78
UDK 677.022
ТАЛШЫҚТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІН САҚТАУ МАҚСАТЫНДА ЖҮНДІ АЛҒАШҚЫ
ӨҢДЕУ ТӘРТІБІН ЗЕРТТЕУ
Өмірсейт Ф. Б., Асанбаева У. М. - ЖТ-21-4кс студенттері
Калдыбаева Г.Ю. - аға оқытушы
Зерттеу объектісіне Оңтүстік Қазақстанның қойларынан қырқылған жүн қарастырылды. ПК «Фабрика ПОШ»
Оңтүстік Қазақстанның шаруашылығына түсіп отырған жүнді кәсіпорын мамандарымен
фабрикадағы шикізат
зертханасында қадағаланып отырды.
Зерттеу объектілері ретінде төмендегілер анықталған:
1.
Қой өсіру өнімінің сапасы мен қой өндірісінің көлемі бойынша, климаттық және мал қоректендіру бойынша
зерттелген аймағына сәйкес қой өсіру шаруашылықтарынан Жамбыл ПК «Фабрика ПОШ» келіп түсетін Оңтүстік
Қазақстан жүні;
2. ПК «Фабрика ПОШ» қолданылатын жууға арналған жуу ерітінділері.
3. БАЗ (беттік активті заттар): анионды БАЗ – натрий сульфанаты (натрий алкилсульфанаты – С
n
H
2n+1
C
m
H
2m+1
,
мұндағы n+m = 11-17, ақ пен ашық сары арасындағы құйма тәріздес зат суда жақсы ериді); ионогенсіз БАЗ: ОП-10
(полиэтиленгликольдің моноалкилфенилді эфирі полимер дисталлят негізінде С
n
H
2n+1
C
6
H
4
О(C
2
H
4
О)
m
мұнда n = 8-10, m
= 10-
12, ашық сары мен қоңыр арасындағы пастасы суда жақсы ериді; ОС-20 (полиэтиленгликольдің моноалкилді эфирі
бастапқы майлы қышқылдар негізінде С
n
H
2n+1
О(C
2
H
4
О)
m
Н, мұнда n = 16-18, m = 20, ақ немесе сары түсті воск тәрізді
дене; синтанол ОС-10 (полиэтиленгликольдің моноалкилфенилді эфирі бастапқы майлы спирттер негізінде
С
n
H
2n+1
О(C
2
H
4
О)
m
Н мұнда n = 10-18, m = 8-10). БАЗ-ң қасиеттерін анықтау үшін анықтамалық әдебиеттер қолданылды.
[1]
Меринос жүні тек ақ және жіңішке біркелкілігімен,
жабағы штапелінің құрылымымен, иілгіштігімен,
жұмсақтығымен, штапельде талшықтарының жіңішкелігі мен ұзындығы тең болуымен,
жеткілікті шайырлылығымен
сипатталады. Жіңішке меринос емес жүні де біртекті бірақ, меринос жүнінің құрамында шайырдың аз болуымен
ерекшеленеді. Меринос емес жүн көбінесе ашық, сұр болып келеді.
Жуылмаған жүнде талшық жуандығы мен жіңішкелігін көзбен шолу және зертханалық әдіспен анықтайды[2].
Көбінесе көзбен шолу әдісімен анықтайды. Егерде зертханалық
әдіспен анықтайтын болсақ, бір ауысым өтіп,
жуу – кептіру агрегаты жүннің жетіспеушілігінен жұмысын тоқтатуы мүмкін. Өйткені зертханалық әдісте талшықтың
жуандығына 600 өлшем жүргізіледі де, ұзақ уақытқа созылатын созылатын үрдіс тиімсіз болып келеді.
Көзбен шолу әдісінің мәні көзбен көру арқылы штапель құрайтын талшықтың жуандығын белгілеу. [3]
Жуылған жүн жіңішкелігін сол сорттың берілген жуандық сәйкестігімен анықтайды. Жуылған жүн лабазынан
сынақ үшін 100гр жуық жүн бөліп алады. Зерттеу жүргізу үшін, окуляр шкаласы 400
0
С дейін ұлғайтылатын, микрометрі
–
4 микроннан аспайтын биологиялық микроскоп қолданылады.
Жабылған шыныны қоспаға түсіреміз, қозғай отырып заттық шынының бір
шетін сосын ақырын заттық
шынының қарама – қарсы шетін иммирсионды сұйықта ауа көпіршіктері қалмайтындай етіп саламыз. Заттық приборлар
үстелінің үстіне дайын болған препаратты қару үшін орналастырамыз.
Көз алдымызда ұзындықтары өлшенген талшықтар С нүктесінен бағытталып, бір бірінен түзу параллельді
бөлініп, А нүктесінен жабық шынының үстіңгі сол жақ бөлігінен бастап өлшенеді.
Өлшеу кезінде талшықтың жиектері жіңішке және нақты болу тиіс. Бір мезгілде екі шетінен жабағы ала алмаған
жағдайда, бір шетінің жиегі күңгірт, ал екінші жиегінен ашық түсті сызық пайда болуын қадағалау керек.
Талшықты
өлшеу кезінде шкаланы талшық осіне перпендикуляр орналастырамыз да, ал шкала бөлген талшық шетін параллель
қойып, талшық көлемін жауып тұрған бөліктерін санаймыз. Талшықтың жіңішкелігін өлшеу, дайындалған препараттар
бойынша жүргізіледі. Ортақ өлшеулер көлемі 600 - ден кем болмауы тиіс. Өлшеу нәтижелерін жүн
талшығының
жіңішкелігін талдау кестелеріне жазады. Барлық берілген өлшеулерді топтарға бөліп, қандай үлкендіктегі өлшеулер,
қандай сыныпқа жататынын анықтаймыз. Біртексіз жүн жіңішкелігін прибор шкаласының екі бөлігімен, ал біртекті жүн
жіңішкелігін прибор шкаласының бір бөлігімен өлшеу кезінде топтар арасындағы интервалды білу қажет.
Егер де талшықтың жіңішкелігін өлшеу нәтижесі топтар арасындағы шекарада болса, онда оны сол топқа
жатқызады. Өлшеу тура топтар шекарасында болса, онда оны бөлек жоғарғы топқа жазып қояды.
Достарыңызбен бөлісу: