың мақсаты өз отбасының, яғни дәуірдің тың игеру тарихына зерттеу өткізу.

Ауыл туралы жаңа кітаптың жарық көруі бұл маңызды оқиға, бұл жиі өткізілмейтін шара. М.И. Беланның «Первомайка судьба хозяйства и судеб» кітабымен таныстыру мақсатында Перомай а/к кітапханашысы Ауылдың Демалыс орталығымен бірлесіп «Первомайка – мой чистый исток» таныстырылымын өткізді. Бұл кітапты бұрынғы жерлесіміз, Первомай орта мектебінің бұрынғы директоры Иван Михайлович Белан жазған. Кітапта автор Федоров ауданының атақты совхоздарының бірі, 2013 жылы 85-жылдығын атап өткен "Первомай" совхозы туралы естеліктерімен бөліседі. Кітаптың таныстырылымы «Первомайка мой чистый исток» слайд-таныстырылымымен сүйемелденді. Іс-шараға кітаптың авторы, мектептің бұрынғы түлектері, автордың әріптестері, достары, ауылдастары қатысты. Шақырылған қонақтар мектеп жылдары туралы, қазіргі жұмыс күндері, совхоздың өмірі туралы еске алып, бөлісті. Шара соңында Иван Михайлович іс-шараға қатысуылардың барлығына, оның шығармасына шара ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Автордың ауылдастармен кездесуі барлығының есінде қалды. Кейін автор өз кітаптарын сыйға тартты.

Кәсіптік бағыттау
Мамандық таңдау - жастардың алдындағы ең басты шешімдердің бірі. Сондықтан 2014 жылы кітапханалардың оқырмандармен кәсіби білім алу жөніндегі жұмысы белсене және нысаналы өткізілді.

Кітапханаларда ұйымдастырылған іс-шаралардың арасында мыналарды атап өтуге болады: «Сделай свой выбор» (Придорожный с/б), «Все работы хороши» ақпарат күні (Кеңарал а/к), «Профессии нового времени» шолу-таныстырылымы (Копычен а/к), «Главный выбор намного лет» басылым сағаты (Ленин а/к).

Новошумный а/к «Любимые книги, читая, профессии мы выбираем» әңгіме сағаты өткізіліп, балалар авторлардың мамандықтар ескерілетін шығармаларын еске алды.

Пешков а/к мектеп түлектерінің арасында "Мамандықтар фестивалі" өткізіліп, балалар мамандық таңдаған кезде сол немесе басқа бір мамандықтың иегері қандай болуы тиіс екенін білді. Шара барысында: Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледж және Челябі мемлекеттік мәдениет және өнер академиясы және т.б. туралы бейнекөріністер көрсетілді.


Экологиялық ағартушылық
Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай БК жазғы сауықтыру алаңының балаларымен бірге өткізген «Нас так много на земле, но мало во вселенной» конкурстық-танымдық ойынында экология проблемалары, табиғатты аялау мәселелері талқыланды. Іс-шара басында балаларға: Экология деген сөз нені білдіретінін кім біледі? деген сұрақ қойылды. Экология ғылымымен танысу үшін балалар көмекке Экология феясын шақырды. Ол қазір барлық адамды толғандыратын табиғаттағы ауқымды мәселелер туралы әңгімелеп берді. Фе балалардың білімін тексеру үшін түрлі ойындар өткізді. Ал «Знаете ли вы жизнь животных» конкурсында, балалардың есіне бізің кішкентай бауырларымыз туралы мағлұмат берді. Шара соңында Экология Феясы балаларға мынадай кеңес берді: планетамыздың табиғатын құтқару үшін, барлық адамдар мен балаларға - табиғатқа көзқарасын өзгерту қажет.

Мирный а/к тоқсанына бір рет "Жас натуралист" экология күнтізбесі шыарылады. Оны шығару үшін "Дружные ребята" газетінен материалдар, сонымен қатар В. Бианканың шығармалары қолданылады.


Модельдік кітапхана

2011 жылы Баннов ауылдық кітапханасына - филиалға модельдік мәртебесі берілді.



Кітап қоры 01.01.2015 ж. жағдай бойынша: 10043 дана, анықтамалық әдебиеті – 540 дана, дәстүрлі емес тасығыштар саны - 7.


Жыл сайын кітапхананың қызметтерін 525 оқырман пайдаланады, келушілер саны - 9712, құжат беру жылына 15540 дана.

Материалдық-техникалық базасы: кітапхана компьютермен, принтермен, ксерокспен, сканермен, телефонмен жабдықталған.


Негізгі бағыттары және міндеттері:

Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, "Қазақстан - 2050" даму стратегясының", "Мәдени мұраның", "Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламаның" материалдарын насихаттау.

- Балалар мен жасөспірімдерді құқықтық тәрбиелеу, атап айтқанда пайдаланушылардың құқықтық мәдениетін арттыру.

- "ҚР тілдер туралы" Заңды, "Тілдерді қолдану мерн дамытудың 2011-2020 жж арналған мемлекеттік бағдарламаны" орындау жөніндегі жұмыс.

- Саауатты өмір салтын дәріптеу.

- Экологиялық ағартушылық.

- Оқырмандардың оқу үдерісіне, өзін-өзі дамытуына жәрдемдесу.

- Әлем халықтарының әдебиеті мен өнерін дәріптеу.

- Кітапты дамыту. Кітап оқудың мәртебесін арттыру.

Жаңа технологиялар енгізудің негізінде пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет түрлері:

Кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратына, электронды деректер базасына қол жеткізу, олармен жұмыс істеу жөнінде кеңес беру.

Кітапхананың қорларын ашатын көрмелерге, байқауларға қол жеткізу.

Кітапхананың қорынан басылымдық, электрондық, аудиокөрнекі құжаттарды, мерзімдік басылымдарды уақытша пайдалануға беру.

Ақпарат іздестіруде және таңдауда көмек көрсету.

Дербес және топтық ақпарат беру (оның ішінде телефон арқылы).

Пайдаланушылардың сұраулары бойынша Ғаламтор ресурстарын пайдалану арқылы анықтамалар орындау.

Құжаттардан және басқа да материалдардан үзінділерді көшіру.

Пайдаланушылардың сұраулары бойынша тақырыптық материалдар дайындау.

Мәдени-ағартушылық және ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.



Инновациялық жұмыс тәсілдерінің арасында:

Кітапхана "Библиовести" газетін шығарады, онда өткізілетін іс-шаралар, рәсімделген кітап көрмелері, айтулы даталар туралы ақпарат беріледі, кітап оқу жөніндегі ұсынымдар жарияланады.

Елбасының Жолдауына арналған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты дөңгелек үстел өткізіліп, қатысушылар Жолдаумен танысып, өз пікірімен бөлісті.
Көптеген іс-шаралар кешенді өткізіледі: кітап көрмесі немесе тақырыптық сөре, таныстырылым, слайд-фильм, буктрелер. Бұл іс-шараның тақырыбын толығырақ ашуға, оны қызықты, есте қаларлық етуге мүмкіндік береді.

Тың жерлерді игерудің 60-жылдығына орай кітапханада «Целина и ее герои» іс-шарасы өткізілді. Өткізілген іс-шараның мақсаты: осы оқиғаға баға беру, оқушыларды тың игерген адамдармен таныстыру. Балалар тың игерудің батырлары Рудский И., Федоров ауданының тумасы топырақ танушы Оспанов О., түрлі республикалардан тың игеру үшін келген және осында қалған ауыл тұрғындарымен танысты. «Целина – подвиг поколений» бейне таныстырылымы көрсетілді. Балалар өздерінің туыстарын, таныстарын танып, сұрақтар қойды.

Іс-шараның басында «Целинная эпопея – старт в будущее» кітап көрмесімен таныстыру өткізілді.

Жеңіс күні қарсаңында жоғарғы сынып оқушыларының арасында «Оскал фашизма» тарих сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты - фашисттік идеологияға қарсы тәрбиелеу. Іс-шараға қатысушыларға ұлтшылдардың соғыс жылдарындағы, олардың қазіргі жаластырушыларының әрекеттерінен фактілер көрсетілді. Қоршауда қалған Ленинградтағы өмір туралы «Хлеб и война» слайд-фильмі ұсынылды, балалар Б. Васильевтің «А зори здесь тихие…» атты шығармасымен танысты. Отан сөзінің мағынасы туралы, Отанның бізге маңызы, "Отан алдында борышты өтеу" деген нені білдіретіні туралы әңгіме қозғалды. Бұл әңгіме оқушылардың өткен жылдардағы оқиғаларға басқа жағынан қарауға көмектесті. Қосымша ақпаратпен «День Победы. День памяти и скорби» және «Война! Твой горький след и в книгах, что на полках» көрмелерінде танысуға болады - бұл кітап көрмесі соғыс туралы шығармаларға арналған.

Қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеуге «В гостях у домбры» іс-шарасы орналған. Оның негізгі мақсаты: тарих, мәдениет, салт-дәстүр туралы білім деңгейін арттыру. Тақырыпты толығырақ ашу үшін Құрманғазы күйлерінің жазбалары, "Менің Қазақстан" таныстырылымы қолданылды, онда қазақ халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы слайдтар ұсынылды. Шара соңында оқырмандар «Ұлы мәңгілік қазынасы. Вечные ценности великой степи» көрмесімен танысып, онда Қазақстан халықтарының дәстүрлері, мәдениеті туралы әдебиет ұсынылған.

Әлеуметтік серіктестік негізінде өлкетану іс-шараларын өткізу кітапхананың қызметінде маңызды рөл атқарады.

2014 жылы кітапхана «Мой край. Моя родина» жобасы бойынша жұмысын жалғастырды. Жобаның мақсаты: өлкетану білімдерін тарату, тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұзаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; туған ауыл туралы өлкетану материалдарын дайындау және басып шығару, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру.
Кітапхана жұмысын жетілдіру проблемалары мен ұсыныстар
Кітапхананың 2014 жылғы жұмысын талдап, мынадай қорытынды жасауға болады - бұқаралық жұмыстың түрлі нысандарын қамтитын кешендік іс-шараларды көбірек өткізу, нысаналы бағдарламалар әзірлеу қажет.

Халық санының азаюына қарамастан оқырмандар саны сақталуда.



Ескерткіштерді жөндеу және реставрациялау

басшылық етуші ұйымдармен жұмыс

1. Федоров ауданының аумағында Мемлекеттік тізімге есепке қойылған 7 ескерткіш бар (6 археология ескерткіші және 1 сәулет және қала құрылысы ескерткіші). Алдын-ала есепке алу тізімінде 57 тарихи-мәдени мұра объектісі және 5 мемориалды тақта.

2. "Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нде тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы нормативтік-құқықтық база бар. Тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмыста Қазақстан Республикасының негізгі заңнама актілері қолданылады: "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі ҚР Заңы, "Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесі", "Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесі", "Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесі", "Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі", сонымен қатар Мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі.

3. Барлық ескерткіштерге бекітілген үлгідегі паспорттар мен барлық объектілерге есепке алу карточкалары құрастырылды.



II. Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.

1. "Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-ің тарих және мәдениет ескерткіштері жөніндегі қорғау-есепке алу құжаттамасының жағдайы қанағаттанарлық: барлық объектілер мен ескерткіштерге паспорттар мен есепке алу карточкалары құрастырылған, ескерткіштер мен объектілердің электрондық фотосуреттерінің базасы бар.

2. 2014 жылы ескерткіштерді жөндеу-реставрациялау жұмыстары өткізілген жоқ.

3. Ескерткіштер мен объектілердің айналасындағы қорғау аумақтары гүлзарлармен, бордюрлармен, көшеттермен бөлінген.

4. 2014 жылы Мирное ауылындағы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш көшірілді.

5. Алдын-ала еспеке алу тізімінде 57 тарихи-мдени мұра объектісі бар.

6. Федоров ауданының аумағында жеке меншіктегі бір ескерткіш бар ("Иволна-холдинг" ЖШС "Банновка" ӨК).

7. Әрбір ескерткішке және тарихи-мәдени мұра объектісіне басшылық етуші ұйымдар мен кәсіпорындар бекітілген, олар ескерткіштерді косметикалық жөндеу, айналасын абаттандыру және гүлдендіру, оларды тиісті түрінде күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды өткізеді. Жұмыстар ережедегідей көктемгі және күзгі уақытта өткізіледі. 2014 жылы бюджеттік және тартылған қаражат есебінен 28430 мың теңгеге 29 құрылысқа ағымдағы жөндеу және аумақтарды абаттандыру жұмыстары өткізілді.

Федоров ауылындағы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандардың ескерткішіне ағымдағы жөндеу өткізіліп, 26887,5 мың теңге жұмсалды. Шандақ ауылдық округі Мирное ауылындағы ескерткішке ішінара реставрациялау өткізілді, 1200,0 мың теңге жұмсалды.

8. Ауданның тарих ескерткіштерін қорғау жөніндегі жұмыс мерзімдік басылым "Федороские новости" газетінің 16.10.2014 ж. № 41 санында жарияланды.


Мәдениет мекемелерінің қызметіндегі проблемалар мен жетілдіруге ұсыныстар

2014 жылы біз алдыңғы жылдары қойылған міндеттерді табысты орындадық. Бүгінгі күні біздің алдымызда мынадай тапсырмалар қойылды:

1. "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясын және ҚР мәдениет саясатының тұғырнамасын іске асыру жөніндегі мақсатты жұмыс істеу.

2. Мемлекеттік және Ұлттық мерекелерге (Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығы, ҚР Халқының ассамблеясына 20 жыл және ҚР Конституциясының 20-жылдығы, Қазақ мемлекетінің құрылуына 550 жыл) арналған іс-шараларды өткізу жоспары бойынша жүйелі және сатылы жұмыс.



3. ҚАзақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын одан әрі орындау.
Көкейтесті мәселелер: Лесной ауылдық клубына жөндеу жұмыстарын жүргізу (жобалық-сметалық құжаттама бар), аудандық орталық кітапханаға ғимарат сатып алу.

Басшы М. Қойшығұлов
Каталог: uploads -> files
files -> Пособие по русскому языку для учащихся 5-11 классов Садомова Антонина Петровна
files -> 280-бап. Акциз ставкалары
files -> Көксу ауылдық округінің әкімі Е. А сатымбаевтың 2014 жылға арналған жылдық есебі
files -> Алтынемел ауылдық округі бойынша әлеуметтік экономикалық дамуының қорытынды ақпараты баяндама өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 15 тамызындағы №615 «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу
files -> Қоғалы ауылдық округі әкімінің «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, 2014 жылы атқарған жұмысы және 2015 жылға алда тұрған міндеттер туралы есебі»
files -> Перечень лекарственных средств, отпускаемых бесплатно
files -> Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауыл округінің әкімі Бекежанов Бақберген Сейтжанұлының ауыл тұрғындарының алдында 2014 жылғы бір жылдық атқарған жұмыстары туралы есебі бойынша жинақталған құжаттар Сарыөзек ауылы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет