Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет126/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Пайдалылған әдебиеттер 
1. Ғабдуллин Б. Абайдың этикалық көзқарастары. — Алматы, 1970. — 104 б. 
2. Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы.Алматы, «Жазушы» 1976.147б. 
3. Абай туралы философиялық трактат.Алматы «Қазақ университеті»,2004.5,25 б.т 
4.
 https://massaget.kz/blogs/28755/amp/
 
 
 
ҒЫЛЫМ МЕН ЖАСТАР – ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ СЕНІМДІ КЕПІЛІ 
 
Ғаппар М. – ЮМ 21-1К8 тобының студенті 
Аманжолова А.Е – ғылыми жетекшісі 
....Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін 
А.Байтұрсынұлы 
Қай заманда болсын әрбір елдің өркендеуі мен тұғырының берік болуы – сол елдің білімді жастарының қолында. 
Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің тілімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды 
теңестіретін – білім». Демек, Тәуелсіз Қазақстанымыздың өзге елмен терезесін тең, болашағын жарқын ететін де сол – 
жас ұрпақ. Кейінгі буынды өзгермелі өмірді еркін бағдарлай алатын, бәсекеге қабілетті болуы – бүгінгі күннің басты 
талабы болып отыр. Данагөй ғұламаларымыз жырлағандай,болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастардың 
қолында.Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман 
ағымы, кезең тынысы болып табылады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-
бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-
бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. 
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де 
жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Жасыратыны жоқ, республикамыздың 
барлық өңірлерінде жастар белсенділігі күшейіп келеді. Жастар әлеуметтік және қоғамдық өмірдің белортасынан 
табылып келеді. Бүкіл елдің, Қазақстан жастарына деген сенімі жоғары екендігін, бүгінгі қыз-жігіттеріміздің 
интелектуалдық белсенділігін жоғары бағалайтындығын білеміз.
Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің 
қолымызда,яғни жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге 
төтеп беру керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай 
сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан 
түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы- оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды 
орын алатындағын аңғартады. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы үшін бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отан 
сүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интелекттік, құқықтық 
тәрбие басым болғаны жөн.Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі форумдарда белсенді қазақ жастарының басы қосылып, 
жұртшылық алдында сөз сөйлеген жастарымыз ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдік 
ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жатқандығы көңіл қуантарлық жағдай.
Кешегі күн кетті, көп нәрсе қолымызғы жетті, бірақ ұлттық намысымызды, тілімізді әлсіретіп алдық. 
Мәңгүрттенген жоқпыз, бірақ соған жақындап қалдық.Біз ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп 
болашағымызды жарқын еттік.. Ендігі кезек- жастарда.Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол 
себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге атсалысу – басты мақсатымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ 
елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық пен адамгершілік сезімдері 
жан-жақты жетілгенде ғана патриотымыз парасаты асқақтай түспей ме? Халқымыздың бойындағы патриоттық 
құндылық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырғандығы тарихтан мәлім.Жастарды жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның 
жасампаз үлгісін жаңғырта беру мақсатында жаңа ғасырғы еліміздің интелектуалдық элитасын қалыптастыруға, 
мемлекетіміздің басты игілігі болып саналатын этносаралық келісімді,татулық пен бірлікті қорғауға шақыруымыз керек.


144 
«Біз күш-қайратымызды, жастық жігерімізді тәуелсіз Қазақстанның дамуына жұмсаймыз.Ұлттық мүдде 
қағидасын сақтау мен ұлттық экономиканы – көтеру басты мақсатымыз»
Заманның заңғар тұлғаларының бірі - Мыржақып Дулатов: «Алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе 
мақтанамын», - деп айтқанындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратымызды жиып,жаңа идеяларды жүзеге 
асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда бүгінгі жас ұрпақ ретінде әрқашанда мақтанамыз.
Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай 
болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, 
адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында 
тұрған сияқтымыз. Ойланып көрейікші, бізді қазіргі уақытты не қызықтырады? oлай болса, елімізді өркендету үшін 
білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың 
қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп 
білем.
Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, 
білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Ел
cенімін ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.
Қорыта келгенде бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны - Қазақстанын жанындай сүйіп, 
танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.
Ендігі жерде жастар тәуелсіз Қазақстанның болашағын бірге жасауда жұдырық болып жұмылып нақты істерге көшеміз! 
Қазақстанның болашағын бағдарладық, тұрақты мәңгілік елдің деңгейіне бірге жер жүзіне жақұттай 
жарқыратып жанамыз!. ...Дамуымызды әлемдік тәжірибе тұрғысынан талдау және реформаларымызды іске асыру
қалыптасу дәрежесін үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру маңызды. Ал, мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ 
болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады!. Біз қазақ xалқы үш мың жылдықтарға дамыған мәңгілік ел болып 
жетерімізге нық сенімдеміз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет