«Ғылым тарих мен философиясы» пәні бойынша ДӘрістер


Тақырыбы: Ғылымдағы шынайылық пен рационалдық мәселесі



бет17/18
Дата14.10.2022
өлшемі73.45 Kb.
#462713
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
 蜞痂觖 филос. Д рістер.

Тақырыбы: Ғылымдағы шынайылық пен рационалдық мәселесі



  1. Ғылым философиясындағы шынайылық пен рационалдық

  2. Әлеуметтік ғылымдағы шынайылық пен рационалдық білім

Ғылымның басты мәселелерінің бірі шынайлық пен рационалдық мәселесі. Оның шешімдері тарихи өзгермелі, бірақ барлық өзгерістерге қарамастан ғылыми әрекеттің мақсаты шындыққа қол жеткізуге, ғылыми рационалдық негіздерін құрауға негізделген, оның барлық көріністері мен ауқымындағы рационалдылықпен байланысты.


Шынайылықты неоклассикалық баяндау адамгершілікке емес жеке жауапкершілік пен еңбек этикасына негізделген. Рационализмге еңселі түрде жүгінген жоқ, оған жай ғана тегіс пішін беріп, бұрыңғы әмбебап сана сезімінің орнына ғылымға сенім мен қойған мақсатқа жету түрінде ғана түсіне бастады. Тарихилық, тарихтың ауыспалылығы мен зерделігінен алшақтап, материалды даму сеніміне көшті. Шынайылық ендігәрі белгілі ғылыми ережелер мен тәртіптерді орындау нәтижесі ретінде түсіне бастады.
Ғылыми емес идеялар дәл ғытыми дәлелденген тұжырымдамалар сияқты қоғамда өз орнын таба алады, және де ғылыми негізі жоқ негіздемелерді бекітуге мүмкіндік ала алатыны уақыт өте білініп келеді.
Постмодернизм еркіндік пен плюрализм негіздерімен байланысқан. Ол тек ғылымның ғана емес, әдебиеттің де тәсілін береді.
Ғылымның құдыреттілігіне сенім, сонымен бірге шынайылықтан бас тарту күнделікті өмірге зиянын тигізу мүмкін. Ғылым басқаша өмір сүруге «үйретеді» деп сеніп, оны бұзуға болады. Бірақ мұны ғылымға күнделікті өмірдің қандай түрі жүзеге асатыны еш маңызды емес деп те жасай беруге болады.
Ғылым мен тәжірибедегі әскери стратегия, дін, коммунизмнің ыдырауымен байланысты күрделі өзгерістер, алдын ала жоспарланған нәрсені тарихи дәлелге сүйенер болсақ мүлдем басқаға айналу ғалымдарда қорқыныш сезімін тудырмай қоймайды. Өздерінің жауапкершілігін түсінген ғалымдар қиын жағдайға тап болады.
Оған қоғам енді әлемді белсенді өзгертуді тапсырмайды. Ғылыми негізделген білімнің өзі үлкен тәуекел. Ғалым тәуекелділіктен қаша алмайды, және де өз бастамаларының әлеуметтік дұрыс нәтижесіне кепілдік бере алмайды. Тұрақсыз жүйеде ойластырылған жоба алдын ала болжанғаннан мүлдем алшақ нәтиже беруі мүмкін; ал тұрақты жүйелерде түрлі жобалар жақын нәтижеге алып келуі мүмкін.
Шынайылықты неоклассикалық түсіндіру, XIX—XX ғ.ғ., қоғамдық ғылымда пайда болды, біріншіден, объектінің болмысы мен ерекшеліктерін тануға бағытын сақтап, таным субъектісінің объектіден алшақтауын растауға бас тартады. Ол танымның субъектісі қоғам сынды объектіге қатынасын мойындап, оның таным процессіне қандайда болса ықпал жасамай қоймайтындығын растайды. Екіншіден, ол субъектінің таным белсенділігі дамытудын идеясын құрастыруды талап етеді. Үшіншіден, шынайылықтың неоклассикалық концепциясы оның монополиялық сипатын қабылдамайды, ол ғылымда түрлі көзқарастардың бар екендігін мойындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет