Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет172/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Әдебиеттер 
1. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясына 
толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы ҚР заңы. 2007ж. 
2. 
Г.Дулатова Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы Шымкент 2019 
3. 
Амандықова С.К. Қ Р- ның Конституциялық құқығы. Астана 2007ж. 
4. 
Сапарғалиев Ғ. Қ Р-ның Конституциялық құқығы Алматы 2008 ж. 
 
 
ӘОЖ 008:316.722 
ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ КОД 
 
Курбанбаева У.М. – ИП-20-3к2 тобының студенті 
Тасполтаева М.Р. – магистр, аға оқытушы 
Әрбір ұлтта ұлттық код болады. Ол - ұлттың ұлт екенін көрсететін ұғым. Әрбір ұлттың өзіне ғана тән 
ерекшеліктері мен сапалары бар. Ол ұлттық код арқылы анықталады. Ұлттық код – белгілі бір ұлттың болмысын, 
менталитетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, құндылықтары мен көзқарастарын білдіретін және солардың жиынтығынан 
тұратын күрделі әрі өте маңызды жүйе. Кез-келген елдің ұлттық коды сол халықтың тілінен, мәдениетінен, тарихынан 
және дінінен құралады. Осы элементтердің бірегей үйлесімі кез-келген халықтың бірегей ұлттық кодын жасайды. Әр 
ұлттың ұлттық болмысы әртүрлі болады. Ұлттық код – бір ұлтты басқа ұлттан ажырататын әрі айқындайтын сипат. 
Қазақ халқының ұлттық болмысы ғасырлар бойы қалыптасып, түрлі өзгерістерге ұшырап, толықтыруларға тап болып, 
бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Халқымыздың бар құндылығын білдіретін әрі танытатын формула барлық материалдық 
байлықтан бастап, адами құндылықтарды қамтиды әрі әрқашанда рухани болмысты жоғары қояды. Ол - санамыздың 
ісімізден озық жүруіне себепкер. Онсыз ешқандай жаңғыру болмайды. Осы үшінде ұлттық кодты білу және оны сақтау 
біз үшін өте маңызды. 
Айтып кеткенімдей, біздің ұлттық кодымыз ғасырлар бойы қалыптасып, өзгерістерге ұшырап бүгінгі күнге дейін 
жетіп отыр. Бағзы заманнан бастап адамның рухани мәдениетін, рухани қасиеттерін жоғары бағалап келе жатыр. 
Өйткені, ата-бабамыз сол кезден бастап адам үшін ең керегі не екенін түсіне білген. Алайда, уақыт өте келе, бүгінгі 
таңда, көптеген өзгерістерге ұшыраудамыз. Қазіргі заманда адам үшін материалдылық руханилықтан әлдеқайда жоғары 
әрі маңызды болып кетті. Руханилықпен бірге ұлттық кодымызда өзгеріп, жойылып бара жатыр. Тәуелсіздік алған 
жылдардан бастап, біздің еліміз жаһандану жолына түсті. Жаһандану - тұрмысқа, ел басқару жүйесіне, шаруашылық, 
кәсіпорын, білім беру мен тәрбиелеу және т.б. адам өмірінің салаларында заманауи технологиялар мен жаңалықтарды 
қолдану.Менің ойымша, бұл – қазіргі заманның талабы, дамудың негізгі шарты. Жаһандану үдерісі біздің тарапымыздан 
ешқандай тосқауыл мен кедергі көрген жоқ. Ешқандай кедергі кездеспегендіктен де адамдарды, әсіресе жастар санасын 
тез жаулап алды. Тіпті, ұлттық құндылықтарға көзқарастар мен пікірлер, оларды ұстанулардың барлығы өзгеріске 
ұшырай бастады. Бұл ұлттық кодымыздың бұрмалауының алды еді.Қазіргі жаһандану кезеңінде жойылып кетуден аман 
қалуын ойлаған әрбір халық ең алдымен өзінің ұлттық кодын сақтай білуі керек. Ұлттық кодтың арқасында ұлттық сана 
қалыптасады. Ұлттық санасы қалыптасқан адам –жоғарғы ақыл мен ойлау қабілетіне ие адам. Ал мұндай адам –ғылым 
мен техникада үлкен жетістіктерге жете алатын адам. Міне, ұлттық кодтың маңызы мен мәні. Көбісі, ұлттық код ескі әрі 
артта қалып кеткен стереотиптер деп ойлайды. Керісінше, ол сананың улануынан сақтайтын, оның жаңғыруына жол 
ашатын жалғыз ғана құрал. Біз дамудың жоғарғы деңгейіне, сананың жаңа сатысына жету үшін– ұлттық кодымызды 
сақтай отырып, осы заманның жаңғыруына ілесу. Мұндағы маңызды нәрсе – жаңаны меңгеремін деп өз құндылықтарын 
ұмытып кетпеу және құндылықтарды сақтап, артта қалып кетпеу. Екеуін бірдей ұстап жүру. Елбасымыз айтқандай: 
«Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, 
бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі. Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шықпай, 
терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын 
көре алмайды.Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды 
түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына барып, түсіне де алмай қалады.» 


196 
Ал, ендігі кезекте, ұлттық кодтың жастарға қандай қатысы бар? Меніңше, тікелей қатысы бар. Себебі, жастар – 
біздің болашағымыз, ертеңіміз, біздің ұлттық кодымызды сақтап, келер ұрпаққа берушілер. Ұлттық кодымызды 
сақтағымыз келсе, бірінші кезекте жас буыннан бастауымыз керек. Ертеңгі күні ел тұтқасын ұстар әрі 
жалғастыраржастардың бүгінгі күнгі өнегелі тәрбиесі, сапалы білімі, ұлттық санасы –бүгінгі жастар алдында тұрған 
мақсат пен міндет. Сол үшін, барлығымыз үшін жастардың білімі мен мәдениеті ең маңызды нәрсе.Жастар мәселесін 
шешу және талқылау қазіргі қазақ қоғамының әлеуметтік саяси бағыттарының бірі болып саналады. Қазіргі жастар 
қандай, олардың батысқа еліктеуі әрі заманауи көзқарастары қандай, болашақта біздің ұлттық мұратымызды сақтай 
алады ма деген сұрақтар біз үшін өте маңызды. Жастардың дұрыс жолда болуы, дұрыс тәрбиеленуі – ұлттық кодпен 
жүзеге асырылады, өз кезегінде, ұлттық кодтың дұрыс сақталып, келесі буынға берілу жастардың қолында. Ұлттық код 
ұлттық сананы, ұлттық рухты асқақтатып, жастардың бойындағы ұлттық сананың кемелденуіне жетелеуі тиіс. Қазіргі 
таңдағы жастардың мәдениетіне келетін болсам – өзімнің байқауымша, толығымен шетелге еліктеу(әсіресе, Батыс 
елдері, Оңтүстік Корея, АҚШ), солардың менталитеті мен болмысын көшіру, меңгеру, өздеріне қолдану –кең әрі терең 
тамыр жайды.Ұлттық кодымызда көп қолданылмайды. Әрине, оны сақтайтындар, ұстанатындар бар, бірақ өте аз. 
Ұлттық кодтың ең маңызды элементі – тіл. Қазіргі күндері, қазақ тілі мен оның тазалығын сақтау - өте маңызды мәселе. 
Қарапайым мысал, ол әрине жастар. Қазақ жастарының арасында қазақ тілі емес, орыс және ағылшын тілдері көп 
қолданылады.Орыс тілін білмейтін орыс жоқ, бірақ қазақ тілін білмейтін қазақтар бар, тіпті көп.Бұл процесс жастарды 
толығымен жаулап алды, енді кезекте келесі буынға да берілейін деп тұр. Келесі кезекте – қазақ тілін таза қолданбау. 
Яғни, қазақ тілін дұрыс емес пайдалану, бізге жат сөздерді қолдану. Жастар арасында өз Отанын тастап, шетелге көшу 
кең етек жаюда. Бұл ұлттық кодтың бұрмалануының тағы бір түрі. Менің байқуым бойынша, жастардың көп бөлігі 
өздерінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін, Отанын менсінбейді, тіптен жек көреді. Осы – біздің 
үлкен әрі ең осал мәселеміз. Осы мәселелер ұрпақтан ұрпаққа берілсе, ұлттық кодымыз түгілі ұлтымыз жойылып кетеді. 
Қорытындылай келе, ұлттық код – ұлтты сақтайтын және болашағын жасайтын маңызды құрал.Оны сақтау – 
ұлтымызды сақтау. Оны біздің азаматарымыз бен азаматшаларға бала күнінен бастап құлағына және санасына сіңіруіміз 
керек: біздің құндылықтарымыз бен мәдениетіміз және дәстүріміз негізінде патриоттық сезімді оятып, халқымыздың 
дана сөздерін, тарихын естірітіп, үйретуіміз қажет. Жастар ең алдымен, қазақ тілін толығымен меңгерулері керек және 
әрқашанда тек қана сол тілде сөйлесіп, қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланулары керек. Өзінің туған тілін, туған 
тарихын, мәдениеті мен құндылықтарын толық сіңіру арқылы ғана –адам басқа тілді меңгере алады, санасы дұрыс әрі 
толығымен қалыптасады.Ұлттық код – рухани болмыс кілті әрі болашаққа деген сенімді бағдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет