204
аталған қызметті реформалау тергеушінің функциялық міндетін нақты анықтауға,
оған қажетті құзыреттер беруге,
сондай-ақ сырттай қандай да бір әсер етуді болдырмайтын тергеу аппаратын қайта құруға бағытталуы қарастырылған.
ҚР ҚПК-де қылмыстық сот өндірісін жетілдіру жолдары белгіленген, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру
сатысында бәсекелестіктің негізгі бастамасының маңыздылығы көрсетілген. Осыған байланысты, тергеу органдарының
қылмыстық іс-жүргізішілік функциясын оқыту, қылмыстық процессте тергеу қызметінің және тұлғалардың құқықтарын
қорғау арасындағы тиімділікті оңтайландыру мақсатымен олардың даму жетістіктерін айқындау өзекті мәселе ретінде
көрсетіліп отыр. Тергеу аппараты қызметінің оңтайландырылуы, сотқа дейінгі тергеп-тексеружүйесінің функционалдық
және ұйымдастырушылық құрылымының мәселесін зерттеу және ол мәселелерді шешу деңгейіне байланысты.
Тергеу аппаратының орнын анықтау мәселесін және оның қызметін оңтайландыру жолдарын табу мәселесін
шешу қылмыстық іс-жүргізу жүйесінде ең қиыны болып табылады, сондықтан да, бұл мәселе бүгінгі күнге дейін
ғалымдар арасында даулы және талқылау тақырыбы болып келеді.
Бұл мәселені шешу үшін, мен тергеу аппаратының қалыптасу және даму үрдісінің бірінші дәрежелі, маңызды,
мағыналы функционалдық-құрылымдық тұрғыдан айқындау мен зерттеуді ұсынамын, бұл тергеу аппараты қызметі мен
қазіргі құрылымына ұйымдастырушылық принципті негізге ала отырып, ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
Сотқа дейінгі тергеудің басталуы .Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың,
хабарламаның сотқа
дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі немесе бірінші кезек күттірмейтін тергеу іс-әрекеті сотқа дейінгі
тергеудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеудің басталуы туралы бір тәулік ішінде прокурорғахабардар
етіледі.Қылмыстық Процестік Кодекстің 184-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурор, тергеуші,
анықтаушы, анықтау органы қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз және хабарлама тіркелгенге дейін
қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау мен бекіту жөнінде кезек күттірмейтін тергеу іс-әрекетін жүргізеді
және іс жүргізудің мәжбүлеу: қарап тексеру, алу, куәландыру, жеткізу, жауап алу шараларын қолданады. Бір мезгілде
олар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың және хабарламаның Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне
тіркелуіне, оның ішінде байланыс құралдары пайдаланыла отырып тіркелуін шара қолдануға міндетті.
Жеке айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар, хабарламалар
бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуге міндетті. Келіп түскен арызда, хабарламада әкімшілік құқық бұзушылық
немесе тәртіптік теріс қылық белгілері туралы мәліметтер болған кезде өтініш ілеспе хатпен үш
тәуліктің ішінде
уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға беріледі.
Келіп түскен арызда, хабарламада жеке тәртіппен жүзеге асырылатын қылмыстық қудалау мәліметтері болған
кезде материалдар соттылығы бойынша тиісті сотқа жіберіледі.
Қазақстан Республикасында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімдемесіне тіркеу жүргізу барысында
туындаған мәселелер талқылануда. Атап айтқанда сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімдемесіне тіркеуінің
автоматизациясы: біріншіден, процесті бастауды жеңілдетті; екіншіден, жазбаша арздардың бірыңғай нысанын еңгізді;
үшіншіден, тергеп-тексерудің жүргізілуін «он-лайн» режимінде бақылауға мүмкіндік береді; төртіншіден, ІІО
қызметкерлерінің азаматтардың арызын қабылдау тәртібі нығайтылды, оның өзі азаматтардың ІІО қызметкеріне сенімін
арттырды. Криминалды емес сипаттағы барлық арыздар мен хабарламалардың нақты айқындау жүйесі
қалыптастырылды. Соның нәтижесінде қылмыстық-процестік жолмен тексерілген материалдардың саны екі есе немесе
550
мыңға кеміді.
Сот төрағалары іс жүргізу тәртібі, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жеделдетілген түрінің артықшылықтарын
және ерекшеліктері айқындалуда. «Бұл, ең алдымен жеделдетілген сот төрелігін атқаруда тергеу барысындағы әуре-
сарсаңды жояды, мемлекеттіңде және қылмыстық процеске қатысушылардың сот өндірісіне
қатысты шығындарды
азайтады» деп сот қауымдастығының өкілдері хабарлауда.
Жеделдетілген тәртіптегі тергеу тиімділігінің процессуалдық маңыздылығын ескере отырып, қылмыстық
қудалау органдары сотқа дейінгі тергеу сатысындағы тәртіпті сақтай отырып, сол сатыда күдіктілерге
(айыпталушыларға) тергеудің жеделдетілген түріне енгізілген құқықтарын және істі сотқа беру тәртіптерін түсіндіру
қажет. Жеделдетілген сот дейінгі тергеп-тексеру институты жазаны аз алу мүмкіндігінің кепілі болатындығын, ал
жәбірленушілерге сот төрелігі құқықтарына қол жеткізу және келтірілген зиянның жедел өтелетіндігін түсіндіреді.
Тергеу аппаратының қызметін дамытудың тиімді жолын іздеу барысында,
оның кезеңдік
ұйымдастырушылығына, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуіне,
қылмыстардың тергелуін реттеу үшін қабылданатын заңнамалық актілерге назар аудару қажет. Тәжірибенің жедел түрде
дамуы, көп жағдайда теориялық өңдеуден озып жатады, сондықтан бұл теория үшін де, тәжірибе үшін де белгілі
мәселелерді тудырады. Сол үшін де, Қазақстанда тергеу қызметінің тарихы мен қазіргі кезін зерттей және бағалай
отырып, оның болашағын болжай аламыз
Процесті оңайлату және тиімділігі мақсатында куәнің және жәбірленушінің айғақтарын тергеу судьясының
депонирлеуі туралы нормалар енгізілді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру дегеніміз оған уәкілетті
органдардың қылмысты ашу, оны жасаған адамдарды
қылмыстық жауапкершілікке тарту, материалдық зиянның орнын толтыру мақсатында дәлелдемелерді жинақтау,
тексеру және бағалау жөніндегі қызметі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының қызметі, сонымен қатар, қылмыстан
келген зиянның сипаты мен
мөлшерін айқындауға, азаматтық талапты немесе болуы мүмкін мүлік тәркілеуін қамтамасыз етуге, қылмыстың
жасалуына алып келген себептер мен жағдайларды айқындауға, оларды жою үшін шара қабылдауға бағытталған.
Бүгінгі таңда анықтаушылар іс жүзінде тергеушілер атқаратын жұмысты атқарады. Алайда, бұл ретте олардың іс
бойынша шешім қабылдау мәселесіндегі құзыреті шектеулі.
Тергеудің дағдылы және жеделдетілген нысанның арасында тергеу және тергеуде болу мерзімдерінде ғана
айырмашылығы бар. Бірінші жағдайда тергеу мерзімі екі ай, ал екінші жағдайда бір ай деп анықталған. Жеделдетілген
тергеу өндірісі үлкен қиыншылық тудырмайтын, ал қылмысты жасаған адам анықталған
айқын қылмыстар ғана
тергейтін болады.
Заңнамадағы осы өзгертулердің мақсаты қылмыс жөніндегі материалдарды сотқа дейінгі әзірлеу рәсімін жаңа,
анағұрлым сапалы деңгейге көтеру, оны барыншаоңайлату болып табылады.