Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет119/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Литература 
1. 
РИА новости, Нур-Султан, 7 июня 2021г. 
2. https://ria.ru/20190607/1555372269.html 


135 
ӘОЖ 1.140.8. (574) 
ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗКАРАСЫ 
 
Баймбет А.Е. - ЭФ-20-5к2 тобының студенті 
Ботабаев Ғ. - магистр, аға оқытушы  
 
Қазақ жерінде философиялық көзкарастар ерте кезден-ақ қалыптасқан. Алайда, біздің түсінігіміздің Батыс 
елдерімен салыстырғанда үлкен айырмашылықтары болды. Себебі, қазақ дүниетанымы көшпелі өмір салтымен тығыз 
байланысты. Оған дәлел – қазақ халқының тілі, әдет- ғұрыптары, діні, салт-санасы, өмір салты және шаруашылықтары. 
Ең алғашқы философиялық ойларды Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи қалыптастырды. Олардың 
көзқарастарының басым көпшілігі діни тұрғыда болды. Бірақ халықтың діни сауаттылықтары терең бойлаған жоқ. Аты 
мұсылман болғанымен, бұрынғы Тәңірге, көк аспанға сиыну секілді ескі діни-жоралғыларды ұстанды. Ал мұсылмандық 
әдет-ғұрыпты бұлжытпай ұстануға кедергі жасаған көшпелі тұрмыс болды.
Бертін келе, XIX ғасырда жұртымызда ағартушылықтың негізі қалыптасты. Бірақ ол кезде Қазақ халқы Ресей 
империясының бодандығында болғандықтан, жұртымыздың өзін-өзі сақтап қалуы қиын жағдайда болды. Отандық 
ағартушылықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі – рулық, одан әрі аса – ерте феодалдық қарым-қатынастағы көшпенділік 
өмір- салтын ұстанған халықтың жаңа әлеуметтік-экономикалық, саяси – құқықтық жағдайда болуы мүмкін апаттан 
аман сақтап қалып, оны тұрақтандыру болды.
Тарихтың өткен уақытына оралсақ, сол замандағы қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, 
Абай Құнанбаев секілді ұлы тұлғалар халықты жаңа өмірге баулып, олардың сауаттылықтарын ашуға, білімге, 
еңбекқорлыққа, белсенді өмір-салтына шақырды. 
Қазақтың шоқ жұлдызы, ағартушылық ойларды қалыптастырушы, ұлы тұлғалардың бірі – Шоқан 
Уәлиханов. Өзінің қысқа ғұмырында көптеген ұлы істерді тындырып, халықтың тек ғана өткен тарихы, әдет-
ғұрыптарын зерттеп қана қоймай, сол кездің өзіне тән өмірлік мәселелерді, қалың жұрттың мүддесін қорғап, белсене 
атсалысты. Оның философиядағы онтологиялық көзқарасы бойынша: «Табиғат – адамның өзі сол табиғаттың төл 
туындысы болғаннан кейін өзінің сана-сезімінде жағалай ортаны дұрыс, ия болмаса қияли бейнелейді».-деп айтты. 
Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік-саяси көзқарастарына қорытынды жасасақ, ойшыл, жан-тәнімен халықтың қамын 
ойлап, әділетті басқару жүйесі арқылы парасатты реформалардың негізінде халықтың жағдайын, тұрмыс-тіршілігін 
өзгертуге болатынына сенді және оны жақындатуға бар күш-жігерін салды. 
Ағартушылық саласының көрнекті өкілі Ыбырай Алтынсарин халықты аман сақтап қалудың жаңа 
қалыптасып жатқан жағдайға сай келуінің бірден бір жолы оның сауаттылығын арттыру, білімін жетілдіріп, орыс 
әдебиетенін, тілін игеру болды.Сол себепті, ол өзінің барлық күш-жігерін жаңа мектептер ашуға балаларға арналған 
қызықты оқулықтарға жазуға жұмсады. Өзінің дүниеге деген көзқарасында діни бағытта Құдайды мойындағанымен
діни фанатизмге қарсы шығып, шаласауатты молдалардың халыққа тигізетін әсерін әшкерелеген. 
Ағартушылық философияның ең алып тұлғасы – Абай Құнанбаев болды. Ол тек қазақ халқы емес, сонымен 
қатар әлемдік руханиятта өзінің өшпес ізін қалдырған ұлы ғұлама. Абай еуропалық түсінікте айтылатын классикалық 
тұрғыда білім алмағанымен, өзінің ішкі жалыны,дүниені ,өмір тануға деген зор талпынысы мен шабытының арқасында 
араб, парсы, орыс мәдениетін терең игерген және дүниеге деген көзқарамсында олардың негізгі нәтижелерін қазақ 
руханиятымен біріктіре білген.
Абайдың онтологиялық көзқарасына тоқталар болсақ, өзіндік ерекшелігі мен маңыздылығын қай уақытта да 
жоймайтын діннің шеңберіндегі философиялық антропологиялық деп айтуға болады.Абай философиясының ірге тасын 
үшін категория құрайды: Жаратқан, Дүние және Адам .
Абайдың саяси- құқықтық көзқарастарын айтар болсақ, ол отарлық саясатты әшкерелей отырып, жеке адамның 
құқықтарының өрескел бұзылғанын және ішінара іріткі болғаныны айтады. «Болыс болдым мінеки» деген өлеңінде 
Абай :
Бұрынғыдай дәурен жоқ, 
Ұлық жолы тарайды. 
Өтірік берген қағаздың 
Алды-артына қарайды. 
Өз қағазы өз көзін 
Жоғалтуға жарайды. 
Тауып алып жалғанын, 
Қылмысыңды санайды. 
Өзі залым закүншік 
Танып алды талайды, 
Көрмей тұрып құсамын 
Темір көзді сарайды-деп патшалық саяси билікті әшкерелейді.
Қорытындылай келсек, Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға 
ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. 
Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам 
бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының 
ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. 
Қазақ философиясы туралы зерттеулер нышаны егемендікке аяқ басқан кеңестік жылдарда аңғарыла бастады, 
бірақ толық мүмкіндік Қазақстанның тәуелсіздігінен бастап шындыққа айналды. Қазақ философиясының тарихы мен 
оның мәселелері туралы жүйелі ғылыми-зерттеулер жүргізіліп, кандидат, доктор диссертациялар қорғалды, арнайы 
ғылыми кітаптар жазылды. Қазақ философиясын дүниежүзілік фиолософиялар жүйесінде әрі өркениеттік негізде зерттеу 
егемен елдің қоғамдық санасының жетіліп-толуының басты арнасының біріне айналып келеді. 
Халық философиясы тарихының тәуелсіз мемлекет үшін маңызы аса зор. Өйткені өзінің жеке философиясы
болмаған елдің дербес рухани тұрмыс пен өркендеуге мүмкіндігі болмай, бөгде тектік факторларға тәуелділігі күшейе 


136 
түседі. Ұлттық философия тарихы – жүйелілік ілім, ол философияның бір бөлігіне дәлірек айтқанда, тарих
философиясына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет