Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет87/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

Google Sites - бұл құрылымдалған вики негізінде жеңілдетілген ақысыз хостинг.
Google қолданбаларының бөлігі ретінде пайдалануға болады. Ақпаратты тез жіберуі керек адамдарға қол жетімді ету үшін wiki технологиясын пайдалануға мүмкіндік береді. Сайт қолданушылары бірлесіп жұмыс істей алады, басқа Google қолданбаларынан ақпараттар қоса алады, мысалы Google Docs, Google Calendar, YouTube, Google Photos және т.б.
Сайт жасаушы басқа қолданушыларды сайтта ынтымақтастыққа шақыра алады, олардың материалдарға қол жетімділігін басқара алады. Сайтты жеке режимде пайдалануға болады, мысалы, жеке вики дәптерін ұйымдастыру үшін немесе авторизациядан кейін ғана ақпаратқа қол жеткізе отырып жеке жоба бойынша жазбаларды жүргізу үшін.
TurboSite - бұл веб-сайттар мен электрондық оқулықтар құруға арналған ақысыз бағдарлама.
TurboSite көмегімен сіз HTML веб-сайтты немесе түсініктемелермен, кері байланыс формаларымен, бейнежазбалармен және JavaScript тесттерімен және тағы басқаларымен бірнеше минут ішінде жасай аласыз! Бірнеше қадамда сіз дайын веб-сайтты аласыз:
1. Әрлеу үшін тақырып таңдаңыз
2. Беттерді қосу,
3. Өрістерді толтырыңыз (сайттың атауы мен сипаттамасы, автор туралы ақпарат және т.б.),
4. Ақпараттық блоктарды қосыңыз (қажет болса: есептегіштер, жарнамалар және т.б.),
5. Дайын!
Бағдарламаны қолдану өте қарапайым, бағдарламалау тілдерін білуді және мәтінді белгілеуді қажет етпейді! TurboSite-пен жасалған веб-сайт немесе электрондық оқулық кез-келген операциялық жүйеде, кез-келген заманауи шолғышта жұмыс істейді және кез-келген ақысыз хостингке жүктелуі мүмкін (PHP, MySQL және т.б. қолдауды қажет етпейді).
Тапсырма. Google Site, TurboSite сайттарының мүмкіндіктерімен танысу, өзіндік жұмыстарда қолдану.
15 тәжірибелік жұмыс. Қашықтықтан оқыту курстарын құруға арналған құрал-саймандардың қабықшаларын салыстырмалы талдау.

Қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ – бұл тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-біріне кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тар мағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тыңдаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғарғы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі.


Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:
- кейс технологиясы (ағылшынның case - портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Тыңдаушылар қажетті оқу құралдарын, курс бойынша басшылық, аудиокасеталар, видеокасеталар, оқытушы компьютерлік бағдарламалар, CD-ROM-дағы материалдар және т.б. қамтыған оқу әдістемелік материалдардың жинағын алады;
- телевизиялық технология тікелей эфирде лекция оқумен өткізіледі;
- мультимедия технологиясы бағдарламаны оқытатын электронды оқулықтар жасайды;
- интернет технологиясы арқылы презентациялар түрінде лекциялар мен сабақтар өткізіледі.
Қашықтан оқытудың білім берушілік үрдісінде келесі оқыту құралдары қолданылады:

  • Баспалық шығарылымдар;

  • Электрондық басылымдар;

  • Кәдімгі және мультимедиалық варианттардағы компьютерлік оқытушы жүйелер;

  • Оқу – ақпараттық аудиоматериалдар;

  • Оқу – ақпараттық бейнематериалдар;

  • Қашықтан жүргізілетін лабораториялық практикумдар;

  • Тренажерлер;

  • Алыстан қол жеткізілетін білімдер мен ақпараттар базалары;

  • Электрондық кітапханалар;

  • Эксперттік оқыту жүйелеріне негізделген дидактикалық материалдар;

  • Геоинформациялық жүйелерге негізделген дидактикалық материалдар;

  • Компьютерлік жүйелер.

Қашықтыққа ақпараттар жеткізу технологиясы бойынша қашықтан оқытудың түрлері:
- Баспалық материалдарды почта арқылы тарату (дәстүрлі сырттан оқыту
- Аудио – бейнентаспаларды және CD –формасына тән);
- ROM жүйелерін тарату;
- Интерактивті ТВ мен бейнеконференциялар арқылы тарату;
- Электрондық почта және тарату қағаздары арқылы (Internet жүйесі базасында) тарату;
- Телеконференциялар, IRC, МОО, MUD (Internet жүйесі базасында )
- W W W арқылы тарату
Телеконференциялар -бұл екі немесе одан да кџп қатысушылардың зара қарым-қатынасын ұйымдастыру үшін байланыстың электронды каналдарын пайдалану процесі. Телеконференция процесінде дыбыс, бейне немесе компъютерлік ақпараттар жеткізіледі. Телеконференцияға жіберілетін хабарлар оның барлық қатысушыларына бірдей жеткізіледі де, сол арқылы бұл процесті диңгелек стол айналасындағы сұхбат алмасуға ұқсатып отырады. Әрбір конференцияға тематиканың, этикетінің бұзылмауын қадағалап отыратын координатор басшылық етеді.
Аудиоконференциялар - қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі.
Аудиоконференцияларды сандық, сонымен қатар аналогтық байланыс жүйелерінде ұйымдастыруға болады. Аудиоконференциялар біржақты бейнеқатынастарда, спутниктік телевидениеде, сондай – ақ селекторлық кеңестер ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.
Бейнеконференциялар – бұл қажетті аппараттық – бағдарламалық кешендермен қамтамасыз етілген екі немесе одан да кип нүктелер арасында бейнекџріністермен немесе дыбыстық ақпараттармен алмасу әдісі. Оған қатысушылар бір – бірін шынайы уақыт аралығында көре және ести алады, Сондай-ақ, ақпараттар алмасып, оларды біріге отырып өңдей алады. Мынадай жүйе оқушылардың оқытушымен тікелей қарым - қатынас кететiн шығындарын болдырмайды, жұмысының нәтижесін жоғарылатады. Іс жүзінде кез келген ақпаратты тез және оңай түрде жеткізе алу мүмкіндіктерін ескеріп, бейнеконференцияларды қашықтан білім беру жүйесін ұйымдастырудағы ең тиімді технология ретінде қарастыруға болады.
Компьютерлік телеконференцияларға – жүздеген және мыңдаған Internet жүйесін пайдаланушылар қатыса алады. Конференцияға қатысу технологиясы өте қарапайым – адресін теріп алсаңыз болды. Конференцияға қатысушының компьютері экранында оған қатысушы өзге мүшелердің пікірлері мен айтқан сөздері көрініп тұрады. Хабарлар мен пікірлер экранда өте тез пайда болғанымен телеконференцияларды синхронды құралдар қатарына толықтай қосуға болмайды. Бұл технология өте үлкен кџлемді хабарландырулар тақтасын еске түсіреді. Сол хабарландырулар тақтасындағыдай мұнда да ақпарат көздері біраз уақыттар бойына сақталып тұрады.
Интернет негізінде қашықтықтан оқыту барысында оқытушылар мен тыңдаушылар бір-бірімен әртүрлі телекоммуникациялық құралдар көмегімен әрекет етеді. Электронды пошта оларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды пошта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезінде, сұранысты алғаннан соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылар мен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады:
- туындайтын мәселелерді қарастыру;
- мақсат пен міндеттерді қою;
- білім, тәжірибелерді беру;
- ұйымдастыру қызметі;
- білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру;
- оқу процесін бақылау.
Қашықтық педагог пен оқушы электрондық пошта арқылы тест, бақылау тапсырмалары, бағалау парақтарымен алмаса алады, үй тапсырмаларын береді және оның орындалуын қадағалайды. Телебайланыс уақытында слайдтар, сурет, сызбалар, т.б. көрсетеді. Сондай-ақ оқушылар көрнекі материалдарын бір-бірімен алмастыра алады. Оқушы өз жұмыстарын мұғалімдер мен басқа оқушыларға ұсынады. Бұл үрдісті педагог басқарып отырады, электрондық конференция түрінде, сондай-ақ ICQ чат немесе видеоконференция арқылы сұрақтар береді, ол бір оқушыға , сондай-ақ барлық топқа бірден сұрақ қоя алады. Оқытушы тақырып бойынша пікірталасты бастап, оқу міндеттеріне сәйкес түрлі телеконференциялар арқылы пікірталасты басқарып отырады. Пікірталас веб-формула, e-mail – конференция, чат пікірталас түрінде өтуі мүмкін. Оқушы жеке не электрондық хат арқылы сұрақтар қоя алады, басқа оқушымен байланысқа түсіп, сұрақтар бере алады. Оқытушы үрдісті реттеп, өзінің түсіндірмелерін енгізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет