130
онда әрбір тауарды анықтау оңайға соқпайды. Сыртқы сауда тауар ағымын кедендік реттеуді жүзеге асыруда түрлі
сұрақтар
туындайды.
Осындай
сұрақтарды
шешу
мақсатында
«тауарлар
классификациясы»
қолданылады.«Классификация» ұғымы берілген көптеген объектілердің бөлінісін көрсетеді. Мысалы: кластарға, төменгі
кластарға, топтарға, түріне және сол сияқты, яғни топтастырылуын айтамыз. Тауарлардың классификациялық жүйесін
жасауда тауарлар өндіріс саласы бойынша, жасалған материалы бойынша, қайта өңдеу дәрежесі мен қызметі бойынша
топтастырылуы мүмкін.Тауарларды бөлімдерге, топтарға топтастыруға сәйкес арнайы шифрлар пайдаланылады. Бұны
классификатор деп қарастыра аламыз.Классификатор – бұл топтастырылушы объектілердің жүйелендірілген тізімі, яғни
әрбір объектінің орнын анықтауға мүмкіндік береді, сосын олардың белгісін қояды, ол белгі «код» деп аталады.Код
шифр түрінде болады, яғни ол цифр, әріп немесе әріпті –цифрлы құрамнан тұрады. Сонымен «тауарларды код арқылы
белгілеу» – бұл топтастырылған объектілерді классификациялық жүйе бойынша белгілі бір тәртіппен таңба түрінде
немесе таңбалар арқылы белгілейтін техникалық әдіс.Тауарларды топтастырудың кодтық жүйесі
кеден органдарына
тауардан тиімді ақпарат алу үшін және тексеруді жеткізіп беру, өңдеу және экономикалық талдау үшін өте қолайлы.
Әсіресе ақпараттар ЭВМ арқылы, компьютерді қолданғанда өте қажет. Мысалы (ГТД – электронды көшірмесі).Сонымен
ТН арқылы тауарларды классификациялау маңызы:
тауарларды
код арқылы белгілейді;кедендік экономикалық қызмет операцияларын жүзеге асырады (Кеден
баждарын өндіріп алу,
кедендік құнды анықтау, есеп-қисап жүргізу, жоспарлау т.с.с. );тауарлардың сыртқы сауда
құрылымын білуге мүмкіндік береді.Халықаралық сауда практикасында көптеген
тауар номенклатуралары
пайдаланылған. Олардың алғашқысы сонау 1913 жылы Брюссельде қабылданып, 186 тауар позициясынан, 5 бөлімнен
құрылған, 29 мемлекет пайдаланған алғашқы халықаралық тауар номенклатурасы болып табылады. Одан кейінгі 1937
жылы қабылданған Ұлттар Лигасының және Женева тауар номенклатурасы. Техника технологияның дамуынан, сол
дамудың жемісіндегі тауар түрлерінің көбеюіне байланысты және оған сәйкес сауда операцияларының күрделенуіне
байланысты осы тауар номенклатуралары уақыт талабына жауап бере алмады.
Одан кейінгі Брюссель Тауар
Номенклатурасы, Ынтымақтастық Кеден Кеңесінің Номенклатурасы, бүгінгі таңдағы Үйлестірілген жүйе
номенклатурасы да халықаралық саудадағы тауарлардың
топтастырылуын барынша тиімді, қолайлы ету үшін үнемі
даму, жетілдіру үстінде.
Достарыңызбен бөлісу: