Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет244/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

 
 
ӘОЖ 347.641 
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ 
ОРЫНДАУ БАРЫСЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАР 
Хашимжанов Б.И. – ЮМ-20-1к8 тобының студенті 
Ерманкулов М.К. – аға оқытушы 
Қылмыстық жазаның енді бір мақсаты ретінде зандарда айтылған жай, сотталған адамды түзеу болып табылады. 
Түзелу қылмыскердің заңға бағыныңқы адамға айналуымен көрінеді. Бұл жерде, әрине, адамның жазасын өтеп 
шыққаннан кейін адамгершілігі жоғары инабатты адамға айнылып кетуі жөнінде сөз болып отырған жоқ. Түзеу 
барысында шешуге болатын айқын міндет — ол сотталған адамды жазаның қатерімен болса да енді қылмыстық занды 
бұзуға, яғни жаңадан қылмыс істеуге жол бермеуге көндіру немесе мәжбүр ету. 
Түзеудің бастамасы кінәлінің қылмыстық жауаптылыққа тартылған сәтінен басталады және сот мәжілісі, кім
шығару мен жаза тағайындау барысымен жалғасады, сөйтседе оның қарқынды сәті жазаны өтеу кезінде байқалады. 
Осыған орай, жазаны атқару органдарының тікелей міндеті сотталғандарды түзеу болып табылады. Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 7-бабының 1 -бөлігінде сотталған адамның түзелуі оның мінезінде 
құқықты сақтаушылық, тұлғаға, қоғамға, еңбекке, адамзат өмірінің нормаларына, тәртібі мен дәстүріне деген дұрыс 
кезқарасынын қалыптысуымен анықталатындығы айтылған. Заң осы мақсаттарға кол жеткізетін негізгі құралдарды 
анықтайды. Олар: жазаны атқару мен өтеудің тәртібі (режим), тәрбие жұмыстары, қоғамдық пайдалы еңбек, орта білім 
алу, кәсіби дайындық пен коғамдық ықпал ету болып табылады (ҚР ҚАК 7-бабының 2-бөлігі).[1] 
Ғалымдардың көзқарастарына сәйкес, қылмыстык-атқару құқығында жаза сотталғандардың құқықтық шектеу 
кешендері — жазалаумен теңестіріледі. Сондықтан жазаны атқару қылмыстық-аткару құқығының нормаларымен 
реттелген жазалуды атқарудың тәртібі сияқты көрінеді. Қ.Ж.Балтабаевтың атап өткеніндей, жазаның жазалаушы 
қасиетгері режим арқылы іске асырылады. «Жазаның мәні мен мазмұны көрінетін жазалауды атқару режимі өзінің 
бағытына қарай көпсалалы. Ол сотталғандарға жазалушы ыкпал етуді қамтамасыз етіп, соталғандарды түзеудің негізгі 
құралдарының бірі ретінде көрінеді. және бірмезгілде езге де тәрбиелік ықпал ету құралдарының нәтижелі қолданылуы 
үшін құқықтық алғашарттар қалыптастырады». 
Жазаның түрлі шаралары түзеудң түрлі құралдарын, әдістері мен жолдарьш талап етеді. Жаза шаралары да түзеу
құралдары сияқты істелген қылмыстың ауырлығын, қоғамдық қауіптілігін, сотталған адамның тұлғасын ескере отырып 
қолданылуы тиіб. Бас бостандығынан айыруды жазасын өтеу кезінде түзеудің негізгі құралдары мыналар болып 
саналады: бостандықтан айыруды өтеу режимі, қоғамға пайдалы еңбек, тәрбие жұмыстары. Түзеуге ықпал ететін 
құралдардың мынадай түрлері де қолданылады: сотталғандардың көркемөнерпаздар ұйымдары, мәдени-ағарту және өзге 
де қызметтер.[2] 
Жазаның өзге шараларын колдану кезінде түзеу құралдары бостандықтан айыру кезіндегі осындай шаралармен 
салыстырғанда өзіндік езгешеліктерге ие болады. Бұл жерде түзелудің өлшемі адамның мінез-қүлқының өзгеруі, сана-
сезімі оянуы, қоғамның заңға бағынышты мүшесіне айналуы болады. 
Жазаның мақсаты әлеуметтік қоғамда кешенді сипатқа ие болады, ол мемлекетті нығайту мен дамытуға мүдделі 
қоғамдық қатынастарды коғамдық қауіпті қолсұғушылықтан қорғаумен көрінеді. Демек, кылмыстық жаза құқықтық 
тәртіпті нығайту, істелген қылмыспен нұқсан келтірілген әділеттілікті қалпына келтіру үшін қызмет етеді. Жаза -
әлеуметтік ықпал етудің өткір де қатал құралы, ол қылмысқа қарсы қажетті әсер болып табылады. 
Жаза мен қылмыс бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Егер қоғамдық қауіпті әрекет жазаны 
қамтымайтын болса, онда ол қылмыс деп санала алмайды. Қылмыссыз жаза болмайды, онсыз ол заңсыздыққа айналған 
болар еді. Сондықтан, қылмыстык жаза қылмыс үғымымен байланыстырыла зерттелуі тиіб. Алайда, кейбір ғалымдар 
қылмыс пен жазаның диалектикалық байланыстарын жоққа шығарып, қылмыс туралы ілімді дамытуда қылмыстық 
жазаны жоғарырақ көтереді.[1] 
Қылмыс пен жазаға қатысты басқа да көзқарастар бар. Мәселен, жекелеген зерттеушілер, қылмыс ұғымымен 
қатар, жазаны белсене қолдану процесі де бірге жүреді деп санайды. Бірақ, олар, бізге көрінгендей, кенеттен пайда 
болған құқықтық нормалардың мемлекеттік билікпен реттеліп отыратын құқықты нормаға айналатын процесін 


280 
ескермейтін сияқты. Бұл орайда, «іс жүзіндегі де және қисыны бойынша да қылмыстар жазаның алдында тұрады: жаза 
туралы мәселе көтерілмес бұрын, алдымен қылмыстық әрекет істелуі керек. Шын мәнінде, бүкіл жаза жүйесі істелген 
қылмыстармен күрес шаралары жүйесі ретінде қызметтік рөл атқарады, егер бұл орайда басымдылық жөнінде сөз 
қозғайтын болсақ, онда басымдылық жазаның емес қылмыстық үлесіне тиеді. Бірақ бұл, қылмыс пен жазаның өзара 
бағыныштылығын жоққа шығару болып табылмайды. «Жазасыз қылмыс ұғымы және сол сияқты қылмыссыз 
қылмыстық жаза болуы мүмкін емес», деген ғылыми көзқараспен толығымен келісуге болады.[2] 
Тәжірбиелік қызметкерлердің пікірі бойынша заңнаманың адамгершіліктенуі (гуманизациялануы) жас 
өспірімдер арасында қылмыстылықтың өсуінің негізгі факторларының бірі болды. Бүгінгі жас өспірімдер олардың 
күнделікті өміріндегі болып жатқан фактілерге сүйеніп өздері үшін келесі қортындылар жасады: 
«мен кәмелетке толмағанмын, бұл мені қамауға алмайды дегенді білдіреді»; 
«жәбірленушімен ақша арқылы келісуге болады»; 
«шартты мерзім» -бұл оңай, мен үйде боламын, көп болса бір рет «белгіленуге» барып келермін; 
«мен кәмелетке толмағанмын», маған ескерту мен алдан алу әңгімелерінен басқа ештеңе қолданбайды. 
Қорыта келгенде, атап кеткім келетіні, халықаралық нарықта Қазақстан Республикасының маңызын күшейту 
бойынша саясатты жүргізу және осыған байланысты заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес гуманизация жағына 
қарай өзгерту, менің көзқарасым бойынша қылмыстылықтың өсуіне, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ортасында 
криминалдық жағдайдың нашарлауына алып келді. 
Нарық қатынастарыніың пайда болуы өмірдің барлық саласында көрініс тапты, бұл құндылықтардың, 
дүниетанымның, адамгершіліктің өзгеруіне алып келді. Тәжірбие көрсеткендей, қазіргі уақытта азаматтар құқық қорғау 
органдарына көбінесе жүгіну себебі болып, кінәліні заңға тарту үшін емес, онымен келтірілген залалдың орнын толтыру 
болып табылады. Нәтижесінде, жәбірленушімен татуласуына байланысты (ҚР ҚІЖК 38-бабы) кінәлі кәмелетке толмаған 
тұлғаның жауапкершілігі (кішігірім немеме ауырлығы қылмыстыр орташа үшін) аяқталады, бұл өз кезегінде соңғымен 
құқықа қарсы қызметті жалғастыруға түрткі болады.[1] 
Тікелей заңды фактілердің өздерін ескермей, тәжірбиеге негізделетін болсақ, пайда болған жағдайдағы ең 
қолайлы шешім кінәлі тұлғамен қылмыстық жауаптылықты тартпау жағдайларын кішірейту және идеалында 
болдырмау мақсатымен, кәмелетке толмағандарға қатысты заңнамадағы қатаңдықты күшейту. 
Жазаның болмай қоймайтындығы құқықбұзушылармен күрес үшін ғана емес, тұтасымен заңдылықты күшейту, 
заңға деген құрметін тәрбиелеу, адамдардың барлығында құқықтық бұйрықтың орындау әдетін тәрбиелеу үшін қажет. 
Осылай бұл құбылыстың табиғатын талдағанша, жасалған фактіні қарастыру оңай. Бұл ерекше интеллектуалдық 
күш салуды талап етпейді, яғни тәжірбиелік қызметкерлердің көбіне (кәмелетке толмағандар істері бойынша 
бөлімшелер, құқыққорғаушы және сот органдары) ыңғайлы. Біздің пікірімізше, бұл жас өспірімдермен, яғни кәмелетке 
толмаған құқықбұзушылармен жұмыс барысында мұндай әдіс қандай нақты салдарларды әкелетіндігін бағалай алматын 
жартылай кәсіби немесе кездейсоқ адамдардың жұмыс істеуі нәтижесінде болады. Жеке тұлға қалыптасатын алғашқы 
кезеңдерде түзетуді жүргізбесе, яғни оның санасын, дүниетанымын, өмірге қатынасын түзетуді жүргізбесе, бұл тек қана 
кәмелетке толмағандар арасында ғана емес, тұтасымен қылмыстылықтың өсуіне алып келеді (өйткені балалар өсіп 
ересектерге айналады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет