79
Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған.
Әйелдер көйлек – әйелдерге арналған киімнің бір түрі (Қазақстанның кейбір аймақтарында ерлер жейдесін де
Көйлек деп атайды).
Қыздар мен әйелдер көйлекгінің түрлері:
•
Бүрмелі
•
Тік етек
•
Қос етек
•
Үш етек
•
Көп қатарлы
Қос етек көйлек.Қос етек көйлек бір етектің үстіне бір қатпар етек қосылып тігіледі. Қазақстанның кейбір
өңірлерінде етек-жеңге екі-үш қатар бүктесін, яғни қосетек тіккен. Ал оңтүстікте осындай көйлектің үстіне белдемше
қаусырынады немесе шалғы орайды екен. Көп етек көйлекке екі, үш етек қосып тіккен.
Кең етекке ештеме қоспай
тігіледі. Тік етек, кең етекті көйлекті қарт әжелер, бүрмелі көйлекті
көбінде орта жастағы әйелдер, қатарма, таспа
жүгірткен бүрмелі, қос етек көйлекті жас келіншектер мен қыз балалар, етегі үш қатпардан
көп қатарма қатпарлы
көйлекті жаңа түскенкеліншектер мен бойжеткен қыздар киеді. Етегінің қатпарына сай жеңіне де қатпар түсіріледі.
Тана, шытырма, жармалармен сәнделеді.Жұқа матадан тігіліп, белі қыналған ішкөйлектің үстіне киілген. Етегіне екі-үш
қатар желбезек тіккендіктен қосетек деп атаған. Жағасына тамақша (тамақша күміспен соғылатын да, көйлектің тік
жағасына коса көктелетін алқаның бір түрі) тіккен немесе мойнына алка тақкан. Көйлектің бұл түріне
Маңғыстауда,
Сыр бойында желбезек орнына екі-үш катар бүктесін беріп, оны да қосетек деп атаған. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті
қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп таза жүннен тоқылады. Мысалы, ақ шәйі, ақ жібек, ақ кәлүнгір (каленкор), ақ
торғын, ақ файы, ақ шағи, дүрия, бәтес, зифа, ләйлек, сусыма, сұпы, кәріс сияқты іштік
матадан желбірлеген көйлек
түрлері жиі кездеседі. Сонымен қатар қызыл, жасыл, сары, көк, кара, кұбақан, жолақ түсті шыттар мен қырмызы, манат,
қамқа, барқыт, пүліш, шұға, үштоп, атлас және т.б. тыстық маталардан да қос етек көйлектер тігілетін. Мұндай көйлекті
қыста киюге арнайды да, бір киер көйлек санайды. Қос етек көйлек әдетте ұзын, кең, оның жеңінің ұшы мен жағасы,
белі бүрмеленіп, қатпарлы желбір салынады. Қазіргі өлшеммен алғанда бір қос етек көйлекке 6-7 метрдей мата
жұмсалады. Мұндайда сараң күйеудің «кос етек, қойды құртқан осы етек» деп тарылатыны да болған.Қос етектің негізгі
етегінің кеңдігі 3,5-4 ен, кейде 4 ен жармаға дейін, биігін әркім өз бойына (беліне дейін) өлшеп бөлек қусырып алады.
Оның етегін әдіптеп, кестелеп немесе оқа жапсырып әшекейлейді. Содан кейін етектің үстінен биіктігі 25,30 см
мөлшерінде бірнеше қосымша етек бастырады. Етектің төменгі шетін әдіптеп, әшекейлеп бос қалдырады да, жоғарғы
шетін негізгі етекке бүріп бастырады. Бүріп бастырған тігіс үстіне де зер, кесте немесе басқа түсті асыл мата жапсырып
әшекей жасайды. Осындай косарлана желбір жасап тұрған етектер екіден тоғызға дейін қатар-катар қатпар түзеп, етекті
дөңгелетіп, бір түрлі әдемі ауқым жасап тұрады. Қос етек көйлектің жеңінің ұшы да қос-қос бүрмеленеді. Әйел көйлегін
ерекше сәндеп тұратын косымша заттардың бірі омырауға не тігіп, не түйме, түйреуіш, ілгектермен жапсырып қоятын
«өңір» деген зат. Өңір жағаның алдыңғы жақ түбінен бел бүрмесіне дейін, ені екі жақ қолтық тігісіне жетеді.
Өңірді
асыл матадан бөлек тігеді. Шет-шетін кестелеп, зерлер салып шашақтап, бетіне неше түрлі асыл тас, меруерт-моншақ,
алтын не күміс алқа, тенге, бастырма, жылтыраған үзбелі салпыншақтар қадайды. Өңірді кеудеше, көкірекше, төстік,
алқа деп те атай береді.
Достарыңызбен бөлісу: