304
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке
қатынастар құрайды. Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа
келтірілген зиянның нақты
ақшалай құнын анықтауға болмайды.
Азаматтық құқық пәнінің түсінігі азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар туралы мәселелермен
байланысты болса, әдіс түсінігі осы қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіні туралы
мәселелермен байланысты. Сондықтан құқықтық реттеу пәні мен әдісі арасында қатты байланыс бар. Әдіс құқықтық
реттеу пәнінің ерекшеліктерімен қайта анықталады.
Азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзара бағалау сипатына ие. Қоғамдық қатынастарға
қатысушылардың өзара бағалауы тек қана бағалаушы тараптар тең болғанда ғана қалыптаса алады. Сондықтан мүліктік-
құнды және жеке мүліктік емес қатынастар тараптардың теңдік негізінде реттелсе ғана толық дами алады.
Қорытындылай келсек, азаматтық құқықтарда тараптардың заңдық теңдігі әдісі қолданылады. Азаматтық құқықта бұны
диспозитивтік қағида деп қарастырады.
Түрлі нормативті актілердегі азаматтық-құқықтық нормалар азаматтық құқық
пәнін құрайтын қоғамдық
қатынастарды реттеуге шақырылған. Азаматтық-құқықтық реттеу механизмін ашуда басты рөлді азаматтық құқықтық
қатынас түсінігі атқарады.
Қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларын рет- теу нәтижесінде олар құқықтық нысанды иемденіп,
азаматтық құқықтық қатынасқа айналады. Азаматтық құқықтық қатынас – бұл азаматтық құқық нормасымен реттелген
қоғамдық қатынас. Оның пәніне мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар кіреді. Мүліктік қатынастарды азаматтық
құқықпен реттеу нәтижесінде азаматтық мүліктік құқық қатынастары туындайды. Егер жеке мүліктік емес қатынастар
азаматтық құқық нормаларымен реттелмесе, жеке мү- ліктік емес құқық қатынастар тағайындалады.
Азаматтық құқық ең алдымен, қоғамның экономикалық базисі төңірегіндегі жатқан мүліктік қатынастармен
байланысты. Олардың құқықтық реттелуі азаматтық құқықтық қатынастарда көрінбейтін бірқатар ерекшеліктермен
сипатталады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері. Азаматтық құқық пәніне
кіретін қоғамдық қатынастар
тараптардың заңдық теңдігі әдісімен реттеледі. Тараптардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастың негізгі
қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуы- нан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық
қатынас оның құрамы мен элементтері түрінде қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың мазмұны, нысаны,
субъектілері мен объектілері кіреді.
Азаматтық құқықтың
элементтерін талқылайтын болса, алдымен қатынасқа түсуші тараптары, яғни азаматтық
құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайына зейін салу керек. Азаматтық құқық қатынас субъектілері деп
қатынасты қалыптастырушы та- рапты қарастырамыз. Негізінен оларды басты үш түрге жіктеуге бо- лады жеке
тұлғалар, заңды тұлғалар және мемлекет деп. Азаматтық құқық қатынас адамдар арасында қалыптасады.
Азаматтық заңдағы құқықтық нормалар өз бетімен азаматтық құқықтық қатынастарды тудырмайды, өзгертпейді
және жоймайды. Ол үшін құқықтық нормалармен қарастырылған жағдайлар туындауы қажет, оларды азаматтық заңды
дерек деп атаймыз. Сондықтан заңдық деректер құқықтық норма мен азаматтық
құқық қатынас арасындағы
байланыстырушы бөлік түрінде көрінеді. Заңдық дерексіз бірде-бір азаматтық-құқықтық қатынастар бекітілмейді,
өзгертілмейді және жойылмайды.
Заңдық деректер азаматтық құқықтық қатынас негізінде жатқандықтан және оларды бекітуді, өзгертуді немесе
жоюды тудыратындықтан, оларды азаматтық құқықтық қатынас негіздері деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: