Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу əдісімен де алынады. Олар: шəкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық жəне бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пəн дəптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік жəне дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу əдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дəрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие , білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.
Педагогикадағы математикалық жəне статистикалық əдістер сауалнама, эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тəуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып, эксперимент нəтижесін бағалауға, қортындылар сенімділігін арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге жəрдемдеседі. Математикалық əдістер арасында педагогикада ең көп қолданымға келетіндері: тіркеу (регистрация), ранжирование (тəртіпке келтіру), өлшемге түсіру (декодирование). Статистикалық əдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа сандық шамасы айқындалады: орта арифметикалық (салыстырып бақылау жəне эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа санын шығару үшін); медиана – тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта он екі оқушы болса, бағаның өсу дəрежесімен өрнектелген тізімде алтыншысының бағасы - медиана ); таралу дəрежесі – дисперсия немесе орташа квадраттың ауытқу, баламалар коэфиценті жəне т.б.
Мұндай есептерді жүргізу үшін белгілі формулалар, анықтама таблицалар қабылданған. Осы əдістермен жинақталған көрсеткіштердің сандық тəуелділіктері графиктер, диаграммалар, таблицалар түрінде өрнектеледі.
Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, əлі анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тəуелділіктері ұланғайыр, тың халінде. Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты – ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-əрекеті. Егер осы теориялық жəне тəжірибелік ізденістер аталған педагогикалық əдістер жүйесін жете білумен жүргізілетін болса ғана, педагогтың өз тəжірибесі де, басқалардың да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады, соның нəтижесінде оқу-тəрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.
Бастауыш білім беру педагогика саласы ғылыми білімді игеру әдістерін көрсетіңіз
Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. Әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің –нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен, бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік.
Дескриптивтік əдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік əдіснама – зерттеу іс-əрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дəстүрлі əдіснамалық талдауда ғылыми іс-əрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары жəне ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу əрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.
Тарихи және психологиялық-педагогикалық үрдістегі өзара байланысты синергетика –қазіргі бірлікті іс-әрекет теориясы зерттейді. Бұл теория тұтас жүйенің тұрақты болмай, өзгерісте болатындығын ескеріп, тұтастықтын ішінен нақты жағдайларда жоспарланған басты бір нұсқасын алып, болжамдалған нұсқамен байланыстыру синергетикалық үрдістің мағынасын ашады.
Педагогикалық жүйенің бір-бірімен байланысты құзыреттіліктерін: білім мен тәрбие мақсаты, оның тарихи аспектісі, педагогикалық үрдістің субъектісі, педагогикалық идеялар мен ой-пікірлер, білім мазмұндары (жалпы, базалық және кәсіби мәдениет), материалдық базасы, т.б. бірлігін және құрылымдық-функциялық қызметтерін тұтастық амал арқылы зерделенеді.
Іс-әрекет амалы тарихи-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық
зерттеулерде нақты ғылыми-әдіснамалық ұстаным ретінде танылады. Педагогикалық үдерісті қайта құру немесе өзгерістер енгізудің алғашқы формасы – еңбек. Адамның материалдық және рухани байлықтарды жасаудағы іс-әрекеттері еңбек барысында атқарылып, айналасын қоршаған дүниені шығармашылықпен өзгеріске түсіреді. Табиғатты өзгерту арқылы адам өзін де өзгертіп, өзін дамыту субъектісіне айналады.
Белгілі психолог А.Н.Леонтьевтің айтқанындай: “Адамзат мәдениетінің жетістіктерін игеруде, – деп жазады ол, - әр жаңа ұрпақ алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін, қызметін, ісәрекетін атқару арқылы, оның жетістіктерін одан әрі жетілдіреді”,- деген. Сондықтан, оқушыларды өмірге және жан-жақты іс-әрекеттерге дайындауда, олардың мүмкіндіктерін ескеріп, өз өмір тіршіліктеріне қажетті істерге тартып, әлеуметтік және адамгершілік тұрғыдан өмірін ұйымдастыру қажет.
Ал, мәдениеттану амалы – оқушының жеке тұлғасын зерттеп, құндылық
бағдарын қалыптастыруда аксиологиялық құндылық іліміне сүйеніп, нақты ғылыми әдіснама ретінде таным мен педагогикалық іс-әрекеттерді қайта құру немесе өзгерістер енгізуге бағыт-бағдар алады. Мәдениет амалы жеке тұлғаның мәдениетпен объективтік байланысы негізінде, оның мінез-құлқына құндылықтар жүйесін тәрбиелейді. Өйткені, адам мәдениет арқылы дамығандықтан сол мәдениетке жаңа элементтер енгізуге үлес қосады. Сол себептен, адам мәдениет құндылықтар жүйесін игеріп өзін-өзі дамытса, екінші жағынан, оның шығармашылықты жеке тұлға болып дамуына жағдай туады.
Этнопедагогикалық амалдың мәні – этностың біріне жататын оқушы тұлғасы әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүреді және білім мен тәрбиені алады. Халықтың ұлттық салт-дәстүріне, оның мәдениетіне, діліне, ұлтық-этникалық психологиясына, әдетдағдыларына сүйеніп, педагогикалық үрдістің жобасын жасап, жоспарлап ұйымдастырады. Әртүрлі білім мекемелерінің ортақ мақсаты – оқушы-жастарды ұлттық мәдениетке ынта-ықыласын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуге жағдай туғызады. Ал, педагог бұл ортаны жан-жақты зерттеп, оқушылардың адамгершілік қарым-қатынастарда болуға септігін тигізіп, балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың тәрбиелік мүмкіндіктерін нәтижелі пайдаланады.
Ғылыми зерттеу ізденісінің қисынына сай зерттеу әдістерін анықтауда, олардың тарихи, теориялық және практикалық әдістер кешендерінен тұрғандықтан және білім үрдісі қиын да, көп функциялы болғандықтан көптеген зерттеу әдістерін орын-орнымен қолданылады. Тарихи және педагогикалық мәселелердің аспектілері мен параметрлерін жан-жақты нақты түрде анықтап аламыз.
Ғылыми-зерттеу әдістерін үш топқа: тарихи-теориялық зерттеу әдісі; педагогикалық ойлар мен идеялар және тарихи-педагогикалық тәжірибелерді зерттеу әдісі; математикалық және статистикалық әдістер деп бөлеміз.
Тарихи-педагогикалық зерттеу әдісі – бұл мұрағат құжаттарды, тарихипедагогикалық құбылыстарды зерттеу арқылы педагогикалық ой-пікірлер, идеялар, теориялар мен тәжірибелерді жүйелеу негізінде ғылыми-тарихи ақпараттар алып, олардың арасындағы заңдылықты байланыстарын, қарым-қатынастарын айқындап және тарихи теорияларға сипаттама беріледі.
Тарихи-теориялық зерттеу әдістері – тарихи-педагогикалық құбылыстардың
кейбір жақтарын, белгілері мен ерекшеліктерін тарихи-теориялық жағынан талдайды.
Кейбір фактілерді талдағанда, олардың мазмұндық жақтарына қарай топтастырып және жүйелеп, зерттеушілер педагогикалық құбылыстын жалпылығын және ерекшелігін айқындайды. Тарихи-теориялық зерттеулерде идуктивті және дедуктивті әдістерді қолданады. Идуктивті әдісте ізденушінің ойлау қабілетін жеке пікірден жалпы қорытынды жасауға итермелесе, дедуктивті әдіс – қарама-қарсы, жалпы пікірден жеке қорытындыға келуге бағыттайды.
Тарихи-теориялық әдіс ізденушінің зерттеу мәселесін анықтауға, болжамын және жиналған фактілерге баға беруде пайдаланылады. Бұл әдіс әдебиеттерді талдаумен байланысты: жалпы адам тану мәселелері бойынша классиктердің еңбегін зерделеу және педагогика тарихы әдіснамасын басшылықа алу; тарихи-педагогикалық жұмыстар мен мұрағат құжаттарымен танысу; күнделікті педагогикалық баспа бетінде жарық көрген материалдарды оқу; мектеп, оқу-тәрбие үрдісі және озат педагогикалық тәжірибелер жайлы жазылған монографиялық еңбектер және ғылыми әдебиеттерді қарастыру,педагогикаға байланысты оқулықтар мен оқу-құралдарымен танысу.
Зерттеушінің ғылыми әдебиеттермен танысудағы жасайтын іс-әрекеттері:
- зерттеу мәселесіне байланысты әдебиеттер тізімін құру;
- зерттеу жұмысының басты мазмұндарына және қысқаша басты идеялар мен
қағидаларға конспект жасау;
- әдебиеттегі қажетті сілтемелерді, ой-пікірлерді, сандық мәліметтерді немесе
фактілерді мәтінінен сөзбе-сөз жазып алу.
Тарихи-педагогикалық тәжірибелерді зерттеу әдісі, кейде дәстүрлі педагогикалық әдістер деп атайды. Бұл әдістерді кезінде Платон, Квинтилиан, Я.А.Коменский, И.Песталоццилер де қолданған, қазірде ғылымда пайдаланыланады. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, бақылау, әңгімелесу, сауалнама, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, мектеп құжаттарын т.б. зерттеу әдіс-тәсілдері ізденіс жұмыстарында қолданылады.
|
Білім беру мен ғылымның парадигмаларының ауысуы – ғылымның даму заңы ретінде көрсетіңіз
Парадигма (грек. paradeigma мысалы, үлгісі) – нақты ғылыми зерттеуді (білімді) анықтайтын және осы кезеңде танылған алғышарттардың жиынтығы. Ғылым философиясындағы парадигма ұғымын позитивист Г.Бергман енгізді және оны американдық физик Т. Кун («ғылыми революциялар құрылымы», 1962) білімнің кең дамуы кезеңінде жетекші өкілдер мен жаңа мәліметтер алу әдістерін белгілеу үшін кеңінен таратты, оны көбінесе «әлем бейнесі» ұғымы алмастырады.
Ғылыми қауымдастық-формальды белгісі (кафедра) бойынша емес, ортақ көзқарастары негізінде (яғни олар бір теорияны, бір парадигманы таниды) ғалымдар бірлестігінің белгілі бір түрі.
Т. Кунның айтуынша, ғылымда парадигманың пайда болуы оның жетілуінің белгісі. Кез-келген ғылымның дамуының алғашқы кезеңінде парадигма жоқ, көптеген бәсекелес теориялар бар (мысалы, қазіргі психология). Белгілі бір кезеңде ғалым басқалардан жоғары теория жасайды, нәтижесінде ғалымдар бұл теориямен тез келіседі (Ньютон «Табиғи философияның математикалық принциптері», «Оптика»). Т. Кунның айтуынша, парадигма келесі 2 қасиетке ие:
1) бұрын-соңды болмаған-барлық параметрлер бойынша басқа
теориялардан артықшылық;
2) ашықтық – парадигма шеңберінде екінші кезектегі мәселелер жете
пысықталмаған күйінде қалып отыр, сондықтан ғалымдардың қызметі
үшін өріс бар.
Парадигма сөзбе-сөз ғалымдардың іс-әрекеті үшін үлгі болады:
– салықтар мақсаты: - мұны ойлап, ал бұл – жоқ;
- әдістерді белгілейді-қандай әдістер заңды (заңды)екенін айтады;
- ғалымның онтологиялық көкжиегін анықтайды-ол бар және не болуы мүмкін емес дейді.
Кезде парадигмасы қабылданды көпшілік ғалымдардың басталып, оны өрістету шынайы ғалымдардың қызметінің шеңберінде осы немесе өзге де парадигмасы. Бұл қалыпты ғылым. «Қалыпты ғылым» шеңберіндегі ғалымдардың қызметін сипаттай отырып, Т. Кун оны жұмбақтардың шешімі деп атайды, яғни. қалыпты ғылым шеңберіндегі ғалымдар іс-әрекеттің нәтижелерін алдын-ала біледі. Қайдан? Парадигмадан.Белгілі бір уақытта
парадигма өте сәтті болады, бірақ ерте ме, кеш пе, кез-келген парадигмамен дағдарыс орын алады, яғни.аномалия пайда болады. Аномалия-бұл парадигма тұрғысынан мүмкін емес эмпирикалық байқалатын факт.
Дағдарысты дамытудың 3 нұсқасы бар:
проблемаларды жақсы уақытқа дейін кейінге қалдырыңыз;
аномалия мен ескі парадигманы үйлестіруге тырысыңыз
маңызды емес қайталама құралдардағы парадигманы өзгерту арқылы;
егер бірінші және екінші нұсқалар мүмкін болмаса, ғылыми революция
басталады (парадигманың ауысуы).
Әдетте парадигманы өзгерту кезінде жаңасы ескіден көптеген фактілерді мұра етеді. Бір қарағанда, бұл парадигмалар арасындағы сабақтастық туралы айтуға мүмкіндік береді, бірақ олай емес, өйткені ескі фактілер ескі емес, жаңа.
Факт-бұл шындықты түсіндіру. Сондықтан олар жаңа парадигма тұрғысынан мүлдем басқаша түсіндіріледі. Т. Кун парадигмалардың сәйкес келмеуі (сәйкес келмеуі) туралы айтады.
Жаңа парадигманы таңдау субъективті иррационалды сәтке байланысты. Жаңа парадигма ескіге қарағанда шынайы деп айтуға болмайды.
Олардың ешқайсысы дұрыс емес. Ғылым-бұл миф.
Парадигма тұрғысынан ғылым өзінің дамуында кейбір циклдерден өтеді, олардың әрқайсысын бірнеше кезеңге бөлуге болады:
1. Ғылым дамуының допарадигмалдық кезеңі. Бұл кезеңде парадигма
жоқ және көптеген соғысушы мектептер мен бағыттар бар, олардың
әрқайсысы болашақта жаңа парадигма үшін негіз бола алатын көзқарастар
жүйесін дамытады. Бұл кезеңде диссенсус, яғни ғылыми қоғамдастықта
келіспеушіліктер бар.
2. Ғылыми революция кезеңі. Парадигма пайда болады, оны ғылыми
қоғамдастықтың көпшілігі қабылдайды, парадигмамен келісілмеген барлық
басқа идеялар артта қалады және қабылданған парадигма негізінде ғалымдар
арасында консенсус – келісімге қол жеткізіледі. Бұл кезеңде ғалымдардың
ерекше түрі, жаңа парадигмалар құруға қабілетті революциялық ғалымдар
жұмыс істейді.
3. Қалыпты ғылым кезеңі. «Қалыпты ғылым» Жалпы қабылданған
парадигма аясында дамып келе жатқан ғылымды атайды. Мұнда:
1) парадигма үшін маңызды фактілерді оқшаулау және нақтылау бар,
мысалы, химиядағы заттардың құрамын нақтылау, астрономиядағы
жұлдыздардың орнын анықтау және т. б.;
2) парадигманы растайтын жаңа фактілерді алу бойынша жұмыс
жүргізілуде;
3) бар түсініксіздіктерді жою және парадигманың бірқатар
проблемаларын шешуді жақсарту мақсатында парадигманы одан әрі әзірлеу
жүзеге асырылады;
4) түрлі заңдардың сандық тұжырымдары белгіленеді;
5) парадигманың өзін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде: ұғымдар
нақтылануда, парадигмалық білімнің дедуктивті формасы дамуда,
парадигманың қолданылу аясы кеңеюде және т. б.
Парадигма – бұл белгілі бір уақытта ғылыми идеялар мен теориялардың басым жүйесі, бұл ғалымдарға әлемге нақты көзқарас береді және олар өз жұмысында ғылыми білімнің осы модельдерінен шығады. Бүкіл ғылыми қауымдастық пен қоғамдық сана мойындаған
жалпы ғылыми парадигмаларды және әртүрлі білім салалары мен жеке ғылымдардың теориялық негізін құрайтын мамандандырылған парадигмаларды ажырату әдетке айналған. Бұл тұрғыда мамандандырылған парадигмалар ретінде педагогикалық ғылымның парадигмалары туралы айтуға болады.
|
Бастауыш білім беру педагогика ғылымының жаңа бағыттары мен идеяларының дамуын көрсетіңіз
Педагогика ғылымының алдында тұрған мiндеттердің күрделiлiгi бiздің қоғамымыздың барлық саласында жүрiп жатқан қайта құру процесiнен туындайды.
Қоғамның экономика мен саяси жүйесiндегi жаңаша ойлау, халықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетiлдiру мәселелерi үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiнің ғылыми негiзiн анықтаумен байланысты шешiледi.
1. Педагогика ғылымы алдындағы басты мiндеттердің бiрi - үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiн жасау.
2. Педагогика ғылымындағы негiзгi бағыттар халық ағарту жүйесiн, оқу-тәрбие процесiн интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуаландыру, индивидуализациялау және демократияландырудың ғылыми теориялық принциптерiн ашу.
3. Қоғам өмiрiндегi тәрбиенің ролi мен жеке адамның қалыптасуы туралы, теориялық мәселелердi айқындау педагогиканың негiзгi мiндеттерiнің бiрi.
4. Бiлiм беру мазмұнының ғылыми негiздерiн жасау, жалпы политехникалық және кәсiптiк бiлiм берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу тәрбие процесiн оптималдандырудың тиiмдi әдiстерiн ашу, ғылыми практикалық мәнiн көрсету.
5. Сондай-ақ маңызды мiндеттердің қатарына қоғамдағы мұғалiмнің әлеуметтiк орнын және оқу-тәрбие процессiндегi ұстаздың ролi мен маңызын көрсету және iлiмiздегi үздiксiз педагогикалық бiлiм берудің мазмұнын жасау, өздiгiнен бiлiм алудың ғылыми практикалық негiзiн айқындау жатады.
6. Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, ролiн көрсету және оның педагогикалық процесте жұзеге асырылу жолдарын айқындау.
1. Педагогика негiзгi мiндеттерi
1. "Педагогика" терминi гректің екi сөзiнен: "пайс" - бала және "егейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан.
Адам бүкiл өзiнің өмiрi бойында тәрбиеленедi және қайта тәрбиеленедi.
Педагогика оқулығында, зерттеу еңбектерiнде, анықтамалықтар мен энциклопедиялық сөздiктерiнде педагогика ғылымына берiлген әр тұрлi анықтамаларды кездестiремiз. Ең көп кездесетiнi: педагогика тәрбие туралы ғылым; педагогика жас ұрпақтар туралы ғылым; педагогика адам тәрбиесi туралы ғылым деген анықтамалар.
Ал педагогика пәнiне берiлген анықтамалар да әр түрлi. Педагогика пәнi - адамды адам тәрбиелеу, педагогика пәнi - тәрбиелiк iс-әрекет, педагогика пәнi арнайы ұйымдастырылған әлеуметтiк сала.
Ең негiзгiсi педагогика тәрбие туралы ғылым.
Әрбiр ғылымның өзiне тән зерттейтiн саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда "болмыс", "материя", "қозғалыс", саяси экономияда - "қоғамның өндiргiш күштерi мен өндiрiстiк қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "бiлiм беру", "оқыту", ұғымдары жатады.
Педагогикалық ұғымдардың бiрi - т ә р б и е.
Тәрбие дегенiмiз - адамдарды қоғамдық өмiрге және өнiмдi еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжiрибенi беру процесi болып табылады.
Барлық тәрбие салалары: жанұя, мектепке дейiнi мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информация құралдары, баспа орындары.
Тәрбие - белгiлi жоғары мақсатқа бағытталған процесс: а) жас ұрпақтың рухани дене күштерiн дамыту; ә) ғылыми-материалистiк дүниетануды қалыптастыру; б) қоғам өмiрiне, қоғамдық өндiрiстің белгiлi саласына қатысуға дайындығы болу мiндетiн қамтиды.Тәрбие - аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихы тәжiрибенi беру процесi.
Бiлiм беру - бұл ғылымдар жүйесiнен бiлiм алу және танымдық, iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру, оның негiзiнде жеке бастың көз қарасын, адамгершiлiк тағы басқа қасиеттердi қалыптастыру, адамның шығармашылық күшi мен қабiлетiн дамыту.
Оқыту - бұл оқушы мен мұғалiмнің мақсатты тұрде өзара әрекет жасау процесi. Бұл процестің барысынды бiлiм беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның бiлiм алуы жұзеге асырылады.
Бiлiм беру - оқыту мен тәрбие жұмысын бiрiктiретiн және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Педагогиканың анықтамасының құрамына: "тәрбие", "бiлiм беру", "оқыту" ұғымдарымен қатар "өздiгiнен бiлiм алу" ұғымын да аламыз.
Өздiгiнен бiлiм алу - бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы мiндет көздеген жұмысы, өздiгiнен бiлiм алу адамның өзi қызығатын мәселеген байланысты iзденiп, қажеттi бiлiмдi меңгеруi, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқылы бiлiмiн жетiлдiру болып табылады.
Сонымен бiрге адамның "жетiлуi", "дамуы", "өзiн-өзi тәрбиелеу" ұғымдарымен бүгiнгi педагогика өзiнің зерттейтiн проблемаларының шеңберiн толықтырады.
Жеке адамның дамуы - бұл iшкi және сыртқы, басқаратын, басқармайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетiлу процессi. Жеке адамның дамуына, жетiлуiне мақсатты түрде жүргiзiлетiн тәрбие мен оқыту шешушi роль атқарады.
Жеке адамның қалыптасуына өзiн-өзi тәрбиелеудің маңызы зор. Өзiн-өзi тәрбиелеу - адамның сапалы түрде белгiлi бiр мақсат көздеп өзiнің бойына қалыптастыратын қасиет, мiнез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Педагогикада бұл негiзгi ұғымдардан басқа көптеген түсiнiктер мен тұжырымдар бар. Мәселен, бiлiм, iсркелiк, дағды, әдiс, тәсiл, құралдар, жұмыс формалары, қағида т.б.
Тәрбие педагогикалық кең мағынада - бұл мақсат кезделiнген процесс, қоғамның арнайы бөлiнген адамдары - мұғалiм, педагог, тәрбиешiлерiнің басқаруы мен жүргiзiлетiн процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысы ұйымдастырады. Жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын кешендi факторларды пайдалан отырып ерекше әдiс-тәсiлдердi қолданады.
"Тәрбие" терминi тар мағынада жеке тәрбиелiк мiндеттi шешуге, жеке адамның белгiлi бiр қасиетiн қалыптастыруға, мәселен адам тiршiлiгiн немесе эстетикалық талғамым тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
1. Кең мағынада деген ұғымда бүкiл сыртқы әсерлердің адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтiк ортаның - қоршаудың сонымен бiрге тәрбиешiлердің арнайы бағытталған iс-әрекеттерiнің ықпалымен адамды қалыптастыруды айтамыз.
2. Тәрбие қоғамдық құбылыс. Тәрбие - адамды қоғам өмiрiне сай қоғамдық еңбекке дайындауды әлеуметтiк қажеттiлiктен туған объективтi процесс. Сондықтан да тәрбие ежелгi заманна бастап қоғамдық еңбек сипатында болып келедi. Іоғамның дамуы, қоғамдық қатынастардың өзгеруi тәрбиеге өз әсерiн тигiзiп отырады.
2. Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өттi.
Алғашқы педагогикалық ой-пiкiрлер ертедегi шығыс елдерiнің (Египет, Вавилония, Үндi, Қытай) философиялық жүйесiнде дамыды. Кейiн бiртiндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгi дұние философиясы ертедегi шығыс елдерiнің қорытын жиыстырған бiлiм мұрасын iлгерi дамытқан едi. Саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесiнің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелiгi сияқты педагогикалық проблемаларды қарастырады. (Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит). Феодалдық қоғам түсында (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мұлдем өзгердi. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерiнің қатар дамуы көзқарастарының орнына "о дүниелiк өмiрге" дайындауды ұсынған пiкiрлер қалыптасты. (Монастрлық, мұсылман мектебi).
ХV-ХVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын санады. Адамның жеке басының тәрбиесi, оның дамуы ойшылдарды толғандырды, сондықтан бұл кездегi мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталады. (Ф. Ром, Т. Мор). Гуманистер жаңа дәуiр үшін жаңа адам қажет дедi.
Феодализмнен капитализмге өту дәуiрiнде дiн шырмауындағы ғалымдар дамып жеке бөлiнiп шыға бастады. Чех халқының ұлы педагогик Я.А. Коменский, швейцарияның педагогы Демократы И. Песталоцци т.б. олар ХVI ғасырдағы прогрестiк познцияларды ұстады.
Я.А. Коменский (1592-1670)
Д. Локк (1632-1704)
Д. Дидро (1713-1784)
Ж. Руссо (1712-1778)
И. Песталоцци (1746-1827)
Россияда революцияшыл-демократиялық ойдың негiзiн салушылар А.Н. Радищев, В.Г. Белинский, А.Н. Герцен, XIX ғасырдың 60-ы жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, XIX ғасырдың 60 жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, XIX ғасырдың екiншi жартысында демократиялық тәрбиенің идеяларын ұсынушылар Н.И.Пирогов, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой т.б. болды.
XIX ғасырдың 40 жылдарында марксизмнің шығуы педагогикалық ой-пiкiрдің дамуына үздiк әкелдi. Ғылым коммунизмнің негiзiн салушы К. Макрс пен Ф. Энгельс болды.
В.И. Ленин тәрбие және бiлiм жөнiндегi маркетiк iлiмдi жаңа жағдайда iлгерi дамытты.
Н.К. Крупская (1869-1939) советтiк педагогика ғылымын дамытуда зор ұлес қосқан марксист-педагог.
Н.К. Крупская айырқыша кө»iл бөлген мәселелерiнің бiрi оқыту теориясы. Сонымен бiрге оқушылардың өзiн-өзi басқарудағы мақсаты мен мiндеттерiн белгiледi.
Көрнектi педагог А.С. Макаренко (1888-1939) советтiк педагогика ғылымына үлкен ұлес қосты. Жоспарды қайта тәрбиелеудегi өзiнің бай тәжiрнбесiне сүйенiп, оқу-тәрбие жұмысын жүргiзудің жүйелi теориясы мен методикасын құрды.
Көрнекi педагог В.А. Сухомлинский (1918-1970) педагогика ғылымының дамуына зор ұлес қосты. В.А. Сухомлинский өзiнің педагогикалық жүйесiнде әрбiр оқушының жеке басының жан-жақты дамуының, дара ерекшелiктерiнің, қабiлетiнің, бейiмдiлiгiнің, қызығушылыгының тағы басқа қабiлеттерiнің жетiлуiне бағытталған оқы тәрбие процесiн ұйымдастырады. Сонымен педагогика тарихында жинақталған мол қазынасын құрудың негiзiнде қоғамды демократияландыру, гуманитарландырудың бағыттарымен туындайтын принциптерiмен ұштастыру бұгiнгi кұнде педагогика ғылымының күрделi мiндеттерi болып саналады.
|
Білім берудегі мониторинг ұйымдастырудағы туындайтын проблемалар туралы өз ұстанымдарыңызды айқындаңыз
Мониторинг –мектепті көп деңгейлі басқарудағы маңызды жүйелердің бірі. Ол диагностика жүргізілуін және болжамдалған нәтижелерге сәйкес мектептердің оңтайлы қызмет етуін қамтамасыз етеді. Мониторингтегі жүйе құрайтын құрылым(қасиет) білім беру мекемелерін қолданатын бақылау түрлерін түгел өзара іс-әрекеттегі элементтердің бірыңғай құрылымына біріктіруге мүмкіндік береді. Мақсаттары да, қаржылары (құралдары) да ортақ бұл элементтер мынандай принциптер негізінде қызмет етеді: жүйелік, циклдік, кезеңділік, оқиғаларды тікелей бақылау нәтижелері бойынша бағалау.
Мониторинг басқарудың барлық функцияларымен және сатыларымен тығыз байланыста болады. Мониторинг қарастыратын негізгі мәселелер: мектеп білім беру жүйесінің мақсаты; хал-ахуалы және оның функциялық негізгі көрсеткіштері туралы ақпараттар; болжамдар; шешімдер; педагогикалық қызметті ұйымдастыру және атқару ; оқу мекемесі қызметін түзету.
Мониторинг басқару ісін ақпараттық қамтамасыз етуге, оның тиімділігін арттыруға бағдарланған. Ол кез келген уақытта объекті туралы, оның хал-ахуалы жайлы біліп отыруға мүмкіндік береді. Мониторинг қолданыстағы құқықтық және нормативтік құжаттарға, білім беру ісін ұйымдастырудың әдістемелік материалдарына және мектепті дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.
Мониторингтің мақсаты мен міндеттері. Мониторингтің мақсаты мектеп білім беру жүйесінің хал-ахуалы туралы және оның фунциялық негзігі көрсеткіштері жайлы алынған ақпараттарды қорыту және талдау болып табылады. Ол атқарылған жұмыстарды бағалау және даму беталысын болжамдау үшін, сондай-ақ білім сапасын жетілдіруге бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу біздің мектепте мынадай міндеттерді жүзеге асыру жолдарымен шешіледі:
- Мектептегі педагогикалық жүйенің хал-ахуалын және сол жүйе бойынша жүзеге асырылатын білім беру сапасын тұрақты түрде және жан-жақты зерделеп отыру.
- Шынайы ақпараттар негізінде бағалау және көмекші оқу персоналын қамтамасыз етудің шарттарын жетілдіру
- Көмекші оқу персоналының мынадай салалар бойынша жқмыс тиімділігін басқару;
- Психикалық –педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруда
- Функционалдық міндеттерді жүзеге асыруда;
- Мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда: білім беру процесіндегі өзгерістерді және оларды туындататын факторларды анықтау; оқу сапасын басқару.
- Мектептегі мониторингтік зерттеулер механизмін жетілдіру.
- Мектеп білім беру жүйелерін мониторингілеу, субъектілерін қызметтерін үйлестіру.
Мониторинг объектілері. Біздің мектепте мониторинг объектілері оқушы мен оқытушы, оқу нәтижелері(ағымды, қорытынды) , көмекші оқу персоналдарының ресурстық базасы.
Мониторингтің негізгі бағыттары мен түрлері. Мониторинг мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мектеп білім беру жүйесінің сапасы мына бағыттар бойынша айқындалады:
-оқушылардың оқып-үйренудегі(білім алудағы) қол жеткізген деңгейі;
- Педагогтардың кәсіби шеберліктері;
- Инновациялық қызмет
- тәрбиелеу жүйелерінің тиімділігі.
Мектеп білім беру қызметін мониторингілеу мынандай өлшемдер түрін қамтиды:
- Педагогикалық (біліктілік, оқу құрылымындағы жаңалықтар)
- Психологиялық(мінез-құлық, тұлғаның бағдарлануы, жеке тұлғалық қарым-қатынастар жүйесі, негізгі психологиялық сипаттамалар)
- Дидактикалық (оқушылардың іс-әрекеттерін басқаруға және түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету тәсілдері)
педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.
Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттар арқылы жүзеге асырылады:
ақпараттың мазмұны;
ақпараттың сапасы;
ақпаратты басқаруда пайдалану.
Мониторинг жалпы педагогикалық ғылыми түсiнiктерге сәйкес керi байланыс, рефлексия деген ұғымды бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг – қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау. Ең кең тараған анықтама: педагогикалық жүйе қызметiнiң даму мақсатындағы ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату болып табылады.
Г.А. Стефановскаяның анықтамасы бойынша “Педагогикалық мониторинг, бұл – диагностика, баға және педагогикалық үрдiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау”.
Педагогикалық мониторингтiң негiзгi объектiсi бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк болып табылады. Мониторингтiң педагогикалық нәтижесi болып, бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы болып табылады. Сонымен қатар, педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады.
Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi оқу-тәрбие үрдiсiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтан да педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады.
Білім берудегі мониторинг – бұл педагогикалық және басқарушы категория, өйткені ол ақпарат теориясының негізгі қағидаларынның көшірмесін жасамай, оны педагогика, психология және басқару тіліне аударады.
|
Бастауыш білім берудің өзекті проблемаларына талдау жүргізу әдістемесін талқылаңыз
Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. Әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің –нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен, бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік.
Дескриптивтік əдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік əдіснама – зерттеу іс-əрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дəстүрлі əдіснамалық талдауда ғылыми іс-əрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары жəне ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу əрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.
Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық. Əдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады. Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты мұғалімдердің қызмет аясы кеңейіп, ақпараттық-компьютерлік іс-әрекетінің практикалық сұранысы артуда. Қоғамдық прогрестегі жетістіктер болашақ ұрпақтың білімі мен төрбиесіндегі жетістіктерге, ал ол өз кезегінде жаңа формация мұғалімінің білік деңгейіне байланысты. Сондықтан да, мұғалімдердің инновациялық біліктілігі проблемасы аса назар аударуды талап етеді.
Жаңа формация мұғалімі пәнді жақсы білумен қоса, стандарт талап етіп отырған құзыреттіліктерді жете меңгеруі тиіс, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру мәселесі де психологиялық-педагогикалық тұрғыда шешілуі керектігі де теориялық тұрғыда анықталды, яғни философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Қандай да болмасын ғылым салаларының пайда болуы және дамуы қоғамның өмірлік қажеттілігінен туады. Мысалы, химия, физика, биология - өзімізді қоршаған табиғатты тану ғылымдары ретінде, философия, эканомика негіздері – қоғамдық құбылыстарды, психология – жеке тұлғаның санасы мен мінез-құлқық ерекшеліктерін тану қажеттілігінен пайда болды.
Педагогика ғылыми пән ретінде қоғамдық құрылыс пен өндірісті сақтап дамытуға, өсіп келе жатқан ұрпақты мақсатты түрде неғұрлым нәтижелі даярлауға деген қоғамның қажеттігінен туған. Философиялық ой-пікірлерден бастау алған педагогика тәрбиеге байланысты бірте-бірте жинақталған теориялар мен қағидалар және фактілерді ой елегінен өткізіп, тәрбиенің мәнін даму заңдылықтарын түсіндірудің басты құралы, әртүрлі педагогикалық құбылыстарды жан-жақты зертеудің ғылыми және әдістемелік негізіне айналды.
|
Бастауыш білім берудегі нәтижені анықтау, мазмұнын айқындау бағалау тұғырларына мәлімет жинақтаңыз
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістігін бағалау-оқу үдесінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады.Сол себептен ,зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып , оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі .Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау,бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдесінің белсенді қатысушысы бола алады.Өйткені ,дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды.Сонда оқушылар қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды.Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлерге көңіл бөлу керегін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады.Біріншіден ,оқушының қызығушылығы артады, екіншіден , мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін . Бағалау-оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатың тәсіл ,оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фақтор .Бағалау ,көбінесе ,баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ ,мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға коюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру ,меғгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құамды бөлігі болып табылады. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы — ол оның білімін топтау, белгілі бір шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс-әрекеттеріне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана алады: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателер талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін-өздері, кері байланыс, т.б. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді.Қазіргі кезде оқытудың көптеген жаңа технологиялары жайлы айтылып, бұқаралық ақпараттар құралдар арқылы да жарияланып келеді. Бұған көптеген материалдар бар. Оқуды бағалау тақырыбы өте күрделі және мұғалімнің оқушыға қоятын бағасы өте тиянақты, әділ, маңыздылық пен дәлелділік, жариялылық пен қарапайымдылықпен сипатталатын болса, оқушылардың да оқуға деген ынтасы артуына, қандай да бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді деп есептейміз. Оқушылар тапсырманы шығармашылықпен, ізденіспен орындаса, тақырып мазмұнын суреттеп берсе, ол жұмыс жоғары бағаланатынын біледі. Кез келген іс-әрекетте өзінің қиындықтары болады. Жаңа бағдарламамен жұмыс істеген мұғалімдердің де өздеріне лайықты жетістіктері мен кедергілерге кездесетіні болады. Бағалаудың екі түрі бар: формативті (оқыту үшін бағалау) және суммативті (оқуды бағалау). Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады. Суммативті оқыту, керісінше, оқушылардың осы кезеңге дейін оқығанын қосып бағалау» Бағалау жүйесінің обьективтілігіне диагностикалық маңыздылығына көңіл бөлінуі қажет. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдердің жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артынан объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Бағалау─ ол білімнің нәтижесі болып есептеледі. Оқушылардың сабаққа даярлығының, қабілеттінің көрінісі бағамен есептеді. Кейде оқушылар және мұғалімдер арасында "баға үшін оқисың ба" деген сияқты сөздерді естеп қаламын. Бұл дұрыс түсінік емес, баға ол білімнің, жұмыстың нәтижесінің көрінісі, алған білімінің дәрежесін көрсетеді. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің толық билігіндегі құралы болып табылып, білім беруде авторитарлық әдіс қолданылады. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсынылатындығы күмән туғызбайды Жоғарыда аталған кемшіліктерді болдыртпау үшін, бүгінгі күнде халықаралық деңгейде бағалаудың жаңа түрлері анықталды.Негізінен бағалаудың екі түрі көрсетілген: оқыту үшін бағалау (формативті) және оқу үшін бағалау (жиынтық). Тағы бағалаудың ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы сияқты түрлері кең тараған. Оқыту үшін бағалау ─ бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі Бұл бағалау түрін пайдалану осы курстың мақсаты.Оқыту үшін бағалауда оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бір-бірін, критериялі бағалау арқылы жүргізіледі.Өзін-өзі бағалау нәтижесін мұғалім бақылау арқылы жиынтық баға ретінде оқу журналына баға қояды. Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Ал оқыту үшін бағалау оқушыларға қорытынды, немесе формативті бағалау нәтижесінде жиынтық бағаны қояды. Сонымен қатар мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойғанын, жауабының қаншалықты дәрежеде болғандығын ашық айтып кету керек, себебі сабақтан кейін оқушына қойылған бағаға күмән пайда болуы мүмкін. Ал бағаға талдау жасалғаннан кейін оқушы, не үшін осы бағаны алғандығын түсінетін болады және әр түрлі көзқарастар пайда болмайды. Оқушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа ешкім де олар үшін оны істемейді. Яғни, осылайша оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне тартылуы қажет. Бұл мәнмәтінде үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерісін сезіну және оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше маңыздылыққа ие болады. Осы ойды негізге ала отырып, сабақ үрдісінде әр қадам, әр іс-әрекетте формативті бағалаудың жүргізілуі маңызды.Сабақ барысында қолданылған формативті бағалау түрлері мұғалімдердің өзгеруіне, өзіне деген сенімді болуына, бағалау жүйесіне деген ұстанымы мен көзқарасының оң шешімін тапқандай болды
|
Болашақ мамандарды даярлау принциптеріне сыни пікіріңіз
Педагогикалық мамандықтарды дайындауда педагогикалық,
психологикалық пәндердің мазмұндағы кемшіліктер, педагогикалық іс-тәжрибе жұмыстарының базалық пәндермен байланыстылығының нашарлығы оның мерзімінің шектеулігі және т.б. Бұл айтылған кемшіліктер өз кезегінде жас ұстаздардың теориялық білімдерін практикада қолдануға қауқарсыздығына келіп тіреледі.Болашақ ұстаздарды кәсіби мамандығына сай дайындауда пәндік сипаттағы берілетін білімдер олардың педагогикалық ұйымдастыру, жоспарлау, тәрбиелеу, ғылыми-зерттеу қызметтерінің практикалық сипатына жеткіліксіз екендігін аңғардық.Мысалы, Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартында педагогикалық мамандықтардағы педагогикалық білім беру мазмұны мен педагогикалық пәндер тізбесі әр түрлі және оларды бір-бірімен салыстырып қарауға болмайды.Бұдан шығатын қорытынды типтік оқу жоспарында психологиялық педагогикалық пәндерді жетілдіру және модернизациялау қажеттілігі туындайды.Оқу пәндерінің бағдарламасы, оқу құралдары, педагогикалық іс-тәжірибе мектептің оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып болашақ ұстаздың кәсіби құзыреттілігін айқындауы тиіс.Педагог құзыреттілігін жаңа тұрпатта мұғалім игеруге тиісті құзыреттіліктердің үш тобының негізінде қалыптастыру көзделеді. Олар:
методологиялық (психологиялық-педагогикалық) құзіреттіліктер; жалпы мәдени (дүниетанымдық ) құзыреттіліктер; пәндік – бағдарлық құзыреттіліктер.Бұл мақсаттарға қол жеткізу қиын педагогикалық мамандықтарды дайындаушы кафедралардың жұмыс оқу жоспарын Дублин дескрипторына сәйкес оқу бағдарламаларын дайындау шешуші роль атқарады.Мамандықтарда оқытылатын оқу бағдарламаларының методологиялық негізі жоғарыда аталған құзыреттіліктерді айқындауға негіз болуы шарт.Болон процесіндегі Дублин дескрипторының басты мақсаты соңғы нәтижеге жетуге білімгердің нені білу керектігін нені меңгеру қажеттілігін, қандай икемділік пен дағдыны қалыптастыру керектігін айқындайтын оқу бағдарламасының соңғы нәтиже көрсеткіші. Себебі, мамандықтың құзыреттілігін дескриптоға байланысты жіктеуде келесі дидактикалық процестерді шешу қажеттілігін аңғару қиын емес.
1. Білім алу және түсіну.
2. Білімді қолдана білу және оны түсініп пайдалану.
3. Алған білімдеріне байланысты ойларын тұжырымдай білу.
4. Коммуникативті қабілеттер.
5. Білімге деген құштарлық пен ынта.
Сондықтан оқу бағдарламаларын дайындауда және оны оқытуда оқу
бағдарламасының дескрипторы әрбір пән үшін және цикл, модуль үшін жүйелік негізінде дайындалуы тиіс. Пән оқытушысы ол үшін сол мамандықта оқытылатын базалық және кәсіптендіру пәндерінің мазмұны мен таныс болып ондағы қажетті деген білімдер мен дағдыларды талдауы шарт. і. Оқу бағдарламасына қойылатын талап олардың мамандықтары меңгерудегі, негізгі көрсеткіш Дублин дескрипторының талаптарына сай жүзеге асыру мақсаттары. Оқу бағдарламасын дескритор негізінде жүргізу мамандықты меңгертуде нені білу қажеттілігі, нені меңгерту керектігі анықталып соңғы нәтижеге қол жеткізу жолдары көрсетіледі. Бұл сол циклды оқуда білімгерге берілетін стандарт деседе болады. Оқу бағдарламасын мазмұндық әдістемелік талдау барысында дескрипторды сипаттап (описать) жазу арқылы мамандықтың құзыреттілігіне қажетті білімдер мен дағдыларды қалыптастыруға қол жеткізуге болатындығын аңғардық.
|
Бастауыш білім берудегі білім нәтижесінің тиімділігін анықтау жолдарын талдаңыз
Қазіргі білім беру жүйесін жаңғырту білімнің жаңа сапасына жету үшін
жалпы білім беретін мектепті жаңартуды, жеке тұлғаның жан-жақты даму
процесін қамтамасыз етуді қажет ететін постиндустриалды ақпараттық
қоғамға көшуді қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Әр оқушының
қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігін жан-жақты және үйлесімді
дамытуды, мәдениетті, адамгершілігі жоғары, белсенді және әлеуметтік
жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Мұғалімнің міндеті – балалардың болашақта өзін-өзі табуына көмектесу,
тәуелсіз, шығармашыл және өзіне сенімді адам болуға көмектесу. Бастауыш
сынып оқушыларының қызығушылығына сезімтал, зейінді және
қабылдайғыш, жаңа нәрсеге ашық мұғалімдер – болашақ мектептің басты
ерекшелігі. Қиял мен шығармашылықты дамыту, жоғарыда айтылғандай,
бастауыш білім берудің ең маңызды міндеті болып табылады. Бастауыш
мектепте болғандықтан, мұғалімдер баланың толық ашылуына, жаңа нәрсені
жасауға көмектеседі.
Ақпараттық технологияны қолдану алған білімді кеңейтіп, бекітіп қана
қоймайды, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық және
интеллектуалдық әлеуетін айтарлықтай арттырады. В.А.Сухомлинский
былай деп жазды: «Оқыту білімнің үздіксіз жинақталуы емес, есте сақтауды
жаттықтыру болуы керек ... Мен балалардың бұл әлемде саяхатшы, жаңалық
ашушы және жасаушы болғанын қалаймын».
Шығармашылық қабілет - бұл баланың дамуындағы өте маңызды
қасиет. Бала айналасындағы әлемнің әсемдігі мен әртүрлілігін көре білгені
жақсы. Егер ол бұл сұлулықты байқап қана қоймай, оны жасай алса тіпті
жақсы. Алынған нәтиже балаға эстетикалық және эмоционалды тартымды
болуы қажет, сонда ғана ол әсем туындыларды жасау қабілетіне ие болады.
Бала сұлулықты өз қолымен жасай бастағанда, ол біздің әлемге
сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарай бастайды. Ал махаббат пен
келісім оның өміріне енеді.
К.Д.Ушинский сонымен қатар: «Балалардың табиғаты визуализацияны
қажет етеді» деп атап өткен болатын. Мультимедия - бұл интерактивті
бағдарламалық қамтамасыз етуді басқаратын визуалды және дыбыстық
эффектілердің өзара әрекеттестігі, олар заманауи техникалық және
бағдарламалық құралдарды қолданады, олар мәтінді, дыбысты, графиканы,
фотосуреттерді, бейнені бір цифрлық ұсынуда біріктіреді. Мультимедиялық
технологиялар жалпы білім беру жүйесінде жаңа әдіснамалық тәсілдерді
ашады. Олар оқушының сенсорлық компоненттерінің көпшілігін оқу
ақпаратын қабылдау процесіне қатыстыру арқылы оқыту тиімділігін
арттыруға мүмкіндік береді. Оқу процесінде көрнекі оқу құралдарын орынды
қолдану шығармашылық дамытуда маңызды рөл атқарады - оқушылардың
байқау, зейін, сөйлеу, ойлау. Кез келген мәтіндік ақпараттан гөрі,
мультимедиялық қосымшаларды қолдану арқылы дұрыс құрылған және
әзірленген сабақтар оқушыларға жылдамдыққа жетуге, үйретілген білімнің
үлгісін құруға көмектеседі.
Білім берудің басты мақсаты - жас ұрпақты болашаққа, өмір беретін
жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына дайындау. Бұл білім мен дағды
оқушылардың жоғары қызығушылығы процесінде қалыптасса мүмкін
болады. Жыл өткен сайын балалар оқуға немқұрайлы қарай бастады.
Көбінесе оқу процесін оқушылар жалықтырады және мүлде қызық емес деп
қабылдайды. Осыған байланысты мұғалімдер оқу іс -әрекетін белсендіруге,
танымдық қызығушылығын қалыптастыруға ықпал ететін оқытудың тиімді
формалары мен әдістерін іздейді. Жаңа білім беру стандарттарының басым
бағыты даму әлеуетін іске асыру болғандықтан, жалпыға ортақ білім беру
қызметін дамытуды қамтамасыз ету кезек күттірмейтін міндет болып
табылады.
Танымдық қызығушылық - бұл адамның шындықты қоршап тұрған
заттар мен құбылыстарға таңдаулы бағытталуы. Танымдық қызығушылық
тек қана процесс пен нәтижеге ғана емес, сонымен қатар психикалық
процестердің барысына - ойлауға, қиялға, есте сақтауға, зейінге жағымды
әсер етеді, олар танымдық қызығушылықтың әсерінен ерекше белсенділік
пен зейінге ие болады. Танымдық қызығушылықтың әсерінен оқу жұмысы,
тіпті әлсіз оқушылар арасында да нәтижелі жүреді.
Жаңа құралдарды іздестіру маған белсенділік, топтық, ойындық, рөлдік,
тәжірибеге бағдарланған, проблемалық, рефлексивті және оқытудың басқа
формалары мен әдістері қажет екенін түсінуге әкелді. Оларды қолдану
бірнеше бағыттағы жұмыстарға оқушылардың танымдық қызметінің негізгі
компоненттерін дамытуға, білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Зейін басқа танымдық процестердің дамуына негіз болады, өйткені К.Д.
Ушинскийдің айтуынша, бұл сыртқы әлемнен адамның жандүниесіне енетін
барлық нәрсе өтетін "есік"". Зейін тұрақтылығын одан әрі жетілдіру және
дамыту, оның көлемін ұлғайту және қиялды дамыту үшін оқушылар
тапсырмаларды орындайды, олардың орындалуы тек зейіннің шоғырлануын
ғана емес, сонымен қатар жұмыстың бір бөлігін ақылмен, ақылмен
орындауды қажет етеді. Тапсырмалардың күрделілігі сыныптан сыныпқа
біртіндеп артады.
Проблемалық оқыту оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Проблемалық оқытуда сұрақ - тақырып
жалпы талқылауға қойылады. Білім беру процесінде кез келген проблемалық
жағдайды құрудың құралы - бұл білім беру проблемалары (проблемалық
тапсырма, проблемалық тапсырма, проблемалық сұрақ). Әрбір оқу мәселесі
қарама - қайшылықты білдіреді.
Оқушылардың қиялмен, терең оймен, білім мен біліктің белсенді
әрекетімен және қосымша материалды қолдануына байланысты
шығармашылық қабілеттері ерекше дамып келеді. Оқушыны шығармашылық
іс-әрекетке қосу бала дамуының негізгі жолы деп ойлаймын. Бастауыш
сынып оқушылары белсенді танымдық іс – әрекет барысында берік білім
алады, оның маңызды шарты - қызығушылық. Сыныпта және сыныптан тыс
жұмыстарда біз жобалармен жұмыс жасаймыз. Бұл жұмысқа бастауыш
сынып оқушыларының ата-аналары да қатысады, өйткені балаларға қосымша
ақпарат көздерімен өз бетіншежұмысжасауәлі де қиын. Балалар интернет -
байқаулар мен байқауларға, мектеп көрмелеріне қатысып, сабақтан тыс
уақытта өздерінің табыстарын көрсетеді.
Танымдық қызығушылықты қалыптастыратын құралдардың бірі –ойын.
С.И. Ожегов «қызықты» сөзін «назар аударуды, қиялды қабылдауға
қабілеттілік» деп түсіндіреді. Тіпті К.Д.Ушинский оқу процесін тиімді ету
үшін оқушылардың оқу жұмысына ойын элементтерін, ойын сәттерін
енгізуге кеңес берді. Мұғалім ретінде жұмыс жасай отырып, мен сабақта
ойнау процесінде балалар әр түрлі жаттығуларды байқамай орындайды деген
қорытындыға келдім, онда оларды салыстыруға, арифметикалық амалдарды
орындауға, ауызша санауға жаттықтыруға, есептерді шығаруға тура келеді.
Ойын оқушыны ізденіс жағдайына келтіреді, жеңіске деген қызығушылықты
оятады, демек, тез болуға, жинауға, тапқырлыққа деген ұмтылысты оятады.
Егер оқушы өзінің құзырындағы тапсырманы орындаса, қызығушылықпен
жұмыс жасайды.
Ертегілер - балалардың адал серіктері. Олар балаларды мейірімді болуға,
қарым -қатынас жасауға, эмпатияға және т.б. Зерттелген тақырыпты қайталау
мен бекіту кезінде мен сабаққа ертегілерді қосамын. Осылайша, әр түрлі
әдістер сабаққа деген қызығушылықты тәрбиелеуге және дамытуға
көмектеседі. Балалар өте қызығушылық танытады және олардың көпшілігі
мектепке үлкен қызығушылықпен келеді. Бірақ бұл тілек тез жоғалып кетпеуі
үшін, олар өз қабілеттерін көрсете алу үшін бәрін жасау керек, бұл
мұғалімнен шебер басшылықты қажет етеді. Қызығушылықтың тұрақтылығы
- балалардың мектепте оқуға оң және белсенді қатынасының кепілі, білімді
толық игерудің негізі.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |