Ферроқорытпалар өндірісі кезіндегі және құю өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар



жүктеу 0.67 Mb.
бет1/4
Дата20.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3   4




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы «4» қарашадағы

№ 393 бұйрығымен

бекітілген

Ферроқорытпалар өндірісі кезіндегі және құю өндірісіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар

1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Бұл Талаптар ферроқорытпалар өндірісіне және құю өндірісіне таратылады.

2. Ферроқорытпалар өндірісіне және құю өндірісіне 2002 жылғы 3 сәуірдегі «Қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мыналар әзірленеді:

1) технологиялық регламенттер;

2) өндірістік бақылау туралы ереже;

3) апатты жою жоспары.

3. Технологиялық үрдістер немесе коммуникациялар схемалары өзгерген жағдайда немесе шикізаттың немесе құрал – жабдықтың жаңа түрлері қолданылғанда өндіріске өзгерістер енгізгенге дейін әрекеттегі технологиялық регламенттерге де сәйкес түзетулер енгізіледі.



2 - тарау. Аумақ. Ғимараттар мен үймереттер

1 - параграф. Аумақ
4. Сұйық металл мен қожды тасымалдау техникалық реттеу актінде көрсетілген маршруттар бойынша бейімделген қозғалмалы құраммен технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Технологиялық регламент – кәсіпорынның өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық үдерісті жүргізу тәртібі мен шартын анықтайтын, дайын өнімді сапа көрсеткішімен алуды қамтамасыз ететін, стандарт талаптарына жауап беретін, сонымен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізуді және өндірістің оңтайлы технико-экономикалық көрсеткішіне қол жеткізуін анықтайтын ішкі нормативті құжаты.


5. Цехтар іштерінде теміржолдар жолдарының бойында габариттік сызықтар, белгіленеді, металлургиялық өндіріс қалдықтарын толық қайта өңдеу және жою қаралады. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және уақытша сақтау жобамен қаралған телімдерде жүргізіледі.

2 - параграф. Ғимараттар мен үймереттер
6. Балқыту цехы ғимаратында қауіпті өндірістік факторларды оңашалау және оларды жою бойынша тиімді жағдайлар қалыптастырылады.

7. Шихта материалдары қоймалары, материалдардың күйдіру, дайын өнім және қож өңдеу бөлімшелері бөлек ғимараттарда тасқынды түрде орналастырылады.

8. Металлтермиялық цехтарда шихта материалдарын мөлшерлеу және оларды алюминий ұнтағымен және селитрамен араластыру бөлек ғимараттарда жүргізіледі.

9. Металлтермиялық цехтардың ішкі қабырғалары мөлшерлеу, араластыру және шихтаны қайта төгу орындарында тегіс сылақты бетті, оның шығып тұратын орындарының шамасы минималды және оларға жеңіл тұтанатын шаңның отыруының алдын алу үшін карниздер бар.

10. Өндірістік ғимараттар, өту жолдары мен сатыларды жинастыру шаңды жою тәсілімен ауысымына кем дегенде бір рет жүргізіледі. Қабырғалар, төбелер мен технологиялық құрал – жабдықты шаңнан тазарту жанғыш қоспаларды пайдалану кезінде қауіпсіз жинастыруды қамтамасыз ететін тәсілмен жүргізіледі.

11. Металлтермиялық цехтарда металдар құйылмалары мен қождарды суыту үшін ғимараттар немесе алаңдар қаралады.

12. Балқыту цехтарының электртермиялық өндірісінде 15 метр және одан жоғары белгісі бар пеш өтетін жоғарғы алаңда жолаушы лифтісі орнатылады.

13. Балқыту цехтарының едендері тегіс және механикалық тұрақты, тарату құю пролеттарында жылуға тұрақты етіп қаралады. Көрік және электрод алаңдарындағы жұмыс алаңының едендері электр өткізбейітн етіп қаралады және құрғақ күйінде сақталады.

14. Түйіршіктеу қондырғылары телімдеріндегі тарату құю пролеттарындағы едендер су ағызу магистраліне немесе су жинау ыдысына судың ағуын қамтамасыз ететіндей еңкішпен жасау қарастырылады. Жұмыс кезінде шаң мен жылу айтарлықтай мөлшерде бөлініп шығатын телімдерде едендер үнемі сумен суарылып тұрады.

15. Цех ғимаратының құрылыстық металл конструкциясы металл және қож шығару және тарату құю орындарында қызып кетуден сақталады. Балқыған металл мен қож тиіп кетуі мүмкін орындарда ғимарат колонналары үшін отқа төзімді қорғаныс қаралады.

16. Өндірістік ғимараттардың шатырларының конструкциясымен олардың тез әрі тиімді тазартылуы қамтамасыз етіледі. Балқыту цехтарының шатырларының тазартылуы жылына кем дегенде екі рет жүргізіледі. Шатырға көтерілу үшін сыртқы марштық сатылар қаралады.

17. Ылғалды өндірістік үрдістері бар гидрометаллургиялық және электрогидрометаллургиялық өндірістер орналастырылған ғимараттарда металл конструкциялар, қабырғалар мен едендер тот басудан сақтау үшін қорғаныспен және гидрооқшаулаумен жабдықталады. Қабырғалардың өңделуімен олардың тез тазартылуы және жуылуы қаралады.

18. Алюминий ұнтағы өндірісі орналасқан ғимараттың конструктивтік элементтері алюминий шаңы жиналуы мүмкін тегіс орындаға ие болмайды.

19. Бұл ғимараттардың қабырғалары үшін олардың шаңнан тазартылу мүмкіншілігі қамтамасыз етілетін өңдеу қаралады.

20. Шихта материалдарына арналған бункерлер ұяшықтары 300х300 мм сақтандыру торларымен жабылады.

21. Егер өндіріс жағдайлары бойынша бункерлерде торлар болмаса немесе ұяшықтарының өлшемдері 300х300 артық болса, онда ашық орындар қоршаулармен қоршалады.

22. Қызмет көрсету алаңдары бункерлердің жоғарғы ернеуінен 1 м және одан артық шамада төмен орнналасса, бункерлер жағынан қоршаулар орнату талап етілмейді.

23. Цехтарда әрбір телім үшін өту жолдарын көрсетумен технологиялық ыдыстар мен технологиялық құрал – жабдықтарды орналастыру жоспары құрастырылады және ұйымның басшысымен бекітіледі. Жоспарлар әрбір телімде көрінетін орындарға ілінеді.

24. Өнімді жинастыруға арналған тұрақты алаңдар мен негізгі өту жолдарының шекаралары айқын көрінетін сызықтармен белгіленеді. Балқыту цехы ғимаратына теміржол құрамдарын беру цехтың бақылаушы тұлғасының рұқсатымен жүргізіледі.

25. Тиеу алаңдары немесе цехтың басқа белгілеріне жүк көтеру машиналарының көмегімен материалдар беру үшін көтергіштер шахталары үшін тұтас қоршаулар қарастырылады.

26. Шахтаға кірер есік есік ашық қалған кезде электростальді сөндіретін бұғаттауышпен жабдықталады.

3 - тарау. Еңбектің қауіпсіз жағдайларын құру бойынша жалпы талаптар
27. Электр пештеріне, тарату құю және құю машиналарына, күйдіру пештеріне және шөміштерге негізгі техникалық мәліметтері бар төлқұжаттар құрастырылады.

28. Аталған төлқұжаттарға эксплуатациялау кезеңіндегі жасалған өзгертулер, жүргізілген жөндеу жұмыстары, орын алған апаттар, инциденттер мен олардың зардаптарын жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер жазылады.

29. Ұсатқыштар, шарлы қондырғылары, електер, барабан араластырғыштар, голтовкалы және басқа да шаңданатын материалдардың өңдеуге арналған технологиялық құрал – жабдықтар тарту желдеткішімен немесе шаңнан оқшаулағыш камералармен жабдықталады. Санитарлық нормалардан асып кететін шу деңгей бар болған кезде камералар дыбыстан оқшаулауланады.

30. Камералар конструкциясымен технлологиялық үрдістер кезінде құрал – жабдықты байқап тексеру мүмкіншілігі және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құрал – жабдыққа еркін қол жетімділік қамтамасыз етіледі.

31. Камераларда монтаждау саңылаулары, монорельстер және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде камераларды бөлшектеусіз ондағы құрал – жабдықтар мен бөлек элементтерін ауыстыру үшін басқа да құрылғылар қаралады.

32. Аталған құрал – жабдықтың максималды мүмкін қоршауы мен саңылаусыздығы жүзеге асырылады.

33. Электр пешінен мөлшерлеу алаңына газдың сорылуының алдын алу үшін электродтар мантеліне ауа тығыздағыштары, су ысырмалары немесе басқа да құрылғылар қаралады, ал жабық пештердің тиеу құбырларына үнемі шихта толтырылған немесе айырғыш құрылғылары бар.

4 - тарау. Технологиялық бөлім

1 - параграф. Шихта материалдарын түсіру және сақтау
34. Шихта материалдары қоймаларында барлық ғимаратты бойлай ені 0,7 м кем емес еркін өту жолы қамтамасыз етіледі. Қойманың ұзындығы бойынша әрбір 80 - 100 м сайын көлденең өту алаңдары орнатылады.

35. Теміржол эстакадалары зақымдануға жол бермейтін немесе олардың жоғарғы қабаттарын (шпалдар, брустар бекітпелер) грейферлердің жұлып кетуінен сақтану үшін қорғаныс құрылғыларымен жабдықталады.

36. Вагондардың люктарын ашу үшін эстакадаларда алаңдардың орнына өзі жүретін көпірлер немесе алаңдары түсірілетін грейферлік, магнитті – грейферлік және көпірлі крандармен жабдықтауға рұқсат етіледі.

37. Шихта материалдары қоймасына ыстық қожданған айналымдағы қалдықтарды беруге рұқсат етілмейді.

38. Вагон ішінде ілінісіп қалған материалды түсіру жұмыстарын орындау кезінде жұмыскерлер жұмысты сақтандыру белдіктерімен орындайды және тақтайдан жасалған төсемелер қолданады немесе сатылар пайдаланады.

39. Вагондардан грейферлік крандармен түсіру кезінде грейферді қолмен бағыттауға жол берілмейді.

40. Теміржол вагондарын босатқаннан кейін қойманың қамбаларының үстінде қамбалар толығымен толтырылғаннан басқа жағдайларда, тазартуға рұқсат етілмейді.

41. Грейфермен материалдар беру тасымалдау кезінде кесектердің құлап кетуіне жол бермейтін толық қысумен жүргізіледі.

42. Ұнтақты шихта материалдарын сақтау бөлек сақтаумен және сәйкесінше қазақ және орыс тілдерінде жазбалары бар жабылатын қойма ғимараттары мен үймереттерінде жүргізіледі.

43. Металлтермиялық цехтардың балқыту корпусында жеңіл жанатын материалдар немесе тез жануға әкелетін материалдар (магний жаңқасы мен магний қорытпалары, селитра, бертолет тұзы, термит қоспасы т.б.) жабық металл ыдыста (банкалар, бөшкелер т.с.с.) екі тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде сақталады. Бұл материалдарды ұзақ сақтау бөлек қоймаларда жүргізіледі.



2 - параграф. Шихта материалдарын дайындау және цех ішілік тасымалдау

Жалпы талаптар
44. Негізгі технологиялық құрал – жабдықтарды басқару басқару пультінен дистанционды немесе бөлек механизмдер мен жарықты дыбыстық дабыл бергіштер жүйесінің ретпен қосылуын сақтау үшін бұғаттау жүйесі құрылғысымен автоматты қаралады.

45. Шихта материалдарын дайындау кезінде металлтермиялық пештерде келесі талаптар сақталады:

1) материалдарды ұсату және уату жүргізілетін ғимараттарда кезеңмен, бірақ кем дегенде жылына төрт рет қабырғалар, төбелер және басқа да құрылыс конструкцияларындағы отырып қалған шаңды жинастыру жүргізіледі;

2) шарлы ұсатқыштың жұмысы кезінде шығару астауы үнемі жабық. Істеп тұрған жүгіргіштерден қандай да құралды пайдаланумен араласқан материалды қармап алуға рұқсат етілмейді.

46. Таспалы және пластиналы конвейерлер еңкіш галереяларда 6 – 12 градуста еңкіш орналасқанда еденге бір бірінен 0,3 – 0,4 м қашықтыққа орналастырылған көлденең жұқа тақтайшалары бар басқыштар төселеді.

47. Пластиналы конвейерлерде пластиналар шеттері мен роликтерін жауып тұратын борттар қаралады.

48. Шнек істен шыққанда (шнек конвейер қаптамасының қабырғасына немесе табанына ілініскенде т.б.) жанғыш материалдарды тасымалдауға жол берілмейді.

49. Конвейерлерді кесіп өтуге тек өту көпірлері бойынша рұқсат етіледі.


Скиптік көтергіштер
50. Скиптік шұңқырларға қызмет көрсету үшін скип пен шұңқырдың бүйір қабырғасы арасында ені 0,8 м кем емес және скиптің артқы қабырғасы мен шұңқырдың қабырғасы арасында 2,0 м кем емес жұмыс алаңдары қаралады. Еденнен скип шұңқырына дейінгі ара қашықтық 0,5 м кем емес.

51. Скип шұңқырының едені судың ағуын қамтамасыз ететін еңкіш: оны жою құрылғысы қаралады.

52. Скип шұңқырына бару жолы қоршаулары бар еңкіш сатымен жабдықталады.

53. Скип шұңқырының есігі құлыппен жабылады және есік ашылған жағдайда лебедка жетегін сөндіретін бұғаттауышпен жабдықталады.

54. Кіре берістің жоғарғы жағында скип шұңқырына оған қызмет көрсетуге қатысы боқ тұлғаларға кіруге тыйым салатын плакаттар ілінеді.

Ашық скип шұңқырлары қоршалады.

55. Скип шұңқырларында орындалатын жұмыстар технологиляқ регламентпен реттеледі.

56. Төгіндіні қолмен жинастыру кезінде скиптік көтергіш сөндірілген кезде екеуден кем емес жұмыскермен жүргізіледі.

57. Скип шұңқырлары апаттық бас көтергіш қосқышпен жабдықталады.

58. Еңкіш скиптік көтергіштердің көпірлерінде төменнен және скиптің барлық биіктігіне жан жағынан тұтас қоршау болады. Қоршау материал кесегінің құлап түсіне жол бермейді.

59. Скиптер төзімділігі әрқайсысы алты еседен кем емес артықтықта екі арқанға асылады.

60. Істеп тұрған көтергіште беріктік қорын ұлғайтумен бір арқанда спиктерді асуға рұқсат етіледі, бірақ жұмыстардың қауіпсіздін қамтамасыз ететіннен сегіз еседен кем емес.

61. Скиптік көтергіштің еңкіш көпірінде жөндеу жүргізу кезінде скипті ұстап қалу үшін бекітпе құрылғысы орнатылады.

62. Еңкіш көпірде скипті тексеру үшін қоршаулармен қоршалған алаң қаралады.

63. Көтергіштер лебедкалары арқандар слабиналарын сөндіргіштермен және скиптің жоғарғы шеткі күйін көрсеткіштермен жабдықталады.

64. Болар арқандардың күйін тексеру кем дегенде он күнде бір рет тексеріледі де, тексеру нәтижелері ауысым журналына тіркеледі.

65. Арқандардың ақауға саналу нормалары жүк көтеру крандарын қауіпсіз эксплуатациялау және құрылғыларына талаптарға сәйкес қабылданады.

66. Арқандар немесе скиптерді алмастыру кезінде жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стопорлық немесе басқа құрылғылар қолданылады; бұл кезде осы жұмыспен айналыспайтын адамдардың еңкіш көпірде және скип шұңқырында болуына рұқсат етілмейді.

67. Скиптік көтергіштің жұмысы кезінде еңкіш көпірде, скип шұңқырында, қабылдау бункері мен еңкіш көпірдің жоғарғы бөлігінің арасында адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

Материалдарды кептіру және күйдіру
68. Пештердің жұмысы кезінде барлық қозғалмалы бөлшектер (құбырлы пештерден басқалар) қоршалады.

69. Пеш еденінен 2 м және одан жоғары биіктікте орналасқан және қызмет көрсетуді қажет ететін пештердің элементтері, бөлек жұмыстарды орындауға арналған алаңдардың қоршауларының саңылаулары ішке ашылатын ысырмасы бар есікпен немесе алынбалы қалқанмен жабдықталады.

70. Пештердің терезелері технологиялық регламентпен қаралған жағдайларда тығыз жабылатын есіктермен, жапқыштармен жабдықталады. Жалынның шашырауынан сақтану үшін пешті тек онда сиретілу бар болған кезде ашуға рұқсат етіледі.

71. Механизмдердің үйкелісетін бөлшектерін майлау жүйелері саңылаусыз. Барлық қиын қол жетімді және жиі майланатын тораптарда орталықтандырылған майлау бар.

72. Материалдарды тиеу, түсіру және қайта төгу орындары тығыздалған және шаң мен газдың аулануын қамтамасыз ететін аспирациясы бар.

73. Пештен шығарылған газдар атмосфераға шығарылар алдында санитарлық нормаларға сәйкес тазартуға ұшыратылады.

74. Пештердің басқару пульттері қосу реттеу аппаратурасымен, технологиялық үрдістердің қауіпсіз жүргізілуін қамтасыз ететін бақылау - өлшеу аспаптарымен және автоматикамен жабдықталады.

75. Металлтермиялық пештерде концентраттардың тасымалдау, реттеу және күйдіру пештеріне салу, оларды пештерде араластыру, күйдірілген концентратты түсіру, бункерлерге жеткізу және түсіру механикаландырылған; бұл кезде шаңның бөлінуінің минималды шамада болуы қамтамасыз етіледі.

76. Газ отынымен жанатын пештер оттықтарын тұтату технологиялық регламент бойынша жүргізіледі.

77. Газдың ғимаратқа таралуымен жалғасатын күйдіру пештерінің қаламасы бұзылғанда ол тез арада жөнделеді.



Шихта материалдарын мөлшерлеу
78. Шихта материалдарын мөлшерлеу, өлшеу және пеш бункерлеріне (қалталарына) салу толығымен механикаландырылған.

79. Вагонеткалар, монорельс арбашаларының қозғалысын басқару кнопкалы және автоматты қарастырылады. Мөлшерлеуіш арбаша (вагонетка) немесе жол қозғалысының жұмыскерлер қозғалысымен қиылысу орындары жарықты дыбыстық дабыл бергіштермен жабдықталады.

80. Қоректендіргіштер, мөлшерлеуіштер, және пеш бункерлеріне (қалталарына) шаңданатын материалдарды түсіру орындары жұмыс аймағындағы шаң мөлшерін шекті рұқсатты концентрациядан аспайтын мөлшерде қамтамасыз ететін аспирациямен жабдықталады.

81. Конвейерлер барлық бойлық және ені бойынша қоршалады. Конвейерлердің жұмыс аймағын жинастыруға тек оларды тоқтатқанда рұқсат етіледі.

82. Адамдардың бункерлерге түсуі және оларда жұмыс жүргізуі технологиялық регламентке сәйкес наряд – шақтама бойынша жүргізіледі.

83. Мөлшерлеу ғимаратының еденінде шихта материалдарын сақтауға және қоюға рұқсат етілмейді.

84. Металлтермиялық пештерде шихта материалдарын мөлшерлеу және араластыру кезінде келесі талаптар сақталады:

1) мөлшерленетін материалдар – құрғақ;

2) шихтаны араластыру орындарында ұшқынның түзілуіне жол берілмейді;

3) шихтаның араластырылуы материалдардың біркелкі таралуын қамтамасыз ететін араластырғыштарда жүргізіледі; араластырғыш конструкциясымен оны эксплуатациялау кезінде ұшқынның түзілуіне жол берілмейді;

4) шихта материалдарын мөлшерлеу және араластыру тораптары жарылыстан қауіпсіз жасалған дербес желдеткіш және аспирациондық қондырғылармен жабдықталады.

85. Шихтаны мөлшерлеу және араластыру тораптарында барлық жөндеу жұмыстары, пісіру жұмыстарын қоса, оларды шихтадан және алюминий шаңынан тазартқанда наряд – шақтама бойынша жүргізіледі.



3 - параграф. Электротермиялық өндіріс

Жалпы талаптар
86. Металлургиялық пештерге қызмет көрсету бойынша барлық ауыр және еңбек сыйымды жұмыстар механикаландырылған;

87. Пештерді тарту жүйелері – түтін құбырлары немесе газ сору құрылғылары – металл және қожды шығару кезінде пеш колошнигінде немесе көрікте қалыптасқан газдардың толығымен жойылуын қамтамасыз етеді.

88. Пештерден атомофераға шығарылатын газдар ылғалды және құрғақ тазартуға ұшыратылады.

89. Ашық электр пештері жылу сәулеленуінен қорғаныс экрандарымен жабдықталады.

90. Пештерді жұмыс алаңдарындағы балкондарда саңылаулар материалдар мен құрал – жабдыққа арналған қоршауларда (қоршамаларда) жеңіл алынатын қоршаулармен жабылады.

Металл балқыту пештерінің электр құрал – жабдықтары
91. Балқыту корпусы ғимаратында орнатылған пеш трансформаторлары оқшауландырылған ғимараттарда орнатылады. Арнайы жасалған трансформаторларда ашық эстакадаларда ғимараттан тыс орналастыруға рұқсат етіледі.

92. Электротехникалық ғимараттар үшін ғимаратқа су мен майдың түсуіне жол бермейтін төбе жабындары мен едендерді гидрооқшаулау қаралады.

93. Пеш трансформаторлары электр қондырғыларға қойылатын талаптарға сәйкес қорғаныс жүйесімен жабдықталады.

94. Жаңадан салынатын пештер үшін кернеу дәрежелерін ауыстыру, пеш трансформаторларының сөндіргіштерін басқару пешті дистанционды және басқару пультінен жүргізу қаралады.

95. Пешті апаттық сөндіру үшін жұмыс алаңында апаттық сөндіру кнопкасы орнатылады.

96. Электр режимін басқару пульті бақылау - өлшеуіш аспаптарымен жабдықталады. Пештің технологиялық режимін бақылаудың ыңғайлылығы үшін жұмыс алаңында қайталағыш электр аспаптары орнатылады.

97. Пештің жұмыс, мөлшерлеу және электродтық алаңдарында қызмет көрсететін қызметкерлерге пештің кернеу ықпалында болатынын ескертетін жырықты дабыл бергіш қаралады.

98. Пештің қосылуымен және сөндірілуімен байланысты барлық жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

99. Жабық электр пештерінің басқару пульттері газ көтеру станциясы тікелей телефон немесе дыбыс күшейткіш байланысымен жабдықталады.

100. Жұмыс алаңынан 3,5 м кем емес биіктікте орнатылған қысқа тоқ тасымалдағыш желінің қатаң пакеті оған қызмет көрсететін қызметкерлердің кездейсоқ тиіп кетуіне жол бермеу үшін қоршаумен жабдықталады.

Қысқа желі жоғарыдан оған шихтаның немесе қандай да заттың құлап кетуіне жол бермейтін қоршаумен жабдықталады.
Пеш ваннасы
101. Көміртекті астары бар электр пештерінің қаптамалары және барлық жабық пештердің қаптамалары саңылаусыз қаралады.

102. Электр пешінің қаптамасы жермен тұйықталады. Қаптаманың жермен тұйықталуы жобаға сәйкес келеді. Жермен тұйықтаудың бар болуы мен күйін тексеру тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық эксплуатациялау талаптарына сәйкес келеді.



Электр пеш ваннасының айналдыру және ию механизмдері
103. Электр пешінің ваннасының айналдыру механизмі пеш сөндірілген кезде автоматты түрде сөнеді.

104. Айналдыру механизмі технологиялық регламентпен қаралған шамаға қандай да электрод бір реттік қайта қосылғанда, тоқтап тұрғаннан соң пеш қыздырған кезде сөнеді. Пеш тоқтап тұрғаннан соң айналдыру механизмінің қосылуы технологиялық регламент бойынша жүргізіледі.

105. Бекітілген секторда пеш ваннасы реверсивтік айналуы кезінде жетек реверсивтікті қамтамасыз ететін автоматикамен жабдықталады.

106. Ваннаның айналдыру құрал – жабдығы орналасқан электр пешінің шұңқыры апаттық жағдайда оған сұйық металл мен қождың түсіп кетуінен қорғалады.

107. Иілетін электр пештерінде автоматты тежеуіштер бар. Электр пешінің ваннасының ию механизмінде алдыңғы жағына да, артқы жағына да июді шектеуіштер бар.

108. Пеш ваннасын ию шектеуіштері жұмыс істемей тұрған кезде июге рұқсат етілмейді. Ию шектеуіштерінің оңтайлылығы кем дегенде аптасына екі рет тексеріледі.

109. Электр пешінің ауырлық центрі пешті ию механизмі істемей қалған жағдайда пештің тік күйге қайтып келетіндей етіп орналастырылады.

110. Пешті ию үшін гидравликалық жетек қолданылған жағдайда гидравликалық құрылғыға балқыған металл мен қождың тиіп кетуіне жол бермеу шаралары жүзеге асырылады.

111. Пешті ию жетегін басқару орнын пешке қызмет көрсетуге ыңғайлы жағынан орналастыру керек, металл мен қожды құю орны тікелей көрінуі болмаған жағдайда белгі бергіштің көмегімен сұрау керек.

Электр пешке шихта салу
112. Электр пешке шихта салу механикаландырылады.

113. Жабық электр пешінің тиеу құрылғысының конструкциясымен цех ғимаратына колошник газының өтуіне жол берілмейді.

114. Жабық пештердің тиеу құбырлары пештің жермен тұйықталған металл конструкциясынан оқшауландырылады.

115. Салу машиналарының троллейі оларда кернеудің бар екендігін көрсететін жарықты белгі бергіштермен жабдықталады.

116. Жұмыс алаңынан 3,5 м кем емес биіктікте орналасқан троллей қоршалады.

117. Салу машиналары дыбыстық белгі бергіштермен және тежеу құрылғыларымен жабдықталады. Салу машиналарының рельс жолдары көлденең.

118. Салу машинасының машинистінің жұмыс орны жылу сәулеленуінен және мүмкін болатын шихта шашырауынан қорғалады.

Жабық электр пешінің күмбезі
119. Жабық электр пешінің күмбезінің конструкциясы оны эксплуатациялау қауіпсіздігін және шығатын газдарды максималды аулауды қамтамасыз етеді.

120. Пеш ваннасының қаптамасымен және газ жолдарымен, күмбездің бөлек бөлшектерімен күмбездің жалғасуы саңылаусыз болуы қаралады.

121. Сумен суытылатын металл күмбез бөлек секциялардан және ажырамалы етіп жасалады.

122. Электрпеші күмбезінің секциясы бір бірінен, күмбездік сақинадан және консольдік балкалардан оқшауландырылады. Аспалы конструкциялы болғанда күмбез ғимараттың металл конструкциясынан оқшауландырылады.

123. Тиеу воронкалары ажырамалы етіп жасалады және күмбез бен сақиналардан оқшауландырылған.

124. Воронкалар мен күмбез секцияларын суыту үшін су жеткізуге арналған құбырлы өткізгіштер электр оқшаулағыш айырмамен жасалады.

125. Күмбездің сыртқы беті электр өткізбейтін және жанбайтын материалдармен қаланады.

126. Электр пештерінің күмбездері сақтандырғыш жарылғыш клапандарымен жабдықталады. Олардың өлшемдері, саны мен орнатылатын орындары жобамен қаралады.

127. Сақтандырғыш жарылғыш клапандарының конструкиясы іске қосылу қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді. Клапандарда көтерілу шектеуіштері және іске қосылған жағдайда жұмыс алаңына ыстық шихта мен газдардың тиіп кетуіне жол бермейтін қоршаулары бар.

128. Газдар газ жинау түтікшелері арқылы газ тазартқышқа шығарылады, олардың саны газ тазарту сызығына сәйкес келеді.

129. Газ шығарғыш түтікшелер конструкциясы түтікшені алусыз күмбез астындағы қуыстан газ өткізгіштерді саңылаусыз айыру мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.

130. Иілген газ жолында және газ жинауыш түтікшеде тығыздауышы бар үнемі шуровкалар енгізілген құрылғы орнатуға болады.

131. Күмбез астындағы қуыстағы негізгі параметрлерді (қысым, температура, газ құрамы) бақылау үшін күмбезде газ сынамасын алу және өлшеу құрылғылар қаралады. Бұл құрылғылар саны жобамен анықталады.

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет