173
Балтық елдері және т.б. елдерде осындай мекемелер табысты жұмыс істеуде. Елімізде 2016 жылғы 10
ақпанда
Президент Жарлығымен Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Институттың негізгі міндеттері –
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен
ынтымақтастықта олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру.[2]
Жас ұрпақты қорғаудың маңызды бағыттарының бірі – кәмелетке толмағандарды қылмыстық-құқықтық қорғау.
Балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық қатаң түрде тоқтатылуы тиіс, бұған жыныстық тиіспеушілікке қарсы
қылмыстар үшін жауаптылық шараларын күшейту дәлел болып отыр. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қылмыстық
кодекстің жаңа редакциясы қолданысқа енгізілді, оның 122-бабына сәйкес 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық
қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, ал
дәл сол іс-әрекеттерді ата-анасы, педагог, тәрбиелеу жөніндегі міндеттер жүктелген өзге адамның жасауы белгілі бір
лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан
өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 10
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер белгілі бір
лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылдан 15
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау немесе
сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, оның ішінде еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен
әйелдің жыныстық қатынасы (ҚР ҚК 120,121-баптары), дәл сол іс-әрекеттер жас балаға қатысты жасалса, 15 жылдан 20
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық кодекстің 93-бабының 1-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түрлерi) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының тізбесіне химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеу
кіреді. Сонымен қатар Қылмыстық кодексте жас балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс үшін
жәбірленушімен татуласуға байланысты істі тоқтатуға, шартты түрде соттауға заңнамалық түрде тыйым салынған.[1.2]
Соңғы он жылда балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында көптеген жұмыс атқарылды және
жылдан-жылға бала құқығын қорғау жүйесі жетілдіріліп келеді. Бала өзінің физикалық және ақыл-ойының толық
жетілмеуіне байланысты туғанға дейін де, туғаннан кейін де қашанда арнайы қорғау мен қамқорлыққа мұқтаж.
Достарыңызбен бөлісу: