37
Орта Азия мен БАӘ елдерінде түйе сүтін тағамға пайдалану дәстүрге айналған. Осы аталған елдерде түйе сүті
әртүрлі тағамдарды әзірлеуге қолданылатын күнделікті өнім және сусын болып табылады. Бұл сүттен көп жағдайда
ірімшіктің барлық түрлерін,
дәмді балмұздақ, дәстүрлі сүтқышқылды сусындар дайындалады. Әсіресе ең танымал
ұлттық сусын – шұбат әзірленеді. Шұбат балғын түйе сүтіне сүт қышқылды ашытқыларды қосу арқылы әзірленеді.
Шұбатты дәстүрлі жолмен алған кезде, қоспа жылы жерде былғары дорбаларда 1 тәуліктен 3 тәулікке дейін сақтайды,
сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін емдік және дәмді сусын дайын болады.
Қымыз бен шұбат – ғажайып сусындар. Халық оларды жастық пен денсаулық эликсирі деп таниды. Олай
болатын
реті де бар, өйткені организмге олардың құрамды бөлігінің 95-98% сіңеді. Сондай-ақ сүт – амин
қышқылдардың, макро және микро элементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі. Мысалға, түйенің сүті қант
диабеті, гепатит, туберкулез сияқты
ауруларды емдеуге қолданылса, қымыз тыныс алу, ас
қорыту, жүйке жүйесін
жақсартуға үлкен әсері бар екендігі анықталды.
Бірақ, өкінішке орай өзінің керемет емдік қасиеттеріне қарамастан бие мен түйе сүті әлі күнге дейін толық
химиялық зерттеуден өткен жоқ. Белоктардың бірінші реттік құрылымы мен фенотипін анықтамақ түгіл
бірде-бір
гомогенді белок бөлініп алынған жоқ. Түйе сүтінің кейбір белоктары бөлініп алынғанымен, толық талдаудан өтпеді.
Сондықтан, біз түйе мен бие сүтінің белогының нақты құрамын білмейміз.
Достарыңызбен бөлісу: