Ғылым және жоғары білім министрлігі


Мәтіндік құжатты форматтау



бет58/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

Мәтіндік құжатты форматтау
Мәтінді форматтау – құжатты толығымен немесе оның белгілі бір бөліктерінің сыртқы пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Құжаттың сыртқы пішіні де көп нәрсені анықтайды. Сондықтан құжаттың мазмұнының тартымды болуымен қоса, оның сыртқы пішіні де көркем болуы керек.
Мәтінді форматтау дегеніміз – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады.
Мәтінді форматтауға мыналар жатады:
- әр түрлі қаріптерді пайдалану;
- құжат өрісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау;
- мәтінді бағандарға бөлу;
- символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.
Форматтаудың осы әрекеттерін Формат менюіндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады. Құжатты форматтау, яғни алдын ала белгіленген құжат мәтініне жаңа формат элементтерін енгізу негізінде орындалады.
Қаріп параметрлерін өзгерту
Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (Шрифт) диалогтік терезесін ашатын Формат менюіндегі Қаріп командасы қолданылады. Қаріп командасының диалогтік терезесі үш қосымшадан тұрады.
Қаріп қосымшасы қаріптердің параметрін енгізу үшін қолданылады.
Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады (әдетте Times New Roman, Arial, Courier және т.б.)
Сызылым (Начертание) өрісінде қаріптің төменде берілген сызылымы таңдалынады:
Обычный – қалыпты сызылым;
Курсив – курсив сызылымы
Полужирный – жартылай қарайтылған курсив сызылым
Полужирный курсив – жартылай қарайтылған курсив сызылым
Өлшем (Размер) өрісінде қаріптің өлшемі таңдалады.
Астын сызу (Подчеркивание) өрісінде – «асты сызылған» сызықтарының типтері;
Түс (Цвет) өрісінде символдардың түстері берілген.
Көрінуін өзгерту (Видоизменение) төртбұрыштарына мынадай жалаушаларды қоюға болады:
Астын сызу (зачеркнутый) – асты сызылған мәтін бір сызықпен сызылады.
Астын екі рет сызу (двойное зачеркивание)- асты сызылған мәтін екі сызықпен сызылды.
Жоғары индекс (верхний индекс)- мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді.
Төменгі индекс (нижний индекс) – мәтін төмендеп, символ өлшемі кішірейеді.
Интервал (Аралық) — арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді: қалыпты, ашылған, қысылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет