Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет160/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

 
Литература 
1. 
Антонян Ю.М. Криминология: учебник. М.: Логос, 2004. С. 79. 
2. 
Антонян Ю.М. Преступность среди женщин. М.: Российское право, 1992. С. 111. 
3. 
Паршин Н.М. Проблемы уголовной ответственности за инцест: история и современность // Общество и право. 2013. 
№. 2 (44). С. 102-106. 
4. 
Криминология: учебник / под ред. А.И. Долговой. М., 2005. С. 449. 
 
«ҒЫЛЫМ МЕН ЖАСТАР – ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ СЕНІМДІ КЕПІЛІ» 
 
Исакулова А.Қ – ЮМ 19-1К13тобының студенті
Есенбекова П – аға оқытушы
Ғылым дамуының динамикасының сөзсіз болуы үнемі жас ұрпаққа солардың қадамдарының нәтижелеріне 
алып келеді.Жастар болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, 
санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекеттің және қоғамның міндеті саналады. Қандайда бір мықты 
мемлекет болмасын жастардың білімі мен болашаққа деген ісіне көп көңіл бөледі. Болашақтың ірге тасын қалау үшін, ең 
алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек.
Ғылым адамға не үшін керек? Қазіргі таңда ғылым адам өмірінің барлық салаларында маңызды рөл атқарады 
деп айта аламыз. Ғылымның даму деңгейі қоғам дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады, сонымен 
қатар бұл мемлекеттің қазіргі дамуының көрсеткіші болып табылады. Адам айналасындағы барлық болып жатқан, 
айтылып жатқан мәселелер-бізге дейінгі ғылымның жетістіктері. 
Қазіргі қоғамды, техникалық ақпараттық заттардың дамыған, шарықтап тұрған уақытында ғылымсыз басқару 
мүмкін емес. Дәл осы дамудың қазіргі жағдайында ғылым қоғамның әлеуметтік құрылымын өзгертіп қана қоймай, 
жетістіктері мен нәтижелерін өзге деңгейде көрсетеді. Бүкіл әлемде ақыл-ой жұмысымен айналысатындар санының өсу 
және физикалық еңбек пен біліксіз түрде айналысатындардың санының азаюы байқалып отыр.Барлық дайын 
техникалық, ақпараттандырылған заманда жастардың ғылымға көңіл бөліп, нәтиже көрсетулері де қиынға соғып тұр. 
Ғылым адамға тікелей білім арқылы әсер етеді. Ғылыми еңбектер мен жетістіктерді зерттеу балалардың 
дамуына, олардың білімді тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Оларды кішкентай кезінен жақсы ортада өсіріп,білім 
алуына мүмкіндік жасау керек. Сол әрекеттері арқылы жаңалықтар ашып,жеке дамыған білімді,қоғамға пайдасын көп 
тигізетін жеке дара тұлға болып өседі. 
Табысты болашақтың кепілі-білімді,білікті жастар. Қоғам арасында «Жастар ғылым саласына 
қызықпайды» деген пікірлер көп.Бұл сұрақтың түбіғылымның болашағына деген күмәнға алып келеді.Ғылыми 
мекемелердің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, жалақының төмендігі мен қағазбастылық 
тәжірибелі,талантты жастарымыздың өзге саланы таңдауына немесе шетел асып кетуіне нағыз себеп болып отыр. Бірақ 
осындай үлкен мәселелерге,кедергілерге қарамастан отандық ғылымның дамуына ерекше үлес қосып жүрген 
жастарымыз да көп. Тек олардың дамуына,әрі қарай жұмысын үлкен нәтижеген жеткізуіне біздің,қоғамның да 
мемлекеттің де көмегі тиуі керек. 
Елімізде ғылыммен айналысуға бұдан басқа айтарлықтай ешқандай ойып айтарлық себеп жоқ. Болашақтың 
кілті,елдің ертеңі-Білімді жас ұрпақ. Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты. Жастар 
табанды,қажырлы еңбек етіп, елімізде болып жатқан оңды үрдістерге белсене қатысып отыруы арқылы ғана жетістікке 
қол жеткізе алады. Сонымен қатар, жастар қоғамға пайдасын тигізіп, алған білімін еліміздің өркендеуіне жұмсайтын 
болса, онда болашағымыздың кемел,табысты болатыны сөзсіз. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты-жастардың бiлiмi мен 
бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр.
Біз – жастар тәуелсіздік жастармыз! Жас, жасампаз,іргелі елдің ұрпағымыз. Бүгінде жастар шыңдалып дамуға, 
өз ісін ашып, өзін-өзі дамытуымен, спорт, ғылым, шығармашылықпен және басқа да қызмет түрлерімен айналысуға 
толық мүмкіндіктері бар. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне 
белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына 
алуда. 
Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын білуге 
тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін 
өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты 
міндеттердің бірі. 
Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және 
ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп 
ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбіт аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің 
айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітінақтау – 
жастардыңқолында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет