Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет211/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Литература 
1. 
Формы 
координации 
взаимодействия 
правоохранительных 
органов.
https://vuzlit.ru/1246230/formy_koordinatsii_vzaimodeystviya_pravoohranitelnyh_organov
 
2. 
https://informburo.kz/stati/v-kazaxstane-bolse-poloviny-del-o-domasnem-nasilii-zakancivayutsya-primireniem-cto-za-etim-
stoit
 
3. 
https://kodeksy-kz.com/ka/trudovoj_kodeks/26.htm
 
4. 
https://tsnik.kz/normativno-pravovye-akty/77507/
 
5. 
Черников В.В.Правоохранительные органы:учебник.2-еизд.,перераб.идоп.М.:Проспект.2012 
6. 
https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1800000609
 


242 
ӘОЖ 341 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ 
 
Сайдуллаев А. – ЮМ-21-1к3 тобының студенті 
Жамалова Г. – оқытушы, құқық магистрі 
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы. 
Қазақстан тәуелсіз мемлекет болу жолында, аса маңызды және қолайлы құрал ретінде заңдылық орын алады. 
Қазіргі кезде республиканың түбегейлі заңдылық процесінің құқықтық-конституциялық біліктілікпен сәйкес келуі 
республиканың дамуына аса қажет етіледі. Заңның басты көздеуі-қоғамда заң үстемдігін орнату, құқықтық тәртіпті 
орнату, саяси өмірде және экономикалық өмірде қатал тәртіппен тұрақтылықты орнату. Конституциялық құқық 
Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің басты саласы болып табылады. Конституциялық құқықтың негізгі 
әдістері міндеттеу, шектеу және рұқсат ету әдістері болып табылады. Конституциялық құқықтық әдіс биліктік-
империативтік бастауларда негізделеді. Конституциялық-құқықтық реттеудің негізгі нысаны міндеттеу әдісі болып 
табылады. Мәселен, Конституцияның 38-бабында азаматтар табиғатты сақтауға міндетті делінген. Кей жағдайларда 
конституциялық құқықта шектеу әдісі қолданылады: “Президенттің өкілді органның депутаты болуға құқығы жоқ”. 
(Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-б. 1-т.). Мемлекет тәуелсіздігінің ең бір айқын айғағы оның егемендігі 
болып табылады. Декларацияда республикадағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып Қазақстан халқы 
танылады, сондай-ақ ол егемендіктің бірден-бір иесі болып табылады (4 бап). Қандай да болмасын меғмлекеттің 
егемендігін оның меншігі құрайтындығы белгілі. Республиканың жеке меншігіне оның аумағындағы барлық ұлттық 
байлықтар жатқызылады. Республиканың ұлттық байлығына жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер және 
хайуанаттар әлемі, халықтың мәдени және тарихи құндылықтары, экономикалық және ғылыми-техникалық потенциалы 
енгізілген.
Бүгінгі қолданыстаңғы 1995ж. 30 тамызында қабылданған Конституция Қазақстанда Президенттік басқару 
нысанын бекітті, сөйтіп, ҚР конституциялық эволюцияның жаңа кезеңіне жол салды.ҚР Конституциясы бүкілхалықтық 
дауыс беру жолымен республикалық референдумда қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы 
преамбуладан және 9 бөлімнен тұрады. Преамбула Конституцияның құралтайшылық сипатын көрсетеді, қабылдаған 
ерекше субъект – халыққа назар аударды. «Жалпы ережелер» аталатын бірінші бөлімде Қазақстанның мемлекеттік 
құрылысының негіздері анықталған, Қр қызметінн негіз болатын қағидаттар бекітілген.
Конституцияда Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтырды (1-
бап). ҚР Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып құрылады. Мемлекеттік биліктің бастауы – 
халық. Конституция мемлекеттік билікті заңшығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу қағидатын алдыға 
тартады. Сонымен қатар Конституция Президенттің әлеуметті билігін белгілейді. «Адам және азамат» бөлімінде 
тұлғаның құқықтық мәртебесі, ҚР азаматтығы негіздері анықталған. Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасы 
Президентінің конституциялық мәртебесі бекітілген, ол «Президент» деп аталады. IV, V, және VII бөлімдер ҚР 
Парламентінің, Үкіметінің және соттарының конституциялық-құқықтық мәртебесін анықтауға арналған. Алтыншы 
бөлімде Конституциялық Кеңестің мәртебесі айрықша бекітіледі. Сегізінші бөлім ҚР жергілікті мемлекеттік басқару 
және өзін-өзі басқару негіздеріне арналған. Соңғы тоғызыншы бөлім қорытынды және өтпелі ережелерді анықтайды. 
Конституция қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттің құқықтық жүйесінде айрықша орын алады және құқықтық 
мемлекеттің аса қажетті белгілерінің бірі болып табылады.Конституцияның болуы билік институттарының заңдылығы, 
құқық тәртібі және тұрақтылығының міндетті шарты. Конституция мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, адам және 
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекет құрылымы және басқару 
нысанына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы 
қоғамда демократиялық процестерді орнықтырды. Жалпыхалықтық дауыс беру жолымен өз еркін білдіре отырып, 
Қазақстан халқы жаңа Конституцияны қабылдады. Сол себепті Конституцияны халық пен мемлекет арасындағы, 
олардың өзара қарым-қатынастары мен мемлекет құру тұрғысындағы ортақ қағидаттарын бекітетін құқықтары мен 
міндеттері туралы шарт деп толық сеніммен айтуға болады. 
Конституцияның преамбуласында былайша жазылған: “Қазақстан халқы өзіміздің егемендік құқығымызды 
негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз”. Егер халықтық егемендік идеясы тұрғысынан қарайтын болсақ 
Конституция нормаларының құрылтайшылық сипаты жөнінде айтуға болады. Содан келіп, конституциялық 
тұжырымдарда халықтық ерік-жігері көрініс табады және Конституция нормалары құрылтайшылық, бастапқы сипатқа 
ие болады. Конституция халық пен мемлекет арасындағы шарт бола отырып, қоғамда пайда болатын негізгі 
қатынастарды реттейді. Ол барлық салаларды: cаяси, экономикалықпен бірге, әлеуметтік және рухани салаларды да 
қамтиды. Жалпы алғанда констиуциялық реттеу барлығын қамтушы сипатымен ерекшеленеді.Конституцияның өзіндік 
заңдық ерекшеліктері бар: жоғары заң күші, конституциялық нормалардың тікелей қолданылуы және оған түзетулер 
енгізу мен қабылдаудың ерекше тәртібі болады. 
1995 жылғы конституцияны дайындап шығару үшін 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған “Қазақ ССР-інің 
мемлекеттік егмендігі туралы Декларация”, 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған “Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң, сондай-ақ 1993 жылғы Қазақстан Республикасының 
Конституциясы сияқты заңдылықты актілер құқықтық негіз болды. 
Конституцияның жоғары заң күші бір де бір заң немесе нормативтік акт Конституция нормаларына қайшы 
келмеуге тиістігінен көрінеді. Конституциялық нормаларға қайшы келетін заңдар мен нормативтік актілер 
заңдылықтарда белгіленген тәртіппен алынып тасталады. Жоғары заң күші, оған басшылық жасаушы орынды бекіте 
отырып, Конституцияның құқықтық нормалар жүлгесіндегі орнын анықтайды. 
Конституция нормаларының тікелей қолданылуы барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз 
қызметтерінде Конституцияны басшылыққа алуға міндетті дегенді білдіреді. Азаматтар және оның бірлестіктері өз 
құқықтарын қорғаған кезде конституциялық нормаларға сілтеме жасауға хақылы. Конституция қолданыстағы 
нормативтік акт болып табылады, оның нормалары Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет