Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет66/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Жетінші тұғыр. Бүгінгі заман қателіктерді кешірмейді. Бір ғана адам мүлт кетсе, зиянын мыңдар көруі әбден 
мүмкін. Сондықтан қабілет пен ресурсты үнемді пайдалану керек. Ақылмен әрекет еткен жөн. Ысырапшылдыққа жол 
бермей, үнемдеуге тырысқан дұрыс. Сонда ғана асығымыз алшысынан тұрады деп сенемін.
Елбасы атап өткен жеті тұғыр барша жастарға, оның ішінде тамақ пен тоқыма өндірісінде оқитын достарыма 
баға жетпес бағдар болары анық. Бүгінде біз оқып жатқан мамандықтың елдің дамуындағы алар орны айрықша. Тамақ 
өнеркәсібі жолға қойылған елдердің ешкімге тәуелділігі жоқ. Тоқыма өнеркәсібі қарыштап дамыған мемлекеттер де сән 


75 
мен жеңіл өнеркәсіптің орталығы болып отыр. Сондықтан білім мен тәжірибені ұштастырған білімді кадрлар біздің сала 
үшін қажет-ақ. Ал саладағы серпін жаңа да озық идеялармен үндесіп жатыр. Бүгінде елімізде жаңалық ашатын жастарға 
барша мүмкіндіктер қарастырылған. Өнертабысының игілігін өзі ғана емес жалпы қоғам көріп отырған жастарды да 
әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп отырамыз. Ізденемін, оқимын, тәжірибемді толықтырамын 
деген студенттер кез келген уақытта діттеген мақсатына жете алады. Оқу орнымыз осыған барша мүмкіндіктерді 
қарастырып, жағдай жасап келеді. Баса айтқым келетіні, біздің мамандығымыздың маңызы айрықша. Дәл қазіргі 
уақытта тамақ пен тоқыма өнеркәсібіне саланың тасын өрге домалататын тың идеялар қажет. Бұл сала ел экономикасын 
дамытып қана қоймай, әлемдік нарықтағы отандық өнім әлеуетінің артуына да мұрындық болады. Сондықтан барша 
қатарластарымды Елбасы атап өткен жеті тұғырды жадта ұстап, санаға сіңіріп, терең түйсініп, түсініп, білімімізді 
толықтыру мен жаңалық ашуға шақырамын. Қорыта келсек, жоғарыда атап өткен жеті тұғыр - бүгінгі жастарға айтылған 
бағасыз кеңес. Бұл жеке адамның ғана емес, жалпы елдің тұғырын тіктейтін құнды ақыл деп білемін. Еліміздің ертеңі 
жастардан “Елдіктің жеті тұғырын” жіті түсініп, санаға мықтап сіңіруін сұраймын! Еліміз аман, егемендігіміз мәңгі 
болсын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет