Ғылым және жоғары білім министрлігі


Киберқауіпсіздік қауіп-қатерлерінің типтері



бет38/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

Киберқауіпсіздік қауіп-қатерлерінің типтері
1. Күшпен алушы-бағдарлама – сатып алуға дейін компьютерлік жүйенің файлдарына кіруді бұғаттау арқылы ақшаны алып алу үшін зиянды бағдарламалық қамтамасыз етудің әртүрлілігі. Сатып алуды аудару файлдарды қалпына келтіруге немесе жүйенің жұмыс істеп кетуіне кепілдік бермейді.
2. DDoS - шабуыл(ағылш. Distributed Denial of Service – «қызмет көрсетуден бас тарту») – кең таралған және қауіпті желілік шабуылдардың бірі болып табылатын қызмет көрсетуден бас тарту түріндегі үлестірілген шабуыл. Шабуыл нәтижесінде заңды пайдаланушыларға, желілерге, жүйелер мен өзге де ресурстарға қызмет көрсету бұзылады немесе толық істен шығарылады. DDoS-шабуыл нәтижесінде сайтқа қызмет көрсететін серверлерге үлкен көлемдегі жалған сұратуларды өңдеуге тура келеді және сайт қарапайым пайдаланушы үшін қолжетімсіз болып қалады.
3. Әлеуметтік инженерия – құпия ақпаратты ашу үшін пайдаланушыны тартуға зиянкестер қолданатын тактика.
4. Фишинг (ағылш. phishing, fishing – балық аулау, іліктіру) – компьютерлік айлакерліктің түрі, оның негізгі мақсаты – алдау арқылы құрбанды алаяққа қажетті ақпаратты ұсынуы үшін еріксіз көндіру. Бұл заңмен қудаланатын компьютерлік қылмыс.
5. Сайтты бұзу – бұл зиянкестің сайттың файлдарына немесе сайтты басқару жүйесін әкімшілендіру бөліміне рұқсатсыз қол жеткізуі.
Зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету
Зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету (malware - malicious software сөздерінен қысқартылған: malicious - зиянды және software - бағдарламалық қамтамасыз ету) – жеке компьютерге, серверге немесе компьютерлік желіге зиян келтіру үшін арнайы жасалған кез келген бағдарламалық қамтамасыз етуді белгілеу үшін пайдаланылатын жалпыға бірдей қабылданған термин.
Зиянды бағдарламалар бағдарламалық қамтамасыз етудің күрделі санатын білдіреді. Олар Сізден рұқсат сұрамай орнатылады және компьютердің жұмысына әсер етеді.
Тарату тәсілі бойынша келесі зиянды бағдарламалық қамтамасыз етулер ерекшеленеді: эксплоиттар, логикалық бомбалар, троян және тыңшы бағдарламалар, компьютерлік вирустар мен желілік зиянкестер. Зиянды бағдарламалардың ең кең тараған түрлері трояндар, зиянкестер мен вирустар болып табылады.
Троянзиянкестер ақпаратты жинау, оны бұзу немесе түрлендіру, компьютердің жұмыс қабілетін бұзу немесе оның ресурстарын жағымсыз мақсаттарда пайдалану үшін пайдаланылатын зиянды бағдарлама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет