90
ОП-97 машинасында металл лентадан жиектелуі мүмкін. Жұмыстық үлгілермен пішінді бөліктерінде қымтырма,
қаттама т. б. белгілеу үшін тіліктер, сондай – ақ пішінді бөліктерін оларды біріктірер кезде үйлестіру үшін бақылау
тілмелер жасайды.Қосымша үлгілер бөліктерде, оларды тізуге әзірлеу кезінде қарындаш
немесе бормен қосымша
сызықтар және белгілер жасау үшін пайдаланылады.
Үлгілерге саңылау жасау үшін ВЛО-1 машинасын пайдаланады.Материалдар шығынын нормалауды
эксперименталдық пішімдер, үлгілер мен трафареттердің суреттерін жасау жолымен атқарады.Эксперименталдық
пішімдерді линолеуммен қапталған үстел бетінде үшкірленіп ұшталған бормен атқарады. Үлгі пішімдері нұсқасының
суретін материалға немесе қағазға бормен, қарындашпен немесе басқа тәсілмен сығады.
Трафареттерді арнаулы кленкадан, орамдық қағаздан әзірлейді. Үлгілердің кескіні трафаретте тесіктермен
белгіленген. Осы тесіктер арқылы бор ұнтағымен немесе көк бояумен материал бетіне үлгі
суретін
түсіреді.Трафареттерді қолдану төсеніштің үстіңгі полотнасына сызықты бор арқылы қылмен жүргізуден гөрі өлшеу
процесін едәуір шапшаңдатуға мүмкіндік береді.
Тігін бұйымдарында материалдық құны өзіндік құнның 85-90 процентін құрайды. Негізгі және қосымша
материалдарды жұмсауды азайту кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады. Сондықтан
материалдарды нормалаудағы басты міндет – оларды жұмсау озық техникалық нормасын жасау. Материалдарды
жұмсау техникалық жағынан негізделген және тиімді болуы қажет. Бұл нормалар үлгі көлемінен, үлгіаралық
қалдықтардан (пішкен кезде үлгілер арасында болмағаны жөн шығындар) және төсенішті
төмендегі шығыннан
құралады.
Үлгі көлемін анықтаудың ең озық әдісі ИЛ-1. Фотоэлектрондық машинасын пайдалану болып табылады. Бұл
механикаландырылған тәсіл үлгі көлемін 0,5-1 проценттей ауытқумен анықтауға мүмкіндік береді.
Үлгі көлемін анықтағаннан кейін 1:1 масштабымен немесе кішірейтілген масштабпен түктің, жүннің жығылысы
бағытын, матаның суретін, арқау жібінің бағытын және мүмкін жалғамаларды ескере отырып пішуге кіріседі.
Түксіз немесереңсіз, бір түспен боялған, бірдей жолақтары симметриялы орналасқан жолақты және клеткалы
суретті маталарды пішкен кезде аттас ббөліктердің үлгілерін қарама – қарсы бағытта салып пішуге болады. Түгінің
жығылу бағыты анық емес әр түрлі реңкті, бірдей суреттерді симметриялы орналаспаған (біржақты) жолақты және
клеткалы суретті маталардан жасалынған бұйымдардың бөліктері бір бағытта пішілуі тиіс.
Тықыр түкті маталарды (түкті шұға, масаты, жартылай барқыт, әртүрлі шибарқыттар т.б.) күлгін түсті ету үшін
детальдарды пішкенде түктерін төменнен жоғары қарай каратады. Түгінің түсі айқын маталардан ( драп, мауыты) және
мақта маталардан ( меланж, пионер,вигон мауытылары, замшы) бөліктерді түгін төмен қарата пішеді. Түгінің белгілі бір
анық емес, басылған түкті шұғадан бұйым бөліктерін түгін төмен бағыттап та, жоғары бағыттап та піше береді.
Клеткалы немесе жолақты маталардан бұйым бөліктерін пішкенде олардың суреттерін кейін үйлестіру қажет
екенін ескере отырып пішеді. Суреттерді үйлестіру үшін пішкен кезде суреттің толық түрінің жартысы, төрттен үші
шамасында немесе толық шамасында әдіп қалдырып отырады. Клеткалы немесе жолақты
маталардың суреттерін
үйлестірудің техникалық талаптары 10.5. параграфта көрсетілген. Маталарды пішкен кезде бұйым бөліктеріндегі арқау
жібінің орналасуын ескеруді естен шығармау қажет және оның рұқсат етілген мөлшерден артық ауытқымауын
қадағалап отыру керек.
Тоқымалық кемшіліктері бар маталарды пішкен кезде ол кем кетігінің бұйым бөлігінің жабық тұратын жеріне
келуіне ( тым айқын көрініп тұратын кемістік болмаса) көңіл бөліп отыру керек. Бұйым бөліктерінің жабық жерлеріне
қайырмалардың асты ( қайырмаға дейін түймеленетін бұйымдарда), өңірасты, жапсырма қалта жауып тұратын жерлер,
әдіптер, құрастырмалар және қалтаның астарлары, астыңғы жаға, жеңдердің астыңғы бөлігінің қолтық бөліктері, жең
оймасынан жеңнің үштен бір ұзындығы шамасында, бұйым етегін бүгуге
жіберілетін әдіптер, жең ұштарының,
айрықтардың әдіптері, қақпақтар, жапырақшалар, белдіктер, белдемшелер астылары, астар жатады.
Жайып пішу бір комплектілі немесе көп комплектілі болуы мүмкін. Бір комплектілі жайып пішуді әзірлегенде
суреттерді дайын үлгі бойынша модельдерді, өлшемдерді және бой шамаларын аралас ете отырып, әр бұйымның жарты
комплектісіне жасайды. Толық комплектіліні әзірлеген кезде екі, үш және одан да көп модельдерден, өлшемдер мен бой
шамаларындағы бұйымдардың дайын үлгілерінің толық кешенін жайғастырады. Үлгілерді жайып салғанда пішудің
техникалық шарттарына сәйкес жайғастырады.
Жайып салып пішудің үнемділігі ішкі қиықтар ( үлгі - аралық қалдықтар) шамасымен сипатталады. Әр жайып
салып пішудегі үлгіаралық қалдықтар кәсіпорынында қол жеткен көрсеткіштер мен нормативтер рұқсат ететін шамадан
аспауы тиіс. Әр кәсіпорын мұндай шығындарды, үлгілердіжайып салып пішудің техникалық шарттарын бұзбай азайтуға
тырысады.
Үлгіаралық қалдықтарды азайту материал шығынын және оның әр бұйымдағы құнын азайтып, арзандатуға
әсерін тигізеді, бұл өз кезегінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: