Федоров ауданы әкімінің аппаратында, әкімдік бөлімдерде және Федоров селосы мен селолық округтар аппараттарында



жүктеу 29.28 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі29.28 Kb.


Федоров ауданы әкімінің аппаратында, әкімдік бөлімдерде және

Федоров селосы мен селолық округтар аппараттарында

2010 жылғы 1 тоқсанға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысы туралы ақпарат
2010 жылғы бірінші тоқсан ішінде аудан әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалардың 71 өтініші тіркеуге алынды: жеке тұлғалардан 52 өтініш (46 жазбаша, 6 ауызша) және заңды тұлғалардан 19 өтініш (18 жазбаша, 1 ауызша). Облыс әкімінің аппарат арқылы және өзге де жоғары тұрған ұйымдардан 4 өтініш келіп түсті (2009 жылы – 3). Қайта өтініш берген – жоқ (2009 жылы – 0), ұжымдық – 6. Бақылауға алынған – 66 өтініш. Мемлекеттік тілде баяндалған өтініш – 4 (2009 жылғы бірінші тоқсанында – 2).

Аумақтық бірлік бойынша ауызша және жазбаша өтініштердің келіп түскен саны: Федоров селосы – 22, Ленин СО – 8, Воронеж СО – 7, Пешков СО – 6, Костряков СО - 4, Жаркөл, Камышный, Новошумный СО – 2-ден, Вишневый, Украин, Қоржынкөл, Қосарал СО – 1-ден, Баннов, Первомай, Шандақ СО – келіп түспеген. Аудан шегінен 14 өтініш келіп түсті.

Өтініш берушілер санаты: зейнеткерлер 6 (8,4%) (2009 жылы – 6 – 6,4%), Ұлы Отан соғысының қатысушылары – 2 (2,8%) (2009 жылы – өтініш бермеген), мүгедектер – 3 (4,2%) (2009 жылы – 1 – 1,1%), оралмандар, көп балалы аналардан өтініш келіп түспеген.

Өтніштердің сипаты: білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт мәселелері бойынша – 1 (1,4%); сауда, қызмет көрсету салалары, кәсіпкерлік – 4 (5,6%); әлеуметтік және зейнет ақы қамту мәселелері – 6 (8,5%); энергия-жылу-сумен қамту; тұрғын-үй қатынастары және коммуналдық шаруашылығы мәселелер жөнінде – 7 (9,9%); өзге мәселелер – 11 (15,5%); мұрағат – 12 (16,9%); ауыл шаруашылығы, жер және жер қатынастары мәселелер жөнінде – 23 (23,4%).

Қарауда болған өтініштері бойынша (барлығы 71) шешімдер қабылданды: қанағаттандырылған – 12 өтініш (16,9%), 8 өтініш бойынша түсінік берілді (11,3%), жағымсыз жауап – жоқ, басқа органдардың қарауына жіберілген - 50 (70,4%), қарауда – 1 (1,4%). Мерзімді бұзылуымен жазбаша өтініш жоқ. Жеке қабылдауда болған – 6 жеке тұлға және заңды тұлғалардың 1 өкілі тіркеуге алынды.

Федоров селосы мен селолық округтар әкімдердің аппараттарына барлығы келіп түскен 1483 өтініш: жазбаша өтініш – 562, ауызша – 921. Жеке тұлғалардың өтініштері – 1444, заңды тұлғалардың – 39. Жылдың басында жұмыста 108 өтініш болды.

Өтініш берген: зейнеткерлер – 216 (14,6%) (126 (9,9%) - 2009 жылғы бірінші тоқсанында), соғыс қатысушылары – 10 (0,7%) (2009 жылы - 4 – 0,3%), мүгедектер – 30 (2,0%) (2009 жылы – 16 – 1,3%), көп балалы аналар – 1 (0,07%) (2009 жылы – 3 – 0,2%), оралмандар – 5 (0,3%) (2009 жылы – 5 – 0,4%), Ұжымдық хат – 2, қайта берілген өтініш келіп түспеген.

Өтініш берген жалпы санынан (1591) қанағаттандырылған 1445 өтініш (90,8%), 12 өтініш бойынша түсінік берілді (0,8%), жағымсыз жауап 8 (0,5%), қаралмаған – 113 өтініш (7,1%), 2 өтініштердің қарауы тоқтатылды (0,1%), басқа органдардың қарауына жіберілген - 11 (0,7%).

Өтініш тақырыбы бойынша: білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт, мұрағат мәселелері – 2-ден (0,1%); мемлекеттік мүлік, жылжымайтын мүлік; көлік, байланыс, өнеркәсіп – 5-тен (0,3%); энергия-жылу-сумен қамту – 10 (0,7%); еңбек, жұмыспен қамту және еңбек ақы төлеу – 15 (1,0%); мемлекеттік басқару, қоғамдық бірлестіктері, адамның құқықтары – 19 (1,3%); тұрғын үй-коммуналдық – 41 (2,8%); жер және жер пайдалану, ауыл шаруашылығы – 71 (4,8%); неке және отбасы – 131 (8,8%); әлеуметтік және зейнет ақымен қамту – 139 (9,4%); өзге – 1043 (70,3%).

Мемлекеттік мекемелердің аппараттарында және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарында 2010 жылғы 1 тоқсанында барлығы 1079 өтініш тіркеуге алынды: жазбаша өтініш – 925, ауызша – 154. Жеке тұлғалардың өтініштері – 1048, заңды тұлғалардың – 31. Жылдың басында жұмыста 3 өтініш болды. 89,3% өтініш берген жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жатады.

Өтініш берген санынан: зейнеткерлер – 5 (0,5%) (2009 жылғы бірінші тоқсанында - 10 – 0,7%), соғыс қатысушылары – 2 (0,2%) (2009 жылы өтініш бермеген), мүгедектер – 8 (0,7%) (2009 жылы - 57 – 3,8%), оралмандар – 15 (1,4%) (2009 жылы – 16 – 1,1%), көп балалы аналар – 30 (2,8%) (2009 жылы – 57 – 3,8%). Ұжымдық хат – 3, қайта берілген өтініш келіп түспеген.

Өтініш берген жалпы санынан (1082) қанағаттандырылған өтініш 1018 (94,1%), 46 өтініш бойынша түсінік берілді (4,3%), жағымсыз жауап 8 (0,7%), қаралмаған 6 өтініш (0,6%), 2 (0,2%) өтініші бойынша қарауы тоқтатылғаны туралы шешім қабылданды, 2 (0,2%)- басқа органдардың қарауына жіберілді.

Өтініш тақырыбы бойынша: қоршаған ортаны қорғау мәселелері – 1 (0,09%); мемлекеттік басқару, қоғамлық бірлестіктері, адамның құқықтары; мемлекеттік мүлік, қозғалмайтын мүлік мәселелері – 2-ден (0,2%); білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт – 3 (0,3%); әлеуметтік және зейнет ақымен қамту мәселелері – 4 (0,4%); сауда, қызмет көрсету салалары, кәсіпкерлік – 5 (0,5%); энергия-жылу-сумен қамту мәселелері бойынша - 6 (0,6%); тұрғын үй-коммуналдық – 8 (0,7%); жер және жер пайдалану, ауыл шаруашылығы – 22 (2,0%); өзге – 26 (2,4%); еңбек, жұмыспен қамту, еңбек ақы төлеу – 167 (15,5%); неке және отбасы – 833 (77,2%).

Тұлғаларды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.



______________________




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет