198
Мемлекеттің өкілетті органдарында, құқықтық нормаларда
мәдени-ағарту мекемелерінің, көркемөнерпаздар
ұжымдарының, халық театрлары мен ән-би ансамбльдерінің, мәдениет мектептерінің жұмысы, тілекталаптары жиі
талқыланып, мемлекетіміздің мүмкіншілігіне сәйкес іс-әрекеттер жасалып, тиісті нормативтік нормалар қабылдануда.
Еліміз
экономикалық дағдарыстап шығып, нарықты экономикалық жүйені толық қалыптастыру процесі аяқталса,
мәдениет мәселесі мемлекет пен құқықты. қызметінің негізгі бағытына айналады. Өйткені мәдениеті төмен дәрежедегі
елдер өркениетті елдер қатарына кіре алмайды. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Конституциясында ашық
айтылған.Қазақстан Республикасының Конституциясында барлық азаматтардың, ұлттардың халықтардың бостандығын,
құқықтарын, мәдениетін, тілін қорғауға мемлекет кепілдік береді,-делінген.
Қазіргі қоғам азаматтарының мәдени құқығын қалыптастыру міндеттерін шешуде құқық қорғау органдары,
соның
ішінде ішкі істер органдары үлкен рөл атқарады. Әрине, ол үшін полиция қызметкерлерінің өздері мәдени құқықтың
жоғары деңгейінде болуы тиіс. Осыған орай ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәдени құқығын көтерудің
маңыздылығын ерекше атап көрсеткен жөн, әрі мұның өзі нақты ұйымдастырылған құқықтық тәрбие жұмысы
нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Құқықтық тәрбие қызметі қызметкерлердің жоғары адамгершілік сапасын айқындауға,
олардың ұйымдастырушылық және тәртіптілік деңгейін көтеруге, қызмет борышы сезімін нығайтып, кәсіби мәдениеттің
қалыптастыруға белсенді түрде көмектеседі. Өз кезегінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық мәдениеті
өздері қызмет атқарып жүрген нақты құрылымға тән жағдайда, қоғам өмірінің барлық тәртібіне сәйкес қалыптасады.
Бүкіл ұжым қызметінің заңдылықты қатаң сақтай отырып, табысқа жетуі, нәтижелерінің тұрақтылығы жеке құрамның
қажетті деңгейде құқықтық мәдениетке тәрбиеленуінің обьективті алғышарты болып табылады.
Заңи білім құқықтық сананы қалыптастыру
аса зор рөл атқарады, алайда ол құқықтық мәдениетке
қатыстылығы жағынан оның деңгейін дамытудың алғашарты ғана, кәсіби құқықтық, мәдениет ішкі істер органдары
қызметкерлерінің, олардың әрбір өкілінің құқықтық санасының айнасы іспеттес. Ол нормативтік келісім тілінде, тергеу
хаттамасы тәсілінде және ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтарымен пікір алысу нысанында көрініс табады.
Демек, кәсіби құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін тәрбие мен білім беру жұмыстары аздық етеді, бұл үшін
ойластырылған. Жан-жақты және мақсатты шаралардың тұтас кешені қажет.
Қоғамның құқықтық мәдениетін көтеру-бұл проблеманың бір жағы ғана. Бұл міндетті жалпы, реттелетін көп
қырлы әлеуметтік қатынастар, шаралар кешенін қолдана отырып, орындауға болады. Әрине, бұған ішкі істер органдары
қызметкерлерінің кәсіби құқықтық мәдениетін көтерудің тиімді жолдарын іздестіру және жүзеге асыру үрдісі өзгешелігі
ерекше тән. Проблеманың осы аса маңызды қыры зерттеушілер
назарынан қағаберіс қылып, шын мәнін де ғылым
мұңымен мүлдем айналыспай келді деп ашығын айтуға болады. Кәсіби құқықтық мәдениетті дамыту шаралары атүсті
қамтылып, оның өзінде құқықтық тәрбие қызметінде ғана айтылып жүргені жасырын емес, Ұсынылып отырған
шаралардың сөзсіз көкейкестілігіне мән берілуі, олардың өзара байланыстылығына,
әмбебаптылығына және
ауқымдылығына талдау жасау керек. Келтірілген теориялық олқылықтарды ескере отырып, ішкі істер органдары
қызметкерлерінің кәсіби құқықтық мәдениетін көтеру өте маңызды болып табылады.
Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының алдында тұрған мүдде-мақсаттар өте көп. Солардың бірі —
халқымыздың құқықтық сауаттылығын көтеру, оның негізгі бағыттары:1.Құқықтық идеологияны қалыптастыруға
қоғамдағы барлық саяси, әлеуметтік күштер,
ұйымдар бәрі бірігіп, үлес қосуы қажет. Әрбір одақ әр жаққа тартса,
қоғамда тұрақты бірлік те, сапалы құқықтық идеология да болмайды. Мұндай қоғамның болашағы жоқ деуге болады.
2.Құқықтық идеологияны қалыптастыру жұмысы жариялы, ашық, демократиялық түрде жүргізіліп, барлық халықты,
олардың құрған ұйымдарын қатыстыруға толық мүмкіншілік беру қажет.
3.Құқықтық идеологияны қалыптастыру процесінде халықтың көпшілігінің мүддесін іс жүзіне асырамыз деп,
азшылықтың, жеке адамдардың мақсатына нұқсан келтірілмеуі қажет. Өйткені демократиялық қоғамда жеке
адамдардың бостандығы мен құқықтарына шектеу жасауға қатаң тыйым салу қажет.
4.Құқықтық идеологияның алдындағы сан қырлы мүдде-мақсаттың ең күрделісі, ең маңыздысы:
қоғамның саяси-
экономикалық және Қазақстанның тәуелсіздігін, қорғанысын күшейту. Міне осы мәселелерге мемлекет, халық, барлық
ұйымдар, бірлестіктер, ұжымдар, саяси партиялар бірігіп іс-әрекет жасаулары өте кажет. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі
мен егемендігі күшеймей, басқа жақсылықтарды күту, болады ғой деп сену – жай қиял.
Достарыңызбен бөлісу: