163
б) делдалдың әмбебаптық қызметі кәсіпкерлік саладағы тұтынушыларға шарт жасасуға көмек көрсетуге
бағытталған;
в) коммерциялық делдалдық кәсіпкерлік қызмет болып табылады, коммерциялық делдал кәсіпкер ретінде толық
тәуелсіздікке ие болады:
г) делдал заңға сәйкес әрекеттерді (мәмілелерді) жүзеге асырады;
д) делдалдық қызмет барлық уақытта ақылы сипатқа ие.
Экономикалық теория коммерциялық делдалдықтың үш түрлі артықшылығын атап көрсетеді: жағдайлық
артықшылық, яғни тауарлардың өндірістік жиынтылығын тұтынуға мүмкіндік туғызу;
кеңістіктік артықшылық, яғни
өндіріс пен тұтынудың кеңістіктік алшақтығынан келетін шығындардың төмендеуі; уақыттық артықшылық, яғни өндіріс
пен тұтынудың уақыттық алшақтығынануақыттты үнемдеу.Бұл артықшылықтың барлығы экономикалық тұрғыдан
беріліп отыр.Енді бір зерттеуші ғаламдардың пікірінше заңды мағынада делдал делдалдық шартының негізінде өз
атынан өз есебінен клиент пен үшінші тұлға арасында шаруашылық байланыс орнату үшін тек нақты әрекеттер
жасайды. Оған қоса ол мәміле жасауға құқылы емес, тек сол мәмілені жасату үшін екі тарапты табыстырып көмекші рол
ғана атқаратындығын айтады.
Жалпы 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған
Азаматтық кодекстің 163 бабында
«коммерциялық делдал»
термині алғаш қолданылды. Бірақ кодексте делдалдар, делдалдық, делдалдық мәмілелердің анықтамасы нақты
берілмеген .
Дедалдық делдалдық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пайда болады. Тәжірибе жүзінде делдалдық қызметтің
пайда болу негізін құрайтын шарттар комиссия шартымен қатар бірнеше түрі кездеседі. Олар: тапсырма, басқаның
мүддесіне тапсырмасыз әрекет жасау, ақылы қызмет көрсету, көлік экспедициясы,
ақшалай талапты беріп
қаржыландыру, агенттік шарт, коммерциялық концессия сияқты шарттармен жүзеге асады. Десекте, жалпы делдалдық
шарттарының нақты тізімі жоқ. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарында аталғандардың ішінде агенттік шарттан
басқасы орын алған. Ал, басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет жасау шартының делдалдық шарттарға жататындығы
немесе оның делдалдыққа жатпайтындығы жөнінде даулы мәселе бар.
Қорыта айтқанда,коммерциялық делдалдық қызмет тауарлар мен қызметтерді өндірудің деңгейіне үлкен әсерін
тигізеді және ұлттық экономиканың дамуына және әлемдік нарықта оның бәсекелестік қабілеттігін арттыруға көп үлесін
қосатындығына тағы бір рет көңіл аударғымыз келеді. Сондықтан, тәжірбие жүзінде «комиссионер делдал» сақтандыру
брокері, сақтандыру брокері, бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушысы брокер, көлік экспедитор,дилер,
маклер,кеден брокері, агент және т.б. түрлерде көрінеді. Комиссия шартының негізінде ғана емес басқа да азаматтық
шарттардың негізінде туындайтын делдалдық қызметтерге ғылыми зерттеу жүргізу өз құндылығын ешқашан жоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: