278
ӘОЖ 343
ҚР-ДА ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Үсен Ұ.Р. – ЮМ 19-1к9 тобының студенті
Еркебаева Н.А. – аға
оқытушы
ҚР Конституциясында бекітілген Адамның және азаматтың ақпараттық құқықтары,
Адам мен азаматтың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарын саралау Қазақстан Республикасының Конституциясының “Адам және
азамат” деп аталатын 2-ші бөлімінде адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары бекітілген (10-39
баптар).
Олардыкелесітоптарғабөлугеболады:
жекеқұқықтар
мен
бостандықтар,
әлеуметтік-
экономикалықжәнесаясиқұқықтар мен бостандықтар[1].
Жеке құқықтар мен бостандықтарға Қазақстан аумағында тұрақты және уақытша тұратын барлық тұлғалар ие
болады. Олар абсолютті, ешкім айыра алмайтын және әркімге тумысынан тиісті болады. Конституцияның 15-ші бабына
сәйкес әркім өмір сүру құқығына ие болады. Конституцияда өмір сүру құқығы әр түрлі қол сұғушылықтан қорғалу
мақсатындабекітілген. Өмір сүру құқығы көптеген конституциялық кепілдіктер мен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан
Республикасының Конституциясы ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ бекітеді. Конституцияның 31-ші
бабында адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды тұлғалардың
жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатындығы туралы бекітіледі. Өмір сүру
құқығы тек қана
Конституциямен ғана емес, өзге де салалық заңдылықтар мен қорғалады. Қолданыстағы
заңдылықтар осы құқықты
қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың жүйесін анықтайды.
Конституцияда eшкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-
қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығы туралы кепілдік орын алған. Конституцияның 18-
ші бабына сәйкес әркім өзінің қадір-қасиетін қорғауға құқығы бар. Салалық заңдылықтарда адамның қадір-қасиетін
қорлағаны үшін жауапкершілік шаралары қарастырылған. Сонымен қатар жеке құқықтарға
әркімнің өзінің жеке
салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон
арқала сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф
арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығының сақталуына құқығы бар.
Бұл норма
Конституцияның 18-ші бабында бекітілген. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша
ғана жол беріледі.
ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы. Осы дербес деректерді өңдеу саясаты «Дербес
деректер және оларды қорғау туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес жасалған және ASPANDAU ACADEMY дербес
деректерді өңдеу тәртібін және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды.
Оператор дербес деректерді өңдеу кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен еркіндігін сақтауды, оның
ішінде жеке өміріне қол сұғылмауын ескеруді, жеке және отбасылық құпия құқықтарын қорғауды өз қызметін жүзеге
асырудың маңызды мақсаты және шарты етіп қояды.
Оператордың дербес деректерді өңдеуге қатысты осы саясаты оператор веб-сайтқа кірушілер туралы ала
алатын барлық ақпаратқа қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: